1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата18.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#44791
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қосымша материал

 
Құмарлық 
- бұл ұзақ, тұрақты әрі терең сезім. Көп жағдайда бұл жеке бастың 
әрекеті ретінде көрініс табады. Құмарлық адамның қызығушылығынан, бір іс-әрекеті 
ерекше талпынысынан дамиды. Құмарлықтың жағымды әрі жағымсыз түрі бар. Әр адамда 
кездесетін құбылыс.
 
Жоғары сезім түрлері.
Моралдық сезімдер - жеке адамның өзінің мінез-құлқына деген сүйіспеншілік қасиетті 
сезім, достық сезім - асқақ моральды деп аталады. Моральдық сезімдер адамгершілік 
ережелеріне бағынады. Моральды сезімге ұнату мен ұнатпау, құрметтеу мен жек көру, 
сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады. Моральдық сезім 
ерекшелігі:
1. Әлеумет сипаты мен мәнінде. Олардың көріністерінің күрделілігі мен сан 
қырлылығы. 
2. Интеллектуалды сезімдер деп ақыл-ой әрекеті процесінде пайда болатын 
тебіреністерді айтады. Бұған әуестену, білім құмарлық, таңырқау, күдіктену жатады. 
3. Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасау барысында 
туады. Яғни, адам сұлулықты қабылдай, тамашалай отырып эстетикалық әсемдік сезімді 
бастап кешіреді. 
 
9
 
дәріс. Дипрессияны алдын-алу мақсатында жекедаралық кеңес беру бағыттары
 
Депрессия
(лат. 
depressio
— көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, 
күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып 
кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы 
бейнеленетін көңіл-күй жағдайы. 


18 
Көбінесе күйзеліс, жабығу ең алдымен мегаполис тұрғындарына тән. Өйткені 
көптеген психологтар депрессияның қалалы жерлерде үлес салмағы басым екенін жазады. 
Сосын оны үлкен қаладағы өмір ырғағының жоғарылығымен түсіндіреді. Мегаполис 
тұрғындары үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығына қатар төзіп, басқаша айтқанда 
екеуінің дәмін тең татып күнелтуге мәжбүр. Техника мен технология алысты жақын етіп, 
қол еңбегін жеңілдеткенімен, мобильді телефонмен күніне бірнеше рет сөйлесу, радио, 
теледидардан керекті-керексіз ақпараттар алу, негізінен батыстық менталитетті 
бейнелейтін агрессиялық фильмдер көру, нарықтың басты құндылығы ақша 
болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүру, сөйтіп әке-шеше, туған-туыс, қатар 
құрбыдан алыстау арқылы өз-өзіне тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, депрессияға 
ұшыратады. Биік-биік ғимараттар да жүйкесі әлсіз адамның мысын басуы мүмкін. Оның 
бер жағында «жұмыстан шығып кетпес пе екенмін?», «бастығым ұнатпай жүр», 
«пәтерақының уақыты жақындады», т.б күдік-күйзелістер де мегаполис адамының еңсесін 
көтертпей, нарықтың күресініне лақтыруға бейіл… Нарықтық экономикадағы халықтың 
кешкі тоғыз-онға дейін жұмыс істеп, дқрыс дем алмауы да әсер етеді. Кейде жексенбі 
күндері де шаруа бітірулері тиіс. Уақыттары есептеулі. Шаршап жүреді. Ашуланшақ. 
Өйткені нарықтың өз заңы, өз моралі бар. Нарық қылтың-сылтың еркелікті көтермейді… 
Заманауи зерттеулер бойынша қазір әлемде жүрек ауруынан кейінгі екінші орында 
депрессия дерті тұр. Яғни, адамзаттың жүйкесінің әлсіреуі жер бетіндегі барлық қоғамды 
қауіптендіруде. Әлемдік статистикаға сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсайтындардың 25 пайызы 
психикалық аурулар болып келеді екен. Осыдан келіп «біздің үлесіміз қаншалықты» 
дейтін заңды сауал туындайды. 
Жалпы психикалық аурулар өз ішінде шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және 
психоз. Невроз (депрессия, стресс, дистимия, т.б) кез-келген адамда кездесуі мүмкін. 
Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, 
ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады. Ал, психоз тұқым қуалау 
немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң 
туындайды. Маман дәрігер невроз жағдайында адам ұйқысынан айрылып, күші кетіп, 
жыламсырайтынын, қорқыныш, үрейдің құшағында тұншығып, өмір сүруге құлшынысы 
азаятынын, дегенмен, осының бәрінде өзін бақылауда ұстап, сана-сезімінен толықтай 
ажырамайтынын, сөйте тұра кейде өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін, психоз жағдайында 
кісі өзінің ауру екенін де сезбейтіндей дәрежеде есін жоғалтатынын алға тартады. Есесіне 
психоз аурулары тәуелсіздік орнаған тұста да кеңес заманындағы бір пайыздық үлеспен 
тұр екен. Жылдан жылға өсіп бара жатқан ауру – невроз. Оның ішінде депрессия. Астана 
қаласындағы жүйке аурулар диспансерінде бүгінде он екі мың ауру ресми есепте тұрады. 
Онда кәрілердің де, жастардың да арасында жүйкесі тозғандар өте көп. Бірақ олардың 
көпшілігі есепте тұрмайтын дерттілер. Оның үстіне наркологиялық диспансерлер мен 
полицияларда есепте тұратындардың да көпшілігі белгілі дәрежеде жүйкесі тозыңқы 
жандар екенін ескерсек, елордадағы дерттілер санының көптігіне шүбә қалмайды.XX ғ. 
Депрессиядан екі тәсілмен: 
біріншісі - психотерапия, екінші - медикаментоз арқылы емдейді. Психотерапиялық 
жолмен емдеу көбіне нәтижелі болады. Алайда бұл жолмен емдеу айлап, не жылдап 
жүргізуді талап етеді. Кейде ешқандай нәтиже бермеуі де мүмкін. Терапия арқылы 
реабилитация жасауда Депрессиямен ауырған адамның Хайдеггер ойынша Депрессия үш 
әрекеттен құралады: 
а) редукция, бар нәрседен болмысқа қайта оралу 
б) конструкция, немесе болмыс түсінігін қалыптастыру 
в) деструкция, немесе дәстүрлі түсініктерді жаңаша түсінікке сәйкестендіру. 

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау