1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет4/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

         
5           
жігерін  біріктіріп,  бір  арнаға  қарай 
бағыттай алатынымыз, ӛркениеттің биік 
шыңдарына  кӛтерілетініміз  сӛзсіз.  Біз, 
бұл  мәселеде  мейлінше  абай  болмасақ, 
ұлтымыздың  бірлігіне  сызат  түсіруіміз 
ғажап емес. Қазіргі таңдағы Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың  салиқалы  саясаты 
Қазақстан  қоғамының  дамуына  үлкен 
әсер  етіп  отыр.  Дамудың  нұрлы  жолын 
таңдаған  еліміздің  атағы  шартарапқа 
таралып, 
әлемдік 
қоғамдастықтың 
алдындағы  абыройы  да  жылдан  жылға 
артып отыр. Сондықтан да біз Қазақстан 
тәуелсіздігі 
болмысының 
нығайған 
үстіне нығая беретініне сенеміз. 
Рухталатын тағы бір мерейлі күн – 
1986 жылдың желтоқсаны. Желтоқсанда 
тәуелсіздігімізге жол салып берген әйгі-
лі  жастар  кӛтерілісін  ұмытпауымыз 
қажет.  Бұл  –  орны  бар  ерекше,  қаралы 
да  мақтанышты  салтанат.  Себебі,  жел-
тоқсан  кӛтерілісі  еліміздің  бостандыққа 
жетуінің  алғышартын  жасап  қана  қой-
ған жоқ, ол әлемнің елеулі бӛлігін темір 
құрсауына  алған  коммунистік  империя-
ның  сӛгілуіне  себеп  болды.  Тәуелсіздік 
мерекесі  тұсында  желтоқсан  оқиғасына 
ерекше  мән  беріп,  еске  алу  жӛн  деп 
есептейміз. 1986 жылдың желтоқсанын-
дағы қазақ жастарының кӛтерілісі кеңес 
билігі  тұсында  бейресми  және  ресми 
түрде  тұншыға  дамыған,  бірақ  мүлдем 
тұншығып  қалмай  елді  оятуға  қызмет 
етіп  тұрған  ұлт-азаттық  қозғалыстың 
дүниені  дүр  сілкіндірген  жарқылы  еді. 
Ұлттық  намыс  ширыққан  сәтте  лап  ете 
түскен  ерекше  от  жалыны  болатын. 
Желтоқсан  оқиғасы  туралы  айтатын 
болсақ,  кім  біледі  кӛтерілістен  кейінгі 
уақыт  біреулерге  ұзақ  уақыт  шығар,  бі-
рақ кӛне тарих үшін бұл кірпігін бір рет 
қаққанымен  бірдей  болып  саналады. 
Ӛзінің  жұмыс  жоспарларын  жүз  жылға 
бір-ақ  жасайтын  ұлы  Қытай  елін  ұзақ 
жыл басқарған Чжоу Эн-Лайдан Батыс-
тың  бір  тілшісі  сұхбат  алып:  «Сіз            
1848  жылы  болып  еткен  ұлы  Француз 
революциясы  туралы  қандай  пікірде-
сіз?» деп сұрағанда, ол:  «Бұл күні кеше 
ғана  болып  ӛткен  оқиға  ғой,  адамзат 
баласы  ол  туралы  әлі  пікір  қалыптас-
тыра  қойған  жоқ,  сол  себепті  мен  не 
айта алам?» деген екен. Әр оқиғаның ӛз 
уақыты,  рухани  кеңістігі  болады.  Сол 
себепті  де,  қоғамның  тарихи  даму 
процесін  де  диалектикалық-философия-
лық,  тарихи  кӛзқараспен  қарауымыз 
қажет. 
Тәуелсіздігіміз  бізге  несімен  қым-
бат? Тәуелсіздігіміз бізге қымбат  – ата-
бабаның  рухын  кӛтергені  үшін!  Тәуел-
сіздігіміз  бізге  қымбат  –  сӛнген  мемле-
кетіміздің  отын  маздатып,  жандырғаны 
үшін! Тәуелсіздігіміз бізге қымбат – елі-
мізді  қатарға  қосып,  әлемдік  қауымдас-
тыққа  ендіргені  үшін!  Тәуелсіздігіміз 
бізге  қымбат  –  ата-тарихымызды,  ана 
тілімізді,  дінімізді,  ділімізді  жанданды-
рып,  «Қазақ»  деген  ұлтқа  қан  мен  жан 
кіргізгені үшін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғалымдар мінбері 
№4 (42) 2014 



         
3           
ҦЛАҒАТТЫ ҦСТАЗ ЖАЙЛЫ ОЙ... 
 
 
Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ директоры, ф.ғ.к., профессор 
 
 
Елбасы  «Алаштың  анасы»  деп 
атаған Сыр елінде сан  мыңдаған сүлей-
лер,  топ  бастаған  шешендер,  шынжыр 
балақ,  шұбар  тӛс  батырлармен  қоса 
қаламынан  даналық  тӛгілген  ғалымдар 
кӛптеп шыққан. 
Сыр  бойындағы  Шиелі  ауданына 
қарасты  «Бірлестік»  ауылы  да  –  малы 
мыңғырған,  тірлігі  қайнаған,  ынтымағы 
жарасқан елді мекен. «Азаматына қарап 
ауылын  таны»  дегендей,  ауылда  айбат-
ты Алаштың, байрақты қазақтың барлы-
ғына  бірдей  жылылық  таратуға  дайын 
тұратын,  бағы  мен  бабы  келіскен,  ақса-
қалдықтың арлы жолына түскен азамат-
тар  кӛптеп  болған,  қазір  де  баршылық. 
Ондай  жандардың  елге,  халқына  сіңір-
ген еңбектерін, жақсы істерін үлгі-ӛнеге 
етіп  айтып  жүру,  баспасӛз  беттерінде 
жариялап  отыру  кейінгі  ұрпаққа  үлкен 
тәрбие болатыны ақиқат. 
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін 
тап та бар қалан», - деп хакім Абай айт-
қандай,  адам  баласының  ӛмірден  ӛз 
орнын  тауып,  азамат  болып  қалыпта-
суында  ата-ананың  рӛлі  қандай  болса, 
шәкіртіне  білім  нәрін  құятын  ұстаздың 
да  орны  айрықша.  Жылдар  жылжып 
ӛткен  сайын  ӛткен  ӛмір  жайлы,  ӛткен 
жылдар бедерінде тағдыр жолықтырып, 
санаңызда  ӛшпес  із  қалдырған  жаны 
жайсаң  жандар  жайлы  ойлар  да  кӛбе-
йеді  екен.  Олардың  бейнесі  ішкі  жан 
дүниеңізде уақыт ӛткен сайын сан қыр-
ларынан  сәуле  шашып,  нұр  тӛгіп  тұра-
тын  жақұт  секілді  жарқыраған  үстіне 
жарқырай  береді  екен.  Сондай  асыл 
жандардың бірі – Қорқыт Ата атындағы 
ҚМУ-дың  (бұрынғы  Н.В.Гоголь  атын-
дағы  педагогикалық  институт)  физика-
математика  факультетінің  «Физика  жә-
не  физиканы  оқыту  әдістемесі»  кафед-
расында  ұзақ  жылдар  бойы  ұстаздық 
қызмет  атқарған  профессор  Базарбек 
Қашқынбайұлы Қашқынбаев ағайымыз. 
 
 
Базарбек Қашқынбайұлы  
Қашқынбаев 
 
Базарбек Қашқынбайұлы 1935 жы-
лы  12  қазанда  Қызылорда  облысының 
Тартоғай  ауылында  кедей  шаруаның 
отбасында  дүниеге  келген.  Ағайдың 
балалық  шағы  соғыс  жылдарына  және 
соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерге сәйкес 
келді.  Баланың  үлкені  болғандықтан, 
еңбекке ерте араласады. 
Ӛзі кейде: «Балалық шағым соғыс-
тың  қиын  жылдарына  тұспа-тұс  келді. 
Үйдің  үлкені  болғандықтан,  жастайым-
нан  еңбекке  араластым.  Нан  табу  үшін 
барлық  жұмыстарды  атқардық.  Тіпті, 
кесек ӛруді жақсы үйреніп алып, кӛрші-
қолаңның  үй-сарайларын  салуға  қатыс-
қан  күндерім  де  кӛп  болды.  Оқуға  ӛте 
ынталы  болдым.  Жасымнан  зерек  едім, 
жұмыстан  қалжырап,  әбден  шаршап 
келсем де, қолымнан кітабым түспейтін. 
Әкем зағип жан еді, ауыл ішіндегі бара-
тын жерлеріне қолынан жетектеп жүріп 
апаратынмын», - деп отыратын. 
Міне,  осындай  қиындықтардан 
шыңдалып  ӛскен  Базекең  бастауыш 
№4 (42) 2014 
Ғалымдар мінбері 
 



жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау