1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-бап. Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек



жүктеу 1,72 Mb.
бет17/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

140-бап. Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек

1. Мамандандырылған медициналық көмекті диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету құралдарын пайдалана отырып бейінді мамандар көрсетеді.

2. Мамандандырылған медициналық көмек медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлерінде көрсетіледі.

3. Жоғары технологиялық медициналық көмек ғылыми дәлелденген тиімділігі мен қауіпсіздігі бар диагностикалау мен емдеудің инновациялық және (немесе) бірегей әдістерін және медициналық ғылым және ғылым мен техниканың сабақтас салаларының жетістіктері негізінде әзірленген технологияларды қолдануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін мамандандырылған медициналық көмектің бір бөлігі болып табылады.

4. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ оған сәйкес жоғары технологиялы медициналық көмек түрлері мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің тізбесіне өтетін өлшемшарттарды уәкілетті орган айқындайды.

5. Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.


141-бап. Медициналық оңалту

1. Медициналық оңалту уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша көрсетілетін туа біткен аурулармен ауыратын адамдарға, қатты жағдайлардан, хирургиялық араласулардан, жарақаттардан, сондай-ақ олардың салдарынан кейін көрсетіледі.

2. Туа біткен ауруларды, қатты жағдайлардан, хирургиялық араласулардан, жарақаттардан кейін медициналық оңалту бастапқы, қайталама, үшінші деңгейлі медициналық ұйымдардың амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда негізгі ауруды емдеу кезінде көрсетіледі.

3. Туа біткен ауруларды, қатты жағдайлардың, хирургиялық араласулардың, жарақаттардың салдарын медициналық оңалту пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігіне сәйкес оңалту әлеуеті есепке алына отырып көрсетіледі және бастапқы, қайталама, үшінші деңгейлі медициналық ұйымдардың амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, сондай-ақ үйде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көрсетіледі.

4. Мультидисциплинарлық топтың қорытындысы бойынша оңалту әлеуеті жоқ пациентке медициналық оңалту көрсетілмейді.

5. Медициналық абилитация – мүгедек балалардың қалыптаспаған функциялары мен дағдыларын игеруге немесе орнын басуға және оларды қоғамға интеграциялауға бағытталған медициналық оңалту процесі. Медициналық абилитация туа біткен функционалдық шектеуі бар балалар үш жасқа толғанға дейін жүргізіледі.

6. Медициналық оңалтуды көрсету тәртібін уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

142-бап. Паллиативтік медициналық көмек

1. Паллиативтік медициналық көмекті халықтың санаты бойынша дәрігердің басшылығымен уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының дербес мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде мейіргерлер көрсетеді.

2. Емделмейтін аурулармен ауыратын пациенттердің ауырсынуы мен азабын жеңілдету әртүрлі ауырсынуды басу әдістерін, оның ішінде есірткі және психотроптық дәрілік заттарды қолдана отырып жүзеге асырылады.

3. Паллиативтік көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.


143-бап. Мейіргерлік қызмет

1. Мейіргерлік қызмет мейіргерлердің және кеңейтілген практика мейіргерлерінің немесе мультдисциплинарлық командалардың шеңберінде жұзге асыратын мейіргерлік күтімді қамтиды.

Мейіргер – мейіргер ісі саласындағы техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, мейіргерлік күтімді дербес немесе кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің супервизиясымен жүзеге асыратын маман.

Кеңейтілген практика мейіргері – мейіргер ісі саласында орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мейіргерлік күтім шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге асыратын маман.

2. Мейіргерлік күтім тәулік бойы дәрігерлік бақылауды талап етпейтін жағдайларда, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып, дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында) жүзеге асырылады.

3. Мейіргерлер және кеңейтілген практика мейіргерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына сәйкес мейіргерлік күтімді жүзеге асырады, сондай-ақ клиникалық мейіргерлік нұсқауларды басшылыққа алады.

4. Клиникалық мейіргерлік нұсқауларды кәсіби медициналық қауымдастықтар жүйелі негізде әзірлейтін және жаңартып отыратын белгілі бір клиникалық саладағы алдыңғы қатарлы тәжірибе бойынша ғылыми-дәлелденген ұсынымдарды білдіреді.

5. Кеңейтілген практика мейіргерлері клинкалық хаттамаларға және клиникалық мейіргерлік нұсқауларға сәйкес пациенттің/клиенттің жағдайын мейіргерлік бағалауды, мейіргерлік диагнозды қоюды, мейіргерлік араласу жоспарын тағайындауды және тиімділік мониторингін қамтитын тәуелсіз кәсіби мейіргерлік күтімді жүзеге асыруға құқылы.

6. Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Көрсетілген қағидаларға сәйкес мейіргерлік күтімді жүзеге асыру кезінде мейіргерлер мен кеңейтілген практика мейіргерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленеді.

7. Мейіргерлік күтімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.


144-бап. Медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі

1. Медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі – өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында аурудың асқынуының алдын алу, уақтылы анықтау, емдеу және өршу қаупін азайту үшін адамның бүкіл өміріне арналған кешенді медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру моделі.

2. Медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі уәкілетті орган бекітетін клиникалық хаттамаларға, медициналық көмек көрсету стандарттары мен қағидаларына сәйкес мультидисциплинарлық тәсіл арқылы іске асырылады.
145-бап. Қашықтан медициналық қызметтер көрсетудің ерекшеліктері

1. Қашықтан медициналық қызметтер көрсету:

1) консультациялық көмек көрсету, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, университеттік клиникалардың мамандарының, сондай-ақ шетелдік клиникалардың консультациялық көмек көрсетуі;

2) пациентті медициналық көмек көрсетудің жоғары деңгейіне көзбе-көз кездесу консультациясына жіберудің орындылығы;

3) бастапқы деңгейдегі және ауылдық денсаулық сақтау мамандарына екінші және үшінші деңгейдегі мамандардың практикалық көмек көрсетуі;

4) емдеу-диагностикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау, пациенттің денсаулық жағдайын медициналық бақылау;

5) диагнозды нақтылау, түзету және пациентті қадағалап қараудың одан әрі тактикасын айқындау және емдеу-диагностикалық іс-шараларды тағайындау;

6) пациентті медициналық көмек көрсетудің жоғары деңгейіне тасымалдау мүмкіндігін, оның ішінде медициналық авиация құралдарын пайдаланудың орындылығын айқындау;

7) қашықтан консилиумдарды ұйымдастыру;

8) медициналық оңалту қызметін көрсету үшін ұсынылады.

2. Қашықтан медициналық қызметтерді көрсетілетін дәрігердің пациенттің денсаулығының жай-күйі және диагнозы туралы қорытындысы ресми құжат болып табылады және медициналық оңалту қызметін көрсеткен маманның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген жағдайларда дәрігердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып пациенттің электрондық денсаулық паспортына енгізілуге жатады.

3. Қашықтан медициналық қызметтер көрсететін дәрігерлер (мамандар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Сертификатталған жылжымалы медициналық құрылғылар пациенттің физиологиялық параметрлері мен денсаулығының жай-күйін бағалау үшін пайдаланылады.

5. Қашықтан медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды және медицина қызметкерінің құпиясын сақтай отырып жүзеге асырылады.

6. Қашықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
146-бап. Зертханалық диагностика

1. Зертханалық диагностика – пациенттерден алынған және ауруды диагностикалауға, емдеу тиімділігін бақылауға және емдеуді түзетуге бағытталған биоматериалдарды зертханалық зерттеулер кешені.

2. Зертханалық диагностиканы жүргізуді ұйымдастыру стандартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Зертханалық зерттеулердің өлшеу сапасын сырттай бағалауды референс-зертханалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бақылайды және орындайды.

4. Референс-зертханалардың тізбесін, олардың қызметі туралы ережені, сондай-ақ оларды таңдауға қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

5. Зертханалық диагностиканың қолжетімділігін қамтамасыз етуді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.



147-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика

1. Патологиялық-анатомиялық диагностика хирургиялық операция және (немесе) биопсия (операциялық-биопсиялық материал) арқылы алынған пациенттердің ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттеріндегі), тіндері мен жасушаларындағы, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашу барысында мәйіттің тіндеріндегі, ағзалары мен жасушаларындағы өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі.

2. Патологиялық-анатомиялық ашу қайтыс болу себептерін анықтау және аурудың диагнозын нақтылау мақсатында уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қайтыс болу фактісін куәландыратын құжатты бере отырып жүргізіледі.

3. Патологиялық-анатомиялық диагностика тікелей қарап-тексеру (макроскопиялық зерттеулер), үлкейткіш аспаптарды (микроскопиялық зерттеулер) пайдалана отырып зерттеулер, өзге де технологиялар, сондай-ақ клиникалық-анатомиялық салыстыру нәтижелеріне негізделеді.

4. Мынадай:

1) ана мен нәресте өлімі;

2) өлі туу;

3) науқастың стационарда болу ұзақтығына қарамастан өлімге әкеп соққан аурудың қорытынды клиникалық диагнозын және (немесе) өлімнің тікелей себептерін анықтау мүмкін болмаған;

4) қайтыс болған пациентке стационарлық жағдайда тірі кезінде қойылған диагноз болмаған кезде бір тәуліктен аз медициналық көмек көрсету;

5) дәрілік препараттарды немесе диагностикалық препараттарды шамадан тыс дозалауға немесе көтере алмауға күдік келтіру;

6) мыналармен байланысты:

тірі кезінде қойылған диагноз болмаған жағдайда, аса қауіпті инфекциялармен;

қан және (немесе) оның құрамбөліктерін құю операциясы кезінде немесе одан кейін профилактикалық, диагностикалық, аспаптық, анестезиологиялық, реанимациялық, емдеу іс-шараларын жүргізумен;

ісіктің тірі кезінде гистологиялық верификациясы болмаған кезде онкологиялық аурумен байланысты қайтыс болған жағдайларды қоспағанда, зорлық-зомбылықпен өлтірді деген күдік болмаған және жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші не адам өзінің тірі кезінде, оның ішінде діни себептер бойынша берген жазбаша ерік білдіруі болған кезде, мәйітті патологиялық-анатомиялық ашуды жүргізбестен беруге рұқсат етіледі.

5. Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап етуі бойынша
патологиялық-анатомиялық ашуды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізуі мүмкін.

6. Қайтыс болу себебі және сырқаттану диагнозы туралы патологиялық-анатомиялық қорытындыны жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне, ал олар болмаған кезде қайтыс болған адамның өзге де туыстарына не заңды өкіліне, сондай-ақ осы Кодекстің


279-бабының 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда құқық қорғау органдарының талап етуі бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган береді.

7. Патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастырудың стандартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

8. Патологиялық-анатомиялық ашу нәтижелері туралы қорытындыға қайтыс болған адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануы мүмкін.

9. Патологиялық-анатомиялық ашу қайтыс болған адамның денесіне ізгі ықтияттылықпен қарай отырып және оның сыртқы анатомиялық қалпын барынша сақтай отырып жүргізіледі.


148-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)

1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғиттан алынатын құралдармен емдеу жатады.

2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина саласындағы қызметке құқығы бар.

3. Халық медицинасы (емшілік) – халық жинақтаған емшілік құралдар, сондай-ақ тәсілдер, дағдылар және дәстүрлі медицина әдістерін қолданбай, денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшін оларды практикада қолдану туралы эмпирикалық мәліметтердің жиынтығы.

4. Екі және одан да көп адамдарды тарта отырып, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, емшілік сеанстарын өткізуге тыйым салынады.
149-бап. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өтеу тізбелеріне енгізуге (алып тастауға) ұсынылатын денсаулық сақтау технологиялары денсаулық сақтау технологияларын бағалау объектілері болып табылады.

2. Денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу және оларды қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
150-бап. Пациенттердің құқықтары

1. Пациенттің осы Кодекстің 12-тарауында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) профилактика, диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;

3) дәрігерді немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

4) медициналық ұйымда аудио- және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына;

5) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуіне;

6) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қаншалықты мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;

7) өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат (ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректер, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәліметтер, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерінің түсіндірмесі) алуға және тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;

8) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділігі ескеріле отырып, өз құқықтары мен міндеттері туралы, көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін ақылы қызметтердің құны мен бірлесіп төлеудің мөлшері, олардың ұсынылу тәртібі туралы, тағайындалған дәрілік зат туралы; өзіне медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері туралы ақпаратты алуға;

9) оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.



2. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылады.

3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетіледі. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.

4. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Денсаулықтың жай-күйі туралы ақпарат оның денсаулығының жай-күйі ескеріле отырып, пациенттен жасырылуы және пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.

5. Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.


151-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 12-тарауында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлық көрсетуге;

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға; медициналық араласуға келісім бергеннен кейін медицина қызметкерінің нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;

4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;

5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақытылы хабардар етуге;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.
152-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

1. Осы Кодекстің 153-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.

2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкіліне медицина қызметкері пациентке немесе оның заңды өкіліне түсінікті түрде аурудың ықтимал салдары туралы түсінік береді.

3. Медициналық көмектен бас тарту оның ықтимал салдары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен, оның ішінде электрондық форматта ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.

Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазба, оның ішінде электрондық форматта жүзеге асырылады және оған медицина қызметкері қол қояды.

4. Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері көрсетілген адамдардың өмірін және денсаулығын сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.


153-бап. Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсету

1. Пациенттің келісімінсіз:

1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;

3) психикасының ауыр түрде бұзылушылығы (ауру) бар;

4) психикасының бұзылушылығы (ауру) бар және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.

2. Кәмелетке толмағандарға және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты келісімсіз медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде – медициналық ұйымның лауазымды адамдарын кейіннен хабардар ете отырып, шешімді тікелей медицина қызметкері қабылдайды.

4. Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.
154-бап. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын әзірлеуге қойылатын талаптар

1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты – денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптарды және қағидаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.

2. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты аурулардың (қызметтердің) бейіндері бойынша әзірленеді және мынадай талаптарды:

1) жалпы ережелерді;

2) медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымын;

3) медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері және қызметінің бағыттарын;

4) оны көрсету деңгейлері, түрлері, нысандары мен шарттары бойынша медициналық көмек көрсету тәртібін;

5) қызметкерлердің ұсынылатын штатын;

6) медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыруды;

7) аурулар (қызметтер) бейіндерінің ерекшеліктерін ескере отырып өзгелерді де қамтиды.

3. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

18-тарау. Ведомстволық медицина

155-бап. Әскери қызметшілерді, ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін, құқық қорғау органдарының зейнеткерлерін, сондай-ақ әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған азаматтарды әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету

1. Әскери қызметшілерді, ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін, құқық қорғау органдарының зейнеткерлерін, сондай-ақ әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік қызметтен босатылған азаматтарды әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсету, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтау әскери қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасында тіркелген және тізбесін қорғаныс саласындағы мемлекеттік орган бекітетін әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың) дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттарды пайдалануға жол беріледі.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге денсаулық сақтау субъектілерінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы.
156-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама

1. Әскери-дәрігерлік сараптама – Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында оңтайлы жиынтықтау және медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешені болып табылатын медициналық қызметтің түрі.

2. Әскери-дәрігерлік сараптама Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында:

1) әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, сондай-ақ әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдардың жиындарына немесе денсаулық жағдайы бойынша есепке алу мақсатында азаматтардың жарамдылық санаттарын;

2) әскери қызмет өткерумен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында және әскери жиындарда, арнаулы мемлекеттік органдардың жиындарында қызмет өткерумен (мiндеттердi атқарумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi – мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын;

3) әскери қызметшілер немесе қызметкерлер қызмет, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерді) атқару кезінде алған, мүгедектікке әкеп соқпаған мертігудің ауырлық дәрежесін;

4) Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының, олардың қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік авиацияға кіретін адамдардың және авиация персоналының жеке басының психикалық-физиологиялық қасиеттерін айқындау үшін жүргізіледі.

3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдар мен ішкі істер органдары жанынан әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу үшін штаттық және штаттан тыс (тұрақты және уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады.

Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-дәрігерлік комиссиясы жүргізеді.

Құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасы мемлекеттік фельдъегерлік қызметі үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиясы жүргізеді.

Азаматтардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалаларда және аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен медициналық комиссиялар құрылады.

4. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізудің тәртібі, сондай-ақ әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының құрамы мен өкілеттіктері Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде айқындалады.

5. Азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы қызметке, әскери қызметке жарамдылық санаты медициналық куәландыру жүргізу арқылы айқындалады.

Медициналық куәландыруды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ мемлекеттік авиацияда қызмет өткеру үшін азаматтар денсаулығының жай-күйіне қойылатын талаптар қолданылады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау