Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру - Мақсат:
- Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Танымдық қабілеттерді дамытуда ескеретін қағидалар Шығармашылық тапсырмалардың талаптары Баланың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері - Зейін қоюшылығы;
- Баланың өз еркімен білімге деген құлшынысы;
- Жұмыс барысында кездескен қиыншылықтарда жағымды эмоцияда болуы;
- Аталған міндетті шешу жолдарына ұмтылыс жасауы;
- Интеллектуалдық жетістіктерге қажеттілігі;
- Ұсынылған әрекет тәсілдерін меңгеруге талпынысы;
- Таныс емес нәрселер мәніне көңіл бөлуі.
Танымдық әрекеттерді қалыптастырып, дамытатын құралдар - Есте сақтау қабілеті;
- Өз-өзін ұстау қабілеті;
- Ынта;
- Еңбексүйгіштік;
- Өздігінен жұмыс істей білу;
- Логикалық ойлай білуі;
- Танымдық қызығушылығы.
Шығармашылық жұмысқа баулудың әдіс-тәсілдері - Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
- Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
- Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
- Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс;
- Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
- Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
- Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру;
- Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін тапсырмалар - 7 сынып Әлеуметтік- тұрмыстық ая бойынша Тақырыбы: Менің отбасы мүшелерім және туыстарым қай тілде сөйлейді?
- Тапсырмалары:
- - Сенің отбасың ана тілінде сөйлеседі ме? (Сөйлемесе, не себепті?)
- Өз пікірлеріңді білдіріңдер.
- - Отбастарыңда сөйленетін тіл туралы достарыңмен пікірлесіп, өзара жұпта сөйлесіңдер.
- - «Туысы бірдің- уысы бір» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
- - Отбасы мүшелерінің отбасындағы орны мен міндеттері. Пікірталас құрыңдар.
- - Отбасы, ана тілі туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.
Тақырыбы: Сыйлықтар. Мен досыма қандай сыйлықтар беремін? - Тапсырмалары:
- Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарыңа тілек айтыңдар.
- Сендер туған күнге бармақсыңдар. Осы жағдаят бойынша жұпта диалог- пікірталас құрыңдар.
- Сыйлық міндетті түрде қымбат, сапалы болуы керек. Келісесіңдер ме? Ойларыңды айтыңдар.
- Өз ұлтыңның сыйлық беру дәстүрі туралы реферат жазыңдар.
- Тақырыбы: Менің жазғы демалысым
- Тапсырмалары:
- Жазғы демалыстарыңнан қандай әсер алдыңдар? Әңгімелеңдер.
- «Менің жазғы демалысым» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
- Тақырып бойынша диалог құрастырап, өзара жұпта сөйлесіңдер.
- Жазғы демалысты қайда өткізген дұрыс? Сұхбат құрыңдар.
Тақырыбы: Ас- адамның арқауы - Тапсырмалары:
- Саған қандай тағам ұнайды? Әңгіме жазыңдар.
- «Ас- адамның арқауы» дегенді қалай түсінесің? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.
- Сенің тамақтану режимің. Монолог түрінде баяндаңдар.
- Асханада қалай тамақтанып жүрсің? Диалог құрыңдар.
- Ас туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.
- Тақырыбы: Киім
- Тапсырмалары:
- Киім кию өнер ме? Сұхбат құрыңдар.
- Ұлттық киімдерді күнделікті киер ме едің? Өз ойларыңды айтыңдар.
- Мектеп оқушысының киімі. Киім үлгілерін суреттеңдер.
Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін мәтінмен жұмыс барысындағы тапсырмалар - Әлеуметтік- мәдени ая бойынша Тақырыбы: Музыка. Біздің еліміздің сазгерлері 1.Мәтін: Сұлу, әдемі музыка (120 бетте)
- Сөздікті талдап,
- сөз тіркестерін,
- сөйлем құрыңдар
- Мәтінді түсініп,
- рөлге бөліп
- оқыңдар
- Мәтін бойынша
- сұрақ-жауап
- құраңдар
- Неге қалмақтың ханы
- Саймақты
- тұтқыннан босатты? Өз
- ойларыңды белгілеңдер
- Мәтіннің мазмұны
- бойынша
- қорытынды жасаңдар
- Өздерің қандай шешім
- ұсынар едіңдер?
Мақал- мәтелдермен жұмыс: - Мәтін: Ән- көңілдің ажары (121 бетте) Тапсырмалары:
- Музыкаға байланысты мақал- мәтелдерді оқып, мағынасын түсіңдіріңдер.
- Бір мақал бойынша шағын әңгіме құраңдар.
- Өздерің ұнататын музыка, топтар туралы өзара сөйлесіңдер.
- Мәтін: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан (125 бетте)
- Тапсырмалары:
- 1. Мәтінді сөздік арқылы түсініп оқыңдар.
- 2. Тірек сызбалар арқылы мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
- 3. Мектептегі музыкалық үйірмелер туралы әңгімелеңдер.
- 4. Қазақ халқының бір музыкалық аспабы тарихынан қосымша мағлұмат табыңдар.
Мәтін: Ұлттық аспаптар Дауылпаз (126 бетте) - Тапсырмалары:
- Диалог негізінде соңын өздерінше аяқтаңдар.
- Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңдар.
- Бір ұлттық аспапқа сипаттама беріңдер.
- Мәтін: Халық әндері (129 бетте)
- Тапсырмалары:
- 1. Халық әндері адамды неге тәрбиелейді? Өз ойларыңды белгілеңдер.
- 2. Қазақтың халық әндері деген қандай әндер? Өзара сөйлесіңдер.
- 3. Бір халық әнін жаттаңдар.
Мәтін: Күй аңыздары (133 бетте) Тапсырмалары: - Мәтінді түсініп оқып, тірек сызбаны толықтырыңдар.
- Өзара диалог құрыңдар;
- Жоспар құрып, толық әңгімелеңдер;
- Мәтін: Құрманғазы Сағырбаев (153 бетте)
- Тапсырмалары:
- Мәтінді түсініп оқып, диалог бойынша сөйлесіңдер.
- Маған қандай сазгерлер ұнайды? Шағын шығарма жазыңдар.
- «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа тірек сөздер арқылы әңгіме дайындаңдар.
- Құрманғазы Сағырбаев жайында қосымша мәлімет жинап, реферат жазыңдар.
- Мәтін: Әженің әлдиі (137 бетте)
- Тапсырмалары:
- 1. Мәтін бойынша монолог дайындаңдар.
- 2. Өзара ана әлдиінің құдіреті жөнінде диалог құрыңдар.
- 3.Сендердің өмірлеріңде музыка қандай рөл атқарады? Шағын шығарма жазыңдар.
Тапсырмаларды орындаудан күтілетін нәтижелер: - 1.Оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілеті дамиды;
- 2. Күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыланады;
- 3.Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, іскерлік дағдылары жетіледі;
- 4.Тілге деген қызығушылықтары артып, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдері оянады.
Достарыңызбен бөлісу: |