БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСқАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Кітапхана меңгерушісі басшы санатына жатады. Университет ректорының
бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.2 Кітапхана меңгерушісі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының ”Білім туралы” заңын, ҚР-ның Білім жүйесін
ақпараттандыру концепциясын, университет жарғысын, кітапхана ісі туралы құжаттар
мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келген әдістемелік
нұсқауларды, Білім беру жүйесіндегі кітапхана ісі туралы нұсқау және осы Ережені
басшылыққа алады.
1.3 Кітапхана меңгерушісі жоғары білім беру ұйымы оқу-тәрбие жұмысын әдебиетпен
және ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған кітапхана қызметін басқарады.
1.4 Кітапхана меңгерушісі кітапханаға қатысты мына төмендегі бөлімдерге басшылық
етеді:
кітапхана толықтыру және өңдеу секторы;
оқу залдары;
абонемент бөлімі ;
мерзімді баспасөз бөлімі;
анықтамалық библиографиялық секторы;
интернет классы;
1.5 Кітапхана меңгерушісі университеттің оқу ісі жөніндегі проректорға бағынады.
1.6 Кітапхана меңгерушісі белгілі себептермен қызмет орнында болмаған жағдайда,
оның қызметтік міндетін белгіленген тәртіппен тағайындалған жетекші кітапханашы
оның толық жауапкершілігін ала отырып, жұмыстың сапалы, тиімді және уақытылы
орындалуын қамтамасыз етеді.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Кітапхана меңгерушісі қызметіне мамандығына сәйкес жоғары кәсіби білімі бар, кем
дегенде 5 жылдық еңбек стажы бар тұлға тағайындалады.
2.2 Кітапхана меңгерушісі зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өзінің біліктілігіне
сай басқа қызметке ауыстырылады.
2.3 Кітапхана директоры білу қажет:
ҚР “Білім туралы заңы” және де басқа нормативтік құқықтық актілерін;
ҚР Білім жүйесін ақпараттандыру концепциясын;
жаңа ақпараттық технологияның нормативті-құқықтық актілері;
университет президентінің бұйрықтары, жарлықтарын, қаулы, шешімдерін;
кітапхана жұмысы мәселелері жөнінде басшылыққа алатын материалдарын;
кітапхана ісінің теориясы мен практикасын;
құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен белгіленген формада есеп жасауды;
ішкі еңбек тәртіп ережелерін;
еңбекті сақтау ережелері мен нормаларын;
кітапхана туралы ережені;
қызметтік этиканы;
осы қызметтік нұсқауды.
3 МІНДЕТТЕР
3.1 Кітапхана меңгерушісі квалификациялық талаптарға сай болуы тиіс.
3.2 Кітапханаға жалпы басшылық жұмысын жүргізіп, құрылым мен штат кестесін
жинақтап әзірлеу.
3.3 Тактикалық және тиімді міндеттерді әзірлеп, ұжым алдына қоя білу, ұжымда
қалыпты моралдық-психикалық хал-ахуал қалыптастыра білу.
3.4 Қор мен мүліктің қызмет етуі мен сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кітапхана
қызметкерлері мен пайдаланушыларының жұмыс істеу үшін қажетті жағдай жасау.
3.5 Кітапхана қорын түзеу, пайдалану мен сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
3.6 Кітапхананы білікті мамандармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз
ету, кітапхана библиографиялық жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлендіру
жұмысын жүргізу.
3.7 Кітапхананың жылдық жоспары мен есебін жасау. Соған сәйкес іс-шаралар өткізу.
3.8 Басқа кітапханалармен, мүдделі мекемелермен және ұйымдармен тұрақты іскерлік
байланыс орнату.
3.9 Оқу процесіне қажетті оқулықтарды әр кафедралардың сұраныстары бойынша
жинақтап, баспаларға, кітап үйлеріне, жеке тұлғаларға ұсыныс беріп, кітап қорын
толықтырып отыру.
3.10 Жаңа түскен кітаптардың дер кезінде есепке алынып, өңдеуден өткізіліп,
ақпараттық бюллетеньдер жасалынып, оқырмандар назарына ұсынылуын қадағалау.
3.11 Кітапхана қорын оқырмандардың тиімді пайдалануына басшылық ету.
3.12 Университет ректораты тарапынан берілген бұйрықтары мен тапсырмаларымен
кітапхана қызметкерлерін хабардар етіп, орындалуын қадағалау.
3.13 Университет кітапханаларының мерзімді баспасөз басылымына жазылуын
қадағалау.
3.14 Өндіріс және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрттен
қорғану ережесін сақтауын бақылау.
3.15 Университетте өткізілетін мәдени іс-шараларға кітапхананың қатысуын қадағалау.
3.16 Оқу жылы соңында студенттер мен оқытушылардың, қызметкерлердің кету қағазын
толтыруын қадағалап, қарыз болған оқырмандармен жұмыс жасалуын қадағалау.
3.17 Кітапхана жұмысында озық, жаңа ақпараттық технологиясын енгізу шараларын
қадағалау.
3.18 Әр оқу жылы соңында кітап қорының тексерілуін, жоғалған кітаптар орнына сол
кітаптың құнына тең кітаптардың қабылдануын қадағалау.
3.19 Кітапхана іс-құжаттарын номенклатураға сәйкес жүргізілуін қадағалау.
3.20 Кітапхана жұмыстарының статистикалық есептері негізінде жылдық есептерін
университет басшылықтарына және әдістемелік орталыққа ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |