Айтыс
-
«Айтыс – сөз барымтасы,»-деп баға берген зерттеуші : (М. Әуезов)
-
Ақындар айтысының ерекшелігі – онда «халық театрының анық,дәл ұрығы бар,»-деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)
-
Ақындар айтысы- өнер жарысы, сөз сайысы,-деп кім айтты: (М. Әуезов)
-
Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрі: (Айтыс)
-
Айтысқа түскен ақынның бірден бастырмалап, қарсыласып апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебі : (Қарсыласын жеңіп кетудің амалы)
-
Айтыс ақынға тән негізгі қасиеттер тізбегі :(Суырыпсалмалық, тапқырлық)
-
Айтыскер ақын бойынан табылуға міндетті емес қасиеттер тізбегі: (Сазгерлік, жазба ақындық өнер)
-
Адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде туындаған айтыс түрі: (Бәдік айтыс)
-
Айтыстың ең көне түрі: (Бәдік)
-
Салт айтысы бөлінеді:(2- ге; қыз бен жігіт айтысы;ақындар айтысы)
-
Ақындар айтысының даярлығы болып табылатын салт айтысы :(Қыз бен жігіт айтысы)
-
Қыз бен жігіт айтысының мазмұндық- тақырыптық ерекшелігі : (Елдің тұрмыс- салтының басқ жақтарын қамтуында)
-
«Біржан мен Сара» айтысының негізінде композитор М.Төлебаев «Біржан – Сара » операсын жазды
-
«Біржан-Сара айтысы» түр жағынан да, мазмұны жағынан да өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс деген : ( С.Мұханов)
-
Сара Тастанбекқызы (1853-1907)қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында тһдүниеге келген.Көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.1895 ж. Біржан салмен, 18.. ж.Әсет Найманбайұлымен , 1890ж. Төребай Есқожаұлымен айтысқан.
-
Сара Тастанбекқызының туған жері : (Алматы облысы, Ақсу ауданы)
-
Құрылысы мен түрі жағынан салт айтысының ең биігі болып табылатын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы)
-
Қыз бен жігіт әрі ақындар айтысына жататын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы)
-
Әйел теңдіді мәселесін көтерген айтыс: («Біржан –Сара»)
-
«Біржан –Сара» айтысының негізгі түйіні: (Әйелдің бас бостандығы)
-
«Біржан – Сара» айтысы : (Ақындар айтысы)
-
«Біржан -Сара» айтысындағы Сараның әкесінің аты: (Тастанбек)
-
«Біржан-Сара» айтысында Сараға теңдік, бостандық әперуге ықпал жасаған: (Біржан)
-
Қызы едім Тастанбектің, атым- Сара,
Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.
Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем,
келемін бір сүрінбей жеке дара....Үзінді қай айтыстан алынған (Біржан мен Сара айтысы)
-
ОН үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, келемін бір сүрінбей жеке –дара деген ақын : (Сара )
-
Сара Біржанмен айтысқанда болғн үй: (Тұрсынбек)
-
«Біржан – Сара» айтысында Біржан қай ақынды дара тұлға етіп бейнелейді: (А.Құнанбайұлын)
-
«Біржан-Сара» айтысында:
«Тәттімбет-ардагерім Арғын асқан,
Қырық түрлі күй арналған бармағынан...»- деген сөзді айтқан: (Біржан сал)
-
«Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес,»-деген жолдарды айтқан: (Біржан сал)
-
Біржан салдың Сара ақынға айтқан сөзі: ( «Жолықпай сөзі өктемге, жүрген шығар,Аулында Тұрысбектің олер жері»)
-
«Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін
Адамзат озар емес өз басыңнан,»- деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқан: (Біржан Сараға)
-
«Асылым құдай берген өз басыма,
Тең келмес жеті Біржан тыпнағына,»-деген жолдарда Сара ақын айтып отырған адам: (Жиенқұл)
-
Сараның « Арғынға жол бермеген есіл тілі» Жиенқұлға келгенде мүдірген себебі: (Жиенқұлдың ақымақ, өнерсіз әрі дене кемістіге барлығынан)
-
«Арғынға ұялғаннан үндемеуші ем,
Есекке қосақтаулы өтті- ау күнім,» - деген сөз қай ақын қыздың өкініші: (Сараның)
-
«Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным,
«Ажал да кісі таңдап алады екен,
Сол итті неге қойған алып кетпей?»-деген ашынған сөздердің иесі: ( Ақын Сара)
-
«Біржан –Сара» айтысында Біржан сал Сара тағдырына ара түспегеніне өкпе айттын елі: (Найман елі)
-
«Тұрмыстан туысымнан таяқ жедім...»деген жолдар қай йтыскер ақынның өлең жолдарынан алынған: ( Сара)
-
« Біржан – Сара « айтысындағы:
«Сараны Жиенқұлға бере көрме,
Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.
Бар болса сүйегінде ойларсыңдар,
Өлі тілін тірі алмас деген заман...» -деген жолдарды айтқан (Біржан)
-
«Біржан – Сара» айтысындағы Жиенқұл сипаттамасы көркемдік тәсілдің қай түрі:
Кісі емес ел намысын ұққандай –ақ,
Ербиіп елсіз тауға шыққандай – ақ
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,
Он мата арқасына тыққандай- ақ :(Сарказм)
-
«Біржан -Сара» айтысының Жиенқұлға байланысты жері қндайбейнелі сөз қолданған: (Ирония, сарказм)
-
Біржан Сараны нені тілге тиек ете жеңетіндігі : (Күйеуінің нашарлығын)
-
Айтыста Сараның Біржаннан жеңілу себебі:(Теңсіздік шырмауы)
-
Достарыңызбен бөлісу: |