1. Жалпы ережелер



жүктеу 12,36 Mb.
бет55/71
Дата25.11.2017
өлшемі12,36 Mb.
#1830
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71

Білуге тиіс: қара, қоспаланған және түсті металдарды электрмен жылтырату процессі, ерітінділердің құрамы мен оны белгіленген рецепт бойынша жасау ережесі, ерітіндіні қыздыру температурасы және электрмен жылтырату процессі ұзақтығы, жылтыратылатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар, бөлшектерді астауға салуға арналған құрылғылардың мақсаты мен қолданылу шарттары.



667. Электрмен жылтыратушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектер мен қара, қоспаланған және түсті металдардан жасалған құралдарды алдын ала дайындай отырып, электрмен жылтырату және кейіннен бейтараптандыру және жуу. Астауларды талап етілетін температураға дейін қыздыру. Болаттың арнайы маркаларынан жасалған құбырлардың сыртқы және ішкі бетін арнайы құрылғыларда электрмен жылтыратуға қатысу. Құрылғыға электролит құю. Құбырларды құрылғыға салу және құбырларды алу. Құрылғыны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: құбырларды электрмен жылтыратуға арналған қызмет көрсетілетін құрылғының құрылысы, электрмен жылтыратуға арналған бұйымдарды бейтараптандыру және жуу тәсілдері, бөлшектерді астауға салуға арналған құрылғылардың құрылысы, электрмен жылтыратудың ақаулықтары және оларды жою тәсілдері.


668. Электрмен жылтыратушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Болаттың арнайы маркаларынан жасалған құбырлардың сыртқы және ішкі бетін арнайы құрылғыларда біркелкі электрмен жылтырату процессін жүргізу. Электролиттің жай-күйін (температурасын, тығыздығын) тексеру. Жабдықтың жай-күйін бу өткізгіш және қышқыл магистральдермен бақылау. Құбырларды электрмен жылтыратуға арналған құрылғыны баптау.

Білуге тиіс: құбырларды электрмен жылтыратуға арналған арнайы құрылғының құрылысы мен жұмыс қағидаты, электрмен жылтыратудың технологиялық режимі, орындалатын жұмыс көлемінде электрмен жылтыратуда қолданылатын материалдардың физикалық және химиялық қасиеттер, электрмен жылтыратылатын құбырлардың сұрыптамасы.


«Металмен қаптау және бояу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 7- бөлімінің 7-қосымшасында келтірілген.
8. Эмальдеу
Эмаль шыланқұрамды құюшы
669. Эмаль шыланқұрамды құюшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмаль шыланқұрамдарды құюға арналған бур, сода, поташ, тұз ерітінділерін және басқа да құю құралдарын технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес дайындау. Шыланқұрамды сүзу және түйіршіктелген тұнбаларды алып тастау. Шыланқұрамды толтыру барысында және одан кейін орналастыру.

Білуге тиіс: толтыру құралдарын дайындау үшін қолданылатын материалдар мен химикаттар және олардың қасиеттері, толтыру құралдарын дайындау тәсілдері, шыланқұрамның физикалық қасиеттері, қышқылдармен, сілтілермен және тұздармен жұмыс істеу ережесі.

670. Эмаль шыланқұрамды құюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмаль шыланқұрамды және эмальделетін бұйымдарға сәйкес суды құю құралдарын қосу арқылы белгілі бір консистенцияға дейін құю. Эмаль шыланқұрамның жұмыс қоспасының жай-күйі. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Біліктілігі анағұрлым төмен құюшылардың жұмысын басқару.

Білуге тиіс: әртүрлі эмальдер мен оларға құюға арналған құралдардың номенклатурасы, қасиеттері мен құрамы, әртүрлі бұйымдарға арналған шыланқұрамдардың тығыздығы, ылғалдылығы мен консистенциясы және оларды айқындау әдістері, ылғалдылығы мен консистенциясын айқындауға арналған аспаптар мен оларды пайдалану ережесі.

Эмаль қабатты бақылаушы
671. Эмаль қабатты бақылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмальмен қапталған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды оларды күйдіргеннен кейін бекітіліген техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес бақылау және қабылдау. Эмаль қаптама сынықтарының, толқындарының, талшықты сызаттарының, саңылаулары мен көпіршіктерінің болмауын, термоберіктігін, біркелкілігі мен қалыңдығын және оның металмен бірігу беріктігін тексеру. Қабылданған бұйымдардың сорты мен таңбалануын айқындау. Ақауланған бұйымдар туралы нарядтар, хабарламалар мен актілер ресімдеу.

Білуге тиіс: қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары және қабылдау әдістері, шығарылатын бұйымдардың номенклатурасы мен мақсаты, ақаулықтардың сыныптамасы мен түрлері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау:

1) Тоңазытқыштардың бөлшектері;

2) Араластырғыштар;

3) Газ плиталар;

4) Түптер;

5) Ыдыс;

6) Раковина;

7) Сырттағы судың және басқа да агрессивті заттарды өткізетін кеме құбырлары;

8) Термометр түтіктері;

9) Қол жуғыш;

10) Унитаздар;

11) Клозет құралдары.

672. Эмаль қабатты бақылаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Эмальмен қапталған күрделі бұйымдарды оларды күйдіргеннен кейін бекітіліген техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес бақылау және қабылдау. Қабаттың ақтығын бекітілген эталонмен салыстыру. Ақаулықтардың пайда болу себептерін анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау. Ақаулық себептерін талдауға техникалық құжаттама дайындау.

Білуге тиіс: күрделі бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары, күрделі бұйымдарды техникалық бақылау және сынау әдістері, ақаулықтардың сыныптамасы және олардың пайда болу себептері, күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау:

1) Кеменің жылу алмастырғыш аппараттары;

2) Қысыммен жұмыс істейтін аппаратура;

3) Ванналар;

4) Гидролизерлер;

5) Импеллерлер;

6) Газ колонкалар;

7) Қазандықтар;

8) Пропеллер араластырғыштар;

9) Сүзгі-нығыздауыштардың плиталары мен рамалары;

10) Друк – сүзгілердің торлары.


Эмаль материалдарды ұнтақтаушы


673. Эмаль материалдарды ұнтақтаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмаль материалдарын ұнтақтау жабдықтарында біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен тарту. Материалдарды, пудра эмальды елеу, шыланқұрамды қол және механикалық електе елеу. Материалдар мен фритталарды арту, түсіру және жұмыс орнына тасымалдау. Материалдарды жуу, сұрыптау, кептіру және қолмен ұнтақтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, жабдықты біркелкі арту ережесі, эмаль және ұнтаққа қосылатын қоспалардың құрамына енетін материалдардың номенклатурасы мен сорттары.


674. Эмаль материалдарды ұнтақтаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Эмаль материалдарын ұнтақтау жабдықтарында тарту. Астар және жабын эмальды дайындау. Ұнтақтау процессін бақылау. Материалдарды өлшеу. Материалдар мен фриттерден әртүрлі шаң-тозаңдарды алып тастау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: ұнтақтау жабдығының құрылысы мен оны баптау ережесі, шикіқұрам мен эмаль дайындау үшін қолданылатын материалдар және олардың қасиеттері, оларға қойылатын техникалық шарттар және оларды сақтау ережесі.

675. Эмаль материалдарды ұнтақтаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмаль материалдарын дірілді ұнтақтау құрылғыларында тарту. Дірілді ұнтақтауды бақылау. Артылатын материалдардың сапасын тексеру. Фриттер мен материалдарды мөлшерлеу және өлшеу. Шар диірмендердегі футеровка мен шардың жай-күйін тексеру. Ұнтақтың ұсақтығын айқындау. Дірілді ұнтақтау құрылғыларын және басқа да ұнтақтау жабдықтарын іске қосу және тоқтату. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау.

Білуге тиіс: дірілді ұнтақтау құрылғыларын құрылысы мен баптау тәсілдері, ұнтақтау жабдықтарының жұмыс режимі, эмаль шыланқұрамды дайындауға арналған шар көлемдерінің арақатынасы, эмаль және ұнтаққа қосылатын қоспалардың құрамына енетін материалдардың номенклатурасы, сорттары мен сапасы, дайын бітеуіштер мен эмальдерге қойылатын техникалық шарттар, жұмыс орнына беру және есепке алу тәртібі.


Эмальді күйдіруші


676. Эмальді күйдіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальмен қапталған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары күйдірушінің басшылығымен конвейерлерде, камераларда, газ және құндақ пештерде күйдіру. Жабдықтар мен құралдарды дайындау және оған саз балшық жағу. Бұйымдарды пештерге және сырлайтын жерге тасымалдау. Бұйымдарды күйдіру құралына орнату және күйдіргеннен кейін алу. Ыстық бұйымдарды күйдіргеннен кейін түзету және оларды орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, күйдірілетін эмаль қабатты қаптауға қойылатын талаптар, бұйымдарды күйдіргеннен кейін түзету әдістері, қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдардағы эмальды күйдіру:

1) Бітеу;

2) Тығыздамалардың корпустары;

3) Люктердің қақпақтары;

4) Келте құбырлар;

5) Фланецтер.

677. Эмальді күйдіруші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальмен қапталған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды конвейерлерде, камераларда, газ және құндақ пештерде күйдіру. Пештердің жұмысын және күйдірудің температуралық режимін бақылау. Конвейердің қозғалу жылдамдығын реттеу. Күйдіру алдында бұйымдардың сапасын тексеру және шағын ақаулықтарды жою. Эмальды шаблон бойынша тазалау. Бұйымдарды күйдіру алдында үрлеу. Бұйымдарды пештен алу, оларды түзету және эмаль қабаттың ақаулықтарын жою. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері, қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды күйдіру режимі, эмаль сорттары мен қасиеттері, әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдардағы эмальды күйдіру:

1) Дистиллятты сақтауға арналған бактар;

2) Қарапайым пішінді болат араластырғыштар;

3) Газ плиталар;

4) Ыдыс;


5) Еденге қойылатын сифондар;

6) Траптар;

7) Кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің тік құбырлары.

678. Эмальді күйдіруші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальмен қапталған күрделі бұйымдарды конвейерлерде, камераларда, газ, құндақ және басқа да пештерде күйдіру. Бұйымдарды күйдіру пешінің конвейеріне ілу және орнатуды және оның кептірілу және күйдірілу сапасын бақылау. Электр пештерін белгілі бір температуралық режимге реттеу және баптау, пештің температурасын аспаптар бойынша бақылау. Құрылғыларды дайындау және оларды пеште қыздыру. Эмаль қабатың ақаулықтарын жою. Ағымдағы жөндеуге қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: бұйымдардың номенклатурасы, қызмет көрсетілетін жабдықты баптау ережесі, әртүрлі бұйымдар мен эмальдерді күйдіру режимі, эмальмен қапталған бұйымдарға күйдіруден кейін және оған дейін қойылатын техникалық талаптар,бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдардағы эмальды күйдіру:

1) Тоңазытқыштардың бөлшектері;

2) Су жылытқыш коллоналар;

3) Ыдыстардың қақпақтары;

4) Күрделі пішінді болат араластырғыштар;

5) Жуғыштар;

6) Болат және шойын раковиналар;

7) Көмір рештактар;

8) Термометрлердің түтіктері;

9) Бір жазықтықта екі бұрамға дейін бұралған кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің құбырлары;

10) Болт қол жуғыштар;

11) Болат унитаздар.

679. Эмальді күйдіруші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қышқылға берік астармен, эмаль қабатымен қапталған күрделі бұйымдарды құндақ және камералық пештерде және жоғары жиілікті тоқ құрылғыларда күйдіру. Пештердің жұмысы мен күйдірудің ұзақтығын бақылау. Пештің температуралық режимін реттеу. Эмаль қабаттың ақаулықтарын бұйымдарды күйдіру кезінде жою.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті тоққа арналған құрылғылардың құрылысы, қышқылға берік астармен, эмаль қабатымен қапталған бұйымдарды күйдірудің техникалық шарттары, эмаль балқымасының дайын екенін қыздыру түсіне қарап айқындау ережесі, пештерді соғу кезінде қолданылатын отқа төзімді материалдардың қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдардағы эмальды күйдіру:

1) Қышқылға берік эмалі бар аппаратура;

2) Қысыммен істейтін аппаратура;

3) Друк – сүзгілердің түбі;

4) Болат және шойын қазандықтар;

5) пропеллер араластырғыштар;

6) Бір жазықтықта екі және одан да көп бұрамға дейін бұралған кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің құбырлары;

680. Эмальді күйдіруші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Астар және жабын эмаль қабатымен қапталған күрделі пішінді күрделі бұйымдарды құндақ және камералық пештерде және жоғары жиілікті тоқ құрылғыларда күйдіру. Бұйымдар қабырғасы қабатының әркелкілігін олардың пеште қыздырылу дәрежесіне қарап айқындау. Пештің температуралық режимін сақтау. Эмальденетін бұйымдардың көлемі жылдам өзгерген кезде пештің температурасын электронды бақылау аспаптарының көмегімен реттеу. Ірі көлемді бұйымдарды телевизиялық құрылғының көмегімен эмальдау процессін бақылау. Ыстық бұйымдарды күйдіруден кейін түзету. Болат бұйымдардағы эмаль қабаттың ақаулықтарын жоғары жиілікті тоқпен немесе газ шілтермен өңдеу. Эмаль қабаттың ақаулықтарын арнайы бітеуіштермен, алтынмен және басқа да материалдармен пломбылау арқылы бітеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, астар және жабын эмальдың физикалық және химиялық қасиеттері мен технологиялық өлшемдері, күйдіруге арналған температуралық режимдер, әртүрлі бұйымдарды күйдіру ұзақтығы, эмальдауге дейін бұйымдардың бетіне және бұйымдардың бетіне күйдіруге дейін және одан кейін қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдардағы эмальды күйдіру:

1) Гидролизерлер;

2) Сүзгі-нығыздауыштардың плиталары мен рамалары;

3) Бірнеше жазықтықта бұралған кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің құбырлары.

Эмальданған бұйымдарды өңдеуші


681. Эмальданған бұйымдарды өңдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмальданған бұйымдарды өңдеуші; оларды күйдіргеннен кейін эмаль қабатын бұзбай, құралмен өңдеуден қалған шор мен іздерді кесу және тазалау. Бұйымдарды күйдіргеннен кейін конвейерлік пештің таспасынан алу. Бөлшек буртынан құрғақ эмальды механикалық кигіз дөңгелекпен тазалау. Силикат эмальды (үш түске дейін) түсті металдан жасалған бұйымдарды және органикалық эмальды бұйымдарды егеу станогында ылғал тәсілмен абразив дөңгелектермен өңдеу. Бұйымдарды өңдегеннен кейін ағын суда жуу, оларды торға бөліп орналастыру және кептіру шкафында кептіру. Кептіру шкафының температурасын аспаптар бойынша бақылау. Икемді шлангының басын майлау. Абразив дөңгелектерді ауыстыру. Бітеме бұйымдарының жарамды және жарамсызын түрлері бойынша анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидаты, кесу құралының қолданылу ережесі, эмальданған бұйымдардың мақсаты, егеулеу және тазалау ережесі, эмаль қабаттың бетіне қойылатын техникалық талаптар, кептіру температурасы.

682. Эмальданған бұйымдарды өңдеуші 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Силикат эмальды (үш түстен астам) асыл және түсті металдан жасалған бұйымдарды егеу станогында ылғал тәсілмен абразив дөңгелектермен өңдеу. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және баптау тәсілдері, эмаль мен асыл және түсті металдардың қасиеттері.

683. Конвейерлік пештің операторы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металды қыздыру және термиялық өңдеу, құю қалыптарын, сырланған және эмальданған бұйымдарды кептіру кезінде жалпақ, күмбезді, таспалы, люлькалы, бағалы, қырнауыш конвейерлерді басқару, жылу, құм реттегіш құрылғыларды және күйдіру, қыздыру және басқа пештердің басқа басқару. Пештің қалқанын көтеру және түсіру. Үрлеу, жағу және пештің температурасын белгіленген режимге және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген өлшемдерге дейін жеткізу. Ауа, газ, мұнай мен электр энергиясын өткізетін магистральдердің жай-күйі мен жұмысқа жарамдылығын бақылау. Конвейердің өн бойында көзге көріну аймағын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін механизмдерді тексеру және жұмысқа жарамды қалпын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін механизмдер мен оларды басқару электр схемаларының құрылысы, қызмет көрсетілетін учаскедегі өндірістің технологиялық процессінің негіздері, жабдық жұмысындағы ақаулықтардың себептері, конвейерді іске қосу және тоқтату ережесі, қолданылатын жанармайдың қасиеттері.


Бұйымдарды күйдіруші


684. Бұйымдарды күйдіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пешті жұмысқа дайындау. Бұйымдарды құндақ пештің торына немесе конвейерлік пештің таспасына қою және жаю. Бұйымды пешке салар алдында оған мүсәтір немесе тұз қышқылын себу. Бұйымдарды пешке салу. Күйдірілген бұйымдарды пештен шығару немесе оларды конвейердің таспасынан алу. Белсенді көмір мен құрылғыларды күйдіру процессін жүргізу үшін дайындау. Бұйымдар мен жартылай дайын өнімдерді күйдіргеннен кейін ағарту, крацтеу және кептіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, күйдірілетін бұйымдардың ассортименті, бұйымдарды пештің торына немесе таспасына қою және жаю тәсілдері, бұйымдарды күйдіру алдында бүрку тәсілдері, күйдірілген бұйымдарды пешке салу және одан шығару ережесі, арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары.

685. Бұйымдарды күйдіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды пеште технологиялық процеске сәйкес қышқыл және қышқылсыз күйдіру процессін жүргізу. Термореттеуіштерді белгіленген температураға қою. Күйдіру барысында пеш режимін реттеу. Қышқыл ерітінділерді жасау. Пештердің жұмысының температуралық режимін көзбен шолып және аспаптар бойынша бақылау және олардың жинақтауышқа берілуін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері, бұйымдарды күйдіру режимі, күйдірудің пленканың түсі бойынша сапасы, металдар мен балқымалардың қасиеттері, арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдарды күйдіру:

1) Бітеуіштер;

2) Тығыздама корпусы;

3) Сағат корпустары;

4) Медальдер мен ордендер;

5) Келтеқұбырлар;

6) Газ плиталар;

7) Ыдыс;

8) Фланецтер;

686. Бұйымдарды күйдіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдан жасалған күрделі бұйымдарды пеште технологиялық процеске сәйкес қышқыл және қышқылсыз күйдіру процессін жүргізу. Жоғары температуралық күйдіру кезінде пештің белгіленген технологиялық режимін реттеу. Ауа, газ, мұнай мен электр энергиясын өткізетін магистральдердің жұмысқа жарамдылығын бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері, бұйымдарды күйдіру режимі, қолданылатын жанармай мен энергияның қасиеттері, құм реттеуіш және бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының мақсаты мен құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Бұйымдарды күйдіру:

1) Біліктер;

2) Түптер;

3) Ыдыстар;

4) Қазандықтар;

5) Араластырғыштар;

6) Әртүрлі жинақтар;

Эмальді балқытушы
687. Эмальді балқытушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикіқұрамды көтергіш механизмдердің көмегімен немесе қолмен балқыту пешінің арту алаңына әперу. Шикіқұрамды балқыту пешіне біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушымен бірлесе отырып, көтергіш механизмдердің көмегімен арту. Эмаль түйіршіктерін грануляция барысында астауда араластыру. Түйіршіктелген эмальды астаудан шығару және оны өлшегеннен кейін сақтайтын жерге тасымалдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, астауларды жұмысқа дайындау ережесі, шикіқұрам материалдарының номенклатурасы, сыртқы түрі және шекті көлемі, шикіқұрамды сақтау ережесі.


688. Эмальді балқытушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен әртүрлі эмальдерді балқыту процессін жүргізу. Балқыту пештерін жұмысқа дайындау және оларға шикіқұрам арту. Химикаттарды белгіленген рецептура бойынша дайындау. Оқбақырларды эмаль құю үшін дайындау және оны құюға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, шикіқұрамды балқыту пешіне бір уақытта арту нормасы, әртүрлі эмальдердің қасиеттері мен оларды шикіқұрамдау, шикіқұрамды арту және балқыту кезіндегі пештің температурасы.

689. Эмальді балқытушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальдерді балқыту процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен зергерлік және техникалық арнайы эмальдерді балқыту пештерінде балқыту процессін жүргізу. Пештің температуралық режимін жүргізу. Балқытылған эмальдың сынамаларын іріктеу және олар бойынша балқыманың даярлығын айқындау. Балқытылған эмальды су астауға салу (эмальды түйіршіктеу). Түйіршіктелген эмальды өлшеу.

Білуге тиіс: шикіқұрамды балқыту кезіндегі температуралық режим, әртүрлі эмальдерді балқыту процессі, эмальдың даярлығын айқындау әдістері, дайын эмальды ағызу әдістері, эмальды балқыту үшін қолданылатын жанармайдың түрлері, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.

690. Эмальді балқытушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фарфор мен фаянс, құндақ және эмаль шыны сырларының үстінен жылтырату сырлауларына арналған зергерлік және техникалық арнайы эмальдерді, техникалық флюстер мен флюстерді балқыту пештерінде балқыту процессін жүргізу. Зергерлік және техникалық арнайы эмальдерді іріктеу.

Білуге тиіс: зергерлік және техникалық арнайы эмальдер мен флюстерді балқыту процессі, эмальдердің даярлығын анықтау тәсілдері, эмальды балқыту үшін қолданылатын сұйық жанармайдың құрамындағы ылғалдың шекті көлемі.

Эмаль ұнтағын дайындаушы
691. Эмаль ұнтағын дайындаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецептура бойынша шикіқұрам дайындау үшін бастапқы материалдарды дайындау. Эмаль плиткаларды жару және эмальды шар диірмендерде құрғақ тарту. Түйіршіктеліп қалған химикаттарды ұсақтау. Эмаль мен химикаттарды қолмен және механикалық електермен елеу. Шикіқұрам материалдары мен шикіқұрамнан магниттің көмегімен артық қоспаларды шығару. Шикіқұрамды араластыру. Шикіқұрамды балқыту пештеріне тасымалдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, шикіқұрам материалдарының сыртқы түрі және негізгі қасиеттері, шикіқұрамды араластыру, торларды сыныптау, магнитпен жұмыс істеу ережесі.

692. Эмаль ұнтағын дайындаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша эмальдерге арналған неорганикалық бояғыштарды дайындау. Эмаль фриттаны балқытуға арналған шикіқұрамды белгіленген рецептура бойынша, оны шикіқұрам журналына енгізе отырып және шикіқұрам төлқұжатын жасай отырып жасау. Эмаль тақташаларды ұнтақтауышта ұнтақтау, эмальды ұсақ елекпен елеу, оны суландыру. Ұнтақтардың ұсақтығын аспап арқылы тексеру және журналға жазу. Шикіқұрамның құрамдас бөліктерін өлшеу. Материалдар мен шикіқұрамның жұмсалуын есепке алу, материалдарды қоспалау барабандарына себу. Шикіқұрамның араластырылу дәрежесін бақылау. Фарфор келідегі органикалық эмальге арналған пигменттерді ысқылау және оларды бекітілген рецептура бойынша лакпен қосып араластыру. Жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері, астар және жабын эмальдердің құрамына кіретін барлық шикізат материалдары мен химикаттарының номенклатурасы, сыртқы түрі және қасиеттері, шикізат материалдары мен химикаттар ылғалдылығының шикіқұрам жасауда астар және жабын эмальдердің физикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері, материалдар ұнтағы ұсақтығының және аралас шикіқұрам біркелкілігінің астар және жабын эмальдердің сапасына тигізетін әсері, аралас шикіқұрам біркелкілігін анықтау әдістері, бояғыштардың мақсаты және қолданылатын лактардың қасиеттері, бояғыштар құрамының эмаль сапасына тигізетін әсері.

693. Эмаль ұнтағын дайындаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пастадан және басқа да бастапқы материалдардан органикалық эмаль дайындау. Паста дайындау үшін пигмент пен лак іріктеу. Пастаны сыр қырғыш машинада ұнтақтау. Органикалық эмальдың түсін үлгі бойынша іріктеу. Органикалық эмальды бұйымдардың үлгілеріне жағу. Эмальды сынау. Әртүрлі эмальдерге арналған астарды белгіленген рецептура бойынша дайындау. Жабдықты баптау және реттеу.

Білуге тиіс: әртүрлі үлгілі жабдықтардың құрылысы мен оларды баптау ережесі, органикалық эмальдердің консистенциясы, сырлаулардың пигменттері, бітеменің құрамына кіретін химикаттар, астардың мақсаты, бұйымдардың әртүрлі түрлеріне арналған бітеме массасының қоюлығы.


Эмальмен бейнелеуші


694. Эмальмен бейнелеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға трафареттердің және бүріккіштердің көмегімен түрлі-түсті эмальдермен және сырлаулармен бір түсті суреттерді салу.

Білуге тиіс: бүріккіштің құрылысы, қолданылатын эмальдер мен бейорганикалық сырлаулар, бұйымдарға бір түсті суреттерді эмальмен салу тәсілдері.

695. Эмальмен бейнелеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға трафареттердің және бүріккіштердің көмегімен және тазалау әдісімен түрлі-түсті эмальдермен және сырлаулармен көп түсті суреттерді салу. Суреттерді декалькомания әдісімен салу.

Білуге тиіс: трафареттің көмегімен және декалькомания әдісімен түрлі-түсті суреттерді эмальдермен салу тәсілдері, декольге арналған ерітіндінің құрамы және оны дайындау тәсілі, эмальдер мен бейорганикалық сырлаулардың қасиеттері.

696. Эмальмен бейнелеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға қарапайым суреттер мен жазуларды трафаретсіз және клише әдісімен түрлі-түсті эмальдермен салу. Суреттер композициясын жасау және трафареттер мен клишеге арналған сырлауларды таңдау. Қарапайым суреттерді салуға арналған трафареттерді дайындау және жасау.

Білуге тиіс: трафареттерді жасау тәсілдері, суреттердің негізгі композициясы, әртүрлі түсті және реңкті эмальды жасау үшін бейорганикалық суреттерді таңдау тәсілдері, суреттерді клише әдісімен салу тәсілдері.


697. Эмальмен бейнелеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға күрделі суреттер мен каллиграфиялық жазуларды трафаретсіз жоғары дәрежелі тазалықпен және дәлдікпен фотография және шелкография әдісімен салу. Шығарылатын бұйымдар ассортиментіне қатысты барлық суреттерді дайындау. Күрделі суреттерді салуға арналған трафареттерді дайындау және жасау.

Білуге тиіс: суреттерді фотография және шелкография әдісімен салу тәсілдері, бейнелеу мен сырлау жасау негіздері, эмаль мен сырлаудың қасиеттері, толтыру материалдары мен құралдарының түрлері мен қасиеттері, коллоид ерітінділердің қасиеттері.


698. Эмальдау кезінде бұйымдарды орнатушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды бұрма механизмдерге орнату, оларды бұру және бұйымға құрғақ эмаль жағу кезінде оларды әртүрлі жағдайларда ұстау. Бұрма механизмді майлау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, оның маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты, бұйымдарды бұру тәсілдері, бұрма механизмді басқару тәсілдері.

Фриттеуші
699. Фриттеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары фриттеушінің басшылығымен фритті пісіру. Ыдысты жұмысқа дайындау. Шикіқұрамды таразылау, пешке тасымалдау және ыдысқа себу. Шикіқұрамды пешке салу. Фритті пештен алу, ұнтақтау, оларды қоймаға жинау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, шикіқұрамды жасау кезінде қолданылатын материалдар мен химикаттардың номенклатурасы және олардың мақсаты.


700. Фриттеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Фритті пісіру. Пісірудің белгіленген режимін сақтау. Фритті пісірудің даярлығын айқындау. Сырлаулар мен пигменттерді құндақ электр пештерінде пісіру. Пештердің жұмыс режимі мен фриттеу процессін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, фритті пісіруге арналған шикіқұрамның рецептурасы, фриттердің әртүрлі түрлерінің қасиеттері мен олардың мақсаты, пісірудің температуралық режимі, сырлауларды фриттеу және пигменттерді күйдіру технологиясы, сырлаулар, пигменттер мен қолданылатын химикаттардың техникалық шарттары, фритті пісірудің даярлығын және фриттің сапасын айқындау әдістері.

Эмальдаушы
701. Эмальдаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сұйық эмальмен қапталатын бұйымдардың жиектерінен эмаль ағындарын тазалау. Бұйымдарды жұмыс орнына жеткізу. Бұйымдарды кептіруге ауыстыру. Бұйымдарды пештің конвейері немесе кептіргішке орнату. Бұйымдардың таңбалау.

Білуге тиіс: бұйымдардың ассортименті, сұйық эмальмен қапталатын бұйымдарды ауыстыру және орнату ережесі, бұйымдарды таңбалау ережесі.

702. Эмальдаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сұйық эмальды бұйымның жиектеріне жағу. Қарапайым пішінді бұйымдарға астар және жабын эмальды батырып алу, үстінен құю және бүріккішпен бүрку әдістерімен жағу. Бұйымдарға қарапайым сәндік қабаттарды жағу. Шойын және болат бұйымдарды жуу, тазалау, сылау және оларға шыланқұрам жағу.

Білуге тиіс: эмальдердің түсі бойынша номенклатурасы, шыланқұраммен қапталатын бұйымдардың бетіне қойылатын техникалық талаптар, шыланқұрамның консистенциясы, анағұрлым кең тараған арнайы құрылғылар мен құралдардың мақсаты және қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

Бұйымның жиектеріне эмаль жағу:

1) Бидондар;

2) Табақтар;

3) Құмыралар;

4) Шелектер;

5) Болат кастрюльдер;

6) Кофе қайнатқыштар;

7) Кружкалар;

8) Құмыралар;

9) Шараша;

10) Ас үй жиынтығы;

11) Үй тоңазытқышына арналған ыдыс;

12) Шаралар;

13) Шайнектер.

Астарлық және жабын эмальды жағу:

1) Бирка;

2) Ілмектер;

3) Тұрмыстық ілмектер;

4) Вагондарға арналған орын нөмірлері;

5) Шәйнектердің тұтқалары;

6) Қоқысқа арналған күрекше;

7) Кестелер;

8) Жәшіктер.

703. Эмальдаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа пішінді бұйымдарға астар және жабын эмальды батырып алу, үстінен құю және бүріккішпен бүрку әдістерімен жағу. Күйдірілмеген бұйымдарға сәндік эмаль жағу. Шыланқұрамды толтыру және оны жұмыс жағдайына жеткізу. Жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері, эмальмен қапталатын бұйымдардың бетіне қойылатын техникалық шарттар, шыланқұрамның құрамына кіретін материалдар, күрделілігі орташа пішінді әртүрлі бұйымдарға арналған шыланқұрам ұнтағының консистенциясы, тығыздығы мен майдалылығы, арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Астарлық және жабын эмальды жағу:

1) Түбектер;

2) Қаз етіне арналған ыдыс;

3) Кеме арматурасы мен құбырлардың қарапайым бөлшектері;

4) Кепсерлер;

5) Кастрюльдер;

6) Кружкалар;

7) Шарашалар;

8) Газ плиталар;

9) Қарапайым пішінді медициналық ыдыс;

10) Жерге қойылатын сифондар;

11) Маршруттық вагондардың кестесі;

13) Сатылар;

14) Кедергі түтіктері;

15) Үйрек етіне арналған ыдыс.

704. Эмальдаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі көлемді және күрделі пішінді бұйымдарға астарлы, жабын және сәндік эмальдерді батырып алу, үстінен құю және бүріккішпен бүрку әдістерімен жағу. Астарлық эмальды шойын бұйымдарға жағу. Астарды күйдіргеннен кейін ұнтақ эмальды қол електермен, электр және пневматикалық дірілдеткіштермен қыздырылған бұйымдарға жағу. Жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу. Жабдықтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикалық схемалары мен баптау тәсілдері, эмальдердің түрлері мен түстері, күрделі пішінді әртүрлі бұйымдарға арналған шыланқұрам ұнтағының консистенциясы, тығыздығы мен майдалылығы, қоспалардың қаптама сапасына тигізетін әсері, эмальдерді флюстеу және металдар мен балқымаларды балқыту температурасы, бұйымдарға ұнтақ эмаль жағу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Астарлық эмальды жағу:

1) Шойын астаулар;

2) Шойын жуғыштар;

3) Шойын түптер;

4) Шойын раковиналар;

5) Шойын қол жуғыштар;

6) Шойын унитаздар;

7) Шойын клозет ыдыстары.

Астарлық және жабын эмальды жағу:

1) Ауыз суға арналған бөшкелер;

2) Бидондар;

3) Құмыра (сауыт);

4) Болат астаулар;

5) Шелектер;

6) Су жылытқыш колонкалар мен олардың құбырлары;

7) Кофе қайнатқыштар;

8) Ыдыстың қақпақтары;

9) Құмыралар;

10) Сүт пісіруге арналған ыдыс;

11) Медициналық ыдыс;

12) Болат раковиналар;

13) Көмір рештактар;

14) Болат қол жуғыштар;

15) Болат унитаздар;

16) Шайнектер;

17) Үй тоңазытқыштарына арналған сөрелер мен ыдыстар.

705. Эмальдаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұнтақ астар және жабын қышқылға төзімді эмальды қол електермен, электр және пневматикалық дірілдеткіштермен бұйымдарға жағу. Бұйымдарды сұйық эмальмен әртүрлі әдістермен қаптау.

Білуге тиіс: қышқылға төзімді эмальдау процессі және режимі, астар және жабын қышқылға төзімді эмальдың қасиеттері мен сорттары, бұйымдарды қышқылға төзімді эмальмен қаптау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Астарлық және жабын эмальды жағу:

1) Қышқылға төзімді эмалі бар аппаратура;

2) Қысыммен жұмыс істейтін аппаратура;

3) Друк – сүзгілердің түбі;

4) Болат және шойын қазандықтар;

5) Друк – сүзгілердің қақпақтары.

«Эмальдеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 ж. шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 8- бөлімінің 8-қосымшасында келтірілген.



жүктеу 12,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау