1 дәріс Биосфера туралы ілім және В. И. Вернадскийдің биосфералы-ноосфералық концепциясы Жоспары: В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі «Биосфера»


Дәріс №11-12. Топырақтар және оларды тиімді пайдалану. Жер қорларының ластануы және құнарсыздануының көздері, себептері



жүктеу 227 Kb.
бет9/12
Дата09.03.2022
өлшемі227 Kb.
#37736
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
15лекция

Дәріс №11-12. Топырақтар және оларды тиімді пайдалану. Жер қорларының ластануы және құнарсыздануының көздері, себептері.
Литосфера жердің сыртқы қатты қабаты, оның құрамына жердің беткі қабаты мен жер мантиясының жоғарғы бөлігі кіреді.

Литосфераның беткі қабаты биосфераның минералды негізі ретінде қарастырылады. Литосфера минералды шикізатты және энергетикалық ресурстардың негізгі көзі болып саналады.

Литосфераның негізгі құраушылары топырақ, тау жыныстары мен қойнаулары.

Жер жамылғысын 99,5 % оттегі, кремний, сутегі, алюминий, темір, магний, кальций және натрий элементтері түзеді.

Топырақ табиғи тарихи дене ретінде жердің беткі құнарлы қабаты. Ол адамды қоршаған ортаның негізгі бөлігінің бірі, оның негізгі қасиеті құнарлық. Топырақтың құнарлығы дегеніміз оның өсімдіктерді өсу мен дамуы үшін қажетті минералды қоректік заттармен қамтамасыз етуі.

Топырақтың қалыптасуы мен дамуы, оның таралу заңдылықтары, оны тиімді пайдалану мен құнарлығы туралы ілімді топырақтану деп атайды.

Топырақтану ілімінің негізін қалаушы орыс ғалымы В.В. Докучаев. Ол алғашқы болып топырақ туралы түсінікті, оны зерттеу әдістерін және топырақтың генетикалық жіктеуін ұсынған.

Сонымен қатар топырақ зат айналымының маңызды буыны, өйткені зат айналымы топырақта басталып топырақта аяқталады. Өсімдіктер топырақтан су мен минералды заттарды сіңіріп оларды қоректік тізбек арқылы басқа ағзаларға береді.

Топырақ барлық тірі ағзалар үшін қажетті жағдай жасап өсімдіктер арқылы тікелей, жануарлар арқылы жанама биосфераның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан топырақты қорғау және тиімді пайдалану табиғаты қорғау бойынша кешенді бағдарламагың негізгі звеносы.

Топырақтың ластануы. Топырақ эрозиясы

Топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немсе биологиялық агенттердің болуы немесе олардың қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақтың ластануы дейміз.

Топырақтың ластануының келесі түрлері болады: минералды техногенді қалдықтармен ластануы, улы органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластануы, радиоактивті заттармен ластануы.

Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Ал қазіргі уақытта адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр.

Жерлердің бұзылуымен деградациясының (төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы, пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қолдануы.

Судың, желдің және антропогенді фкторлардың әсерінен топырақтың беткі құнарлы қабаты эрозияға ұшырайды.

Топырақтың эрозиясы дегеніміз, оның құнарлы қабатының су немесе желмен жуылып, бұзылуы.

Эрозиялық процестердің сипатына байланысты қалыпты немесе геологиялық және антропогенді немесе жеделдетілген эрозия деп бөледі.

Қалыпты эрозия табиғи жағдайда пайда болады және топырақ шығыны толығымен бір жылдың ішінде топырақ түзілу процесінде қалпына келеді.

Антропогенді эрозия өсімдіктері жойылған табиғи ерекшелктері есепке алусыз пайдаланған жерде жүреді.

Жел эрозиясы дегеніміз топырақтың беткі қабатының жел әсерімен бұзылуы. Жел эрозиясының интенсивтілігі топырақтың тұрақтылығына, өсімдік жамылғыларының болуына, жер бедерінің ерекшелігіне және желдің жылдамдығына байланысты. Жел эрозиясының дамуына антропогенді факторлар үлкен үлес қосады. Мысалы, өсімдіктерді жою, агротехникалық шараларды дұрыс пайдаланбау, ретсіз мал жайыу эрозиялық процестерді үдете түседі.

Жел эрозиясы жергілікті (күнделікті) және шаңды дауылдар болып бөлінеді. Шаңды дауылдар қатты және ұзақ желден болады. Желдың жылдамдығы 20-30 м/с дейін жетеді. Шаңды дауылдар көп жағдайда құрғақ аймақтарда байқалады. Шаңды дауылдар қайтымсыз топырақтың беткі құнарлы қабатын әкетеді. Олар бірнеше сағат ішінде 1 га жерден 500 тоннаға дейін топырақ әкетуі мүмкін.

Су эрозиясы дегеніміз топырақтың беткі қабатының су ағынының әсерінен жуылып бұзылуы. Су эрозиясының келесі түрлерін ажыратады: беттік, жағалық, тамшылы. Су эрозиясының пайда болуына табиғи факторлар мен адамның тіршілігі әсер етеді.

Топырақтың эрозияға ұшырауының алдын алу үшін агротехникалық шаралар қолданылады. Агротехникалық шараларға жерді жырту әдісін дұрыс таңдау, культивация, егістіктерді дұрыс суару жатады.
Жерді қайта құнарландыру

Адамның шаруашылық тіршілігінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен бедері өзгерген, ластанған жерлерді бұзылған деп атайды.

Бұл жерлерді қайта пайдалану үшін оларды қалпына келтіру немесе құнарландыру керек. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру процесін рекультивация деп атайды.

Рекультивация екі кезеңге бөлінеді: агротехникалық және биологиялық. Агротехникалық кезеңде жерді пайдалануға қолайлы түрге келтіріп, қарашіріктер төселеді. Биологиялық кезеңде бұзылған жерлерді ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаш отырғызу арқылы қалпына келтіреді.

Бұзылған жерлердегі қалпына келтіру жұмыстары мелиоративті, инженерлік құрылыстық, орман шараушылықтық және ауыл шаруашылықтық шараларды қамтиді.



жүктеу 227 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау