1-деңгейлі сұрақтар Гашиш- анықтама беріңіз


Алкоголизмді шартты рефлексті терапиямен емдеу жүргізу



жүктеу 122,7 Kb.
бет58/58
Дата26.01.2022
өлшемі122,7 Kb.
#34998
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
30.Алкоголизмді шартты рефлексті терапиямен емдеу жүргізу.

Алкоголизді емдеу кезінде шартты –рефлекторлық терапия жүргізіледі.Бұл мақсатта негізгі үш компаненнтті әдісті қолданады,фито терапия,медикаментозды терапия аздаған алкогольдік улау.Алкогольдік тәуелділікті оған деген жағымсыз әсерлермен бас тарту үшін алкогольдің иісіне,дәміне деген желкеніш сезімін тудырады.медикаметозды әдісте құсу рефлексін шақыру қолданылады. Құсу рефлексін шақыру мақсатында көбіне апоморфин қолданылады.Дәрілік затты 0,5 % ерітіндіні енгізеді,мөлшерін 1,0 дейін көтереді.Әсері 3-4 мин кейін пайда болады,сілекей бөлінуі,құсу,ыстықтау,бас айналуы,беттің гипрермиясы,гипергидроз,алдымен тахикардия дамып содан соң брадикардияға ауысады.Сонан соң науқасқа 40-50 мл деги біріншілік сұйықтықты иіскетіп құсу рефлексін шақырады.Бұдан басқа бұл мақсатта эметин,баранец,чарбец препараттары қолданылады.Кейбр науқастарда апоморфин естен тануға,коллапсқа алып келуі мүмкін.Сол себепті эфедрин,цититон,кордиамин,кофеин,коргликонмен алмастырады.Апоморфин асқазан ме он екі елі ішектің жара ауруларында,стенокордия,кардиосклероздің ауыр дәрежесінде ,церебральды атеросклерозда,өкпенің туберкелезіңің ашық формасында қолданылмайды.

3-деңгейлі сұрақтар
1. 24 жастағы әйел 8 жыл бойы ішімдікпен әуестенеді. Соңғы 2 жыл бойы салынып ішуде. Салынып ішу периодында таңер теңгілік бас ауру, тершеңдік,жүрегінің қағып кетуін сезінеді.Ең соңғы алкогольді масаю кезінде мазасыздық, шаршағыштық және балконнан секірмекші болған. Туыстары кезекші дәрігерді шақырған.

1) Симптомдар мен синдромдарды атаңыз.

2)Қай белгіліеріне байланысты науқасты госпитализациялаймыз

3)Науқаста аурудың қайстадиясы?

4)Берілген стадияның негізгі белгілері қандай?

5)Осы жағдайда шұғыл госпитализация қажетпе?


Жауабы:

1) Вегетативті дисфункция, қобалжулы депрессия, псимоторлы.

2)Атипиялық алкогольді масаю

3)Алкоголизм 2-ші сатысы

4)Ішкілік, абстиненция

5)ия, қажет


2. Науқас ішімдікті пайдаланғанына 5 жыл болған. Өзін спиттік ішідіктен тыю кезінде, көңіл күйінің төмендеуі,ішімдікке қатты құмарту сезімі пайда болады.”Қанығу” дәрежесіне жету үшін ол ішімдіктің ең үлкен дозаларын талап етеді,компанияларда ішімдікті қолданудың бастамасы болып табылады.Ішімдікті қабылдауды жиілете отырып, тосттарды өзі айтуға құмартады.Алдыңғы отырыста болған оқиғаларды жиі ұмытады.

1.Симптомдарды атаңыз.

2.Диагнозды құрастырыңыз.

3.Бақылаудағы науқастың ауруының кезеңі қалай аталады?

4.Бұл кезеңнің белгілері қандай?

5.Осындай жағдайда қандай ес бұзылыстары пайда болады?


Жауабы:

1) Эмоциональді лабильділік, депрессия, ішімдікке патологиялық әуестену, толеранттылық жоғарлауы, «симптом опережения круга»,

2) Алкоголизм 1-ші сатысы

3) Невротикалық

4) Психикалық тәуелділік, толеранттылықтың өсуі

5) Палимпсес


3. Науқастың ішімдік қолдану ұзақтығы (стажы) шамамен 20 жыл.Салынып ішу ұзақтығы шамамен 1 аптаны құрайды.Таңертеңгілік уақытта науқаста жүрегінің қағып кетуі, жүрек тұсының ауырсынуы,тершеңдік, перистальтиканың бұзылысы, артериальдық қысымның тұрақсыздығы, тынышсыздық және тәбетінің төмендеуі пайда болады.

1) Жетекші синдромды анықтаңыз.

2) Аурудың стадиясын анықтаңыз.

3) Осы стадияның негізгі белгілерін айтыңыз.

4) Бұл стадияда қандай психоздар пайда болуы мүмкін?
Жауабы:

1) Абстинентті синдромның нейровегетативті түрі.

2) 2-ші саты

3) Ішкілік, абстиненция

4) Делирий, галлюциноз, параноид
4.Науқас К,46 жаста, кезекті салынып ішуден кейінгі 4 күннен соң пайда болған ауыр психозды басынан өткізген.Ол көру галлюцинациясымен, мазасыздық, үреймен қоса жүрген. Науқас төсек қалпында, сөзі байланыссыз. Бірнеше күннен соң сұрақтарға жауап беруді қойды, үнемі жату қалпында, қарашықтан басқа барлық рефлекстер жойылған. Психоздан шыққан соң есте сақтаудың күрт төмендеуі, сөзбұзылысы, үнемі бас ауруы байқалды

1) Симптомдарды атаңыз.

2) Мүмкін болатын диагнозды анықтаңыз?

3) Науқаста кездескен ауру стадиясының белгілері.

4) Делириядан шыққан соңқандай психоз байқалды?

5) Делирияның дәрежесі қандай?


Жауабы:

1) Галлюцинация, төсек қалпындағы қозу, сопор, амнезия, дизлексия

2) Мусситирлеуші делирий. Алкоголизм 2-ші саты

3) Ішкілік, абстиненция, делирий

4) Гейе-Вернике энцефалопатиясы

5) Ауыр дәрежесі.



5. Жасөспірім, 17 жаста, 3 жыл бойы жүйелі түрде ішімдік қолданады. Компания құрып,ішуге унемі себеп іздеп жүреді. Кейде соңғы ішкен сәттері есінен шығып кетеді. Ішімдіктің дозасы үнемі жоғарылауда

1) Берілген науқаста алкоголизмнің қандай симптомдары кездеседі?

2) Ауру стадиясын айтыңыз.

3) Бұл стадияның белгілері қандай

4) Науқаста естесақтаудың қандай бұзылыстары кездеседі?

5) Қандай белгілердің пайда болуы аурудың келесі стадияға өткенін дәлелдейді?


Жауабы:

  1. Патологиялық әуестік бұзылысы, толеранттылықтың жоғарылауы

  2. аурудың 1-нші стадиясы

  3. Психикалық тәуелділік, толеранттылықтың жоғарылауы

  4. Палимпсесттер

  5. Салынып ішу, абстиненция


6. Науқас 15жылдан бері алкоголь ішімдігін ішіп келеді. Соңғы 2 жылда бірнеше күн тоқтатпай жиі ішетін болған. Алкоголь ішуінің бастамасы жалақы алуымен байланысты, жиі әйелімен ұрысып қалуынан басталады. Алкоголь дозасы бірқалыпты. Алкоголь қабылдауын ақшасы таусылғанда тоқтатады.

1) Жүргізуші бұзылысты атаңыз

2) Диагнозды құрастырыңыз

3) Берілген аурудың сатысының белгілері қандай?

4) Берілген науқасты ішкілікке салынуының көрінісі қандай?

5) Берілген сатысында тағы қандай бұзылыстарға алып келуі мүмкін?


Жауабы:

  1. Салынып ішу.

  2. Алкоголизм, 2-нші стадия

  3. Салынып ішу, абстиненция

  4. Жалған салынып ішу

  5. Психоздар (делирий, галлюциноз, параноид)


7. Науқас П. 18 жаста. 13 жастан анаша шегеді, ЛСД, экстази, амфетамин қабылдайды. 16 жасында төбелес кезінде бас ми жарақатын алған, соның әсерінен ұзақ уақыттан бері шаршағыштық және бас ауруы мазалаған. Сонымен қатар арақ және сыра қабылдай бастаған. Кейде ЛСД қабылдаған. Бір күні үйіне мас болып келген кезде: қорқыныш сезімі пайда болып, кейін эктатикалық күйге ауысты. Өзінің «барлық істің мән-жайына» ене алатынын айтып, өзіне түрлі ойлар келіп жатқанын, қорқынышты көру галлюцинациялар сезген, жан-жағын «жарықтүсте» көріп, суицидалды ойларды айтқан. Келесі күні көрсетілген симптомдар жоғалған. Қандай да бір таблетка қабылдағанын мойындады.

1) Симптомдарды ата.

2) Психобелсендізаттар қабылдауының салдары қандай?

3) Науқастың алкогольден басқа қабылдаған препараттары қандайтопқа (заңбойынша) жатады?

4. Алкоголды есептемегенде науқастың қолданған препараттары қандай топқа жатады?

5) Науқаста қандай бұзылыстар көрінеді?


Жауабы:

  1. Церебрастения, экстатикалық мания, қорқынышты депрессия, ойлаудың әр түрлі қаптап кетуі, галлюцинация, суицидальы әркеттер

  2. Галлюциногендерді қолданудың әсерінен полиморфты психотикалық бұзылыстар

  3. бірлескен (сочетанный)топ

  4. наркотиктер

  5. Галлюцинация, дереализация



8. Науқас Н. 28 жаста, 14 жастан алкоголь қабылдайды. Соңғы 5 жылда ішкілікке салынып кеткен. Соңғы салынып ішу 2 аптаға созылған. Ішімдікті тоқтатқаннан соң 3 күннен кейін ұйқысы бұзылған. 6-шы күнде үрей, мазасыздық, көлемі өзгеріп тұратын, бірде жақындап, бірде жойылып кететін «мүйізі бар адамдар» көре бастаған. Бірнеше рет терезеден секіріп кете жаздаған.

1) Симптомдарды атаңыз.

2) Қазіргі жағдайының негізгі синдромы қандай?

3) Диагноз құрастырыңыз.

4) Аурудың сатысының белгілері қандай?

5) Жедел госпитализация көрсетіледіме?


Жауабы:

  1. Қорқынышты депрессия, диссомния, шынайы көру галлюцинациясы, Психомотрлы қозу.

  2. Аффективті-сандырақтық

  3. Алкогольды делирий, Алкоголизм, 2-нші саты.

  4. Салынып ішу, делирий

  5. иә, жедел госпитализациялануы қажет.

9. Ер кісі 37 жаста, 20 жасынан алкоголь қабылдайды. Соңғыжылдарыкүніне аз мөлшерденжиіқабылдайды. Аяқбөліктеріндеауырсынусезімдері төмендеген, жүрісібұзылған. Қазіргіуақытты, айдыайтаалмайды, 1 минут алдынболғанжағдайдыұмытыпқалады.

1) Өзіңіздіңдиагностикалыққорытындыңыздықұрастырыңыз.

2) Аурудыңсимптомдарықандай?

3) Естіңнегізгібұзылыстарықандай?

4) Алкоголизмніңсатысынатаңыз.

5) Осы сатысыныңбелгілеріқандай?


Жауабы: 1)Корсаков психозы

2) Полинейропатия, амнезия

3) фиксациялық амнезия

4) аокоголизмнің 3-ші сатысы

5) толеранттылықтың төмендеуі, есте сақтау бұзылысы
10. Психобелсенді заттарды тамыр ішіне қабылдайтын науқаста, қабылдауын тоқтатқан кезде мұрын бітелу, көзден жас ағу, сілекей ағу, түшкіру, сүйек пен буындарында қинайтын ұзақ уақыттық ауырсыну сезімдер пайда болады. Интоксикация седация түрінде, қуанышпен, лаззаталумен, ұйқышылдықпен көрінеді.

1) Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.

2) Науқастың жағдайын бағалаңыз.

3) Симптомдарды атаңыз.

4) Науқаста қандай аффективті бұзылыстар байқалады?

5) Науқас психобелсенді заттарды тамыр ішіне енгізуден, басқа қандай жолдарын қолданады?


Жауабы:

  1. опиоидты наркомания

  2. абстинентті жағдай

  3. вегетативті симптомдар, алгиялар, сенестопатиялар

  4. гипомания

  5. интраназальді



11. Науқас, ішке қабылдауға арналған психобелсенді затты дұрыс қолданбай, бірнеше айдан соң дұрыс қолданбау абстинентті синдромға айналды. Абстиненция өте қиын өтіп жатты және асқазанда және ірі буындарда ауырсынулар, ұйықтағанда қиындықтар байқалды; науқас қозғыш, үрейлі, мазасыз, озбырлық (агрессия) ұстамалары байқалды, көңіл-күйдің түсуі, және мол тершеңділік, бөліктердегі кіші треморлар, бұлшықет құрысулары, эпилептиформды ұстама.

1) Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.

2) Науқаста байқалған симптомдарды атаңыз.
Жауабы:


  1. барбитуратты токсикомания

  2. ажиатация, дистрофия, алгиялар, вегетативті бұзылыстар



12. Психоактивті заттарды шектен тыс қолданатын науқаста, соңғы жылдары вегетативті-алигаклық симптоматикамен, толыққанды абсиненциялық синдром болмаған. Интоксикация көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділік байқалады. Дегенмен зат қабылдау аралығындағы үзіліс кезінде қозғыштық, ашу-ыза жарылыстары, тежелу бар депрессиялық көңіл-күй кезеңдері, қатты әлсіздікпен көрінеді.

1) Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.

2) Симптомдарды атаңыз.

3) бұзылудәрежесі қандай?

Жауабы:


  1. кокаинизм

  2. дистрофиялар, депрессия, астениялық симптомдар.

  3. Депрессияның ауыр дәрежесі

13. Белгілі бір препаратқа патологиялық әуестенуі бар науқас, эйфорияны арттыру үшін, қалыпты дозадан қарағанда көбірек қабылдады. Интоксикация көрінісі онейроидты шизофренияға ұқсас психоз дамыған.

1)Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.

2)Абстиненция симптомының пайда болу ықтималдылығы қандай?

3)Қандай препараттар галлюциногенге жатады?

4)Психоактивті заттан басқа қандай заттардан галлюцинация пайда болады?

5)Ұшқыш ертінділер қолданудағы галлюцинациялардан айырмашылығы қандай?


1.Галлюциногенге тәуелділік

2.Тән емес абстиненцияның пайда болуы

3.Лсд,пцилобиндер

4.Кокаин,циклодол

5.Мультфилмдегі жағдайлар секілді галлюцинациялық бейнелер көрінеді

14. Психоактивті затты венаға қабылдағаннан кейін науқаста шаттық сезімі пайда болды, күш-қуаттың артылу, денесінен жылулықты сезінді, теріде қышыну сезілді, тәнде ерекше жеңілділік байқалды. Ойлау ағыстары баяулады. Бұл симптомдар тез ойлау, көңілді көңіл-күйге жылдам ауысты. Артынша көп сөйлеу, қуаттың артуы, беймазалық, албырттық пайда болды. Содан соң қимыл мен сөйлеудің баяулауы, амалсыздық сезімі және мақсатсыз болу, ұйқышылдық байқалды.

1) Науқас қандай психоактивті зат пайдаланды?

2) Науқастан қандай аффективті бұзылулар түрлері байқалды?

3) Байқау бұзылулар ассоциатциясына қандай симптомдар жатады?

4) Психоактивті зат (клиникалық және заңды көзқараспен) қандай типті затқа жатады?

5) Психобелсенді затты артық пайдаланғандағы асқынуы?


1.Опиаттар

Экстативті мания,мания,күйзеліс,ассоциативті бұзылу,құбылмалы көңіл күй,парестезия

4Есірткі

5.Тыныс алудың тоқтауы.


15. Науқас психоактивті затты интраназальды енгізіп, интоксикация кезінде қимылдың белсенділігі, шаршаудың болмауы пайда болады. Препарат жүйелі түрде бірнеше сағат немесе бірнеше күн аралығында енгізледі. Дозаларын арттырған кезде делерий, онероид ұқсас көрініс және құрысу ұстамалары пайда болуы мүмкін. Қабылдауды тоқтатқан соң, бірнеше күннен кейін терең депрессия пайда болады. Препараттың белсенді ынталандыруы өте жоғары болғандықтан науқас комбинирленген седативті препараттар қабылдауға, оның ішінде опиатқа жүгінеді.

1) Науқас болжам бойынша қандай психоактивті зат қолданады?

2) Интоксикация симптомдарын атаңыз.

3) Абстиненция құрылымы бойынша алдыңғы симптом қандай және оның дәрежесі?

4) Психоактивті затты пайдаланғанда абстинентті күйдің негізігі қауіптілігі неде?

5) Бұл зат қай классқа (клиникалықжәнезаңды) жатады?


1.Кокаин

2.Қозу,көтеріңкі көңіл-күй,гипербулия

3.ауыр күйзеліс

4.Суицид


5.Наркотик

16.Науқас ұзақ уақыт бойы алкоголь пайдаланды. Содан соң оның орнына басқа психоактивтізат пайдалана бастады. Бұл препараттан интоксикация әсері жоғары көңіл-күймен ақкөңілділікпен, жайбарақаттылықпен, баяулықпен, дистанцияны сезінудің төмендеуімен сипатталады. Артикулляцияның бұзылуы, тәлтіректеп басуы байқалады. Содан соң терең ұйқы басталады. Абстиненциялық күйде үрейлену, мұңды және дисфориялық депрессия, ұйқының бұзылуы болады. Пайданғаннан кейін бәрнеше жылдан соң науқаста есте сақтаудың бұзылуы, сыншылдықтың бәсеңдеуі пайда болады.

1.Науқас психоактивті заттың қандай түрін пайдаланады?

2.Артық дозаның қауіптілігі неде?

3.Улану кезіндегі аффективті күй қалай аталады?

4.Көп уақыт бойы осы препаратты пайдаланылғаннан кейінгі «соңғы» күйі қалай аталады?

5.Бұл зат есірткіге жатады ма?

1.Транквилизатор

2.Сопор,кома

3.Эйфория

4.Психоорганикалық синдром

5.жоқ

17.Науқас А., Айқын масаю белгілерімен жедел жәрдем арқылы, токсикологиялық орталықтың қабылдау бөліміне жеткзілген.Объективті:көздің жылтырлығы және конъюнктиваның қызаруы,қарашықтың үлкеюі,терінің физиологиялық емес бозаруы, денесі мұздай,маңдайында тер тамшылары бар. Дене температурасы төмендеген,пульс 105 рет минутына,ТАЖ 30 рет минутына,сөйлеу кезінде алкогольды масаюдағы сияқты тілінің бұрмалануы байқалады.Іс-қимыл координациясы бұзылған:масайған адам шайқалып,саусақтары дірілдеуде.Киімінен және шашынан арнайы тәттілеу шайыр(смола) иісі шығуда.

1.Симптомдар қай наркоманияның түріне сәйкескеледі?

2.Агрессия белгілері гашиштік масаюға тән ба?

3.Гашиштік интоксикацияда қандай симптомдар байқалады?

4.Гашишті артық мөлшерде қабылдау кезіндегі симптомдар қандай?

Жауабы:

1.Көрсетілген симптомдар гашиштік нашақорлыққа сәйкес келеді.

2.Агрессия белгілері гашиштік масаюға тән емес.

3.Гашиштік интоксикацияда-қозу жоғалады,тежелу белгілері,әлсіздік,АД төмендейді,апатия белгілері және науқас қатты аштықты сезінеді.

4.Гашишті артық дозада қабылдағанда-ес бұзылыстары-есенгіреуден,сопор,комаға дейін жетеді.Эпилепсия және психоз кезіндегідей дірілдер байқалады.

18.В есімді ер кісі 22 жаста,бұрын спиртті ішімдіктер қолданбаған. Бір реттік көп мөлшерде алкоголь қабылдаған соң ақыл есінен айырылу(ступор) кеңістікке және уақытқа байланысты бағытталу өзгереді (дезориентация).Қимыл қозғыштығының артуы байқалады. Патологиялық аффекттің көріністермен науқас наркологиялық диспансерге жеткізілді.

1.Науқастағы симптомдар комплексі қалай аталады?

2.Алкоголді мастану дегеніміз не?

3.Алкоголды ұзақ қабылдағаннан қандай аурулар пайда болады?

4.Алкоголизмге қандай патологиялық симптомдар тән?

Жауабы:

1.Науқастағы симптомдар комплексі алкоголді мастану деа аталады.

2.Алкоголді мастану дегеніміз-жүйелі түрде спиртті сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкоголге патологиялық құмарлықтың пайда болуымен,психикалық,физикалық бұзылыстармен сипатталатын созылмалы психикалық ауру.

3.Алкоголды ұзақ уақыт қабылдағаннан миға қан құйылу,гепатит,панкреатит,гастрит,бауыр циррозы,өңеш,асқазан рагі,Маллори-Вейс синдромы дамиды.

4.Алкоголизмге тән потологиялық симптомдар:алкогольді қанша қабылдаса да құсу рекциясының болмауы,канша ішкеніне баға бере алмауы,жиі ретроградты амнезия,абстинентті синдром және салынып ішу.

19.Жасөспірім М. 15 жаста.Ата-анасы наркологиялық диспансерге әкелді. Шағымдары:ауырсыну,бұлшық еттің тырысуы,масзасыздық,тершеңдік,жүректің шалыс соғуы.

Бұл симптомдар героиннің соңғы дозасын қабылдағаннан 4 сағаттан соң пайда болған.

1.Науқастағы симптомдар комплексі қалайаталады?

2.Героиннің әсерету механизмі қандай?

3.Героинге тәуелділік дамуының негізінде не жатыр?

4.Героиннің орталық және перифериялық әсерлерін(эффект) көрсетіңіз?



Жауабы:

1.Науқастағы симптомдар комплексі героинді нашақорлыққа сәйкес келеді.

2.Героин және оның метоболиттері ми,жұлында және ішектерде орналасатын опиатты рецепторларға әсер етеді.Опиатты рецепторлармен байланысып эйфория сезімін шақырады және анальгетикалық әсер көрсетеді.

3.Героинді ұзақ уақыт қабылдағанда мидағы опиатты рецептор санының азаюынан негізгі дағдылану механизмі жүреді.Мидағы глутамат және глутаматергиялық синапстардан сигналдық берілуінің әсерінен және эндорфин бөлінуінің төмендеуінен,қосымша дағдылану механизмі іске асады.

4.Героиннің орталық әсерлері:ауырсыну сезімінің болмауы,жөтелу,құсу,тыныс алу орталықтарының тежелуі,қарашықтың тарылуы,седация,жайлы сезім,эйфория,асқазан ішек жолының секрециялық қызметінің төмендеуі,возопрессин бөлінуінің жоғарылауы және зәр бөлінуінің азаюы,негізгі алмасу мен температураның төмендеуі.

Героиннің перифериялық әсері:лоқсу,құсу,сфинктер және біріңғай салалы бұлшық ет тонусының жоғарылауы,перисталтика және секреторлы белсенділіктің төмендеуі.



20.Қозған жағдайда және наркотиктердің бәрін көп мөлшерде қабылдауға құмарланған,терең депрессия жағдайында 1 жыл бойы кокаин қабылайтын 16 жастағы жасөспірім наркодиспансерге келді.

Ата-анасының айтуынша жасөспірімде тәбеті,ұйқысы бұзылған,жүрегінің қалыс соғысы сезіледі.Сирек жағдайда жасөспірім ашушаң,ызақор,мазасыз.

1.Жасөспірім абстинентті синдромның клиникасымен келгенба?

2.Кокаиннің баяу дамитын жанама әсерлері қандай?

3. Кокаиннің жедел дамитын жанама әсерлері қандай?

4.”Кокаиндық шаттанудың” соңы қалай аяқталады.



Жауабы:

1.Иә,жасөспірім абстинентті синдомның клиникасымен келген.

2.Кокаинның баяу дамитын жанама әсерлері:тәбетінің болмауы,жүрек соғысы жиіленуі,АД және температураның жоғарылауы,перифериялық қан тамырлардың тарылуы,ентігу,қарашықтың кеңеюі,ұйқысының тыныш болмауы,шектен тыс қозу белгілері.

3.Кокаиннің жедел дамитын жанама әсерлері:ми және жүректің қан тамырларының қайтымсыз бұзылысы,АД жоғарылауы,жүрек ұстамасы,инсульт,бауыр,бүйрек,өкпе бұзылыстары.Наркотикті мұрынмен иіскеп қабылдағанда мұрын тінінің зақымдалуы,ал вена ішіне қабылдағанда:вич,инфекциялық ауруларға әкеледі.Тәбеттің болмауы,салмақтың азаюы,тістердің зақымдалуы,репрадуктивті функция бұзылыстары және бедеулік.

4.Кокаинды шаттанудың соңы:Жедел коранарлы жетіспеушілік және жүрек ұстаасы,миға ұан құйылу,инсульт,тыныс алу жеткіліксіздігінен болатын өліммен аяқталады.

21.К. есімді 20 жастағы науқас морфинге құмарлықты емдеу үшін (морфинизм) наркологиялық диспансерге түсті.Қарағанда:Тамақтануы төмен,тері қабаттары бозарған,білек аймағында көптеген көк тамыр инъекцияларының іздері анықталады. Шағымдары: ұйқысының бұзылуы,мінезінің өзгеруіне (жағымсыз),қозғыштықтың жиі депрессиямен ауысуы.

1.Морфинизм деген не?

2.Морфиннің қасиеттері?

3.Кең қолданылатын морфин туындыларынкөрсетіңіз?

Морфинизм – морфинді кайталап кабылдағаннан туындайтын тәуелділік.Ауыр эйфориямен жүреді.

2.Морфин эффективті түрде физикалық және психикалық ауырсыну сезімін басып, жөтел рефлксін басып, тыныс алу орталығын тежейді.морфинді қолданғанда кезбе нервтің әсерінен брадикардия дамиды.Көз қимылдатқыш нейрондарының активациясының нәтижесінде миоз көрініс береді. Морфин ішкі органдардың жұмсақ бұлшық еттерін, асқазан ішек сфинктерлерінің, жіңішке және жуан ішек бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, перистальтиканы әлсіздендіріп іш өту көрінісімен жүреді.

3. Морфин гидрохлориді, морфин моногидрат, морфин сульфат, Морфин тартрат, апоморфин, этилморфин, метилморфин.

 

22. Науқас З. Есімді жүргізуші. Айлық салынып ішуден кейін жедел ауырған. Алдыңғы 2 түн бойы ұйқысыздық, мазасыздық, түсінде қорқынышты түстер көрген. Үшінші түні қозғалыс қозуы дамыған: автокөлік дөңгелегін айналдырған, өзінің жұмыстағы достарын шақырып, оларға тапсырма беріп, орындалуын талап еткен.Психиатриялық диспансерге жеткізілген соң, алаңдаушылық күйде болды, тоқтап қалған автокөлігін уайымдап, терезеге қарап ашуланып, автокөлігінң кептеліс туындатқанын, өзінің серіктесіне сөйледі. Дәрігерге жұмыстағы досын көруге келгендігін айтып, тезірек жіберуін сұрады.

Сұрақ: 1.Аурудың диагнозын анықтаңыз ?Патологиялық масаю

2. Синдромды анықтаңыз?Абстинентті синдром.Паранойдты синдром.Астениялық синдром



23. Жұмысшы 35жаста. Әкесі алкоголизммен ауырған. Өзі 3жыл бойы күнделікті 5-6 бөтелке сырадан ішкен. Соңғы жылы бірнеше рет жұмыстан қуылған, қазіргі таңда жұмыстан қуылу алдында жүр. Бірнше күн бұрын кешкісін баспалдақтан құлап, аяғын сындырып, травмотологиялық бөлімшеге жеткізілген. Ауруханадағы үшінші күні тым ашушаң болып және діріл пайда болған. Спирттік ішімдікті қолданулы туралы сұрағанда теріс жауап беріп, анда санда сыра ішетіндігін айтады. Түні бойы мазасызданып, байланыссыз сөйлеп, ұйықтай алмады. Жалпы қарағанда: сөздері байланыссыз, өзін заводтамын деп санайды. Дәрігерді және медбикелерді өзінің әріптестері рентінде есептейд. Төсек жайманың үстіндегі бүргелерді көрдім деп бірнеше рет мыжғылады. Уақытқа бағдары өзгерген және қабырға артындағы аздаған дыбыстарды еститінін айтады. Тремор байқалады, стаканды ұстай алмай, көп бөлігін төгіп алды. Аяғының гипсте екенін ескермей, төсектен тұрып кете береді.

Сұрақ: 1.Аурудың диагнозын анықтаңыз ?Ақ қызба(алкоголді делирий)

2. Синдромды анықтаңыз?пацранойдты синдром. Абстинентті синдромйй

24. Науқас 30жаста. 25жасында танысының бірі амфетаминді қолданыңыз деп көндірген. 20мг инъекциядан кейін, өзін құдіретілердің ішінде құдіретті екенін сезінген. Біраз уақыт тұрақты пайдаланғаннан соң, өзінің тоқтай алмайтындығын түсінген. Әрдайым есірткіні қалай алуға болатынын ойланып , дозасын арттырған. Есірткіні таппай қалған кезде ұйқышылдық, мазасыздық болған. Әйелі нашақор екенін біліп қойып, қолдануды тоқтатуын талап еткен. Психиатриялық ауруханаға келместен 2ай бұрын жұмысынан айрылған. Табсынан айырылған соң күнделікті инъекциядан кездейсоқ түріне көшкен, соңында ажырасмын деген қорқытудан соң толық тоқтатқан. Есірткісіз өзін шаршағыш, түнерген күйде болатынын сезінген. Бірнеше апта өткен соң үрейлі, беймаза күйде болады, әйеліне көшедегі есірткі саудагерлері өзі жайлы әңгмелерін еститінін айтады. Есік-терезенің бәрін құлыптап, тамақты уланып қаламын деп жемей қоятын болған. Қарағанда жағдайы: Тұйық және тыныш көрінеді, сұрақтарға қысқа жауап береді. Өзін есірткі саудагерлерінің бандылары қуып, әңгімелесетінін айтатына қарамай көңіл-күі немқұрайлы. Науқастың санасы айқын, толық бағдары сақталған, бірақ өзінің интелектіндегі елелу өзгерістерді байқамайды. Сол қолындағы амфетамин инъекциясының іздерінен басқа, физикалық және неврологиялық тексеріс кезінде бұзылыстар байқалмайды. ЭЭГ қалыпты. Науқасты галоперидолом (6мг күніне) емдеген. 2 аптадан соң барлық симптомдар жоғалып, ауруханадан шығарлған. Емделуге қайта түспеген.

Сұрақ: 1.Аурудың диагнозын анықтаңыз ?Амфетаминовая наркомания

2. Синдромды анықтаңыз?

Паранойдты синдром. Абстинентті синдром



25. Науқас А., 43 жаста. 15 жасынан бастап алкогольді ішімдік қолданады. Бастапқыда сирек қолданған (айлық алғанда). Соңғы 1-4 жыл ішінде өте көп қолданған. Ақшасының бәріне ішімдік ішкен. Заттарын сатып ішімдікке жұмсаған. Еңсесі түскен, босаңсыған күйде, дөрекі әзілдер, балаларға қатігездік көзқараста, өзін аса бағалы адам деп санайды. Соңғы 2 жылда әйелі көзіне шөп салып жүр деп күдіктенеді. Бір күні бөлмеге кіре алмаған. Ұзақ уақыт есіктерді қаққан, оның ойынша әйелі үйде деп ойлаған. Әйелінің келуін көшеде күтуді жөн санаған. Баспалдақтан түсіп келе жатқанда үйінен шығып келе жатқан еркекті көрген. Бірден бұл әйелінің көңілдесі деп ойлаған. Әйелінің ұзақ уақытқа ас үйде көршісімен жеке қалу мақсатында қалып кететінін байқаған. Науқастың ойынша әйелі көршісімен сыпайы сөйлеседі, нәзік күледі ал күйеуі келгенде өзгереді, немесе әңгімелерін доғарады. Науқастың ойынша әйелінің 4 көңілдесі бар деген тоқтамға келген. Әйелінің бірінші күйеуінің ағасымен көңілдес екенін алға тартқан. Көңілдестерімен кездеседі деген оймен әйелін туысқандарының үйіне баруға тыйым салған. Ақшаларын санап отырып 100 рубль жетпейтінін біліп, әйелі көңілдесіне алып барып берген деп айыптаған. Түнде әйелі төсектен тұрып кеткен кезде көршісіне кеткеніне сенімді болады. Жұмыстан үйге келген кезде айғақ-дәлелдер іздеп төсекті, әйелінің іш киімдерін тексеріп шығатын әдет шығарған. Әйелімен жиі ұрысып, бір қаншама рет ұрып соққан. Жүйке аурулар диспансерінде жатуына әйелін кіналайды. Науқастың ойынша әйелі өзін әдейі Жүйке аурулар диспансеріне жатқызып өзі еркіндікте жүр деп есептейді.

Сұрақ: 1.Аурудың диагнозын анықтаңыз ?

2. Ем жоспарын жүргізіңіз?

1.Созылмалы алкогольді параноид

Маскүнемдік параноид — клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қарапайым сандырақпен өтетін галлюцинаторлы- параноидты синдром басты көрініс беретін және анық сана кезінде айқындылық дәрежесі төмен вербальды галлюцинациялармен жүретін алкоголді психоз. Абстиненті синдром фонында немесе қобалжу, сенімсіздік түрінде ұзақ емес продромальді периодттан кейін пайда болады. Клиникалық көрінісінде айқын қорқыныш фонында аңду, физикалық жою, нақты уақытта иллюзорлы қабылдау сандырағы пайда болады. Іс-қимылдарда, айтылған сөздерде өзіне, өміріне қауіп көреді. Әректтерде импульсивті, қашып кету, транспорттан секіру, заң қорғау органдарынан көмек сұрау, туыстарынан көмек сұрау, өз денесіне жарақат салу, сирек жағдайда дұшпандарына қарсы шығу байқалады.

2.Науқастар тек стоционарлы ем алады.Жеңіл формаларда амбулаторлы ем жүргізіледі.Негізгі дәрілер:

1.Нейролептиктер

2.Транквилизаторлар

3.Антидепресанттар

4.Витаминдер.


26. Науқас 18 жаста. Жасына сай жақсы дамыған. 1996 жылдан бастап героин қолданған. Бастапқыда героиндіингаляция арқылы қабылдаған. 1 айдан соң жүйелі түрде көк тамырдан қабылдай бастаған. Содан кейін абстинент синдромының белгілері жылдам байқалған. Сондай-ақ жүйелі түрде анаша шегіп, көк тамыр арқылы первитин қабылдап отырған. Соңғы кезде апиын шикізатын қолданғанды жөн санаған. Наркоманиядан арылу үшін 2 рет емделген. Ол дәрігерге тек абстинент синдромын емдеуге ғана барғанын мойындайды. Науқастың медициналық картасында көрсетілгендей науқастың абстинентті синдромының көріністері төмендегідей болған: «науқас мазасыз, қимылдары жиі өзгеріп отырған мимикасынан азаптанып жатқанын байқауға болады. Сұрақтарға қысқа жауап қайтарған және тітіркену мен шыдамсыздық байқалған, аяқ бұлшықеттерінде шыдатпас ауруы жайлы айтқан. Бел ауруы, дірілдеу, тершеңдік, іш өқтуі, мұрын бітелуі және ұйқысыздығы туралы жазылған». Ол дөрекі, өтірікші, агрессивті, өрескел болды. Клиникада ресми түрде емделуге анасының айтуымен келісіпті. Психикалық статусы: бір қалыпта отырды, сөйлесуге құлықсыз, берілген сұрақтарға жиі «есімде жоқ», «білмеймін», «маған бәрі бір» деп жауап қайтарды. Жан жаққа алаңдап қарайды. Тітіркендіргіш, белсенді ешқандай шағым айтқан жоқ. Алдағы болатын абстинент синдромы (ломка) ның болатынынан қорқады. Ол соңғы апиын шикізатын ауруханаға түсуден алдын жасағанын айтқан. Психикалық симптомдары жоқ. Көңіл – күйі депрессиялық болып тұр.

Сұрақ: 1.Аурудың диагнозын анықтаңыз ?

2. Синдромды анықтаңыз?

1.Полинаркомания

2.Абстинентті синдром

27. 52 жастағы науқас 20 жылдан астам уақыт бойы ішімдік ішеді, толеранттылық 2-2,5 л болған. Соңғы 2-3 жылда күнделікті ішкен, тәулігіне бірнеше рет 50мл арақпен бас жазады. Отбасын тастап кеткен, жақындарының өміріне қызықпайды, пәтерін сатып жіберген, барлық ақшасына ішіп қойған. Соңғы жылы БОМЖ. Әкесі алкоголизммен науқас болған. Анамнезінде- басының жиі жарақаттары, төбелестер, құлаулар. Клиникаға естің дөрекі бұзылыстарымен түскен. Есінде ештеңені сақтай алмайды, өткен өмірінің көп оқиғаларын ұмытып қалған. Кеше қайда болдың деген сұраққа «парламент отырысына бардым» дейді. Өзінің палатасын, көршілерін, дәрігерді есінде сақтай алмайды. Соматикалық статусында- миокардиодистрофия, бауыр циррозы, неврологиялық- полиневриттер.

Сұрақ: 1.Аурудың диагнозын анықтаңыз ?

2. Ем жоспарыңыз?

1.Корсаков психозы

2.Ем оның себебін жоюдан басталады,алкогализмді.Тиамин ,инфаркта, пирацетам,ноотропил дәрілері қолданылады.Дезинтоксикациялық терапия.Физиотерапиялық ем, В және С тобының витаминдері.

28 М-37 жастағы ер адам. Емделуге ішімдік ішуді тоқтатқаннан кейін пайда болатын ұйқысыздыққа, анорексияға, бас ауруына, жүрек қағуына, ентігугеу шағымданып түсті. 10 жылдан астам ішімдік ішеді, соңғы кездері көп мөлшерлде ішсе де мас болмайды. Жұмысына бірнеше рет алкоголь иісімен келген.

Сұрақ: 1.Аурудың диагнозын анықтаңыз ?

2. Жүргізуші синдромды атаңыз

жауабы: 1.Алкоголизм 2 сатысы (ашық)

2. Абстинентті

29. 28 жастағы науқас 10 жылдан бері алкогольмен әуестенеді, жұмысынан қуылған. Өзінің отбасын материалдық жағдайсыз тастап кеткен. Өзін ішкішпін деп санамайды, еделуден бас тартады. Қозуына байланысты наркологиялық диспансерге госпитализацияланған. Сол күні кешке үрей, жүрек қағуына, және ұйықтататын дәрісіз ұйықтай алмайтынына шағымданады. Қабырғадағы түсқағаздардың суреттерінен шыбын, таракандар мен өрмекшілерді көреді. Төсек жағдайында өзін әрең ұстайды, оны қуғындаушылардан құтқаруды сұрайды. Дене температурасы 38,5 градус, қолдарының, басының треморы мен гипергидроз айқын.

Сұрақ: 1. Диагнозды негіздеп қойыңыз ?

2. Ем жоспарын жүргізіңіз?

Жауабы: 1. Аққызба(белая горячка)

2.-Сибазона, оксибутират натрия

-метабализмдық бұзылыстарды немесе су-электробаланс реттеу –реополиглюкин, натрий гидрокарбонат, панангин, витамин(В1,В6,С немесеРР)



30. Жедел жәрдем арқылы 13 жастағы жасөспірім қозу күйінде жеткізілген. Оны ГАИ қызметкерлері достарымен бірге үйдің жертөлесінен тауып алған. Ориентациясы мен байланысқа жоқ. Қабырғада «мультфильмдер» тәрізді суреттерді көретіні және оларды өзі «тапсыра» алатындығы анықталды. Оларды ұстап алу мақсатында қабырғаға, столға шыққысы келетін әрекеттер жасауда. Бөлімшеде тез тынышталып, түні бойы ұйықтады. Таңертең психотикалық бұзылыстары жоқ.

Сұрақ: 1. Синдромальді?

2. Нозологиялық диагнозды анықтаңыз?

жауабы: 1. Делирозды синдром.

Шынайы көру галлюцинациялары

Сананың қаранғылануы



Психоматорлы қозу

2. Делирозды синдром. Токсикоманиялық психоз.
жүктеу 122,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау