1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата18.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#44791
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қосымша материал

 
Г. Селье еңбегі. 
Стресс терминін алғаш рет 1936 жылы Канада ғалымы Ганс Селье 
енгізген. Ол стресті белгілі бір төтенше жағдайларда пайда болатын реакция деп 
қарастырған. Қазіргі өмірде неше түрлі жағымсыз жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. 
Ауа–райының күрт өзгеруі, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс–керіс, кездесуге 
кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер.... Осының бәрі әр адамға әр түрлі әсер етеді. Тіпті 
оның зардабынан жүйке жүйесі бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығуға себеп болады. Кей 
адамдар жағымсыз жағдайларға көп көңіл бөлмейді, қандай проблема болмасын шыбын 
шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. 
Демек, бұл тек көңіл–күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам 
денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема. Ағзадағы барлық 
құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез келген жағымсыз құбылыс алдымен 
мидың елегінен өтеді.Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері 


17 
гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын 
бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресті жағдайға 
бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Г. Селье 
стрестің 3 кезеңін бөліп көрсетті: 1- мазасыздық кезеңі; 2-қарсылық көрсету, бейімделу 
немесе тұрақтану кезеңі; 3-жүйке жүйесінің ширығу кезеңі. 
Сансыз эксперименттердің, бақылаулардың нәтижесінде Г. Селье мынадай 
қорытындыға келеді: ағзаның кез келген тітіркендіргішті қабылдауының күрделі процесі 
өзіне реакцияның екі типін қамтиды: 1) спецификалық; 2) спецификалық емес. 
Спецификалық реакция нақты бір аурудың белгілерін сипаттайды, оның негізінде осы 
аурудың диагностикасы жатады. Спецификалық белгілер түрлі ауруларда тез 
ажыратылады.
Стрестік жағдай, мысалы, егер оқушының сабаққа дайындықсыз келгені мұғалімнің 
бақылауды орындау барысында байқалады. Кейде стрестік жағдай оқушылардың өзінде де 
байқалады. Стресс физиологиялық өзгерістер мен мінез-құлықтың өзгеруіне себепші 
болады. Өте күшті стресс жағдайында адамның мінез-құлқы өзгереді дедік. Адам өзінің 
қимыл әрекетін игере алмайды, сөзінің байланысыз шығуы, өз-өзінен абыржуы, қабынуы 
зейінін бір объектіден, екінші объектіге тез ауыстыра алмауынан көрінеді. Стресс 
жағдайында адамның қабылдауында, ес, ойлау процесінде қателіктер орын алады. 
Американ психологы Е. Джекобсон эмоционалды жағдайды зерттей отырып, теріс 
эмоциялар кезінде бұлшық еттердің қысымы болатынын айтты. Соның негізінде Е. 
Джекобсон “прогрессивті бұлшық ет релаксациясы” әдісін ұсынды. Топтағы тұлғааралық 
қатынасты сәйкесінше ұйымдастыру. Стресс жағдайында қолданылатын психологиялық 
әсер ету технологиялары: топтық психотерапия; пікірталастық терапия; психодрама;
арттерапия; музыкатерапия; топтық мінез-құлықтық терапия; отбасылық терапия. 
Стрестік қысым тудыратын мәселелі жағдайлардағы мотивациялық белсенділікті 
шамалау. Стрестік жағдайдағы адамның психикасына тікелей педагогикалық әсер ету.
Жекелеген функциялар мен сапалардың дамуына бағытталған педагогикалық жұмыс 
жүргізу. 

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау