Жусупбекова Гулмира, Төменарық да ІІ санатты жалпы тәжірибелі мейірбикесі



Pdf просмотр
бет1/4
Дата23.11.2018
өлшемі4 Mb.
#24117
  1   2   3   4


Жусупбекова Гулмира,

Төменарық ДА ІІ санатты

жалпы тәжірибелі мейірбикесі

Дұрыс  және  мерзімді  тамақтану  адам  денсаулығы 

үшін  аса  пайдалы.  Тамақтану  өз  дәрежесінде  дұрыс 

ұйымдастырылмаса,  ағзадағы  зат  алмасу  процесі  бұзылып, 

әртүрлі  жұқпалы  ауруларға  қарсы  иммунитет  жоғалады. 

Сондықтан  дұрыс  әрі  құнарлы  тағамдармен  тамақтану 

адам  ағзасы  үшін  өте  тиімді  әрі  пайдалы.  Балалар  мен 

жасөспірімдердің  дұрыс  тамақтануы  олардың  денсаулығын 

нығайтып  қана  қоймай,  олардың  дене  және  ой  қабілетінің 

дамуына  да  мүмкіндіктер  береді.  Ал  үлкендер  үшін  дұрыс 

тамақтану  организмдегі  тіршілік  процестерін  қолдану 

үшін  және  түрлі  жұмыстарға  жұмсалған  күш-қуатты  қайта 

қалпына келтіру үшін қажет. Тамақтану ішінде ең пайдалы-

сы - таңертеңгілік ас болып табылады. Сондықтан таңертең 

асықпай  жақсы  тамақтанған  жөн.  Таңертеңгілік  асқа 

жұмыртқа, күріш ботқасы, сондай-ақ айран, қатық секілді сүт 

өнімдерінен жасалған тағамдарды, нан, бауырсақ және жеміс-

жидектерді  пайдаланған  дұрыс.  Таңғы  ас  ұйқыдан  кейінгі 

қандағы  қант  мөлшерін  реттейді  және  адам  ағзасына  қуат 

көзін береді. Айран, йогурт секілді сүт тағамдарын күнделікті 

ішіп жүру керек. Қатық, шұбат, қымыз, айран секілді аралас 

сүт  тағамдарында  адам  ағзасына  аса  қажетті  альбуминдер 

мен глобулиндер қоры өте мол. Тіпті, қышқыл сүт тағамдары 

ішектегі  іріңді  бактериялардың  дамуына  кедергі  жасай-

ды.  Минералдар  мен  дәрумендер  адам  ағзасына  пайдалы 

екенін  ұмытпаңыз.  Құрамында  дәрумендері  мол  сәбіз,  көк 

пияз, итмұрын сияқты тамақ өнімдерін көбірек пайдаланған 

дұрыс. Құрамында С витамині бар қызанақ, қара және қызыл 

қарақат, картоп, пияз секілді тамақ өнімдерін көп мөлшерде 

пайдалану  арқылы  ағзаның  жұқпалы  ауруларға  қарсы 

төзімділігін  арттыруға,  тамыр  қабырғаларын  нығайтуға  бо-

лады.  Тамақтану  режиміне  жете  мән  беріп,  тәуліктік  кесте 

белгілеген дұрыс, тәулігіне үш немесе төрт рет тамақтанған 

жөн. Өйткені тамақ режимін сақтамау асқазан ауруларының 

дамуына  жол  ашады.  Сәйкесінше,  ағзадағы  зат  алмасуы 

процесінің бұзылуына алып келеді. Тамақты мөлшерден тыс 

пайдалану  немесе  тамақ  режимін  сақтамау  семіздікке  ду-

шар  етеді.  Сондықтан  құрамында  белок,  майлар,  витамин-

дер, минералды заттары бар тағамды таңдай біліңіз. Дұрыс 

тамақтану және пайдалы тамақ өнімдерін пайдалану арқылы 

түрлі аурулардың алдын алуға болатынын ұмытпайық. 

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ербосынова Анар,

жедел жәрдем бөлімінің 

І санатты мейірбикесі.

Алғашқы  медициналық-санитарлық  көмек  –  адам  денсаулығы 

мен оның өмiрi үшін аса маңызды қадам және кез-келген аурудың 

алдын алудың басты шарты болып табылады. Сондықтан алғашқы 

медициналық-санитарлық қызметті жетілдіре түсуге мемлекет тара-

пынан басымдықтар берілуде. Қазіргі кезде алғашқы медициналық-

санитарлық  көмек  көрсету  жұмыстары  жолға  қойылған.  Алғашқы 

медициналық-санитарлық  көмекті  жедел  арнайы  ұйымдар,  яғни 

медициналық  жедел  жәрдем  бөлімдері,  фельдшерлік-акушерлік 

пункттер,  учаскелік  емханалар  жүйесі,  дәрігерлік  амбулатория-

лар,  амбулаториялық-емханалық  мекемелер,  ауылдық  аурухана-

лар, денсаулық орталықтары, дезинфекциялық орталықтар секілді 

медициналық  бөлімдер  ұйымдастырады.  1978  жылы  қабылданған 

алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Алматы Декла-

рациясында денсаулық – адам құқығының ажырамас бөлігі ретінде 

атап  көрсетілген  және  оның  сақталуына  әлеуметтік  қамтамасыз 

етуші  мемлекеттік  қызмет  және  азаматтық  ашық  қоғам  жауап-

ты  екендігі  рәсімделген.  Осы  Декларация  аясында  іске  асырылып 

жатқан  шаралардың  арқасында  жер  шарындағы  миллиардтаған 

адамдардың  денсаулығын  жақсартуға  қол  жеткізілді  және  олар 

ұзақ өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 

наурыздағы  №253  Қаулысымен  «Денсаулық  сақтау  саласындағы 

мемлекеттік  қызмет  стандарты»  бекітілді.  Мұнда  медициналық-

санитарлық  алғашқы  көмек  көрсететін  медициналық  ұйымдарға 

тіркелу  тәртібі,  дәрігерді  үйге  шақыру,  сондай-ақ  дәрігердің 

қабылдауына  жазылу  тәртіптері  айқын  белгіленген.  Қазіргі  кезде 

аурудың  алдын  алуға,  яғни  алғашқы  медико-санитарлық  көмекке 

баса  назар  аударылуда.  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік 

бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан скринингтік тексе-

рулерден өтіп, Өз денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. 



АЛҒАШҚЫ 

МЕДИЦИНАЛЫҚ-

САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

Семинарға Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

агенттігінің  Қызылорда  облысы  бой-

ынша  ауданаралық  бөлімінің  басшысы 

Р.Г.Тен,  аурухана  бас  дәрігері  С.Ысқақов, 

бас  дәрігердің  орынбасарлары,  емдеу 

және  алдын  алу  ұйымдарының  басшыла-

ры,  бөлім  меңгерушілері,  дәрігерлер,  ау-

рухана  заңгерлері  қатысты.  Семинарды 

бас дәрігер С.Ысқақов жүргізіп, семинарға 

қатысушыларды күн тәртібімен таныстыр-

ды.  Күн  тәртібіндегі  мәселеге  орай  ҚР 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің 

Қызылорда облысы бойынша ауданаралық 

бөлімінің басшысы Р.Г.Тен хабарлама жа-

сай  келе,  жаңа  құрылған  органның  ба-

сты  міндеттері  мен  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу 

бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып 

өтті. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету барысында сыбай-

лас  жемқорлық  фактілеріне  жол  берілмеуі  қажеттілігіне, 

орын алған кез-келген жемқорлық фактілерінің заң алдын-

да қатаң әшкереленетіндігін баса айтты. Р.Тен мемлекеттік 

қызмет  сапасын  арттыру,  жемқорлықтың  жолын  кесу, 

онымен  қоғам  боп  күресу  мәселелеріне  де  тоқталып  өтті. 

Елімізде  болашақта  сыбайлас  жемқорлықты  болдырмау 

үшін жастар тәрбиесіне баса мән беру қажеттілігіне, сондай-

ақ  ақпараттық-түсіндірме  шараларын  балабақшадан  ба-

стап, барлық оқу орындарында, халыққа қызмет көрсететін 

мекемелерде  көптеп  өткізу  барысына  тоқталды.  Сыбай-

лас  жемқорлық  фактілері  орын  алған  жағдайда  сенім  те-

лефондары арқылы іске асырылатын мүмкіндіктерді де ай-

тып  өтті.  Сөз  соңында  семинарға  қатысушыларды  сыбай-

лас  жемқорлықпен  бірлесе  күресуге,  оның  жолын  кесу-

ге атсалысуға шақырды. Семинарды бас дәрігер С.Ысқақов 

қорытындылады.  

                                                        

 Аудандық аурухана заңгері Ж.Ашимов

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН 

СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

21 ШІЛДЕ КҮНІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ 

АУРУХАНАНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА 

«ЕЛІМІЗДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА 

ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, СЫ-

БАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН 

ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ КӨЛЕМІН КЕМІТУ» 

ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.



АУЫРЫП ЕМ IЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ IЗДЕ!

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ЖАРНАМАЛЫҚ БАСЫЛЫМЫ

Қожакент ауылдық ауруханасының

 мейірбикесі Нахышпанова Шамшат 

1. 


Өсімталдық  саулық  (репродуктивное  здоровье)  –  ұрпақты 

болу  жасындағы  әйелдердің  толық  ақыл-ес,  тәндік,  әлеуметтік 

берекелі  жағдайда,  жалпы  аурулар,  оның  ішінде  жыныс  жүйесінің 

дерттері болмағанда өмірге дені сау ұрпақ әкелу қабілеті.

2. 

Жанұяны жоспарлау – физиология ғылымы негізінде өмірге 



дені сау ұрпақ әкелуге бағытталған іс-шаралар.

3. 


Аборт  -  жүктілікті  тоқтатуға  бағытталған  лажсыз 

хирургиялық  араласу.  Аборттан  кейін  күрделі  асқынулар  болуы 

мүмкін. Жатырдың және жатырлық түтіктердің қабынуы, өткізбейтін 

түйнек  пайда  болуы  ықтимал,  мұның  бәрі  бедеулікке  әкеліп 

соқтырады.  Аборттар  түсік  тастаудың,  баланы  уақытынан  бұрын 

туудың, жатырдан тыс жүктіліктің, әлсіз және ауру бала тууға әкелуі 

мүмкін.

4. 


Контрацепция  -  қалаулы  емес  жүктіліктен  сақтайтын 

әдіс.  Қалаулы  емес  жүктіліктен  сақтайтын  4  негізгі  тәсілдер  бар: 

ұрықтануға қарсы таблеткалар, жатыр іші спиральдары, ұрықтануға 

қарсы укол және мүшеқап.

Әйелдерге  арналған  ұрықтануға  қарсы  таблеткаларда  гормон-

дар мөлшері төмен болады. 

Олар  жүктіліктен,  қатерлі  ісіктерден  қорғайды,  сондай-ақ,  ана 

бездері ісігі, эндометриттің пайда болуы мүмкіндіктерін төмендетеді. 

Жатырішілік  спиральдар  -  пластмасса  мен  жезден  жасалған 

қарапайым құрал, дәрігер немесе акушерканың көмегімен салына-

ды. Ол жүктіліктен қорғайды. Бірақ, жатырішілік спиральдарды бала 

тумаған және жыныстық жүйесінде әртүрлі аурулар бар әйелдерге 

пайдалануға болмайды. Ұрықтануға қарсы уколдар - әйелдерді 1-3 

айға дейін жүктіліктен сақтайды. Уколдарды дәрігер тағайындайды. 

Мүшеқаптар - жүктіліктен сақтап қана қоймайды, жыныстық жолмен 

берілетін ауруларды жұқтырып алудан да қорғайды. 



ӨСІМТАЛДЫҚ САУЛЫҚ, 

ЖАНҰЯНЫ ЖОСПАРЛАУ

№7 (28)

24 ШІЛДЕ (ЖҰМА)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау