Бағыты: Педагогика Секция



жүктеу 463,5 Kb.
Дата13.01.2020
өлшемі463,5 Kb.
#26454


ҒЫЛЫМИ ЖОБА


Тақырыбы: Тері илеу


Бағыты: Педагогика
Секция: Педагогика

Жоба авторының аты-жөні: Ербосын Інжу

Алматы қаласы Әуезов ауданыңдағы

Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп

гимназиясы 3 «А» сынып оқушысы

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Баубекова Жазира Баубековна

Алматы 2018 жыл

Алматы қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп –гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы Ербосын Інжудің«Тері илеу»тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына

Пікір

Ербосын Інжу осы тақырып бойынша деректер жинақтап, тақырыптың мазмұнын ашуда бұрынғы тері илеу мен қазіргі тері илеу технологиясының арасындағы айырмашылықтарды зерттей отырып, тиімді, тиімсіз жақтарын зерттеу барысында шығармашылық қабілеттілік танытқан.

Тақырып шешудің нақты жоспарын жасаған. Ол тек қана теориялық біліммен қаруланып қоймай, осы мәселенің негізін практика жүзінде көбірек қарастырған. Өздігінен бірнеше зерттеу жасап, тері илеудің жолдарын үлкен әжелерден сұрастырып, илеу жолдарының табиғи жолын зерттеп өз көзімен көріп, тері илеу жолына өз үлесін қосқан оқушы. Ол бұрынғы замандағы тері илеу жолы тек қана табиғи жолмен жасалатынын зертеген болса, ал қазіргі заманда барлығы заводтарда химиялық қоспалар қосу арқылы жасалатынын салыстырмалы түрде зерттеуді қолға алған оқушылардың бірі. Қазіргі замандағы тері илеу технологиясымен танысу үшін өзіміздің "Елтай" округі "Ақсеңгір"ауылында орналасқан "Тері илеу" заводына барып химиялық жолмен иленген теріні көріп, өз үлесін қосқан ізденімпаз оқушы. қазіргі заманда тері илеудің адамға тигізер пайдасы бар екендігін дәлелдеп, біздің көзімізді жеткізді . Осы зерттеу тақырыбында табиғи жолмен иленетін терінің адамға қаншалықты пайдалы екендігін нақты деректермен зерттеген. Тақырып жобада өте айқын және нақты берілген, құндылығымен және өзектілігімен ерекшеленеді. Ғылыми жұмыстың көлемі мен мазмұны талапқа сай орындалған. Ғылыми жұмысты «өте жақсы» деп бағалауға болады

Аннотация
Бұл ғылыми жоба жұмысында «Тері илеудің маңызы» жайлы айтылып; қазіргі өмір талабына сай адам өмірінің әртүрлі салаларында қолдаылуы жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану туралы айтылады .

Жобаның І - тарауында тері илеудің дамуы, қазіргі заманда қолданылуы, автоматтандыруы туралы баяндалады.

Жобаның ІІ – тарауы Тері илеудің атқаратын міндеттері, қазіргі заманда тері илеп пайдаланылуы, оның пайдасы мен зияны қарастырылады.

Ұсынылған жоба адам өміріндегі тері илеудің маңызын негізге ала отырып құрылғандықтан, жұмыс істеу тәжірибесі бар кез-келген пайдаланушы оны ешбір қиналмай-ақ қолдануына алатындығына айтылған.

МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ ................................................................... ................













1

ТЕРІ ИЛЕУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ......................












1.1

Алғашқы тері илеуге талдау






















2

АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ТЕРІ ИЛЕУДІҢ РӨЛІ













2.1

Тері илеудің пайдасы мен зияны ..........................................













2.2

Қазір тері илеудің қолданылуы...........................

















ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................... ....
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................






КІРІСПЕ

Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасы- енетін тері илеу.Тері илеу – ата-бабаларымыз арғы ғасырларда өздері шұғылданған мал өнімдерінен күнделікті тұрмыс­тарына қажетті бұйымдарын жасап, қолөнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Бұрынғы қазақ тұрмысына пайдаланатын тері, жүн, ағаш сияқты материалдан жасай­тын ыдыстар күннен-күнге сиреп барады.

Теріилеудің ерекшелігі – аңдар мен төрт түлік мал терілерінен илеп дайындайды. Тұрмыста қолай­лы, жеңіл түрлері де көп. Көлемі ықшам, салмағы жеңіл, алып жүруге икемді, сыйымдылығы жоғары, әркім өз қажетіне қарай жасап алуға болатын, көшіп-қонуда ат көліктерімен алып жүріп, тасымалдауға қолайлы, ұлттық мәдениетіміздің ертеден қалыптасқан түрі.Олар теріден саз аспаптарын, ер тұрман жабдықтарын,ыдыс түрлерін жасаған,киім кешектер тіккен.Саз аспапатарынан қобыз, шертпе, адырна, ұрмалы; ер-тұрман жабдықтарынан тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, торсық; ыдыс бұйымдарынан торсық,кесеқап,саба,мес.т.б;киім-кешектерден сыртқы киім, мәсі, кебіс, т.б тіккен.

Зерттеудің мақсаты:ата – бабабаларымыздыңұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту.Табиғи терінің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: тері илеу күнделікті тұрмыста, өндірісте кеңінен қолданылуын көрсету.


І – Тарау

ТЕРІ ИЛЕУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан ұрпаққа жеткен қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Қолөнер туындыларын жасау белгілі бір көркемдік ұстанымды сақтауға талап етілетіні белгілі.

Қазақ халқының өнер саласындағы тәлім-тәрбиесі, мақал-мәтелдері шеберлікке, ұстамдылыққа, жігерлілікке қолдау беріп әсерін тигізіп отырған. Мысалы: «Бай болмасаң бай болма, өнер-білімге сай бол»,-деген халық нақылы, «Ерінбеген өнер табар,шегіне берген соңына қалар», -деген даналық сөздері тегін айтылмаса керек. Халқымыздың ұлы ойшылы, дана-ақын Абай атамыз: «Демеңдер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық. Әуелі өнер ізделік ,қолдан келсе, Ең болмаса еңбекпен мал табалық»,-дегендей қазіргі нарықтық экономикаға байланысты өнімді еңбекті жандандырып, ұлтымыздың баға жетпес қазыналарын жасап, әлем елдеріне,елімізге келген шет елдіктерге көрсетіп, біздің өзіндік өнеріміз бен дәстүр-салтымыздың қалыптасқандығын мақтанышпен айтатын кезіміз келді.Біз осындай өнерді бағалаған елдің ұрпағы екендігімізді мақтан тұтуымыз қажет. Адам баласы өте ерте заманннан бері жан-жануарлардың етін тамақ, терісі мен жүнінен киім тігіп, сүйегі мен мүйізінен еңбек құралдарын, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасады.

Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.

Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін – жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.

Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2—3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.

Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. Тігіліп дайын болған торсықты (сабаны, көнекті) өзен судың жағасына апарып, ішіне ыстық құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4—5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші тысын тұздалған сармаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға әзір тұрады. ЬІстық орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені 40—45 см, тереңдігі 35—40 см, ұзындығы 10—15 м жыра қазылады. Мұның жар не апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның өн бойының екі жақ қабырғасына кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалытқыларда бөгеледі де, шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып қояды.

Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т. б. шөптерді қоса жағады. ЬІсты әдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін. Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5—6 айға дейін жібімейді де, көгермейді . Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет.

Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды.

Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет шайқайды. Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6—9 күн, ірі қара терілері 15—20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген. Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған и. Қоян, түлкі, бұлғын, қарсақ, тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1—2-ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны «сабаулау» деп атайды. Мысалы, жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7—8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.

Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатудың тиімді тәсілі — қабыққа салып бояу. Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол диірменмен тартады. 11-12 қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтаталған 4—4,5 кг қабықты бір жарым-екі шелек суга салып, тұзын татытып қайнатады. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстеп су құяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сұйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды тоқтатып, қабықтың ұнтағын сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою-сүйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырдасынмен теріге жағады. Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір-екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні тобарси бастаған соң-ақ қолмен уқалап созғылайды.


2

АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ТЕРІ ИЛЕУДІҢ РӨЛІ

Мал терісін илеудің ел арасында кең тараған көптеген түрлері бар.Мал терісі негізінде жондық,сауыр,бауыр, қабырғалық,үйектік, пұшпақ,мойын деген бөліктерге бөлінеді. Терінің ең сапалы тұсы малдың жоны мен сауырында, қабырғалық деп аталатын қос қапталында болады. Мойын терісі олардан сәл жұқалау келеді..

Ал бауыр терісі мен пұшпақтары өте жұқа болады.

Мал терілерінің түрлері


Қой терілері

Сиыр терісі

Жылқы терісі

Түйе терісі

Ешкі терісі

Тоқтышақ

Тайынша

Бие

Атан

Тақыр

Тықыр

Бұзау

Құлын

Бота

Жүндес

Сеңсең

Өгіз

Жабағы




Лақ мари

Соғым










Түбітті

Мари










Серке

Жылбысқа










Лақ

Қырықпа













Күздік













Жабағы












Терісі ең қалың мал-сиыр, содан-соң түйе терісі, ал ең жұқа тері-жылқы терісі. Аң терілерінің ( түлкі,қарсақ, қоян,т.б) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы-жұқа. Терілері жұқа болғандықтан иіні жылдам қабады. Олардан бас киім, жаға, т.б. заттар тігеді. Терінің өзі негізгі үш қабаттан түзіледі.



Теріні тазалау үшін жаңа сойылған мал, әсіресе ешкі терісінің ішіне қоймалжың әк борды (ізбес) жағып,теріні тұмшалап орап, арнаулы жылы су құйылған ыдысқа батырып, салып қою керек.Бұл әдіспен даярланған терінің иісі мүлдем шықпайды. Майлы терінің майын сорғыту үшін оған ашытқыны немесе қызыл кірпіштің ұнтағын, бор,сор,күл сеуіп бірнеше тәулік бүктеп тастайды. Оны халық тілінде «былжыр» дейді.Терінің жидігеніне әбден көз жеткізгеннен кейін тері жиырылып кеуіп қалады. Оны екінші мәрте жылы суға жібітіп,қолмен созып, талқымен еттерін қырып тағыда керіп тастайды. Бұтағы аша болып өскен, ашасының арасына көлденең ағаш бекітіліп, кәдімгі А әріпіне ұқсатып жасалған, жануарлардың терісін кигізіп, керіп кептіру үшін кергіш құралын қолданады.



Тері қолөнер бұйымдарының ішінде айырбасталмайтын шикізатқа айналды. Мал терісін илеудің ел арасында кең тараған көптеген түрлері бар. Солардың ішінде негізгі екеуіне тоқталайық. Біріншісі, ағаш күбіге немесе басқа кең ағаш ыдысқа айранның сарысуына, ашыған іркітке ұн, кебек, тұз салып ашытады да, теріні соған салады. Екіншісі, терінің бетіне ұн, тұз араластырылған іркіт жағу арқылы орындалады. Бұларды иі жағып илеу дейді. Мал терісін өңдеу тәсілдерінде көптеген ерекшеліктер бар. Олар қай түліктің терісінен қандай бұйым жасалатынына байланысты. Мәселен, сырт киім, бас киім тігуге арналған қозы, лақ, құлын терілерінің немесе әр түрлі аң терілерінің жүнін алмай илейді. Аяқ киім не басқадай үй бұйымын жасауға немесе оларды көркемдеуге арналған теріні талқыдан соң қолмен уқалап, қырып өндейді де, қара қоңыр түсті бояуға бояйды.



Теріні кептіру жүннің қалыңдығына және ауаның ылғалдылығы мен ауа алмасуының уақытына байланысты терінің кебу процестері де әр түрлі болады. Егер ауаның жылылығы 20-25 градус болса, онда 48-64 сағатта, ал 15-18 градус болса шамамен 72 сағатта кебеді.

Теріні бояу үшін көп қолданылатын шикізат-ағаштардың қабығы мен өсімдік тамырлары.

Тері бояудын екі түрлі мақсаты бар: біріншісі – теріге өң беру, екіншісі – теріні неғұрлым су өтпейтін етіп ширықтыру. Тері бояудын ең көп тараған әдісі – ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы,сондай-ақ жер қынасын, томарбояуды, шөп тамырын, шеңгелдін, көк тікеннің бүрлері де кеңінен пайдаланады.

Теріні талдың,еменнің,қара мойылдың,май қарағайдың қабықтарымен бояйды.Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді.Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді.Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген,қураған ағаштардан жинайды.Жиналған қабықты жылы сумен жуып,кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол дирменге салып тартады.Оны суға салып,тұзын татытып қайнатады.Бояуы шығып,қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды.Қайнатылған бояу қанжылым болып суыған соң,теріні бояуға қолданады.
Тері бояудың екінші түрі-томарбояу.

Тамыздың басында қурайдың түбін қазып алады да,оны жуып ыдысқа салып қайнатады.Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.Теріні қынаменде бояйды.Қына жерге жабыса өсетін өсетін өсімдік,мұны күздігүні жинап әкелісімен тазартып,жылы сумен жуып алады да,қайнату арқылы бояуын шығарады.Қынаның басытқысына тұз,ашудас, мүсәтір,аздап май құяды.Қына бояуы жүн жіптерге,теріге жақсы жұғады.Осы әдіспен боялған теріден неш түрлі бұйымдар жсауға болады.

Илеуі қанып,бояуы сіңген теріні немесе қазіргі кезеде химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынған материалды былғары дейді.Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды және тұтынуға төзімді әрі әдемі.Былғарының бірнеше түрлері бар.Олар көксауыр,опайке,былғары,хром,көзел,шегірен,сақтиян,ұлтан.

Ата-бабаларымыз теріден саз аспаптарын,ер тұрман жабдықтарын,ыдыс түрлерін жасаған,киім кешектер тіккен.Саз аспапатарынан қобыз,шертпе,адырна,ұрмалы;ер-тұрман жабдықтарынан тоқым,құйысқан,өмілдірік,жүген,қамшы,торсық;ыдыс бұйымдарынан торсық,кесеқап,саба,мес.т.б;киім-кешектерден сыртқы киім,мәсі,кебіс,т.б тіккен.



(тақтадағы көренкіліктер арқылы түсіндіреді)


Саба-қымыз құятын ыдыс. Жаңа сойылған жылқы терісін кептіріп,құрымға салып қатырып,ыстайды.Сыйымдылығы 100 литрге дейін болады.Сабаны той-думанда және үлкен астарда пайдаланады.

Ыс дегеніміз-түтін тозаңнан байланатын қара дақ.Ыс салу жұмысы тобылғы бүршіктенісімен жүзеге асырылады.

Көксауыр –жылқы мен серке терісінің сауырынан(жонынан)жасалады.

Көнек-бие саууға арналған ыдыс(көнек шелек) шәугінге ұқсас келеді.Оны түйенің мойын терісінен тігіп,бедерлі өрнекпен әшекейленген,бие саууға қолайлы,сыйымдылығы 3 литрге дейін.

Қазақ шеберлерінің ішінде ел арасында тұрып, тері илеуді кәсіп еткендер аз емес. Ондай іскерлер негізінен Орал, Өскемен, Семей, Омбы, Орынбор, Ақтау, Алматы, Тараз, Қызылорда т.б. өңірлерде теріні кең көлемде кәсіп еткен. Олар ер-тұрман жабдықтарының ішінен тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, тартпа т.б. бөліктерін теріден жасаған.

ІІІ.Машықтық кезең

Қамшы ер-тұрман жабдығы.Атқа мінген адамды қамшысыз елестету мүмкін емес. Қамшы - біріншіден атың жылдамдығын арттыру үшін қажетті құрал болса, екіншіден қару ретінде де пайдаланылған. Басына қорғасын құйылып өрілген бұзаубас қамшылармен дәлдеп ұрғанда қасқырдың тұмсығын қақ бөлуге де болады. Қамшы түрлері: дүре қамшы, дырау қамшы, бәйге қамшы, көкпар қамшы алты өрім, сегіз өрім, тоғыз өрім т. б. Ата - бабаларымыз қамшының сабын тобылғыдан, өрімін таспалап тілінген қайыстан өрген.
Қамшының білекке киілетін ілмек бауын бүлдірге деп атайды.

Халық әніндегі:

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі.

Бір сөз айтқым келеді күлдіргелі - деген жолдар осы сөзімізге дәлел бола алады.

Қамшы киелі бұйымның бірі,оны сыйға тартуға болады.
Мәлімет:

Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35 - 37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Тері үш қабаттан тұрады.

1. Эпидермис – терінің сыртқы берік, жылтыр қабаты. Ол ылғалды клеткалардан түзіледі де ұсақ қан тамырлары мен тері тесіктері арқылы қорек алады. Терінің түгі эпидермис қабатын тесіп өтіп негізгі қабатынан басталады.

2. Терінің негізі – өте серпімді коллагенді талшықтардан түзіледі. Коллаген талшықтары әр түрлі бағытта тұтаса орналасқандықтан терінің серпімді әрі өте берік болуын қамтамасыз етеді.

3. Шел – деп аталатын қабаты көк етпен астасып жатады. Терінің астындағы клетчаткалардан түзіледі. Иленген терінің шелі түгел алынады.

Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған заманда синтетикалық бұйымдардың көбейіп кетуі, адам ағзасына кері әсер етуі табиғи жүндердің жоқ болып кетуіне себепші болып отыр. Осыған орай тері илеу технологиясын сіздердің назарларыңызға ұсынғым келіп отыр.



Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды. Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды). Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6—9 күн, ірі қара терілері 15—20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы. Иленіп, кептірілген теріні қырады.Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязы шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған не ұн, не ұнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады. Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған. Қоян, түлкі, қарсақ, тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1—2-ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны «сабаулау» деп атайды. Мысалы, жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7—8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.

Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған  теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді. 

Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг  теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.

Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке  қаратып, соңғы рет кептіреді.Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.

Сату. Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.



Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған.  Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әртүрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген.  Бояуларды өсімдіктерден және жергілікті жерде өндірілетін түрлі минералдардан алған.  Сары, қоңыр, тоқсары, қызыл, күрең қызыл, қан қызыл және басқа бояғыштар алынатын негізгі өсімдік риян мен оның тамырлары болған. Мысалы, қанық сары бояғыш алу үшін ашудастан жасалған арнайы ертіндіге тамырды көп мөлшерде салып қайнатқан. Көптеген шебер әйелдер бояудың нілі шықпас үшін ерітіндіге қойдың майын қосқан.

Қазақтар өз даласынан өндірілетін бояғыш минералдардың қасиеттерін жақсы білген. Бояулардың өңін қанықтыра түсу үшін олар селитра, тотияйын, жанғыш күкірт, мүсәтір, жоса қолданған.



Халық шеберлері қою қызыл, күрең қызыл, қан қызыл реңдер беретін жоса мен киноварь қоспасын пайдаланған.

 

Тері өңдеу – қазақ қолөнерінің дәстүрлі түрлерінің бірі. Былғары және тері илеу ашыған сүт өнімдерінің көмегімен жасалған.

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына ірі малдың (жылқының, ірі қараның және түйенің) жүні жидітілген терісі жаратылған.

Сонымен тері илеу технологиясы бұрынғы ата-бабамыздың заманында иленген терілердің адам денсаулығына пайдалы екендігін әр түрлі тәжирбелер жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізе келе пайдалы екенін аңғаруға болады. Келесіде алға қойған мақсатым заводтардағы тері илеу технологиясын зерттеп адам денсаулығына тигізер пайдасы және зияны жайлы зерттеуді жалғастыру ойымды жүзеге асырамын

Қазақстан жерінде теріні илеп,өңдеп ұқсату,олардан бұйымдар жасап,көркемдеп безендіру,оюлап өрнектеу ертеден қалыптасып келе жақан өнер.Қазіргі таңда олардан көркем заттар жасау биік деңгейге көтерілуде.

 

Қорытынды


Қорыта келгенде, тері илеу ерте заманнан келе жатқан ата-бабамыздың негізгі кәсібі. Сонымен тері илеу технологиясы бұрынғы ата-бабамыздың заманында иленген терілердің адам денсаулығына пайдалы екендігін әр түрлі тәжирбелер жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізе келе пайдалы екенін аңғаруға болады. Келесіде алға қойған мақсатым заводтардағы тері илеу технологиясын зерттеп адам денсаулығына тигізер пайдасы және зияны жайлы зерттеуді жалғастыру ойымды жүзеге асырамын

Қазақстан жерінде теріні илеп,өңдеп ұқсату,олардан бұйымдар жасап,көркемдеп безендіру,оюлап өрнектеу ертеден қалыптасып келе жақан өнер.Қазіргі таңда олардан көркем заттар жасау биік деңгейге көтерілуде.

Пайдалы кеңестер:

Теріден жасалған бұйымдар - аурудың мыңнан бір емі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Былғары және мех технологиясы» Б. . Қ Әсенова, Г.Н. Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова. Семей 2008.



2. «Былғары және үлбір бұйымдарының технологиясы» С.Е.Мунасипов. Тараз 2006. 14-25 бет.
жүктеу 463,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау