1 дәріс Биосфера туралы ілім және В. И. Вернадскийдің биосфералы-ноосфералық концепциясы Жоспары: В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі «Биосфера»


Аралөңіріндегібірлестікбойыншакөзқарастар?



жүктеу 227 Kb.
бет4/12
Дата09.03.2022
өлшемі227 Kb.
#37736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
15лекция

Аралөңіріндегібірлестікбойыншакөзқарастар?
Қоршаған ортаны қорғау мен кедейлікті азайту бойынша бағдарламалар мен саясат?

4 дәріс

Тұрақты даму индикаторлары

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізілуін бақылау, осы процесті басқару, қолданылатын тәсіл, құралдардың тиімділігін және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу деңгейін бағалау тиісті критерийлер мен көрсеткіштерді – тұрақты даму индикаторларын жасап шығаруды қажет етеді. Осындай индикаторлардың кешені «табиғат – шаруашылық – халық» жүйесінің күйін суреттеуде басты роль ойнайды және осы күйді бағдарламалар жасап шығарудың негізінде коррекциялаудың мүмкіндіктерін ашады.

Тұрақты даму индикаторларын жасап шығару мәселесімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Саяси үйлестіру және тұрақты даму департаменті, Біріккен Ұлттардың тұрақты даму индикаторлары жөніндегі жобаны жүзеге асырушы Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы айналысады.

Тұрақты даму индикаторларының жобасы:

әлеуметтік индикаторлар тобы: кедейшілікпен күрес; демографиялық динамика және тұрақтылық; қоғамның білімін, хабардар болуын және тәрбиесін жақсарту; адамдардың денсаулығын қорғау және жақсарту; елді мекендердің дамуын жақсарту;

экономикалық индикаторлар тобы: тұрақты дамуды жеделдету үшін халықаралық кооперация және онымен байланысты жергілікті саясат; тұтыну сипаттамаларын өзгерту; қаржылық ресурстар мен механизмдер; экологиялық байыпты технологияларды беру, ынтымақтастық және потенциал құру;

экологиялық индикаторлар тобы: су ресуртарының және олармен қамтамасыз етудің сапасын сақтап қалу; мұхиттарды, теңіздерді және жағалау маңындағы аумақтарды қорғау; жер ресурстарын жоспарлауға және ұтымды пайдалануға кешенді келу; осал экожүйелерді ұтымды басқару, шөлейттенумен және құрғақшылықтармен күресу; тұрақты ауыл шаруашылығын жүргізуге және ауылдық аудандарды дамытуға жәрдемдесу; ормандардың сақталып қалуы үшін күресу; биологиялық алуан түрлілікті сақтап қалу; биотехнологияларды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қолдану; атмосфераны қорғау; улы химикаттарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз басқару; қауіпті қалдықтарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз басқару; радиоактивтік қалдықтарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз басқару.

институционалдық индикаторлар тобы: тұрақты дамуды, тұрақты даму үшін басқаруды жоспарлауда экология мәселелерін есепке алу; дамып келе жатқан елдерде потенциал құруға арналған ұлттық механизмдер мен халықаралық ынтымақтастық; халықаралық институционалдық тәртіп; халықаралық құқықтық механизмдер; шешімдер қабылдауға арналған ақпарат; халықтың негізгі топтарының ролін күшейту.

Тұрақты даму индикаторларын жасап шығарудың шешімін табудың ауылы әлі де болса алыс болып отыр. Халықаралық деңгейде қазіргі уақытқа қарай Ц4 тұрақты даму индикаторларынан тұратын жоба жасап шығарылған. Бұл көптік келесідей негізгі топтарға бөлінген: тұрақты дамудың әлеуметтік аспекттерінің индикаторлары, тұрақты дамудың экономикалық аспекттерінің индикаторлары, тұрақты дамудың экологиялық аспекттерінің (судың, жердің, атмосфераның, басқа да табиғи ресурстар мен қалдықтардың сипаттамаларын қоса отырып) индикаторлары, тұрақты дамудың институционалдық аспекттерінің (бағдарлау және жоспарлау; ғылыми жете зерделеулер, халықаралық құқықтық құралдар, ақпараттық қамтамасыз ету, халытың негізгі топтарының ролін күшейту) индикаторлары. Жобада ұсынылған индикаторлар арнайы түрлендірулерді, нақтылы жағдайларға бейімдеуді, ал кейбір жағдайларда – жекелеген елдер үшін кеңейтуді қажет етеді.

Жобада қарастырылып отырған халықаралық индикаторлар олардың мақсаттық бағытталғандығын ескере отырып, үш категорияға бөлінген: индикаторлар --- қозғаушы күш адам белсенділігінің, тұрақты дамуға оңды немесе теріс әсерін тигізуі мүмкін процестер мен сипаттамалардың индикаторлары болып келеді. Бұл индикаторлар кампанияның, саланың немесе экономиканың деңгейіне сәйкес келеді. Мұндай индикаторлардың мысалдары болып халықтың өсуі немесе парник газдары эмиссиясының өсуі қызмет ете алады. Күйжағдай индикаторлары аталған сәттегі аталған -----аудандағы тұрақты дамудың сипаттамаларын тіркеп, белгілеп отырады. Бұл халықтың тығыздығы, қала халқының пайызы, отынның расталған қорлары және т.с. болуы мүмкін. Жауап қайтару индикаторларына саяси таңдау және тұрақты дамудың сипаттамаларының өзгеруіне басқа да реакциялар жатады. Бұл индикаторлар қоғамның тұрақты даму мәселелерін шешудегі ерік-жігерін және тиімділігін көрсетеді. Осындай индикаторлардың мысалдары: денсаулықты жақсартуға, заңдарға, нормалауға және реттеу мен т.с. кететін шығындар.

Тұрақты даму индикаторларының жобасын жасап шығару терминологияны дәлдеуді, индикаторлар үшін сандық білдірулерді іздестіруді, индикаторларды «ХХІ ғасырға күн тәртібімен» қиыстыруды талап етті. Халықаралық жоба ұсынып отырған индикаторлардың молдығы қажетті ақпараттың және статистикалық мәліметтердің болмауына байланысты, оларды көптеген елдерде қолдануды қиындатып отыр. мәселен, Америка Құрама Штаттары өзінің тұрақты даму стратегиясында осылардың көпшілігі сапалы болып келетін тек 56 индикаторды қолданды. Тұрақты даму индикаторлары өз өзінен емес, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің және осы дамудың коррекциялаудың құралы ретінде маңызды. Олар сонымен қатар тұрақты даму бағытындағы қызметті, іс-әрекетті жоспарлау және бағдарлау үшін, осы саладағы саясатты жасап шығару үшін негіз болып қызмет ететін болады.

Ұлттық деңгейдегі (жекелеген ел деңгейңнде) тұрақты даму индикаторлары арасынан үш негізгі топты бөліп көрсетеді: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық индикаторлар. Тұрақты даму индикаторларын жасап шығарудың барлық жобаларының маңызды кемшілігі басымдылықтардың (прироритеттердің) жоқтығы болып табылады. Барлық индикаторлар тең құқықты, бірдей салмаққа ие болып көрініс табады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы жасап шығарған тұрақты даму индикаторларын талдау олардың 54-інің қоршаған орта индикаторлары тобына жататындығын көрсетіп отыр; онымен қоймай, экономикалық, әлеуметтік және институционалдық индикаторлардың топтарында қоршаған ортамен тікелей байланысты келетін тағы 23 индикатор бар. Осылайша, бұл жобада 77 индикатор экологиялық индикаторларға жатқызыла алады, бұл 57%-дан астам шаманы құрап отыр.

Экономикалық, әлеуметтік және институционалдық индикаторлар бей-берекет көптік болмауға және экологиялық индикаторлардың мақсаттарынан ерекшеленетін және одан да бетер, оларға қарама-қайшы келетін мақсаттарға бағыт-бағдар алмаған болуға тиіс. Тұрақты дамудың мақсаты өркениеттің дамуын биосфераның заңдарымен және олардан өрбіп шығатын шектермен және шектеулермен қиыстыру болып табылатындықтан, экономикалық және әлеуметтік индикаторлар ең алдымен аталған мақсат пен нақтылы жағдайлар арасындағы қиыспаушылықтарды бағалауға, олардың өзгерістерінің сипатын суреттеуге және тұрақты дамудың мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті және жасалынып жатқан әрекеттерді бағалауға бағытталуға тиіс.

Тұрақты дамудың экономикалық индикаторларын жасап шығарған кезде экологиялық және ресурстық дағдарыстар арасындағы түпкілікті айырмашылықты түсінген жөн. Қандай да бір ресурстың немесе ресурстардың бірнеше түрлерінің түгесілуі – бұл бар болғаны осыдан шығар жол – түгесілген ресурстың орнын алмастыру үшін жаңа технологияларды жасап шығару немесе бұл ресурстарды жаңаларымен алмастыру әлде оларды технологиялық циклдардан алып тастау болуы мүмкін ресурстық дағдарыс қана. Экологиялық дағдарыс – бұл табиғи экожүйелермен қамтамасыз етілетін, қоршаған ортаны реттеу мен тұрақтандырудың табиғи механизмінің күйреуі.

Тұрақты дамудың институционалдық индикаторларын таңдап алған кезде қоршаған ортаны биотикалық реттеудің механизмін қалпына келтіруге жасап шығарылатын, жаңа амал-тәсіл қажет болады. Бұл жерде ұлттық және жаҺандық деңгейлерде табиғи экожүйелер алып жатқан аумақтардың сақталуын және кеңейтілуін қамтамасыз ететін индикаторлар ерекше маңызды болар еді. Тұрақты дамудың әлеуметтік аспекттерінің индикаторлары да қоршаған ортаның және оны қолдап отырған механизмдердің тұрақтылығын, бірақ сонымен қатар адамның қоршаған ортаның тұрақтылығымен байланысты геномдарының тұрақтылығын қалпына келтіру бағытындағы әрекеттерді қамтамасыз етудің құралы болып қызмет етуге тиіс. Осылайша, болашақта аймақтық және жаҺандық мақсаттар үшін тұрақты даму индикаторлары және олардың жүйелері халықаралық деңгейде қиыстырылуы және халықаралық стандарттарға ар сүйеуі керек. Жалпы алғанда, тұрақты даму индикаторларының аса маңызды қасиеті олардың ғылыми негізделгендігі болуы тиіс екендігін атап көрсеткен дұрыс.

2000 жылы Қазақстан Республикасының үкіметі «2001-2004 жылдарға тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» бағдарламасын қабылдады, бұл Қазақстанның ең ұзақ мерзімді және, сірә, өзінің міндеттері бойынша күрделі халықаралық жобаларының бірі болды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты даму институттарын дамыту арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді жою, тұрақты даму жөніндегі әрекеттің, қызметтің интеллектуалдық, ақпараттық және эксперттік потенциалын арттыру.

«2001-2004 жылдарға тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» бағдарламасы назарды тұрақты даму институттарын дамытуға, экологиялық іс-әрекеттің ұйымдық және интеллектуалдық потенциалын арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге акценттейді. Бағдарламаның аясында тұрақты даму үшін ынтымақтастықтағы сектораралық кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарды талдау және дайындау, ХХІ ғасырға қпазақстандық Күн тәртібін жасап шығару, сондай-ақ Тұрақты дамудың Ұлттық Кеңесін құруға жәрдемдесу жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаны басқаруды Бағдарламаны Басқару Комитеті жүзеге асырады, бұл Комитетке министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кіреді, оның мәжілістеріне Парламент мүшелері, халықаралық ұйымдар шақырылады, бұл сектораралық басқарудың мысалы болып табылады.

Сектораралық ынтымақтастықтың мақсаты Қазақстандық ХХІ ғасыр Күн тәртібін жасап шығару және жүзеге асыру процесіне қолдау көрсету, Тұрақты дамудың Ұлттық Кеңесін құру және оған қолдау көрсету болып табылады. ЖаҺандық 21 ғасыр Күн тәртібінің енгізілетін құрамдас бөліктері бойынша ілгері жылжуды бағалай отырып, тұрақты даму бағдарламаларының мониторингі жүргізіледі және ақпараттық ілесе жүру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай ақпаратты Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі интернет-серверінде орналастыру туралы қаулысы қабылданған. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы оңды имиджін нығайту үшін маңызды болып отыр. Аталған бағыттың басты идеясы тұрақты даму үшін ынтымақтастықтың сектораралық кедергілерін жою, барлық секторлар мен салалардың әлеуметтік және жаҺандық ынтымақтастығына көшу болып табылады.

Аймақтық ынтымақтастық жөніндегі тақырыптық топтың қызметінің негізгі бағыттары болып халықаралық ұйымдарға Орталық Азия мен ТМД елдерінің тұрақты даму стратегиясын қалыптастыруда және жүзеге асыруда қолдау көрсету табылады. Аймақтық процестерге қолдау көрсету жүзеге асырылуда – мысалға, НАТО-ның «Орталық Азия аймағындағы тұрақты дамуға қолдау көрсету» жобасына қазақстандық құрамдас бөлік дайындалды, Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитетін ұйымдастыру және эксперттік қолдау көрсету жүзеге асырылды және т.с. Аймақтық халықаралық ынтымақтастық және жаҺандану процестері кеңейе түсетіндіктен, көпжақты өкілеттіктері бар үйлестірілген құрылымдарды құру қажеттігі туындайтын болады. Сондықтан тұрақты дамудың институттарының үш деңгейі ұсынылады:

J. Сан көптеген мүдделі жақтардың ашық форумы.

Саяси институттар.

Техникалық институттар.

Тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхит ашық форумы деген атау алған Ашық форум Тұрақты даму жөніндегі ұлттық комитеттердің мықты аймақтық желісін құруға міндетті болып отыр. Олардың негізгі функциясы бұл жоспарға саяси және техникалық деңгейлердегі институттардың екі өзге тобы қолдау көрсетіп отыратын, жалпы алғанда аймақтардағы тұрақты даму жөніндегі басым бағыттардың жоспарын жасау болып табылады.


жүктеу 227 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау