1 Геологиялыќ бµлім



жүктеу 1,71 Mb.
бет1/122
Дата11.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#26356
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122


Аңдатпа
Осы ұсынылып отырған жобада Тасым алаңындағы тереңдігі 3500 метр іздеу – барлау ұңғымасын бұрғылау мәселелері қаралған. Жұмыс ауданының геологиялық жағдайы берілген.

Техникалық-технологиялық бөлімде қажетті есептеулер жүргізілген. Сол сияқты қауіпсіз жұмыс жүргізу, қоршаған ортаны ластанудан сақтау мәселелері де қарастырылған.

Арнайы бөлім ұңғыманы сынауды БАЗ-дың көмегімен жүргізу тәсіліне арналған. Сонымен қатар жобада іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылаудың экономикалық негіздері келтірілген.

Аннотация
В настоящем проекте рассмотрены вопросы проводки поисково – разведочной скважины глубиной 3500 метр6 на площади Тасым. Дано геологическое описание района работ.

Производены необходиме расчеты по технико-технологической части. Рассмотрены вопросы безопасного ведения работ, охраны окружающей среды и недр.



Специальная часть проекта посвещена вопросу испытания скважины с применением ПАВ. В проекте так же данор экономическое обоснование проводки поисково-испытательной скважины.

МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ ...................................................................................................




1

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ...................................................................




1.1

Геологиялық және экономикалық жағдайлар .....................................




1.2

Ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы ...........................




1.3

Стратиграфия ..........................................................................................




1.4

Тектоника ................................................................................................




1.5

Мұнай-газдылығы және оның болашағы ............................................




1.6

Сулылығы ...............................................................................................




1.7

Ұңғыманы қазу кезіндегі кездесуі мүмкін қиындықтар аймақ қабаттары ................................................................................................




1.8

Керн алу аралықтары .............................................................................




1.9

Болашағы бар қабаттарды ашу және сынау ........................................




1.9.1

Қабаттарды сынаудың тәсілдері мен аралықтары ...........................




1.9.2

Өнімді қабатты ашу әдісі ....................................................................




1.10

Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер .............................................




2

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ .................




2.1

Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу ..............................................




2.2

Ұңғыма құрылысын жобалау және дәлелдеу ......................................




2.3

Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау: бұрғы құбырлар тізбегін биіктікке есептеу ....................................................................................




2.4

Ұңғыманы жуу ......................................................................................




2.4.1

Жуу сұйығының түрін таңдау және оның параметрлерін әр тереңдік аралықтары үшін тағайындау..............................................




2.4.2

Жуу сұйығының барлық түрі үшін саздың, судың химиялық реогенттердің ауырлатқыштың және т.б. материалдарын шығымдарын анықтау..........................................................................




2.4.3

Жуу сұйығының дайындау химиялық өңдеу үшін және ұңғыма сағасына жабдықтарды таңдау..........................................................




2.4.4

Ұңғыманы жуудың гидрафликалық есебі .......................................




2.5

Бұрғылау қондырғысын таңдау бұрғылау жабдықтары мен мұнара.




2.6

Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау.......................................




2.6.1

Қашаудың түр - өлшемін моделін және олардың көрсеткіштерін, өндіріс статистикалық мәліметтер бойынша жобалау.....................




2.6.2

Бұрғылау тәсілдеріне байланысты әр теңдік аралықтары үшін жуу сұйығының шығымын жобалау .................................................




2.7

Ұңғымаларды бекіту ..............................................................................




2.7.1

Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды беріктікке есептеу................................................................................




2.7.2

Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрамы.......




2.7.3

Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары және оларды түсіру.............................................................................




2.7.4

Цементтеу тәсілін таңдау және тізбектерді цементтеуге есептеу...




3

АРНАЙЫ БӨЛІМ ...................................................................................




4

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ....................................................................................




4.1

Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау……………….




4.2

Қорғаныс шаралары …………………………………………………..




4.2.1

Жалпылама шаралар ………………………………………………




4.2.2

Өндірістік санитария …………………………………………..……




4.2.2.1

Жалпылама шаралар ………………………………………………




4.2.2.2

Өндірістік шағын климат ………………………………………….




4.2.2.3

Өндірістік жарықтама ……………………………………………..




4.2.2

Техника қауіпсіздігі …………………………………………………




4.2.3

Электр қауіпсіздігі ………………………………………………….




4.2.4

Өрт қауіпсіздігі ……………………………………………………..




4.3

Қоршаған ортаны қорғау……………………………………………..




5

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ ................................................................




5.1

Ұңғыма құрылысының уақытын анықтау............................................




5.2

Ұңғыма құрылысына смета жасау.......................................................




5.3

Жобалық ұңғыманы қазудың салыстырмалы тиімділігі. Техникалық экономикалық көрсеткіштер............................................







ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................







ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................................................





КІРІСПЕ
Тасым кен орнындағы барлау бұрғылау жұмыстарының жобасы мұнай мен газға геологиялық барлау «Атырау мұнайгазгеология» бірлестігінің жоспарымен 1986 жылы жасалды.

Бұған дейін Тасым алаңының структуралық құрамы зерттелмеген. Жобаланған Юра шөгінділеріндегі мұнайгаздың қорлары көршілес Елемес, Сазтөбе, Южная алаңдарынан алынған нәтижелерден болжанбақ. Бұл алаңдардан алынған мәліметтерге сүйенсек жобаланып отырған алаңның болашағы зор болмақ.

Зерттеулер нәтижесінде Тасым кен орнының геология-экономикалық жағдайы жақсы болғандықтан және төменгі, орта Юра шөгінділерінде мұнайдың үлкен қоры бар дәлелденгендіктен.

Бұл жерде іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу өте орынды деп табылады.

Осы алаңда барлау ұңғымаларын 3500 м тереңдікке қазу жобаланады. Жоба бойынша ұңғыма триас шөгінділеріне дейін ашылуы тиіс.

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Геологиялық және экономикалық жағдайлар
Жобаланған жұмыстар жүргізіліп жатқан Тасым алаңы Каспий ойпатының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.

Геологиялық жағдайына қарағанда Тасым ауданы Батысқа қарай алаңының оңтүстік бөлігі әр түрлі көлімді сорлар еңістелген шөл дала.

Сорлар бірімен-бірі жалғасып сор ландшафты түзейді. Ауданның шығыс бөлігінде құмдақтар кездеседі. Жазықтықтың беті мұхит деңгейінен едәуір төмен жатыр.

Жазықтық пен мұхиттың түйіскен жері орташа абсолют белгіден 17-ден 22м дейін ауытқиды. Аралық сулардың деңгейі 1-5 м.

Жобаланған аудан Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімшілігіне қарасты.

Жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқан ауданға ең жақын елде мекен Бейнеу поселкасы.

«Маңғышылақ мұнай газ барлау» экспедициясы және оған қосымша көмек көрсететін қызметтер материалды-техникалық, көлік жөндеу базалары 570 км жерде Ералы ауылында орналасқан Мұнараны тұрғызуға – құрастыруға қажетті материалдарды Бейнеу ауылына теміржол, әуе транспорты арқылы жеткізіледі, ал ол жердегі жұмыс жүргізіліп жатқан жерге дейін автокөлікпен жеткізіледі. Жұмыс жүргізіліп жатқан ауданға баратын жолдар құмдақтардан, газ – балшықты жерлерде әсіресе жаңбырлы күндері автокөлік жүру қиындай түседі.

Аудан климаты күрт континенталды жазы ыстық ал қысы суық. өте жиі жел ыстық соғады. Желдің орташа жылдамдығы 10-15 м/сек дейін өзгереді.

Ауаның температурасы жаз кезінде 40-450С дейін көрсетіледі. Ал қыста – 300С дейін түседі. Орташа жылдық жауын-шашын 100-150 мм құрайды. Аудан жан-жануар және өсімдік әлеміне бай емес.

Бұл жерде жусан түйе жейтін тікенді өсімдіктер, қарамықтар адыраспан өседі.

Жануарлар әлемі негізінен кеміргіштер, бауырмен жорғалаушылар. Мысалы: тасбақа, жылан, шаян және әр түрлі өрмекшілер.
1.2 Ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы

Ауданды геология-геофизикалық зерттеу 1940 жылдардан басталды.

1940-1948 жылдары А.А.Янкейннің басқаруымен Маңғышылақ және Ембі территорияларында масштабы 1:100000 геологиялық суретке көрсетулер жүргізіледі.

1948 жылы бүкіл одақтық агрогеологиялық арест ауданы жоспарлы геологиялық зерттеуге кірісті. Алғаш терең ұңғыманы бұрғылау Каспий маңының Оңтүстік-Шығыс ойпатында 1949 жылы басталды. Бұлар алғаш мезазой және полезой шөгінділерін ашып зерттеді. Сонымен қатар терең іздеу ұңғымаларын бұрғылау көршілес «Сарға», «Гагаринская», «Жайылған», «Тышқанды», «Қолтық», «Николаевская» аудандарында жүргізіледі.

Қазіргі кездерде Елемес, айырташы, Сазтөбе, Күләш алаңдарында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Геологиялық зерттеулер әдісінің ең тиімді түрі болып сейсмикалық зерттеулер болып табылады.

Зерттеулерді «Қазақстанмұнайгаз геофизика» тресті сәуле шағылыстыру әдісі бойынша зерттеледі. СШЗ жұмыстарынан терең ұңғымаларды бұрғылауға керекті мәліметтер меза-кайназой кешендерінен осы шөгінділерге тән қабаттар зерттелді, бірақ өте көнешөгінділер туралы мәліметтер сШЭ-да болмады. 1971-1972 жылдардан бастап сейсмозерттеу жұмыстарында жаңа кезең басталды. ОГТ әдісі – бұл әдіс зерттеу тереңдігін арттырды тұз асты шөгінділерін зерттеу мәліметтерін көбейтті.

Геофизикалық зерттеулер негізінен «Гурьев геофизикалық экспедиция», «Элебомұнайгазгеофизика», «Саратовмұнайгазгеофизика» және «Тұрлан геофизикалық экспедициясымен» жүргізіледі.

Каспий маңайы ойпатында МОГТ геофизикалық зерттеулерінің нәтижесінде терең ұңғымаларды бұрғылауда тұз асты қабаттарындағы шөгінділерінің құрамы мен қасиеттері анықталды.

1948 жылы алғаш Оңтүстік Ембі гравитациялық максимумын гравиметриялық зерттеулер нәтижеде анықталды. Осы алаңдарды әрі қарай егжей-тегжейлі зерттеулер 1950, 1956, 1963, 1972, 1976 жылдары жалғастырылды. Фото түсіру тиімділігі 1970 жылы ЭВМ енгеннен жоғарылады.


1.3 Стратиграфия

Каспий маңайы және солтүстік үстүрт ойпаттарының геологиялық құрылымы метология – стратиграфия шөгінділері жағынан Тасым алаңы өте күрделі. Бұны біз көршілес бұрғыланған және бұрғыланып жатқан Жаңасу, Төресай, Тортай, Мыңсуалмас, Елемес алаңдарынан алынған мәліметтерден көруімізге болады. Айтылған алаңдардағы тілмелерді геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде мезазой және канезой шөгінділерін ашу мүмкіндігі күтіледі. Ұңғыманы жобалау барысында Тасым алаңында триас, юра, бор полеоген және төрттік жүйелері ашылуы болжанған.



Мезазой тобы (Mz)

Мезазой білігінің жобаланған ұңғыманың құрамы триас, юра, бор шөгінділері кездеседі деп болжанылады. Бұл шөгінділер Боранкөл алаңында мұқият зерттелген.



Триас жүйесі (Т)

Триас жүйесі Боранкөл алаңында ортаңғы және төменгі бөліктермен ашылған. Триас шөгінділері құмдақтармен ашылған алевролиттермен ерекше құрамды сидерит қабаттары бар саздармен және мергелдермен аралас кездеседі. Құмдақтар берік саз аралас қатқан. Саздар карбонатты және емес сұр және қанық қоңыр түсті. Ашылатын қалыңдық 450 м.



Юра жүйесі (J)

Юра жүйесі орналасқан алаңда барлық үш бөлігін көрсетеді: жоғарғы, ортаңғы, төменгі.

Юра тілігі Тортай, Молодежная, Боранкөл кен орындарында нақтылы зерттелген.

Төменгі Юра (J1)

Төмен бөлік түгелімен нашар бекітілген құмдақтардан алевролиттерден және тығыздалған құмдардан тұрады. Алевролиттер және саздар құммен араласып нығыздалған қалыңдығы 70 м қабат құрайды.

Құрылысы бойынша олар ұсақ дәнді сұр және ашық сұр түсті. Құрамында грали және галька бар.

Төменгі Юраның шөгіндісінің қалыңдығы 100-150 м деп жобаланады.



Ортаңғы Юра (J2)

Ортаңғы Юра бөлігі байосс және бат ярустарымен берілген.



Байосс ярусы (J2 в1)

Байосс ярусының шөгінділері төменгі Юра шөгінділеріне өте ұқсас. Бұл шөгінділер құмдар мен саздардың аралас қабаттардың белгісі. Қабаттың болжаланылған қалыңдығы 300-350 м.



Бат ярусы (J2 в2)

Бат ярусы екі қабаттан тұрады. Төменгі қабат алевролит және саз араласқан құмдардан тұрады. Болжанылатын қалыңдық 250-300 м.



Жоғарғы Юра (J3)

Жоғарғы Юра Калиевой ярусы, Оксфорд ярусы, Волжа ярустарынан құралған.



Коллевой ярусы (J3 К)

Жұмыс жүргізу алаңында коллевей ярусы үш ярусшыларға бөлінеді. Төменгі литологиялық белгілерге қарағанда сазды седериттерден тұрады. Ортаңғы коллевой құмдар құмдақтардан және саз аралас алевиттерден тұрады. Бұл жерде құмдақ қабаттар белгілі бір ерекше көрінеді. Жоғарғы коллевой сазды жыныстардан аралас құм және мергельдерден тұрады. Құмдақтар қоңыр, қанық қоңыр, майда дәнді, полиликталды. Саздар қанық қоңыр тығыз. Болжаланылған қалыңдық 75-100 м.



Оскфорд ярусы (J3 О)

Бұл тілік негізінен саз аралас алевролиттер, мергелдер және сазды әк тастардан бір қалыпты емес және қатты кристалданған. Ярус қалыңдығы 40 м.



Волжа ярусы (J3 V)

Волжа ярусының шөгінділері негізінен карбонатты жыныстардан тұрады. Тек төменгі бөлігі азғантай мергель қабатынан тұрады. Мергельдер ашық қоңыр, қатты алевролитті. Әк тастар қоңыр, қоңыр жасылтым, ашық қоңыр, сазды, алевролитті, ұзақ дәнді дололитті әк – тасты Волжа шөгінділерінің мүмкін қалыңдығы 100 м.



Бор жүйесі (К)

Бор шөгіндісі керн алу кезінде онша нақты ерекшеленбеген. Бұл қабаттың шөгінділерін Төресай Боранкөл ұңғымаларын бұрғылағанда мұқият зерттелген.

Бор жүйесі екі бөліктен төменгі және жоғарғы бордан тұрады. Төменгі бор белгісі волонжы, готерви, барем, апт, альб ярустарынан тұрады. Ал жоғарғы бөлігі сенашап, турон сантон, кашпон астрих ярустарынан тұрады.

Төменгі бор (К1)

Волонжы ярусы ( K1 V)

Волонжы ярусы шөгіндісінің төменгі бөлігі карбонатты жыныстардан даламиттерден, мергельдерден тұрады. Ал жоғарғы бөлігі карбонатты және саз аралас құмнан тұрады. әк тастар ашық қоңыр берік, сазды алевролитті дололит және кальций дәндерінен тұрады. Құмдақтар қоңыр, жасылтым – қоңыр ұсақ дәнді алевролитті, полиликті. Алевролиттер құмды қоңыр жұқа қабатты, алевролитті детрит және пирит аралас. Ұсынылатын қабат қалыңдығы 70 м.



Готерви ярусы (K1 h)

Готерви шөгіндісі литологиялық жағынан екі бөлікке бөлінеді саусақ тәріздес және құмдақ сазды. Саусақ тәріздес бөлігі негізінен сазды жыныстардан тұрады. Сазды алевролитті қатты, карбонатты, әйнек ұнтақтар, жасыл-қоңыр жұқа қабыршықты тәрізді.

Құмдақ сазды бөлік негізінен саздардан және ерекше алевролитті құмдармен аралас. Алевролиттер жасылтым – қоңыр сазды, құрамында өсімдік қандықтары бөлінеді. Құмдар жасылтым – қоңыр нығыздалған ұсақ дәнді, сазды. Ұсанылатын қалыңдық – 120 м.

Баррем ярусы (K1 вz)

Баррем ярусы негізінен құмдақ – алевролитті шөгінділерден тұрады. Жалпы баррем шөгіндісінің қалыңдығы сазды және құм аралас қабаттардан тұрады. Баррем ярусының ұсынылған қалыңдығы – 400 м.



Апт ярусы (К1 а)

Апт тілігі төменгі және жоғарғы ярустардан тұрады. Төменгі ярус негізінен сазды, құмды аралас қабаттардан тұрады. Ал жоғарғы бөлігі құмды және сазды жыныстардан тұрады. Ұсынылатын қалыңдығы 150 м.



Альб ярусы (K1 )

Альб тілігі жобаланған алаңда үш ярусшаға бөлінеді. Төменгі альб ярусы негізінен сазды құм аралас, алевролитті, мергельді, әктасты болып келеді. Ортаңғы альб саздан құмнан аралас алевролиттерден және құмдақтардан тұрады. Сол сияқты жоғарғы альб шөгінділері саз және құм аралас жыныстардан тұрады. Жобаланған қалыңдық 650 м.



Жоғарғы бөлік (К2)

Сенамон ярусы (K2 S)

Сенамон ярусы екі бөліктен тұрады негізінен саздан сирек қабатты мергельдерден және құмдақтардан тұрады. Ал жоғарғы бөлігі негізінен құмдақтан жыныстарынан түзелген құмдақтан жыныстарынан түзелген. Жобаланған қалыңдығы 80-нен 100 м аралығында.



Туран-коньякті ярус (K2t-K)

Боранкөл кен орнында туран ярусына қатысты тіліктің бір бөлігінде алевролиттер және құмдақ жыныстар ашылды. Коньяк ярусының шөгінділері де осыған ұқсас болғандықтан бұларды біз біріктіріп араластырдық. Туран – коньяк шөгіндісінің жобаланған қалыңдығы 50 м.



Сантон ярусы (K2 St)

Сантон шөгіндісі негізінен мергельдерден және таза ақ бордан тұрады. Тіліктің ортаңғы бөлігінде мергельдермен бор араласып орналасқан. Сантон қалыңдығы 60 м деп жобаланады.



Кампон ярусы (К2 СР)

Кампон тілігі негізінен құмнан және мергельдерден тұрады. Тіліктің жоғарғы бөлігінде бор тек сирек қабаттарда ғана кездеседі. Жобаланған қалыңдық 50-100 м.



Мастрих ярусы (К2 m)

Мастрих ярусы екі бөліктен тұрады. Жоғарғы және төменгі бөліктен. Төменгі бөлік мергельдерден және ақ бордан тұрады. Ал жоғарғы білігі негізінен сирек құрамды бор мен мергельдерден тұрады. Ярус қалыңдығы 180-800 м аралығында ауытқиды.



Кайназой тобы (Kz)

Палеоген жүйесі (Р)

Палеоген шөгінділері негізінен бір құрамды шөгін жасылтым – қоңыр саздарда тұрады. Палеогеннің төменгі бөлігінде ақ әк тастар сазды мергельдер, қоңыр жасылтым тығыз. Құрамдарында өсімдік жан-жануарлар қалдықтар бар. Саздар қоңыр жасылтым жұқа түсті қабатты карбонатты құрамында перит аралас Палеоген қалыңдығы болжам бойынша 450 м.



Төрттік бойынша (Q)

Шөгінді негізінен саздардан тұрады. Саздары қоңыр-ашық қоңыр, жасылтым серпімді, майлы болып келеді. Қолға ұстағанда әйнек сынықтары бар сияқты жобаланған тереңдігі 25 м.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау