27.Нашақорлық кезіндегі негізгі синдромдарға сипаттама беріңіз.
Нашақорлық кезінде психикалық тәуелділік,физикалық тәуелділік және толераннттық бұзылысы болады.
Наркоманияның (токсикоманияның) клиникасы төмендегі синдромдармен белгілі. Үлкен наркоманиялық синдром және психоактивті заттар мен созылмалы ұланудан (интоксикациядан) пайда болатын синдром. Үлкен наркоманиялық синдром. Бұл аурудың (маскүнемдің наркоманияның) ең басты клинико- диагностикалық маркері. Пайда болған наркоманиялық синдром аурудың негізгі белгісі болып табылады, сау адамды «тәуелділігі» бар адамдардан айыратын белгілі. Психикалық тәуелділік-психикалық жансая жағдайына жету, психикалық жүктемені түсіру үшін психоактивті затты саналы немесе санасты қолдануға мұқтаждық. Психикалық тәуелділік синдромы негізгі синдромның ерте көрінісі болып, психоактивті заттарға құмарлық симптомы және психикалық жансая интоксикация жағдайында жету қабілетінен турады. Физикалық тәуелділік-наркотикалық заттан (ПАЗ) бас тартуға жауап ретінде абстинентті синдром дамитын жағдай. Тек психикалық тәуелділік бар жағдайда ғана дамиды. Физикалық тәуелділік синдром компульсивті құмарлық және физикалық жансая дәрежесіне интоксикация жағдайында жету және абстинентті синдромнан тұрады. Абстинентті синдром-наркотикті (ПАЗ) жүйелі қолдануды тоқтатқаннан соң п.б-н соматикалық, неврологиялық, вегетативті, психопатологиялық бұзылыстар комплексі, бұл кезде тұрақты симптомдар болып психикалық және физикалық дискомфорт және қолданған есірткіге айқын әуестік табылады. Кез келген наркомания түрлеріне тән артақ белгілер және арнайы абстинентті белгілер ажыратылады., Ортақ белгілерге жатады: психикалық жүктеме; гипотимикалық радикальды көңіл-күйдің бұзылысы (қобалжудан депрессияға дейін); өмірлік мұқтаждықтар бұзылысы (тәбет, ұйқы, жын құм); вегетативті бұзылыстар (гипергидроз, қалшылдау, мидриаз, диспепсия, жүрек- қантамыр реттеуі бұзылуы, және бұ тонусы рет-ң бұз). Арнайы абстинентті белгілерге жатады: -апиынды наркоманияда- түшкіру, тұмау, жас және сілекей ағу, буындарының ауыруы, шайнау бұлшықеттерінің құрысуы; -ұйықтатын заттарды қолданғанда-ірі буындар мен асқазан ауырсынуы; -гашишизмде- сенестопатиялар.
Абстинентті синдром. Ұзақ массивті интоксикациядан соң бірнеше сағат немесе тәуліктен соң пайда болады Белгілері: Көніл – күйі төмендейді,ашулы,жауыз, себепсіз қорқыныш,өзін кінәлау, тұрақсыз көру, есту галлюцинациялар болуы мүмкін. Ұйқысы нашар,жиі оянады, үйқыдан соң тынығу байқалмайды. Абстинентті синдром вазовегетативті өзгерістермен көрініс береді: тахикардии, гипертензия, ауыз қуысының кебуі, бастың айналуы, тәбеттің жоғалуы, әлсіздік, жүрек айну, құсу, төс астында ауырсыну, диарея. Беттің гипергидрозы «тершендік» алақанның, тері қабығы мәрмәр «бозаруы», беттің қызаруы, әсіресе мұрынның қызаруы, көздің сарғаюы, тамырлары кеңіген. Абстинентті синдромның неврологиялық белгілері: Аяқ қолдың, бастың, тілдің треморы. Ромберг позасындағы тұрақсыздық Бет бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы. Балтыр бұлшық етінің тырыспасы, сирек тырыспалы ұстамасы байқалады.
Неврастениялық және психастениялык синдромдар: науқастың мінезінің қызбалығымен, өзін - өзі ұстай алмаушылығымен, әл-қуатының және ойлау қабілетінің тез шаршағыштығымен, есте сақтау қабілетінің бұзылуымен, сезімталдықпен (парестезия , гипо - және гиперестезия ) және үйқының бұзылыстарымен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |