1.7 Ұңғыманы қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындық аймақтары
Жобаланған алаңның ұңғымасын қазу кезінде жатқан көршілес ұңғымалардың мәліметтеріне сүйеніп болжаймыз.
Әр түрлі мүмкін апаттардың мысалы мұнай газ бүліну жуу сұйығының жұтылуы, құбырының ұсталынып қалынып алдын алу үшін бұрғылау жұмыстарын міндетті түрде сапалы жуу сұйықтарымен жүргізілуімен тиіс.
Тасым алаңында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жуу сұйықтарын төмендегідей параметрлерімен жүргіземіз.
1. 0,1800 м аралығында әртүрлі бүліну болуы мүмкін болғандықтан біз жуу сұйығының тығыздығын 1800-1230 кг/м3 тұтқырлығын 60-50 сек, сүзілу көрсеткішін 10-12 см3 20 мин ішінде қабық қалыңдығы 1,2 мм деп аламыз. Күтілетін қабат қысымы 19,8 МПа.
2. 1800-3500 м аралығында мұнай газ бүлінуі ұңғыма – оқпаның таралуы, бұрғылау құбырларының ұсталынып қалу қауіпі бар. Мүмкін қабат қысымы 40 МПа жуу сұйығының төмендегідей параметрлері қолданылады: жуу сұйығының тығыздығы 1900-2240 кг/м3 тұтқырлығы 60-80 сек, сүзілу көрсеткіші 8-10 см3 30 минут ішінде қабыршақ қалыңдығы 2 мм.
Жуу сұйығының тығыздығы фонтан атқылануына болжайтын геологтардың нұсқауы бойынша төменгі формула бойынша ескерту керек.
(1)
мұндағы: S – жуу сұйығының тығыздығы;
Pк – қабат қысымы;
Z – қаралып отырған қабат тереңдігі;
α - қабат қысымынан гидростатикалық қысымының асу коэффициенті. Ол тереңдікке байланысты алынады.
Сазды қоспаны өңдеу үшін: КССБ, мұнай, графит, конценатриі содан сульфанат. КМЦ-800, хлорамин МАС-800 реогенттер қолданылады.
1.8 Керн алу және шлам алу аралықтары
Керн, шлам судың, мұнайдың газдың үлгілерін алу сазды ерітіндіні алу геофизикалық зерттеу кешені болып табылады. «Недра» снарядымен үлгі алудың мақсаты тау жыныстарының стратиграфиялық шекараларын коллекторлық қасиетін анықтау.
Керн алу жұмыстары бұрғылаудың жалпы жұмыстарының 7% алады. Яғни 270 м «Недра» снарядымен бұрғылаған кезде керн алу көлемі 60% болуы керек. Егер бұрғылау кезінде керн алу көлемі мұнай газ бүлінудің тікелей көлемі біліне бастаса, жабық жүйені пайдаланып мұнай – газды айырғыштан өткіземіз.
Ұңғыманы бұрғылау кезінде процесі кезінде бұрғылау құбырларын әрбір 500 м сайын тексеріп тұрамыз. Ал өнімді қабат тұсында 800 м сайын тексереміз. Өнімді қабаттардан алынған барлық үлгілер ұңғымадан алынған барлық үлгілер ұңғымада алынған бойда этикетка алаңның аты ұңғыма көмірі, керн алынған аралық тереңдік жазылады да зерттеу орталығына жөнелтеді, жөнелтілген үлгілер журналға тіркеледі.
1. Үлгі алу аралықтары төмендегідей 1300-1705 м; 1765-1770 м; 1970-1975 м; 2030-2035 м; 2100-2105 м; 2280-2285 м; 2350-2355 м; 2410-2415 м; 2490-2495 м; 2520-2525 м; 2560-2565 м; 2630-2635 м; 2700-2705 м; 2780-2785 м; 2850-2855 м; 3000-3005 м; 3040-3055 м; 3130-3145 м; 3210-3225 м; 3350-3365 м; 3390-3395 м; 3445-3460 м; 3490-3500 м.
2. Шламды лабораториялық тексеруге әрбір 5 м сайын алып отырамыз.
3. Бұрғылау процессі кезінде айналым жүйесінің мұнай мен газдың бүлінуін бақылайды.
4. Егер ұңғымадан мұнай газ бүлінсе олардың үлгісі алынады. Егер ұңғымадан су бүлінсі, онда қабат суын химиялық таңдауға жібереді.
5. Бұрғылаудың алдында техникалық судың құрамы белгілі болуы керек.
1.9 Өнімді қабаттарды ашу және сынау
1.9.1 Қабаттарды сынаудың тәсілдері мен аралықтары
Өнімді қабатты ашу үшін жуу сұйықтарының паралистрлерін геолого-техникалық құжатта берілген нұсқауға сай болуы керек.
Келесі ұңғымалардың өнімді қабатын ашу үшін қазылған ұңғымалардан алынған мәліметтерге қарап салыстырып отырмыз. Ұңғыманың тереңдігі жобаланған тереңдікке жеткеннен кейін ұңғымаға өндірістік геофизикалық зерттеулер жүргізіледі. Одан әрі жобаланған цементтеу бекіту ұштастыру, ұңғыманың сағасын фонтанды арматурамен ұштастыру жұмыстары қарастырылады. Құбырларды геометриялық жағдайда сынайды. Одан әрі өнімді қабатты мұнай газ, су – құйылыстарын алуға сынайды.
Сынау аралықтары ұңғыманы қазу кезінде алынған әр түрлі сынамалар керн, шламдарды талдауда алынған нәтижелерден анықталады. Оған қосымша қабат сынағыш каротаж кабельдерін (ОЛК) Өндірістік – геофизикалық зерттеулер нәтижелері қолданылады.
Тасым алаңында сынаудың жобаланған жеті аралығы бар.
3480-3470 м.
3400-3390 м.
3310-3300 м.
3060-3070 м.
2800-2790 м.
2600-2590 м.
2210-2800 м.
Бұрғылау кезінде КИИ-146 қабат сынағышын қолданып төмендегі аралықтардан сынама аламыз 3480-3470 м; 3400-3390 м; 3310-3300 м; 3060-3070 м; 2800-2790 м; 2605-2590 м.
1.9.2 Өнімді қабатты ашу әдісі
Өнімді қабатты зерттеу негізінен ұңғыманы сынаудың кезінде жүргізіледі. Бұл зерттеулердің мақсаты: алынған мәліметтерді жинақтап өнімділік коэффициентін, тау жынысының су өткізгішін т.б. барлауға жоба жасауға қажетті материалдарды алу. Ұңғымаға берілетін мұнай құйысының көлеміне байланысты өнімді қабатты ашудың әдісі таңдалады.
1. Фонтанды ұңғымаларды ашпастан бұрын төмендегідей зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
а) Өнімді қабатты ашудан бұрын және кейін қабат қысымын анықтайды.
б) Түттік қысымды үш жағдайда анықтайды.
Әр жағдайда буферлік және сақиналы кеңістіктегі сұйықтық қысымын анықтайды.
Зерттеу жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін мұнайдың сынамасын физикалық-химиялық талдауға алады.
Мұнайдың газдың және судың қабат жағдайындағы физико-химиялық қасиеттерін анықтау үшін, әр қабаттан түптік сынама алынады. Зерттеулер нәтижелерінен құйылыс қисығын туғызып өнімділік коэффициентін анықтайды.
1.10 Ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер
Өндірістік геофизикалық зерттеулер ұңғыманың геологиялық тілмесін зерттеп, техникалық жағдайын бағалау жұмыстар кешенінен тұрады.
1-ші кесте. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу кешені
Зерттеулер түрі және оның белгісі
|
Масштаб
|
Зерттеулер аралығы
|
тереңдік
|
дейін
|
дейін
|
1. Негізгі әдістері ПС
|
|
250
|
150
|
0
|
КС БК некометрия термометрия
|
1:500
|
500
|
580
|
100
|
|
|
950
|
950
|
500
|
|
|
1250
|
1250
|
900
|
|
|
1500
|
1550
|
1250
|
|
|
1850
|
1850
|
1500
|
2.Қосымша әдістер ИК профилометрия
|
|
2150
|
2150
|
1800
|
|
|
2450
|
2450
|
2100
|
|
|
2750
|
2750
|
2400
|
|
|
3000
|
3000
|
2700
|
|
|
3250
|
3250
|
2900
|
|
|
3450
|
3450
|
3150
|
|
|
3550
|
3550
|
3350
|
3. Негізгі әдістер: ПС БКЗ
|
1:500
|
1850
|
1850
|
1500
|
|
|
2150
|
2150
|
1800
|
|
|
2450
|
2450
|
2100
|
|
|
2750
|
2750
|
2400
|
|
|
3000
|
3000
|
2700
|
|
|
3800
|
3800
|
2950
|
|
|
3400
|
3400
|
3150
|
|
|
3500
|
3500
|
3350
|
4. Қосымша әдістер ГГКО, ММУК газокаротаж ОМК ИПК
|
|
1800
|
1800
|
0
|
5. Қосымша
|
1:500
|
3500
|
3500
|
0
|
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Бұ
рғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу
Қазіргі кезде біздің елде бұрғылаудың үш тәсілі бар: түптік қозғалтқыш, роторлық және электробұрғылау. Бұрғылау тәсілін біз бұрғыланып біткен ұңғымалардан алынған мәліметтерге сүйене отырып немесе арнайы ұңғымалардан алынған геофизикалық зерттеулерге нәтижелерін қолдана отырып таңдаймыз. Бұрғылауға қолданылатын қашаудың түрін, типін және бұрғылау режимінің параметрлерін, сол алаңда қазылып болған ұңғымалардан алынған қашаудың жұмыс көрсеткішін, бұрғылауда кездескен литологиялық тау жынысының құрамына, қабат қысымына гидрожарылу қысымына сәйкестендіріп таңдайды.
Бұрғылау режимінің оптимальді параметрлерін таңдау, әр интервалдағы тау жынысына байланысты қашау түрін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қашаудың түрін таңдаудың қиындығы, қашаудың әр рейісінде әр түрлі физика-механикалық қасиеттері бар тау жыныстары бұрғыланады.
Терең бұрғылау ұңғымалары жобаланған алаңында көршілес Сарға, Гагаринская, Тышқанды, Қолтық алаңдарында бұрғыланады. Қазіргі кезде Елемес, Сазтөбе, Айыршағыл алаңдарында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.
Жобаланған алаңдағы ұңғыманы қазу, бұрын соңды қазылған көршілес алаңдағы ұңғымаларды қазу барысында алынған мәліметтерге сүйене отырып, роторлық бұрғылау тәсілін таңдау. Бұл тәсіл, бұл алаңға экономикалық, техника-технологиялық жағынан тиімді болып отыр.
2.2 Ұңғыма құрылмасын жобалау және дәлелдеу
Ұңғыма құрылмасы – бұрғылаудың техника-экономикалық көрсеткішімен анықтайтын ең басты факторлардың бірі. Ұңғыма күрделі құрылыс сондықтан ұңғыма құрылмасына жобада көп көңіл бөлінеді. Ол берік саңлаусыз, жобаланған тереңдікке жету мүмкіндігі және геологиялық зерттеу міндеттерін толық атқаруы керек. Сол сияқты ол жер қойнауы туралы заңды, қоршаған ортаны ластанудан сақтау ережелерін бұзбауы тиіс.
Ұңғыманың құрылмасын жобалауға төмендегі факторлар әсер етеді: ұңғыманы қазудың мақсаты, жобалық тереңдік, алаңның геологиялық құрылымы тау жынысының тұрақтылығы, қабат қысымының тұрақтылығы, қабат қысымының аномальдық коэффициенті, жұту қысымының индексі, қабат аралық сұйықтар құрамы, бұрғылаудың технологиясын жетілдіру дәрежесі, температуралық режим, ұңғыманың дебиті және пайдалану тәсілі. Сондықтан ұңғыманың құрылмасын тиімді жобалау бұрғылау жұмыстарын жеделдету және арзандатудың негізгі факторы болып табылады.
Ұңғыма құрылмасын, бұрғыланатын ауданның геологиялық тілмесін толық зерттелуі негізінде таңдалынып алынады. Негізгі көңіл, қазу кезінде кездесетін мүкін қиындықтарға, ұңғыма қабырғасының опырылуы, жуу сұйығының жұтылуы, жоғарғы қысымды қабаттарға бөлінеді.
Аралық тізбек санын және олардың түсіру тереңдігін таңдап алу үшін тереңдік қысым градиентінің эквиваленті координатасында біріктірілген график тұрғызылады.
Қысым градиентінің эквивалентті деп ұңғымадағы анықтау тереңдігінде гидрожарылу қысымына немесе қабаттың қысымға тең қысым туғызатын жуу сұйығының бағанасының тығыздығын анықтаймыз.
Ұңғыма құрылмасын бұрғылаудың техника экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізеді, және ұңғыманың жобалық тереңдікте жұту мүмкіндігін анықтайды.
Жер бетінен жақын орналасқан тау жыныстарының сумен жуылып кетуін сақтау үшін және бұрғы қондырғысының айналым жүйесінің сағамен байланысының қолданылатын бірінші құбырды түбірін бағыттаушы деп атайды.
Терең емес қабаттардағы қиындық аймақтарын және артизиян сулары кездесетін қабаттарды жабу немесе бекіту үшін кондуктор беріледі.
Пайдалану құбырлар тізбегі ұңғыманың қабырғасын бекіту үшін және мұнай, газ, сумен қаныққан горизонттарды реттеу үшін қолданылады. Сонымен қатар, ол сұйықты немесе газды өндіретін, оны тасымалдайтын канал болып табылады.
Ұңғыма құрылмасын жобалардың кең таралған екі түрі бар.
Бірінші әдіс. Бұл әдіс бойынша Рк қабаттағы қысымды, Рж жұту қысымын және Ру ұңғымадағы қысымды тауып аламыз.
Ол үшін бізге белгілі ΔРқ және ΔРж қысымдары арқылы ΔРу – қысымын табамыз.
Екінші әдіс. Бұл әдіс бойынша қабат қысымының анамальдік коэффициенті Ка жуу сұйығының салыстырмалы тығыздығын және қабат қысымының жұтылу коэффициентін Кж табамыз.
Анамальдік коэффициентті төмендегі формуламен анықтаймыз:
(2)
мұндағы: Рқ – қабат қысымы МПа;
Достарыңызбен бөлісу: |