6-бөлім. Галантереялық былғары өндірісі
109. Биялай былғарысын керуші
Параграф 1. Биялай былғарысын керуші, 3-разряд
655. Жұмыс сипаттамасы:
биялай былғарысын машинада немесе қолмен керу-созу;
былғарыны тексеру, кінәраттарын белгілеу, былғарыны ұзын бойына ең аз созылымдылықты, ал көлденең бағытта – ең көп созылымдылықты қамтамасыз ететіндей барынша созу, былғарының шеткі аудандарын созу.
656. Білуге тиіс:
қолданылатын жабдықтың жұмыс қағидаты, пайдалану және реттеу ережесі, былғары мен оның топографиялық бөліктерінің қасиеттері, былғарыны өңдеу ақаулықтары, олардың пайда болу себептері, алдын алу және жою тәсілдері, пішілетін бұйымдардың өлшемдері, былғары мен бөлшектердің созылымдылығының бағыты, операцияларды орындау тәсілдері мен жүйелілігі, былғары мен бөлшектер сапасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.
110. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет салушы
Параграф 1. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет
салушы, 2-разряд
657. Жұмыс сипаттамасы:
желім ерітіндісін торлы шаблонмен жағу арқылы галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге сурет салу-түктендіру.
шаблондарды таңдау, шаблонның тазалығы мен жұмысқа жарамдылығын тексеру.
торлы шаблонды шаблон контуры мен бөлшектердің немесе бұйымдардың контурларымен дәлме-дәл сәйкес келтіре отырып салу.
желімді тегіс қабатпен еш жерді қалдырмай, қоюлатпай және ағызбай жағу.
шаблондарды жуу және кептіру.
аппликация жасау.
658. Білуге тиіс:
галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге сурет салу тәсілдері, сурет салынатын галантереялық былғары бұйымдардың түрлері, галантереялық былғары бұйымдарда және бөлшектерде сурет салынатын жерлер, қолданылатын желім ерітіндісінің қасиеттері, галантереялық былғары бұйымдарға сурет салу ақаулықтарының пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері.
Параграф 2. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет
салушы, 3-разряд
659. Жұмыс сипаттамасы:
суретті торлы шаблон немесе клишенің көмегімен бояумен салу арқылы галантереялық былғары бұйымдарға және бөлшектерге сурет салу-түктеу;
бөлшектер мен бұйымдарға «мақпал суреттерді» электростатикалық өрісте салу;
шаблон, клише және бояу таңдау;
шаблондар мен клишелердің тазалығы мен жұмысқа жарамдылығын тексеру;
шаблонды орнату немесе клишені шаблон не клише контурын бөлшектердің немесе бұйымдардың контурларымен дәлме-дәл сәйкес келтіре отырып салу;
түк таңдау және оны орнату бункеріне салу;
бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру, электростатикалық өрістің қажетті өлшемдерін орнату және оны жұмыс барысында бақылау;
түкті жіберуді реттеу, бөлшектер мен бұйымдарды шаңсорғышпен тазалау және кептіру, шаблондар мен клишені ауыстыру.
660. Білуге тиіс:
галантереялық былғары бұйымдарды және бөлшектерді электростатикалық өрісте өңдеу ережесі мен технологиялық режимі, бояулардың түрлері, қасиеттері мен таңдау тәсілдері, қолданылатын жабдықтарды техникалық пайдалану және реттеу ережесі.
Параграф 3. Галантереялық былғары бұйымдарына сурет
салушы, 4-разряд
661. Жұмыс сипаттамасы:
айқын суретті, түстердің және түстердің реңктерінің дұрыс үйлесімін қамтамасыз ете отырып, галантереялық былғары бұйымдар мен бөлшектерге бедері бойынша бояу арқылы қолмен сурет салу;
тиісті реңкті бояуларды таңдау.
662. Білуге тиіс:
сурет салу тәсілдері, сурет композициясының негіздері, түрлі-түсті суреттерді салу тәсілдері, бояулардың қасиеттері және оларды таңдау тәсілдері.
111. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші
Параграф 1. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші, 3-разряд
663. Жұмыс сипаттамасы:
тігін машинасының бөлшектерін ауыстырмай, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу;
нығыздауыштар мен құрылғылардың фурнитураларын ауыстыру;
қайталама және қосымша тігістер салу;
бұйымдарды өңдеу.
664. Білуге тиіс:
қолданылатын жабдықтардың құрылысы, техникалық пайдалану және реттеу ережесі, жөнделетін бұйымдардың түрлері мен мақсаты, дайын галантереялық былғары бұйымның сапасына қойылатын талаптар, галантереялық былғары бұйымдарды өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу тәсілдері мен жүйелілігі, галантереялық былғары бұйымдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.
Параграф 2. Галантереялық былғары бұйымдарын жөндеуші, 4-разряд
665. Жұмыс сипаттамасы:
тігін машинасының бөлшектерін ауыстыра отырып, галантереялық былғары бұйымдарды жөндеу;
бөлшектерді ауыстыруға дайындау (шеттерін босату, желім жағу, бүгу);
бұйымдарды өңдеу.
666. Білуге тиіс:
қолданылатын жабдықтардың техникалық пайдалану және реттеу ережесі, жөнделетін галантереялық былғары бұйымдардың құрылысы, галантереялық былғары бұйымдардың өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және жою тәсілдері, галантереялық былғары бұйымдар мен ауыстырылатын бөлшектерге қойылатын талаптар, қолданылатын материалдардың қасиеттері.
112. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы
Параграф 1. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 1-разряд
667. Жұмыс сипаттамасы:
машинада немесе қолмен галантереялық былғары бұйымдарды желіммен құрастыру және фурнитураны бекіту бойынша қарапайым жұмыстарын орындау.
668. Білуге тиіс:
қолданылатын жабдықтардың техникалық пайдалану және реттеу ережесі, қолданылатын құралының, желім мен фурнитураның, галантереялық былғары бұйымдардың және бөлшектердің түрлері мен мақсаты, қарапайым құрастыру жұмыстарына қойылатын талаптар және орындау тәсілдері, галантереялық былғары бұйымдарды өңдеу ақаулықтары, пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.
669. Жұмыс үлгілері:
1) бұйымның ішкі бөлшектері мен элементтері, чемоданның ағаш рамасы - бекіту;
2) мақта немесе поролон – қаптау алдында төсеу;
3) картон, қағаз және басқа да материалдардан жасалған бөлшектер – бөлшектерге жабыстыру;
4) тойтарма шеге, штатив гайкалар, сағат бауы мен белбеуге арналған қайыс – бекіту;
5) заттар (маникюрлеуде қолданылатын жабдықтар) - несессер сауытына салу;
6) аралықтар, қалталар және басқа да бөлшектер – жабыстыру;
7) тұтқа – жарты сақинаға салу;
8) рамалар, тұтқалар, картон бөлшектер – қаптау.
Параграф 2. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 2-разряд
670. Жұмыс сипаттамасы:
машинада немесе қолмен бұйымдардың бөлшектерін құрастыру бойынша күрделілігі орташа жұмыстарын орындау.
671. Білуге тиіс:
күрделілігі орташа технологиялық жабдықтар мен құралдардың түрі мен мақсаты, қызмет көрсетілетін жабдықтардың мақсаты мен жұмыс қағидаты, күрделілігі орташа құрастыру жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар және орындау тәсілдері, бақылау-өлшеу құрылғыларының мақсаты мен қолданылу шарттары.
672. Жұмыс үлгілері:
1) рамадан басқа барлық түрлі сыдырмалар – орнату;
2) жолға шыққанда ұстайтын және қатты құрылымды бұйымдар – іші-сыртын желімдеу;
3) металл пластиналар (рамалар) – салу, ию, және ұштарын бекіту;
4) сыртқы бөлшектер - фурнитураның көмегімен немесе ыстық күйінде бекіту;
5) сақина етіп біріктірілген кедір-бұдыры белбеулер - чемоданның түбіне тарту;
6) чемодан, балет қобдишаларға, портфельдер мен аспалы сөмкелерге арналған тұтқалар – дайындау және құрастыру;
7) сөмкеге тағатын сыдырмалар – баптау;
8) чемоданның бұрыштары, ілгектері, қапсырмалары, люверстері, блоктары, тойтармалары, карабиндері, пукельдері, металл әшекейлері, рамалары мен кранцтері – бұйымдарға бекіту;
9) сағат бауы мен белбеу - фурнитураның көмегімен құрастыру;
10) сағат бауы – бауын тарту;
11) галантереялық былғары бұйымдардың бөлшектеріне ішпек.
Параграф 3. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 3-разряд
673. Жұмыс сипаттамасы:
машинада немесе қолмен желім, фурнитура, былғары ұстау көмегімен галантереялық былғары бұйымдарды және бөлшектерді құрастыру бойынша күрделі жұмыстарды орындау.
674. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, фурнитураны қолдану құрылысы мен тәсілдері, күрделі құрастыру жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар және орындау тәсілдері.
675. Жұмыс үлгілері:
1) ботан немесе ботанның бөлігі - чемоданның корпусы мен қақпағына тарту, чемоданға салу;
2) сыдырма, тұтқа ұстағыштар, тұтқа және басқа да фурнитура – кейіннен тойтармасын ала отырып оны тойтарма шегемен бекіту;
3) дүрбі, фотоаппарат, музыкалық аспаптарға арналған сауыттардың қаңқасы – дайындау;
4) чемодандар мен балет қобдишалардың корпустары, қақпақтар - дайындау;
5) әмиян мен балалардың сөмкесіне арналған рамалық сыдырмалар – орнату;
6) сөмкенің, портфельдің, аспалы сөмкенің, папканың ботанды, сыналы, түбі бар қабырғалары, корпусты чемодандардың қақпақтары мен бүйір қабырғалары - желім, фурнитура, былғары ұстау көмегімен құрастыру;
7) аралық - әмиян мен балалардың сөмкесіне арналған металл рамаға раманы қыса отырып бекіту;
8) сөмкелер, папкалар, портфельдер мен басқа да бұйымдар – картонға керу, үстіңгі жиегін бүгу;
9) фанера ботандар – дайындау және құрастыру.
Параграф 4. Галантереялық былғары бұйымдарын құрастырушы, 4-разряд
676. Жұмыс сипаттамасы:
машинада немесе қолмен галантереялық былғары бұйымдарды құрастыру бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау.
677. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, аса күрделі құрастыру жұмыстарды орындау тәсілдері, қолданылатын технологиялық жабдықтар мен құралдардың түрлері мен мақсаты.
678. Жұмыс үлгілері:
1) көп қабатты ботандар – таспа материалды шаблонға орау;
2) рамалы сыдырмалар - әмиян мен балалардың сөмкесінен басқа барлық бұйымдарға орнату;
3) аралық - әмиян мен балалардың сөмкесінен басқа бұйымдардың металл рамаларына орнату.
113. Қаптама сауытшы
Параграф 1. Қаптама сауытшы, 1-разряд
679. Жұмыс сипаттамасы:
дайындық жұмыстарын орындау: картон сыздықты қағазбен және коленкормен жабыстыру, бүйір қабырғалардың құндақтарын картон негізді қаптама сауыттарға құрастыру.
680. Білуге тиіс:
қағаз, коленкор мен картонның сапасы мен қасиеттері, қолданылатын желімнің түрлері, бөлшектер жасалатын қаптама сауыттардың түржиыны, өңдеу материалдарының бетіне желім қоспасын жағу тәсілдері.
Параграф 2. Қаптама сауытшы, 2-разряд
681. Жұмыс сипаттамасы:
фанера немесе картон негізді қарапайым қаптама сауыттарды жасау.
қаптама сауыттың картон негізін айналдыру немесе қақпақ дайындамасы мен қаптама сауыттың корпусын жетілдіре отырып, бүйір қабырғаның дайындамаларынан жинақтау әдісімен құрастыру.
сыртқы және ішкі фаскаларды алу.
қолмен тазалай отырып, тегістеп сылау.
қаптама сауыттың сыртын бояу, суретті өңдеу, штрихтеу.
қаптама сауыттың бүйір қабырғасына арналған картон дайындамаларды жабыстыру.
парақ немесе дайындама картонды жабыстыру.
қаптама сауыттың фанера, металл немесе картон ұстағыштарын құрастыру.
сақина, сырға, түйреуіштерге арналған қаптама сауыттың сыртын және барлық сауыттардың ішін қағазбен өңдеу;
қақпақты корпусқа жұмсақ бекіту;
металл шарнирлер мен сыдырмаларды қолмен құрастыру.
682. Білуге тиіс:
сырты қағазбен немесе қағаздағы ледеринмен қапталған сауыт жасаудың технологиялық процесі, жабдықтар мен құрылғылардың мақсаты және қолдану тәсілдері, желімдердің түрлері және желім ерітінділері мен мастиканы дайындау ережесі.
Параграф 3. Қаптама сауытшы, 3-разряд
683. Жұмыс сипаттамасы:
фанера немесе картон негізді күрделілігі орташа қаптама сауыттарды, өлшемдерін шаблон немесе өлшеу құралдарының көмегімен тексере отырып жасау. Фанера негізді бүйір қабырға дайындамаларынан түбін қақпаққа және қаптама сауыттың корпусына жабыстыра отырып, құрастыру;
негізін түзету: қаптама сауыттың фанера негізінің жазықтығын, көлденең және тік қырларын сылап түзету;
станокта тазалай отырып, тегістеп сылау;
қаптама сауыттың сыртын матадағы ледеринмен, жартылай барқытпен және қағазбен өңдеу, қақпағына салатын жастықшаны дайындау және салу, жібекпен және барқытпен немесе оларды алмастырғыштармен өңделген, қарапайым жеке құрастырылған тұғыр-ұстағыштары бар ішпегін дайындау және оны қаптама сауыттың корпусына орнату;
фольганы пайдалана отырып фирма таңбасын басу, әртүрлі суреттерді қағазға, былғарыға, жібекке және басқа да материалдарға ыстық тәсілмен нығыздауыштарда, құрылғылармен немесе қолмен салу;
металл шарнирлер мен сыдырманы нығыздауышта немесе қолмен бекіту.
684. Білуге тиіс:
қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі, жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардың құрылысы және пайдалану ережесі;
қолданылатын материалдардың техникалық шарттары, желімнің, сылақтың құрамы мен рецептурасы, күрделі емес сызбаларды оқу ережесі.
Параграф 4. Қаптама сауытшы, 4-разряд
685. Жұмыс сипаттамасы:
музыкалық аспаптарға, дүрбілерге, кино және фотоаппараттарға, бір, екі, үш, алты және он екі адамдық ас ішетін құралдарға, жоғары көркемдік бұйымдарға арналған көрмеге қоятын тұғырларға, блокноттарға, бюварларға арналған күрделі, іші-сырты былғарымен, күдерімен, барқытпен және жібекпен немесе оларды алмастырғыштармен қапталған қаптама сауыттарды жасау;
кесілген ағаш дайындамаларды немесе фанерды бүйір қабырғаның негізіне және түбіне арнап кесу, негіздің көлденең қырларын және оның кесіндісін қақпаққа және корпусқа арнап өңдеу;
ағаштың әртүрлі тұқымы мен фанерадан лакталған және жылтыратылған қаптама сауыт жасау;
жоғары көркемдік зергерлік бұйымдарға арналған қаптама сауыттарды үлгілер бойынша жасау және корпусына әртүрлі пішінді ішпектерді салу;
астары мен үлбірін қалыпқа тарту, артық жерлерін кесу, түбін салу. Спирт және сілті политра, бояу сияқты мастика жасау.
686. Білуге тиіс:
қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі;
қолданылатын жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі;
ағаш тұқымы мен ағаштың негізгі қасиеттері, олардың ақаулықтары және бұйымдардың сапасына тигізетін әсері;
өңдеу материалдардың мақсаты мен қасиеттері, лактау, жылтырату, фанерлеудің тәсілдері.
Параграф 5. Қаптама сауытшы, 5-разряд
687. Жұмыс сипаттамасы:
көрмеге қоятын тұғырлардың, бюварлардың аса күрделі жаңа модельдерін жасау, ас ішетін күміс, хрусталь бұйымдарға, шарап және ликер ішетін құралдарға, 4-8 ыдысы бар шай және кофе ішуге арналған жинаққа және бірегей және жоғары көркемдік зергерлік бұйымдарға арналған қаптама сауыттарды үлгі, эскиз, сызбалар бойынша қолмен жасау;
жеке тәртіппен орындауды талап ететін, қаптама сауыттар мен қобдилардың іші-сыртын өңдеу үшін өңдеу материалдарын таңдау.
688. Білуге тиіс:
қаптама сауыт жасаудың технологиялық процесі, өңдеу материалдарының мақсаты мен қасиеттері;
бұйымдарды қаптама сауыттарға салу ережесі, өңдеу материалдарын таңдау, сызбаларды оқу ережесі.
7-бөлім. Қайыс ер-тұрман өндірісі
114. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы
Параграф 1. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы, 1-разряд
689. Жұмыс сипаттамасы:
белгілі бір ұзындықты, қалыңдықты, тығыз ширатпаны (қамыт пен қамыттың төсемесіне арналған сабан білік) қолмен жасау. Ширатпаны капрон жіппен тарту.
690. Білуге тиіс:
ширатпа жасау тәсілдері, ширатпаның формасы мен өлшемдері, қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;
қайыс ер-тұрман бұйымдардың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары.
Параграф 2. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы, 2-разряд
691. Жұмыс сипаттамасы:
сабан айналғыш пен киіз төсемені қолмен дайындау;
поливинилхлорид (бұдан әрі - ПВХ) немесе жөке таспасымен тарту, айналғыштың жоғарғы жиектерін бекіту;
айналғышты соққылау.
692. Білуге тиіс:
қайыс ер-тұрман бұйымдарды және бөлшектерді тарту және бекіту тәсілдері, айналғыштың формасы мен өлшемдері;
ортасында және шеттерінен тартудың диаметрін сақтай отырып қайыс ер-тұрман бұйымдардың арту тығыздығы.
115. Бөлшектерді бекітуші
Параграф 1. Бөлшектерді бекітуші, 1-разряд
693. Жұмыс сипаттамасы:
металл фурнитура, былғары және басқа да бөлшектерді тойтарма шегемен, хольнитендермен, кнопкалармен, планкамен, басұштармен машинада немесе қолмен бекіту, жіптің ұштарын ілмектерін түю арқылы бекіту.
694. Білуге тиіс:
металл фурнитураны, былғары және басқа бөлшектерді бекіту, жіптердің ұштарын түю және ілмек байлау жерлері мен ережелері, бөлшектерді бекітуге қойылатын талаптар, фурнитураға қойылатын техникалық талаптар, олардың түрлері мен мақсаты, бөлшектерді бекітуге арналған құралдарды пайдалану ережелері.
Параграф 2. Бөлшектерді бекітуш, 2-разряд
695. Жұмыс сипаттамасы:
таспалы және доғалы қаптаманы ер тоқымның қабына, қанжығасын қос аттық қамытқа, далалық офицер сөмкесінің фурнитурасын, бөлшектерін ер тоқым қаңқасына тойтарма шегемен бекіту;
тұтқаларды, металл рамаларды, бұрыштары мен басқа да бөлшектерін жүкке, бөлшектерді ер тоқым қаңқасына, бұрыштары мен фурнитурасын чемоданға тойтарма шегемен бекіту;
бекіту жерлеріндегі, ат жегу әбзелдеріндегі, ер тоқымдағы машинамен тігілген тігістерді жіппен, иленбеген құлақбаумен бұйымның бастарын бірнеше бұрамға бұрап машинамен немесе қолмен тігу.
696. Білуге тиіс:
бекітудің технологиялық операцияларын орындауға;
тігу сапасына қойылатын талаптар;
машинамен тігілген тігістерді бекіту ережесі, біз, ине, жіптердің нөмірлері, қолданылатын жабдықтың мақсаты.
Параграф 3. Бөлшектерді бекітуші, 3-разряд
697. Жұмыс сипаттамасы:
қанжығаны арба қамытының қысқашына қанжығадағы гайканы машинамен немесе қолмен бұрай отырып, бекіту;
каркастарды жүк чемодандарына қою және оларды тойтарма шегемен бекіту;
қанжыға болттарын қамыт қаптың бүйір бөлігіндегі және қысқыштағы саңылау арқылы өткізу. Гайканы бұрау, қамытты қысқышқа шегемен, чемодан мен бөлшектердің бұрыштарын, жоғары өрмелеушілердің белдіктерінің бөлшектерін тойтарма шегемен бекіту.
698. Білуге тиіс:
шегені қағу ережесі мен орны, шегелердің сапасы және олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігі;
қолданылатын жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі.
Параграф 4. Бөлшектерді бекітуші, 4-разряд
699. Жұмыс сипаттамасы:
қамыт төсемені қысқышқа машинамен немесе қолмен сала отырып, қамыт төсемесін қысқышқа шегемен бекіту;
ердің қастарын қаптал қатарларына, ұяшыққа үш бұрышты планка орната отырып, бекіту.
700. Білуге тиіс:
қаптал өлшемдері, қаптал ерінің қасы мен үш бұрышты планканы орнататын жер;
олардың орналасуының симметриялылығы, белгілеу орындары, қолданылатын жабдықты реттеу ережесі.
116. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы
Параграф 1. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 1-разряд
701. Жұмыс сипаттамасы:
қайыс ілмектерді, далалық сөмкелерді құрастыру, қайыс құрақты алдыңғы теңнің кобурасына және ат қоржынға кигізу, терлік қақпағының розеткасын құрақпен орау, жүгенді, тоқымның подперсьесін құрастыру, жұптап таңдау. Қамыттың тамақ бауын кептіру алдында оны рамаға керу және бекіту;
құраққа розетка өткізу арқылы қайыс құрақты ер тоқым терлігі арқылы өткізу;
құрақты қамыттың қаптамасының алдыңғы жиегіндегі саңылаудан өткізу;
қондырылған белдіктер мен күрделі құлақбауларды тік сызықты қалып беру үшін ұзын бойы бойынша түзету;
баулар мен құлақбауларды бума етіп байлау.
702. Білуге тиіс:
қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырудың технологиялық операцияларын орындау ережесі;
қайыс ер-тұрман бұйымдардың құрамына кіретін бөлшектердің жиынтығы, бұйымдардың өлшемдері.
Параграф 2. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 2-разряд
703. Жұмыс сипаттамасы:
жегін және ауыл шаруашылық тоқымды құрастыру, дайын қайыс ер-тұрман бұйымдардың бауларын, күнделікті далалық офицерлік жабдықтарды өру және горттың, айылдың көмегімен оларды дайын өнім етіп біріктіру, белдіктерді техникалық шарттарға сәйкес тігу;
қажетті қалып бере отырып, ызбаны тоқымның қапталына тарту;
бұрғылау станогында тірек үшін қысқаштан саңылау бұрғылау;
шпеньді қысқышқа салу, бауларды бұрау және ұштарын шегемен бекіту;
қамыттың тамақ бауы мен белдіктерді арнайы құрылғымен тегіс орналасуын және бұрандалардың тығыз жымдасуын қамтамасыз ете отырып, қамыттың тамақ бауы мен белдіктерді бұрау арқылы бұйралау;
қысқаш мүйіздерінің саңылауларын төсемемен бекіту;
қайыс бауды қысқашта тесу. Қамыттың тамақ бауын қамыттың қысқашына бекіту;
қысқыштың төменгі мүйіздерін орау және тамақ баудың бос ұшын тарту.
былғары клапанды қамыттың төсемесіне тігу:
киіз күнқағарды бекіту. Қайыстан қолмен қамшы өру.
қамыттың қанжығасын және ердің қасының басын өру. Сабан айналманы, қайыс бауды, сөмкенің ботанын былғарыны алдын ала дымқылдатып, былғарымен қаптау;
қатпарларды, бүрмелерді тегістеу. Қапталатын материалдарды қалыптағы бөлшектерге жіппен, арқанмен байлау.
704. Білуге тиіс:
қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, бөлшектерді бекіту орындары, дәнекер бауын бұрау ережесі;
қамыттың, саңылаулар мен бұрғылардың өлшемдері, саңылауларды бітеу, тартып қаптау ережесі;
былғарыны жұмсартудың технологиялық режимі, құрастырудың технологиялық операцияларын орындауға және қайыс ер-тұрман бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
жабдықты пайдалану ережесі.
Параграф 3. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 3-разряд
705. Жұмыс сипаттамасы:
ердің қасының көмегімен жегін және артиллериялық қамыттар мен тоқымдарды, қаптал етегін құрастыру. Қапталдың қасын құрсаулау, құрсаулаудың шығып тұрған жиектерін және тойтарма шегелерді қолмен немесе тегістеу дөңгелегімен тазалау;
бірнеше қайыс бауды бір бұйым етіп бір баудың ұшын екінші баудың тілінген басы арқылы өткізе отырып және оны қажетті қалыпқа салып түйіп байлап, өру; қамытты қаптамамен тартып қаптау; қатпарлары мен бұдырларын ағаш құралмен тегістеп жазу. қасқыштағы қаптаманың ұштарын шегемен тесу;
бұйымдардың талап етілетін қалыбын, қаптамасының тығыз жабысуын және берік жабысуын қамтамасыз ету;
тегіс тартпаның тығыздығын қамтамасыз ете отырып, қапталды қайыс құрақпен құрылғыда талшықтау;
сүргі мен тебінгіні қапталдың етегіне қайыс баумен, тігісін тығыздап тарта отырып байлау;
фигуралық орналастыра отырып, бау арқылы қанатшаларын тесу. Тамақ бауды машинамен өру.
706. Білуге тиіс:
қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру және қайыс бауларды өру тәсілдері;
қайыс баудың беріктігіне, бұйымның сапасы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар;
бұйымдардың техникалық талаптары, былғарының қасиеттері, талшықтау және жабдықты пайдалану ережесі.
Параграф 4. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 4-разряд
707. Жұмыс сипаттамасы:
бірнеше қайыс бауды бұйым етіп бір баудың ұштарын екінші баудың қос тілігі арқылы өткізе отырып, оған жегу және ер тоқым бұйымдарында өрме түйіннің қалыбын бере отырып, түйін етіп түйіп өру арқылы құрастыру;
қапталды құрастыру және оны тор (лекала) бойына – қапталдың сөресі мен ердің қасын таяқтарға келтіру (түзету);
қаптал қастарын бекіту орындарын шаблон бойынша белгілеу;
қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру сапасын бақылау;
қамыт төсемесін, ердің тоқымын алдын ала ылғалдандыра отырып былғарымен, жасанды былғарымен, киізбен қаптау;
қатпарларды, бүрмелерді тегістеу.
708. Білуге тиіс:
қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, қамыт төсемесін, ердің тоқымын қаптау ережесі;
қайыс ер-тұрман бұйымдарға кіретін бөлшектерді құрастыру.
Параграф 5. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы, 5-разряд
709. Жұмыс сипаттамасы:
ер тұрманды құрастыру;
ер тоқымның қапталы мен ер тоқымның отырғышын алдын ала ылғалдандыра отырып, былғарымен қаптау, қатпарлар мен бүктемелерді түзету (тегістеу);
былғары қаптамалардың жиектерін қалыптау және бітеу.
710. Білуге тиіс:
қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастыру тәсілдері, қапталды, ер тоқым мен тоқымның отырғышын қаптау ережесі;
қайыс ер-тұрман бұйымдардың техникалық шарттары, қайыс ер-тұрман бұйымдардың түрлері;
қапталатын бөлшектердің қалыптары мен өлшемдері, қолданылатын қосалқы материалдардың түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |