1. Жалпы ережелер


) Төсемелер – екі жақты, сыналық өңдеу



жүктеу 12,36 Mb.
бет54/71
Дата25.11.2017
өлшемі12,36 Mb.
#1830
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71

12) Төсемелер – екі жақты, сыналық өңдеу;

13) Ыстыққа төзімді болат және түсті металдардан жасалған балқымалар - макроқұрылымын айқындау үшін өңдеу;

14) Ұсақ модульді, дәлме-дәл тістегершіктер, реттығын, поршеньдер, түсті металдар мен балқымалардан жасалған шәкілдер – мөлшерін сақтай отырып өңдеу.



659. Өңдеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы табақтарды тұрақты жұмыс істейтін өңдеу машиналарының астауларында өңдеу процессін жүргізу. Табақ, жолақ және сорттық прокатты, болаттың сапалы және арнайы маркаларын, орамадағы табақтарды, сондай-ақ табақ металды оны қаптауға дайындау үшін үздіксіз агрегаттарда өңдеу. Құбырларды арнайы құрылғыларда ағынмен өңдеу әдісі арқылы өңдеу. Орамадағы табақ металды, болаттың сапалы және арнайы маркаларын үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда өңдеу процессіне қатысу. Өңдеу астауларын зарядтау және өңдеу ерітінділерін түзету. Ерітінділердің температурасы мен астаудың белсенділігін реттеу. Қышқыл, су, өңдеу тұнбасын қосу және ерітіндіні ауыстыру. Сифонды орнату және зарядтау, ерітіндіні ауыстыру кезінде біліктердің арасындағы желіні баптау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттардың құрылысы, кинематикалық және электр схемалары, өңдеу ерітіндісінің құрамы, қасиеттері мен рецептурасы, қышқылдар мен өңдеу тұнбасының қасиеттері, арнайы құрылғылардың құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.



660. Өңдеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сапалы және арнайы маркалы орамадағы табақ металды үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда өңдеу процессін жүргізу. Жолақ бетінің тазалығын бақылау және жиектерінің бүкпелерін, жыртықтар мен бүкпелерді жою. Қышқыл ерітінділердің температурасын, астаулардың белсенділігін, өңдеу режимі мен сапасын, металды жуу мен майлау, сондай-ақ жолақтардың орамаға дұрыс оралуын, жіктің дұрыс кесілуін, қисықтардың болмауын, үздіксіз жұмыс істейтін өңдеу агрегаттарының жай-күйін және өңдеуге арналған металдың болуын бақылау. Үздіксіз жұмыс істейтін өңдеу агрегаттарын баптау.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі, үздіксіз жұмыс істейтін өңдеу агрегаттарының құрылысы мен баптау тәсілдері, орындалатын жұмыс көлемінде әртүрлі маркалы металды өңдеу процессінің физикалық және химиялық негіздері, өңделген ерітінділерді талдау әдістері.



Фосфаттаушы


661. Фосфаттаушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары фосфаттаушының басшылығымен қарапайым бөлшектер мен тораптарды фосфаттау. Бөлшектерді майлау, крацтеу және жуу. Бөлшектерді астауға салу. Фосфаттау процессінің аяқталу уақытын айқындау.

Білуге тиіс: фосфаттау процессі, бөлшектерді фосфаттау үшін дайындау тәсілдері, бөлшектерді астауға салу тәсілдері, фосфаттаудан кейін бетін өңдеу тәсілдері.



662. Фосфаттаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды оларды алдын ала дайындап, яғни өңдеп, майсыздандырып, крацтеп және кейіннен лакпен немесе маймен қаптай отырып, жуып барып фосфаттау. Фосфатталмайтын жерлерін оқшаулау. Ерітіндіні белгіленген рецептура бойынша жасау және түзету. Астауды талап етілетін температураға дейін қыздыру және астаудың қышқылдығын титрлеу арқылы айқындау.

Білуге тиіс: астаулардың жұмыс қағидасы, фосфаттау тәсілдері, өңдеу, майсыздандыру, крацтеу және жуу процестері және фосфатталмайтын жерлерін оқшаулау тәсілдері, фосфатталатын бөлшектер мен бұйымдарға қойылатын талаптар, арнайы құрылғылардың мақсаты және олардың фосфаттау кезінде қолданылу шарттары.



663. Фосфаттаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі бөлшектер мен тораптарды оларды алдын ала дайындап, яғни өңдеп, майсыздандырып, крацтеп және кейіннен лакпен немесе маймен қаптай отырып, жуып барып фосфаттау.

Білуге тиіс: астаулардың құрылысы, астау ерітінділерінің құрамы, өңдеуге түсетін бөлшектерге қойылатын талаптар, фосфаттау кезінде қолданылатын арнайы құрылғылардың құрылысы.



664. Қайраттаушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сырды бөлшектер мен бұйымдардың бетіне ысқылап жағу арқылы белгілерді, сандар мен торларды қарайту. Сырды қажетті температураға дейін қыздыру. Сырдың артық бөліктерін бөлшектер мен бұйымдардың бетінен бензинге малынған жұқа зімпара қағазбен алу.

Білуге тиіс: сырды бұйымдардың бетіне ысқылап жағу ережесі, сырдың құрамы, оны қыздыру және кептіру режимі.

Жұмыс үлгілері

Белгілер мен сандарды қарайту:

1) Дөңгелек пішінді бұйымдар: лимбалар, арнайы шәкілдер және т.б.;

2) Өлшеу сызғыштары мен штангенциркульдердің штангалары.



Электрмен жылтыратушы


665. Электрмен жылтыратушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді электрмен жылтыратуға дайындау. Бөлшектерді астауға салу. Біліктілігі анағұрлым жоғары электрмен жылтыратушының басшылығымен қара, қоспаланған және түсті металдардан жасалған қарапайым құралдар мен бөлшектерді электрмен жылтырату.

Білуге тиіс: электролиз астаулардың құрылысы, электрмен жылтырату процессі, бөлшектерді электрмен жылтыратуға дайындау тәсілдері, қышқылдармен, сілті және цианит тұздарды пайдалану ережесі.



666. Электрмен жылтыратушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қара, қоспаланған және түсті металдардан жасалған күрделілігі орташа құралдар мен бөлшектерді алдын ала дайындай отырып, электрмен жылтырату және кейіннен бейтараптандыру және жуу. Ерітінді жасау және түзету. Астау температурасын реттеу. Электрмен жылтырату процессінің аяқталу уақытын айқындау.


жүктеу 12,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау