БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
БАС БУХГАЛТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Шымкент университеті ректорының бұйрығымен қызметіне тағайындалады және
босатылады.
2. Қызметкерде:
жоғары экономикалық білім;
мамандығы бойынша еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл болуы керек.
Бухгалтерлік есеп, стандарт, нормативті құжаттар, салық ережесі, бөлімшелерді
басқарудың экономикалық әдістерін білуі керек;
жұмысқа теориялық және практикалық дайындығы болуы керек;
компьютерді меңгеруі керек.
3. Өз жұмысында: бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәселелерін реттейтін заңнамалық
нормативті құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібінің
ережелерін басшылыққа алады.
ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
Бас бухгалтердің қызметтері мен лауазымдық міндеттері:
1. Жұмысты адал істеу, еңбек тәртібін сақтау, басшылықтың нұсқауларын және осы
лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін сапалы,
мерзімінде және нақты орындау.
2. Ішкі еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-
гигиеналық және өзге де ережелер мен нормаларды Қазақстан Республикасының
қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес сақтау.
3. Мекемелердің мүлкі мен мүліктік мүдделерін талан-таражға салудан, жойылудан,
бүлінуден және өзге де қолайсыз жағдайлардан сақтау бойынша барлық іс-шараларды
қолдану.
4. Мекемелердің заңды мүдделеріне адалдықты сақтау, оның қаржылық, іскерлік және
өзге де мүдделеріне зиян келтіретін іс-шараларға бармау, мекеме мүддесі мен басшы
өкіміне қайшы келетін өзге заңды тұлғалар әрекеттеріне араласпау.
5. Қызметкерге жүктелген қызметтерді орындау барысында белгілі болған мұрағат
қызметінің және оның іскер әріптестерінің коммерциялық құпияларын танытатын
мәліметтерді жарияламау.
6. Мұрағат аумағынан басшылық рұқсатынсыз ешқандай құжаттар, іскерлік қағаздар,
сондай-ақ мекемеге тиеселі мүлік пен өзге де заттарды шығармау.
7. Қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін және
еңбек өнімділігін арттыру.
8. Шаруашылық-қаржылық қызметке бухгалтерлік есеп жүргізу және материалды, еңбек
пен қаржы ресурстарына, мұрағат меншігіне бақылау жүргізу.
9. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес мекеме құрылымы мен қызметінің
ерекшелігіне және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты
есеп саясатын қалыптастыру.
10. Ақша қаражаты, тауарлы-материалды құндылықтар мен негізгі қаражатқа толық есеп
жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бухгалтерлік есепте олардың қозғалысына
байланысты операциялар уақытылы көрініс табуы керек.
11. Алғашқы және бухгалтерлік құжаттарды, төлем міндеттемелерінің есеп-шоттарын,
жалақы қорын шығындауды, мұрағат қызметкерлеріне лауазымдық жалақыны белгілеуді,
негізгі мүліктерді, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын
инвентаризациялауды ресімдеу, бухгалтерлік есеп пен есепке алуды ұйымдастыруды
тексеру тәртібін сақтауға бақылау жүргізу.
12. Қаражаттың жетіспеушілігі, ақша қаражаты мен тауарлы-материалды құндылықтарды
заңсыз шығындау, қаржылық және шаруашылық заңнамаларды бұзудың алдын-алу
бойынша іс-шаралар қолдану.
13. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаражат жинау бойынша іс-
шаралар қабылдау.
14. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық қызметтердің
және өзге де шығындардың сметасын, бухгалтерлік есеп шоттарынан қаржылық
жетіспеушіліктер мен өзге де шығындарды шығынға жазу әрекетінің заңды болуын қатаң
сақтауды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіп бойынша
ресімделіп, мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу.
15. Баланс және кіріс пен шығын, қаражат туралы шұғыл есептерді жасауды қамтамасыз
ету.
ҚҰҚЫҚТАРЫ
Бас бухгалтер құқылы:
1. Басқа ұйымдармен қарым-қатынаста шаруашылық-қаржылық және оның құзыретіне
кіретін өзге де мәселелер бойынша мекеме мүддесін таныту.
2. Басшылық қарауына шаруашылық-қаржылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша
ұсыныстар жасау.
3. Өз құзыреті шегінде құжаттарға қол және виза қою.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қызметкер жауапты:
1. Бухгалтерлік есептің жүргізілуіне;
2. Бюджеттік және өзге де есеп-шоттар, дебиторлар мен кредиторлармен есептесу
бойынша операциялардың уақытылы және дұрыс жүргізілуіне;
3. Бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын және тексерістер мен құжаттар
ревизиясының уақытылы жүргізілуін бақылауға;
4. Бухгалтерлік есеп беруге;
5. Тиісті органдарға айлық, тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептер мен
баланстардың уақытылы тапсырылуына.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |