6
Ұлы Сексенбай мен қызы Жанат –
ғылым кандидаттары, балалары Қанат,
Серік және Салтанаты – жоғары білімді
мамандар.
1999 жылдың наурыз айында
Базарбек ағайымыз дүниеден озды. Ар-
тында жұбайы, балалары, інісі, немере-
лері және мыңдаған шәкірттері қалды.
Ұстазымыздың 2015 жылдың 12 қаза-
нында 80 жасқа толу мерейтойы тойлан-
бақшы.
Жуырда ӛнегелі, ғибратты ғұмыр
кешкен ағайымыздың есімін мәңгі қал-
дыру мақсатында ӛзі оқыған «Бірлестік»
ауылындағы №142 мектеп ұжымы мек-
тепке профессор Базарбек Қашқынбай-
ұлының есімін беру жӛнінде шешім
қабылдады. Бұл шешімге Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік уни-
верситеті, «Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қызылорда облысы бойынша педаго-
гикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты және Қазақ гумани-
тарлық заң және техникалық колледжі
ұжымдары қолдау кӛрсетіп, Шиелі ау-
дандық Ономастикалық комиссиясына
ұсыныстарын берді.
Бұл қадам еліміздің білімі мен
ғылымының дамуына сүбелі үлесін қос-
қан, мыңдаған шәкірттеріне сапалы
білім мен саналы тәрбие берген ұстаз-
дың ұлағатын, оның жарқын жолын
жастарға үлгі етудегі және ұрпақтар
арасындағы ӛмір сабақтастығын паш
етер игі іс болары сӛзсіз.
ТЕМІРБЕК ЖҤРГЕНОВТІҢ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҤЛЕСІ
С.Серікбаев
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, директорының орынбасары, т.ғ.к.
Бүгінгі тарих ұрпақтың, келешек
адамдарының тарихи санасын қалып-
тастыру мен ұштастыру ел тарихын
тарих қойнауындағы құбылыстың, ӛзге-
рістердің қыры мен сырын терең білу
міндетін жүктейді. Тарихтың ӛзекті ар-
насы жеке тұлға, олардың жиынтығы
халық болып табылады. Халықтың есін-
де, тарихтың бетінде аты да, қызметі де
сақталған, мұрасы бүгінгі ұрпақтың
рухани қазынасына айналып отырған
қазақ жерінің біртуар адамдары аз емес.
Солардың бірі – Қазақстанның кӛрнекті
қоғам қайраткері, Сыр бойының абзал
азаматы Темірбек Қараұлы Жүргенов.
Т.Жүргеновтің қамшының сабын-
дай келте ғұмырында атқарған жұмысы,
тындырған еңбегі ӛлшеусіз екенін, қазақ
халқы алдында перзенттік парызын
соңғы демі үзілгенше адал атқарғанын
кейінгі ұрпақ жақсы біледі. Ол 1920-
1930 жылдары Орта Азия мен Қазақ-
станның саяси ӛмірінде маңызды рӛл
атқарып,
еліміздегі
сауатсыздықты
жою, мәдениет, әдебиет және ӛнер сала-
сында таусылмастай із қалдырды. Ұзақ
жылдар елді күйзеліске ұшыратқан
азамат соғысы аяқталып, елде біршама
тыныштық орнағаннан кейін тумысы-
нан оқуға құштар Т.Жүргенов үзіліп
қалған арманын қайта жалғап, Орта
Азия мемлекеттік университетінің заң
факультетіне оқуға түседі. Студенттік
жылдар жемісті білім алумен қатар,
оның саяси қызметінің де белсенді
ӛскенімен ерекшеленді. Оқудан қол
үзбей жүріп, Қазақ АССР-нің Түркістан
Республикасындағы ӛкілі және Түр-
кістан Орталық Атқару Комитетінің
мүшесі болып сайланды. Республика-
лық, ӛлкелік, облыстық пленумдарында
делегат болып қатысып, қоғамдық
ӛмірдің барлық жұмыстарына кеңінен
араласып отырады.
Ғалымдар мінбері
№4 (42) 2014
10
7
1926 жылы Ташкентте ашылған
алғашқы Қазақ педагогикалық институ-
тының ректоры болып тағайындалды.
Бұл оқу орнына профессор-оқытушылар
құрамы Мәскеуден, Ленинградтан және
Орта Азия университеттерінен дәрістер
беруге шақырылды. Олардың қатарында
профессор С.Малов, академик В.Бар-
тольд және т.б. ірі ғалымдар болды. Жас
ректор ӛз қызметінде жүріп құқық, сая-
си экономика, тарих ғылымдарын терең
меңгерумен айналысты. Сол кезеңде
«Год работы», «Қазақстандағы мәдени
революция», «Об организации Казах-
ского университета» т.б. маңызды
еңбектерін жазды. Бұл еңбектер қазіргі
кезде де ӛте құнды болып табылады.
Ӛйткені бұл зерттеулерсіз Қазақстан-
ның 1920-1930 жылдардағы оқу-ағарту
істеріне лайықты баға беру қиын еді. [1]
Темірбек Жүргенов Қазақстан
мектептері құрылымын реттеу және
қазақ мектептерін кӛбейту жӛнінде ӛз
жобасын ұсынды, мұның ӛзі халықтың
мәдениетін дамытуда тарихи рӛл атқар-
ған маңызды құжат болды [2]. Туған
елінен жырақта жүріп, ел аманатын
арқалаған Темірбек Қараұлы ел сенімін
абыроймен орындай білген. 1927 жылы
университетті
бітірген
Темірбекті
мемлекеттік құқық пәні бойынша оқу
орнына ұстаздық әрі ғалымдық қызмет-
ке қалдырады. Ол жазған диплом
жұмысы «КСРО Қазақстанда әкімшілік
және шаруашылық жағынан аудандарға
бӛлу мәселесі» туралы құнды еңбегі
қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласын-
дағы Қазақ Ұлттық кітапханасының
«Сирек қолжазбалар» бӛлімінде сақтау-
лы тұр. Аталған еңбек, аса жоғары
дәрежеде
бағаланып,
профессор
Н.Н.Филатовтың
алғысӛзімен
жеке
кітап болып басылып шықты.
1929 жылы Орта Азия орталық
комитеті БКП /б/ бюросының шешімі-
мен Тәжікстан Қаржы халық коммис-
сары, 1931-1933 жылдары Ӛзбекстан-
ның оқу-ағарту саласын басқарды. Осы
жылдары Қазақстанда аштық пен қуаң-
шылық әсерінен қазақ ұлты 40%-на
жуық адамынан айрылды деген дерек
бар. Қанша адам босқын болғанын еш-
кім дәл айта алмайды, біздің бұл жерде
айтайын деп отырғанымыз – Темірбек
Жүргеновтің Ӛзбекстанға ауып келген
қандастарынан
кӛмегін
аямағаны.
Мұның ӛзі қазіргі ұрпақтың алдына осы
ӛзекті ақтаңдақтардың тарихи әділ баға-
сын беруді талап етеді. 1933-1937 жыл-
дары Қазақ АССР халық ағарту
комиссариатын басқарды [3].
Қай жерде қызметте болмасын,
ӛзіне тапсырылған қызметті оның адал-
дықпен атқарғанын кӛреміз. Ұзақ жы-
лдар бойы бодандық құрсауында бол-
ған, әл-ауқаты тӛмен, экономика жағы-
нан артта қалған Орта Азия мен Қазақ-
станның оқу-ағарту саласын басқару
кімге болса да оңай шаруа емес екені
белгілі. Әуелі сауатсыздықты жою, жап-
пай бастауыш мектептер ашу ісі қолға
алына бастады. Республика аймақта-
рында жеделдетілген 6 айлық курстар
ашылды.
Сол кездегі деректер бойынша
оқу-ағарту саласында біраз ілгерілеу-
шілік бар екенін байқаймыз. 1934 жылы
468 мың дана, ал 1935 жылы 1,5 млн
дана оқулық кітаптар басылып тара-
тылды. 1935 жылы бастауыш мектеп
саны 4 кластық, орталау мектеп 7 клас-
тық, орта мектеп 10 кластық болып бел-
гіленді. 1937 жылы Қазақстанда оқушы-
лар саны 1 млн-ға жақындады. Орталау
мектеп 1097-ге, ал орта мектеп 315-ке
жетті. Темірбек Жүргеновтің тікелей
араласуымен Қазақ Академиялық балет
және опера театры, Қазақ филармо-
ниясы,
сурет
галереясы ашылды.
1934 жылы қаңтар айында мұғалімдер
съезі, мәдениет қызметкерлерінің бүкіл
қазақстандық I съезі ӛткізілді. 1934 жы-
лы 15 қаңтарда тұңғыш Қазақ Мемле-
кеттік Ұлттық университеті ашылды.
Алматыда, Оралда, Ақтӛбеде, Қара-
ғандыда, Қызылордада, Семейде және
Шымкентте екі жылдық мұғалімдер
дайындайтын институттар құрылып,
жұмыстарын бастады. 1934 жылы
Семейдегі геология барлау институты
№4 (42) 2014
Ғалымдар мінбері
11
Достарыңызбен бөлісу: |