Дәріс №13.
Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері.
Ғаламдық мәселелер - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі кезде халықаралық деңгейде келесі ғаламдық мәселелер бар:
ресурстар проблемасы;
энергетикалық проблемалар;
демографиялық проблемалар;
климаттың өзгеруі;
жалпы экологиялық проблемалар.
Ғаламдық экологиялық проблемалар – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Ғаламдық экологиялық проблемалардың келесі экологиялық қауіптілігі бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттің ластануы, биологиялық алуантүрліктің азаюы және т.б.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004% - ды құрайды. Озон атмосферада электр зарядтарының, күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан озон молекуласы түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Озон қабаты барлық ағзалардың тіршілігіне қауіпті күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына байланысты оны «қорғаныш қабаты» деп атайды.
Озон қабатының бұзылуы орны толмас жағдайларға алып келеді. «Озон тесіктерінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық қондырғылар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондаға толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.
Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Бұл заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар ары қарай озонның оттегіне айналуын жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн. Тонна озон ыдыратушы заттар өндіріледі.
«Парниктік”немесе жылулық эффект мәселесі. Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасын ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ CO2, ( метан,NO2, озон, фреондар) болып табылады.
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағымы түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Атмосферадағы парниктік газдардың мөлшерінің екі еселенуі 21 ғасырдың 2-ші жартыснда болуы мүмкін. Онда планетаның орташа температурасы 1-3 С0 артады.
Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен Мәңгі Мұзды мұхиттарының еруінен әлемдік мұхит 1,5м (соңғы 100жылда 10-12см) көтерілуі мүмкін. Егер мұхит 1,5-2 м ге көтерілсе шамамен 5млн км2 құрлық су астында қалады. Егер 1м көтерілсе Бангладеш тәрізді ел су астында қалады. Осыған байланысты ПЭ “мәселесін” шешу көбінесе табиғи экожүйелік деңгейге қойылып отыр.
Қышқылдық жауын-шашындар мәселесі. Күкірттің (SO2) қос оксидтерімен ластану қышқыл жауындардың пайда болуына әкеліп соғады. су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне аіналады. СO2 және NO2 сондай,осында SO2 –ң үлесі 70пайыз. Қышқыл жауын ең алғаш Англияда байқалған (1907-1908ж) (рН2,2-2,9).
Қышқыл жауындар топыраққа, суға, өсімдіктерге, архитектураға, ескерткіштерге, ғимараттарға т.б зиянын тигізеді.
Орман ресурстарның мәселелері
Орманның экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Таза ормандар шамамен 3мкр/ға, ал бір адамға 0,8га-дан келеді.
Қазіргі кезде адамдар 3/2 орманды жойған, соның нәтижесінде 75пайыздан 25-30 пайызға кеміген. Бұл тропиктік ормандар үшін қауіпті болып отыр.
Орманның ауаны тазарту қызметі үлкен. Мысалы 1га орман жылына 6-7т СO2 жұтып,5-6т O2 шығарады.
Ормандарды қалпына келтірудің үш жолы бар:табиғи орманның пайда болуы, қолмен ормандарды толтыру, ағаштарды отырғызу.
Климаттың ғаламдық жылуы – биосфераның антропогенді ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтар шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдары өзгеруінен білінеді. Климаттың ғаламдық жылуынан аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді де оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |