1. Жалпы ережелер



жүктеу 12,36 Mb.
бет53/71
Дата25.11.2017
өлшемі12,36 Mb.
#1830
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71

Білуге тиіс: жуу машиналарының құрылысы мен баптау тәсілдері, болат, түсті балқымалар, пластмасса, резина мен ағаштан жасалған бөлшектерден лак пен желімді жуып кетірудің техникалық шарттары мен нұсқаулығы, лак пен сыр және коррозияға қарсы қабаттардың қасиеттері, оларға бөлшектерді жуу мен тазалау үшін пайдаланылатын ерітінділер мен жуғыш заттардың тигізетін әсері, жуу ерітінділерін қайта пайдалану үшін қайта қалпына келтіру әдістері, матадағы дақтарды кетіру әдістері.



Өңдеуші


657. Өңдеуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өңдеу үшін қолжетімділігі оңай қарапайым бөлшектер мен әртүрлі металдардан жасалған бұйымдарды өңдеу. Бұйымдарды әртүрлі сілтілер мен қышқылдарда өңдеу үшін астауды дайындау. Біліктілігі анағұрлым жоғары өңдеушінің басшылығымен талап етілетін концентрациялы электролит пен ерітінді дайындау. Астаудың температурасын бақылау. Гальваникалық қаптау алдында ірі көлемді металл бөлшектерді электр астауларында өңдеу. Сорттық прокатты өңдеу процессіне қатысу. Баллондарды өңдеуге дайындау (тазалау, мойнының бұрандасын сырлау, сыртқы бетін дайындау). Құбырларды әперу және науаға орналастыру, құбырларды арнайы құралдармен қысу. өңдеуден кейін бөлшектерді шаю, жуу және кептіру. Ескі таңбасын шаю. Бөлшектерді себеттерге (құндақтарға) салу және өңдегеннен кейін оларды себеттен (құндақтан) алу.

Білуге тиіс: өңдеу астауларының жұмыс қағидасы, құрылысы мен қызмет көрсету ережесі, жуу мен өңдеудің мақсаты, дайындамалар мен бұйымдарды электролиттік және химиялық тәсілмен өңдеу және тазалау процессінің негіздері, астаудың температурасы және бұйымдарды өңдеу алдында қыздыру, өңдеу ерітіндісінің құрамы, өңдеу астауларын дайындау ережесі, қышқылдардың қасиеттері және оларды қолдану ережесі, баллондар мен құбырларды өңдеуге дайындау ережесі, қарапайым бөлшектерді өңдеу тәсілдері, бөлшектерді өңдеуден кейін кептіру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Жіңішке бұрандалы бөлшектер - өңдеу;

2) Ыдыс бұйымдары (цилиндр және тегіс) және олардың арматурасы - өңдеу, эмальдау үшін бейтараптандыру;

3) Дәнекерлеу қаптамасы, дәнекерленген тқлкелері мен алынатын гайкалары бар ауа өткізгіштердің тораптары - өңдеу және пассирлеу;

4) Тұтас тартылған оралған корпустар - өңдеу;

5) Егеу - химиялық қалпына келтіру;

6) Цилиндр бастары блоктарының құймалары, картерлер - өңдеу;

7) Дәнекерленген пластиналары бар сыйымдылы,ы ауыспалы конденсаторлардың роторлары мен статорлары - өңдеу;

8) Шар мойынтіректердің шарлары мен айырғыштары - өңдеу.



658. Өңдеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ішкі бетінің қолжетімділігі қиын бөлшектер мен әртүрлі материалдардан жасалған бұйымдарды және бұрандалы бөлшектерді, жоғары көміртектелген сым мен калибрленген металды белгіленген өлшемдерді сақтай отырып, өңдеу және бейтараптандыру. Мәрмәр тәріздендіріп арнайы өңдеу; күңгірттендіріп, жылтыратып және терең, мөлшерлі өңдеу. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған бұйымдар мен бөлшектерді белгіленген мөлшерді сақтай отырып, өңделмейтін жерлерін оқшаулап, терең өңдеу әдісімен өңдеу. Аралықтарының саны көп әртүрлі көлемді және әртүрлі пішінді бөлшектерді өңдеу. Өңдеу тереңдігін микрометрмен және индикатормен өлшеу. Сот түріндегі күрделі контурлы бөлшектерді сатылы өңдеу. Ірі көлемді бөлшектерді екіжақты өңдеу, «на ус» өңдеу. Өңделетін жерлерді трафарет, сызба және жарықпен көшіру әдісі арқылы белгілеу. Өңдеу ерітіндісін жасау. ерітіндінің сынамасын алу және оны талдау жасау үшін лабораторияға жіберу. Құбырлар мен баллондарды өңдеу, майсыздандыру және фосфаттау процестерін белгіленген режимдерге сәйкес жүргізу. Сорттық прокатты өңдеу процессін жүргізу. Орамадағы табақтарды тұрақты жұмыс істейтін өңдеу машиналарының астауларында өңдеу, табақ, жолақ және сорттық прокатты, болаттың сапалы және арнайы маркаларын, орамадағы табақтарды, сондай-ақ табақ металды оны қаптауға дайындау үшін үздіксіз агрегаттарда өңдеу процессіне қатысу. Жолақтың өңдеу астаулары арқылы дұрыс өтуін қамтамасыз ету және өңдеу агрегаттарындағы бу, су және қышқыл ысырмалар мен бүріккіштердің жұмысын реттеу. Өңдеу агрегаттарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті жабдықтардың, арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, электролиттік және химиялық тәсілмен өңдеу және тазалау процессі, жылтыратып және мәрмәр тәрізді етіп өңдеу тәсілдері, терең өңдеудің барлық түрлері, өңдеу жылдамдығын, астаудың температурасы мен құрамын есептеу ережесі, өңдеу сапасын сырттай тексеру және өлшеу аспаптары арқылы айқындау ережесі, жарықпен көшіру рамаларының құрылысы мен олармен жұмыс істеу ережесі, жарық сезгіш эмульсияны пайдалану әдістемесі, фотохимиялық жабдықтардың құрылысы, болаттың маркасы, құбырлар мен баллондардың сұрыптамасы, ерітінділердің құрамы, қасиеттері мен оны дайындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Электр вакуум аспаптардың шықпалары - химиялық және электрохимиялық өңдеу;

2) Түсті металдардан жасалған сағат механизмдеріне арналған бөлшектер - кейіннен пассирлеу арқылы декоративті өңдеу;

3) Әртүрлі пішінді және әртүрлі көлемді электр вакуум аспаптардың бөлшектері мен тораптары - өңдеу, химиялық және электрохимиялық жылтырату;

4) Күрделі пішінді, ірі габаритті қола бөлшектер (спиральдер, толқынжолдар) - өңдеу;

5) Қатаң пайдалану жағдайында жұмыс істейтін бұйымдар мен бөлшектер (автомобильдер, велосипед және т.б.) - фосфат қабатын жасау үшін темірді фосфорлы қышқыл тұздарының ыстық ерітіндісінде өңдеу;

6) Күрделі пішінді және ірі көлемді ыдыс бұйымдары (шайнек, кофейник) - өңдеу, эмальдау тәрізді бейтараптандыру;

7) Құрал – қалың қабатты хромдау тәрізді өңдеу;

8) Люктердің қақпақтары – жекелеген жерлерін белгіленген қалыңдыққа өңдеу;

9) Бухталардағы мыс, прокат – ілмекті конвейерде өңдеу;

10) Кәрез конструкцияларын қаптау – бөгеттерді сақтай отырып сатылы өңдеу;

11) Жолақтар, табақтар, орамалар, түсті металдар мен балқымалардан жасалған шыбықтар - өңдеу;


жүктеу 12,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау