4. Көзқарастың өнегелі, эмоциалды, жігерлі компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда өнегелі түсініктерді меңгеру арқылы мінез-құлықтың адамгершілік нормалары меңгеріледі. Эмоциялық өріс шығармашылық әрекеттерде эстетикалық ұсыну арқылы қалыптасады.
5. Танымдылық ынтаны дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың осы түрі, оқу мен оқудан тыс жұмыстардың сабақтастығын бейнелейді. Себебі сыныптан тыс жұмыс сабақтағы оқу-тәрбиелік жұмыспен байланысты, ең ақырында оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сыныптан тыс жұмыстардың аясында оқушылардың ынтасын тәрбиелеу, мына маңызды мінтеттерді – оқушылардың мамандықты таңдауына және оларды еңбекке дайындалуына шешуімен байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлілігі оқушылардың кәсіби ынталарының пайда болуының негізгі көзі болып табылатыны белгілі, оларға арнайы білім, іскерлік, дағдыны жинауға, таңдап алған әрекет аумағында өз күшін тексеруге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |