Нейроглия жоғарыда айтылғандай нерв жүйесінің құрамына көмекші ткань болып кіреді.
Нейроглия морфологиялық және физиологиялық қасиеті, шығу тегі жөнінен макроглияға және микроглияға бөлінеді.
Макроглия барлық нерв жүйесі сияқты эктодермадан дамиды. Макроглияны жулдыз тәрізді усақтау, жіңішке талшықты ұзын клетка-астроциттер түзеді. Олардың ядросы дөңгелек, кейде овальды, ядрышкосы болмайды. Барлық клеткаларға тән органоидтар протоплазмасында оңай байқалады. Астроциттер талшықты және протоплазматикалы болып бөлінеді. Талшықты астроциттердің тармақтарында плазматикалы астроциттерде кездеспейтін өте жіңішке фибрилдер болады. (40-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |