1 Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік мазмұны



жүктеу 344,78 Kb.
бет11/12
Дата03.11.2023
өлшемі344,78 Kb.
#44120
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
негізгі бөл

Қорытынды
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Яғни, бұрынғы кезде мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы «субъект-объект» бағытында болса, қазіргі кезде оқушы тұлғасын дамыту қарым-қатынасында «субъект-субъект», «тұлға-тұлға» бағытын ұстану керек. Өйткені, қазіргі оқушы дүниетанымдық қабілеті жоғары; дарынды, өнертапқыш; ізденімпаз; талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді. Мемлекеттің күшейіп гүлденуі, әрине, жеке тұлғаға, яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз. Ұстазға, алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты тың көзқарасы бар педагог қана қалыптастыра алады. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамытуға көзделуі қажет.
Мұғалім үнемі жеке тұлғаға танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Ал жеке тұлға-қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қасиетке ие, саналы әрекет, қарым-қатынас жасай алатын, рухани құндылықтарды бойына жинаған, дүниетанымдық, интеллектуалдық мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланған, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан.
1. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.
2. Бастауыш сыныптағы дүниетану пәні жоғары сыныпта меңгеретін бүкіл пәндердің бастамасын береді. Сондықтан дүниетану пәні бойынша жеке тұлғаға бағытталып оқыту арқылы өзекті жағдаяттарды өз бетінше шешуге үйренеді, жан-жақты білімді, аңғарымпаз, тығырыққа тірелген сұрақтардың шешімін өз бетінше табуға ұмтылатын құзыретті тұлғаға айналады.
3. Бала бойындағы қалыптасуы қажет үш түрлі құзыреттілік дүниетану сабақтарында кешенді түрде жүзеге асыру мүмкіндігі өте жоғары.
4. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін қажет түсініктер мазмұны айқындалды:
1.Түрлі дәрежелі амал – түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс.
2. Өзгешелік амал – оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі, қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша болу;
3. Жекеше амал – оқушыларды бірыңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;
4. Субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-қатынаста болу.
5. Жүзеге асыру үшін мына жолдар ұсынылады:
1. Тұлғалық маңызды мақсаттар қою;
2. Оқушылармен жеке дара, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
3. Өзіндік шешім қабылдауда, шығармашылықпен айналасуда, мазмұнды таңдауда еркіндік кеңістігін құру;
4. Жұмыс жасау үшін қолайлы ахуал туғызу, бір-біріне түсіністік, қолдау көрсету;
5. Өзіне деген сенімділікті арттыруға, мәселені талқыламай отырып шешуге, өз әрекеті үшін жауап беруге баулу.
6. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар бойынша сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер:
-кейіпкердін тұлғалық қасиеттерін анықтау;
-тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру;
-тапсырмаларды орындаудың әртүрлі түрлерін таңдау (ғылыми есеп, бейнелер, қойылым)
-өздерінің мүмкіндіктерін көрсететін рольдік ойындар мен тапсырмаларды орындау (қарсылас, тапқыр, автор, сыншы, жетекші, безендіруші, бақылаушы, анықтама бюросы).
Қорыта келгенде, біз дүниетану сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына, олардың ой-өрісінің дамуына, шығармашылық жұмыстармен айналасуына, білім сапасын арттыруға, өздерінің өй-пікірлерін жеткізе білетіндей жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Бұл арқылы біз оқушылардың өз бетінше іс атқаруын қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. Инновациялық технологияларды тиімді, әрі дұрыс қолданса, «Дүниетану» сабағының сапасын арттыруға, жеке тұлғаның қалыптасуы мен жетілуіне тікелей әсері бар екеніне толық көзіміз жетеді. 

жүктеу 344,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау