3 МІНДЕТТЕР
3.1 Оқырмандарға әр оқу жылының басында, әсіресе 1 курс студенттерін тіркеп,
оқырман билетін беріп, кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыру.
3.2 Студенттер мен оқытушыларға және де басқа оқырмандарға өздерінің
сұраныстарына қарай қызмет көрсету.
3.3 Әдебиеттерді кітап қорына өз саласы бойынша қою.
3.4 Кітапхана қоры, жаңа келген кітаптар туралы оқырмандарды жан-жақты хабардар
етіп, библиографиялық шолулар жасап отыру.
3.5 Оқырмандарға жүйелік, алфавиттік және электронды каталогтарды
пайдалануына көмек көрсету.
3.6 Күнделікті
кітап айналымын, оқырмандар саны жайлы есеп журналын
толтырып отыру, басшылыққа ұсыну.
3.7 Уақытында қайтарылмаған, кітап қарыз болған оқырмандар
жайлы кітапхана
бастығына мәлімет беріп отыру.
3.8 Оқырмандардың жоғалтқан кітаптарын инвентарь кітабына белгілеп отыру.
3.9 Ректорат тарапынан берілген тапсырманы орындап, жасалған жұмысы туралы ай
сайын есеп беріп отыру.
3.10 ітап қоры мен баспасөз басылымдарының толық сақталуына жауап беру.
3.11 Жаңадан келген кітаптарға катологтар үшін жүйелік және алфавиттік карточкалар
толтыру, электронды базаға ендіру.
3.12 Кітапхананың ішкі тәртібі, жұмыс кестесін орындау.
3.13 Техника, өрт қауіпсіздігін сақтау.
3.14 Кітапханада тазалықты сақтауға.
4 ҚҰҚЫҒЫ
4.1 Жұмысына қатысты кітапхана басшылығының шешім жобаларымен танысуға.
4.2 Оқырмандармен жұмыс істеуді, кітапханашылық қызмет көрсетуді жақсартуға,
жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы кітапхана бастығына ұсыныс жасау.
4.3 Нормадан тыс, мереке күндері атқарылған сағаттары үшін қосымша еңбек ақы талап
етуге.
4.4 Университет құзырындағы белгіленген тәртіппен бекітілген емдеу – сауықтыру
мекемелерінің қызметін пайдалануға.
4.5 Өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыру үшін университет
басшыларының ықпал етуіне талап етуге.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін.
5.2 Қызметтік этиканы сақтамағаны үшін.
5.3 Кітапхана кітап қорының сақталуына, өзіне бекітілген мүлікке, барлық материалды-
техникалық құндылықтарға жауап береді.
5.4 Кітапханада оқырмандарға үздіксіз және тиімді қызмет көрсетуді
ұйымдастыру үшін жауап береді.
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ
ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Ақпараттық технология бөлімінің меңгерушісі Шымкент университетінің маман
санатына жатады.
1.2 Ақпараттық
технология бөлімінің меңгерушісі өз қызметінде Қазақстан
Республикасының құқықтық-нормативтік актілерін, сондай-ақ ҚР Білім және Ғылым
министрлігінің нормативті – құқықтық құжаттарын, университет Жарғысын,
университет Ережесі, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін негізге
алады.
1.3 Ақпараттық технология бөлімінің меңгерушісі оқу істері жөніндегі проректор
келісімімен, университет ректорының бұйрығымен қызметке қабылданады және
босатылады.
1.4 Меңгеруші жұмыста болмаған жағдайда оның атқаратын жұмысын белгіленген
тәртіппен тағайындалған қызметкер атқарады
және жұмыстың мерзімінде, сапалы
орындалуына толық жауапкершілікте болады.
2 БІЛІКТІЛІК
2.1 Ақпараттық технология бөлімінің меңгерушісі қызметіне жоғары білімі бар тұлға
тағайындалады.
2.2 Меңгеруші білуге тиіс:
“Еңбек туралы” ҚР заңын;
“Білім туралы” ҚР заңын;
Университеттің Жарғысын;
Университет Ережесі;
Осы
қызметтік нұсқауды;
Қызметіне байланысты әдістемелік және нормативтік актілерді;
Ұйымдастыру жұмыстарын;
Жаңа техникалық құралдарды пайдалануды;
Еңбек заңдылығы негіздерін;
Университеттің ішкі
тәртіп ережесін;
Қызметтік этиканы.
3 МІНДЕТТЕР
3.1. Ректорат тарапынан берілген тапсырмаларды уақытында орындап отыру;
3.2.Студенттерді оқу процесіне қажетті бағдарламалармен сабаққа дейін қамтамасыз етуге
және сабақ барысында қолданылып жатқан дербес компьютерлерді қадағалауға;
3.3.Қызметтік этика нормаларын, университеттің Жарғысы
мен ішкі тәртіп ережелерін
сақтауға;