Нейрондардың өзара байланысы. Нейрондар нерв жуйесінің жеке элементтері болғанмен езіндік қызмет аткара алмайды. Олар өзара байланысып, козуды рецепторлардан орталық нерв жуйесіне, ал онан әртурлі органдарға жеткізетін тұтас нерв жуйесін кұрайды. Тәжірибе арқылы нейронның катынастары әртекті тармактар аркылы жузеге асырылатындығы анықталды. Мысалы бір нейроннын, аксоны — екінші нейронның дендритімен байланысады. Нерв жуйесінің қызметін дұрыс тусіну ушін нейрондардың тармақтары аркылы тікелей немесе нейрондардың өзара синцитиалды байланысатындығында бола ма? Бұл сурақ даулы мәселе болғандықтан нерв жүйесі кұрылысының проблемасын шешумен түйеді.
Бір маңызды нейрондардың дендриттері бір-бірімен протоплазматикалық байланыста өте сирек кездеседі. Ұкыпты зерттегенде нерв талшықтарының ұштарын әр-дайым нерв клеткасының денешігінде байқауға болады. Бұл нейрондар арасының синцитпалды байланысының жоқ екендігін көрсетеді.
Нейрондарды тәжірибе жасап бұзғанда тікелей байланысатын тармақтары бутін калып, басқа-тармақтары дегенерацияға ұшырайтындығы байқалды.
Нейрондар үздіксіз байланысады деген фактіге қарсы, нейрондардың қозуды біржақты өткізетіндігін дәлелдеуге болады. Нервтік козудың электр толкыны нейронда әрбағытта тарайды. Ал синапстерде тек қана бір бағытта-бір нейронның аксонынан екінші нейронның дендриттеріне ғана бағытталып тарайды. Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша жеке нейрондардың арасындағы байланыс нерв жуйесінің құрамындағы синапс арқылы жузеге асырылады. Нейрофибрилдер тұрақсыз болғандыктан уздіксіз фибриллярлы теорияны дұрыс деуге әсте болманды. Рефлекторлық дога. Нерв жүйесінің жогарыда айтылған тканьді элементтері организмнің курделі әрекетін камтамасыз етеді. Нейрондар өзара байланыстар жасап ортаның тітіркендірғіштеріне организмнің жауап беру реакциясы — рефлексті жүзеге асырады. Қарапайым рефлекстер жолын алып қарағанда оның біріншісі — шеттегі рецептордан, екіншісі сезімталды нерв талшығынан, үшіншісі — жұлын миынан, төртіпншісі — қозғалтқыш нерв талшығынан, бесіншісі — жұмысшы органнан туратыны аныкталады. Организмнің реакциясы шеттегі сезімтал нерв ұштарының тітіркену себебінен пайда болған козуды жүлын миына жеткізіп, онан қозғалтқыш нерв талшығы арқылы жұмысшы органның (мысалы, еттің немесе бездің т. б.) әрекетін туғызудан басталады.
Жұлын миы көптеген клеткалардан (нейрондардан) тұратын сұр және нейроглия орналасқан нерв талшықтарынан тұратын жұлын миының көлденең кесіндісінде жақсы көруге болады. Жұлын миы қосқыш арқылы байланысқан екі бөліктен түрады. Бөліктердің алдыңғы аралық жағында тереңдеу келген — алдыңғы саңылау, арткы бөлігінде — артқы саңылау айқын керінеді.
Қарапайым рефлекс сезімтал, байланыстырушы және қозғалтқыш нейрондардың қатысуы арқылы орындалатын процесс.
Сезімтал нейрондар. Олар жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда жұлын миының екі жағынан орналаскан-арқалык ганглиндер немесе түйіндер деп аталынатын ерекше органдардың құрамына кіреді. Сезімтал нейрондар козуды қабылдайды да, оны жүлын миының артқы мүйізіне кіргізеді. Арқалық түйіндердің арқауы дәнекер тканьнен кұралады. Дәнекер тканьде униполярлы сезімтал нерв клеткалары топтар түзіп, орналасады. Ол нерв клеткалары негізінде биполярлы клеткалардан түзетілетіндіктен жалған униполярлы клеткалар деп аталады (74-сурет).
Бұл клеткалардың денесінен шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді. Оның ұзындау тармағы шетке қарай бағытталады. Шетте ол тітіркендіргіш қабылдайтын сезімтал нерв ұштарымен аяқталады. Ал екінші қыскарақ тармағы жұлын миына кіріп, шеткі сезімтал ұштардан келетін қозуды жұлын миына өткізуші болады. Мидың ақ затында ол тармақ бөлініп, бір бұтағын жоғары, екінші бұтағын төменгі бағытка таратады. Ол қыска тармактың бұтактары мидың сұр затына еніп, байланыстырушы немесе аралық нейрондардың денесінде аяқталады. Байланыстырушы немесе аралық нейрондар аз таралған кысқа дендриттерден тұратын майда мультиполярлы клеткалар. Олардың жалғыз нейриті сұр заттан ак затқа шығып, бірі жоғары, екіншісі төмен бағытталған бұтақтарға бөлінеді. Арқалық мидың төмен және жоғары орналасқан бөлімдерінде олар қайтадан сұр затка еніп, қозғалтқыш нейрондармен туйіседі. Бұл байланыстырушы клеткалардың тармақтары арқалык мидың сыртына шыкпай, тек ішкі бөлімдерін өзара байланыстырушы болады. Бірақ арқалық мидың артқы муйізі мен сур заты-ның орталық бөлімінде басқа типті де байланыстырушы клеткалар кездеседі. Ол клеткалардың жоғары өрлейтін тармактары ұзын болып, бас мидың бағана бөлімдеріне дейін жетеді. Жалпы алып қарағанда байланыстырушы клеткалар рефлекстің орындалуына қатысатын екінші типті нейрондарға жатады. Байланыстырушы нейрондар-да сезімді импульстер козғалткыш импульстерге ауысып отырады. Ол импулстердің сонғы таралу жолы байланыстырушы клеткалардың өткізгіш талшықтарымен аркалық қозғалткыш немесе моторлық нейрондарға байланысты.
Моторлы нейрондар. Жұлын миының ең ірі клеткалары. Олар жұлынның алдыңғы мүйіздегі сұр затында ядролар деп аталынатын жеке топтар түзіп орналасады. Бұл нейрондар күшті тармақталған мультиполярлык клеткаларға жатады. Оның аксоны жүлын миының алдыңғы түбірінен шығып, еттерге қарай бағытталады. Сондықтан қозғалтқыш импульстер осы клеткалардың талшықтары арқылы органға жетіп, соның қызметін тудырады. Сонымен пайда болған сезімтал импульстің жолы органда аяқталады.
34-сурет. Жұлын миының көлденен кесіндісі.
1-артқы бөлігі; 2 — алдыңғы саңылау; 3- сұр зат; 4- ақ зат; 5- алдыңғы мүйіздері; 6- артқы мүйіз; 7- арқалық мидың каналы.
Жұлын миының ақ затының басым бөлімі майлы талшықтардан тұрып, арқалық миды бас мимен жалғастыратын ұзын жол жатады.
Нерв жүйесі элементтерінің дамуы мен регенерациясы. Нерв жүйесі ұрықтың сыртқы жапырақшасы-эктодеремадан дамиды. Ұрықтың дамуының ерте кезінде-ақ нерв жүйесінің бастамасы нерв түтігінің қабырғасы бір қабатты цилиндр тәрізді клеткалардан түрады. Ол клеткалардың шекаралықтары өте айқын көрінеді. Мұнан соң қабырғадағы клеткалар көбейе бастайды, сөйтіп нерв түтігінің кабырғасы көп қабатқа айналады. Айқын көрінетін клеткалардың шекаралары жойылып, көп қатарлы синцитий (тор) түзіледі. Оның ішкі бөлімі эпендима деп аталады. Синцитийдің ядролары созылыңқы радиалды орналасады. Ол ядролар күшті бөлініп, нерв түтігінің бүйіріндегі қабырғаның ішіне ауысады. Сол қабырғада нейральды синцитийдің алғашқы нерв клеткалары — нейробластардың және нейроглияның алғашқы клеткалары — Спонги облысының ерекшеленуі басталып кетеді.
Нейробластар дөңгелек немесе алмүрт тәрізді болады. Олардың ерекшеленуінің алғашқы белгісі — фибрилдердің түзілуі. Сол фибрилдердің пайда болу мезгілінен бастап нерв клеткасы қалыптасады. Фибрилдердің ерекшеленуімен қатар клетканың тармақтары да дамиды. Аксонның бастамасы тез өсетін кіші шоқ тәрізді өсінді түрінде пайда болады. Дендриттер клетка денесінің маңайында тармакталып баяу өседі де, сәл кейінірек калыптаса бастайды. Ол тармақ түрінде қалып, құрылысын бүдан бүлай өзгертпейді. Ал аксонды алатын болсақ, ол алғашында қабықсыз білікті цилиндр тәрізді болып кейіннен күрделенеді. Өйткені аксон нерв талшығының түзілуіне қатысады, Спонгиобластар маркоглия түзілуіне жұмсалады. Спонгиобластардың бір бөлімі эпендимада қалып, аркалық мидың каналын ішінен төсейді, ал екінші бөлімі мидың синциталды стромасын құрайтын көп тармақты клеткалар астроциттерге ерекшеленеді.
Жоғары сатыдағы жануарлардың нерв бастамасында пайда болатын нейробластардың барлығы жоғары маманданған клетка — нейрондарға айналады. Орталық нерв жүйесіндегі жойылатын нейрондардың қалпына келу заңдылықтары осы уақытқа дейін белгісіз. Бірақ кейбір маманданған элементтердің болмашы калпына келу касиеттері бар екендігі белгілі. Мысалы, нейрондардың бұзылған тармақтары әрдайым калпына келіп тұрады. Нервтің регенерациялық процесі шеткі нервтерде жақсы байкалған. Бұзылған нервтің регенерациясы мен қызметін жойып алған органның қалпыпша қызмет етуі нерв талшыгының регенеративті күрделі өзгерістерімен қатар жүреді. Кейбір жагдайда ол өзгерістер бірнеше айға созылуы мүмкін. Нейронның регенерациясы біріншіден бұзылмаған миэлинді қабығы мен аксонның орталықпен қатысатын ұшынан, екіншіден, шетке бөлінген үштың невриллеммасынан басталады.
Қесілген нерв талшығының орталық ұшы мен шеткі ұшының жалғасуы Шванн клеткаларымен нервтегі дәнекер тканьді аралықтардың активті өсуінен басталады. Шеткі талшықты ұшындағы миэлин ыдырайды. Олар Шванн клеткаларының протоплазмасынан шығып ішінде білікті цилиндрдің ыдырауынан қалған қалдықтары бар тамшыларға жиналады. Сонымен қатар Шванн клеткаларының протоплазмасы лента тәрізді ядролы тартпаларға ауысады. Талшықтың арасыңдағы дәнекер тканьді аралықтың клеткалық элементтері көбейіп, тыртық ткань түзеді. Кесілген талшықтын екі ұшының қосылуы күшті өсетін лента тәрізді тартпаның тыртык тканьге еніп, орталық ұшына бағытталып өсуіне болады.
Шеткі талшықтың ұшьндагы Шванды синцитиндің өзгерістерімен қатар білікті цилиндрдің орталық ұшында регенерация өтеді. Мұнда нейрофибрилдер бұзылған жағына қарай күшті өсе бастайды. Нейрофибрилдер жіңішке талшыкшалар түрінде лента тәрізді тартпаларға кіріп өсіп, кәдімгі білікті цилиндрге ауысады. Бұзылғаң талшықтың калпына келуі майлы кабық пен миэлиннің түзілуімен аяқталады
Достарыңызбен бөлісу: |