2- Информатикадан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта шығаратын 137 типтік есептер, әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Есептерден басқа викторинаға информатикамен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға есеп-әзіл да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы. Қызықты кісілермен кездесу өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |