2. Ынтымақтастық дағдыларды қалыптастыру және ұжымдық өмірге тәжірибе жинау үшін қолайлы шарттарды жасау. Оқу еңбегі өзінің ерекшелігіне байланысты ұжымның топтасуына қолайлы негіз бола алмайды. Ал, сыныптан тыс әрекеттер, ұжымды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайды. Мұнда оқушылар өзара жан-жақты қарым-қатынаста болады. Сыныптан тыс жұмыстың түрлі формаларында оқушылар өздерінің жеке дара қабылеттіліктерін көрсетіп, ұжымда өмір сүруге үйренеді. Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір аспектілерде оқушылардың ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін байытады, осының бәрі үлкен оқутәрбиелік нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: |