[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет109/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   164

217 
 
 
...Заманақыр болғанда, 
 
Шеттен келіп жау алмас,  
 
Жаманың салар құрықты, – дейді. 
Қиямет қайым/ Қиямет күн 
Қиямет қайым/ Қиямет күн – дүниедегі тіршіліктің тоқтауы. Қиямет қайым – (яум әл-
Қиямаһ)  сөзі  араб  тілінен    тік  тұру  дегенді  білдіреді.  Қиямет  қайым  сөзі  ақырзаман  және 
ақырет  деген  сөздермен  мағаналас  болғанымен,  өзара  айырмашылықтары  да  бар.  Қиямет  – 
тіршіліктің бітуі болса, ақырзаман – қияметтің жақындауы, ақырет– қиямет күні жоқ болған 
тіршіліктің  жаратушы  әмірімен  қайта  тіріліп,  машхарға  есеп  беруге  асыққан  кезінен 
басталатын о дүниедегі өмірдің басы [9;  520]. 
Ақырзаман  мен  Қиямет  күнін      бір  мағынада  түсіну  Шортанбай  ақын  өлеңдерінен  де 
көбірек  байқалады.  Оның  ұғымында  жамандық  атаулының  тірелетін  жері  –  Қиямет  қайым. 
Ақынның  «Кім  мұсылман,  кім  кәпір,  Бір  Аллаға  аян-ды»  немесе  «Мұсылманды  бұл  күнде, 
Орыс  кәпір  жеңіп  тұр»  деген  жолдарынан    тіршіліктің  тозуын  діни  қағидалармен 
байланыстырғанын  байқаймыз.  Шортанбай  «ақырзаман»  сөзін  «қиямет»  сөзімен  ауыстыра 
қолданған. Мысалы: «Қиямет күні таянды, Қайырсыздың көп малы, Жылан менен шаян-ды».  
Зар  заман  поэзиясындағы  эсхотологиялық  сарынның  бірі  –  имансыздықтың  өсуі. 
Эсхатология  (грек.  eschatos  –  соңғы  және  logos  –  ілім,  сөз)  –  дүниенің,  адам  өмірінің 
баянсыздығы  туралы,  ақырзаман  мен  о  дүние  туралы  діни  ілім.  Имандылықты  ұмыту,  хақ 
жолынан  безіну,  күнәға  бату  –  ақырзаманға  бастайтын  кесел-кесапаттар  екендігі  Әбубәкір 
Кердерінің мына бір өлеңінде былайша түйінделеді: 
Заманақыр болғанда, 
Біздің қазақ баласы 
Аяққа басып қор етті, 
Не Медине, Меккесін. 
Асан  қайғы  мен  Бұхардан  басталған  болуы  мүмкін  делініп,  болжам  өлең  түрінде 
жырланған  «заманақыр  таянды»  тұжырымын  Шортанбай,  Әбубәкір  сияқты  ақындардың 
көзбен  көргеніне  негіздеп,  осы  тақырыптың  бірнеше  қырларының  қазақ  поэзиясында  жан-
жақты ашылған. Адам пейілінің бұзылуы, бүлінген дүние, ағайынның бір-біріне жат болуы, 
үлкенді  кішінің  сыйламауы,  құрметтемеуі,  отбасы  тірлігінің  берекесіздігі,  жатбауырлық 
ұғымы, т.б.     зар  заман поэзиясында  ашыла  түсті.  Ғалымдар    зар  заман  поэзиясын  «қатерлі 
келешек  («Әр  нәрсенің  болжалы,  келе  жатыр  жақындап»)  қайғы-шерге  толы  дәуір  («Бәрін 
айт  та  бірін  айт,  кез  болдың  кер  заманға»)  бүгінгімен  салыстырғанда  ертегідей  көрінетін 
өткен күнге еріксіз мойын бұрғызады («Халқымның салтанаты еске түссе, жүрегім өртенеді, 
өрттей жанып»)» - дейді.   
Сондай-ақ, Шортанбай ақынның өлеңіне арқау болған нәрсе – ағайын арасын, түбінде 
адамзат арасын ажыратын жіберетін – «жатбауырлық» ұғымы. Ақын мұны:  
«Заманақыр белгісі, 
 
Бірге туған бауырың, 
 
Тату да болып жүре алмас», – деп түйіндейді. 
Имандылықты  ұмыту,  хақ  жолынан  безіну,  күнәға  бату  –  ақырзаманға  бастайтын 
кеселдер  десек,  Дулат  Бабатайұлы  қазақтың  қасіретінің  көбін  дінсіздіктен  деп  есептейді. 
Ақын:  
Шариғат жолын тастадың, 
Теріске елді бастадың. 
...Отыз үш мың сахаба, 
Тоқсан тоғыз мың машайық 
Ұмыттың мүлде аруақты. 
...Күнәм жойқын, тәубем аз, 
Тіршіліктен не таптым?, - дейді.  


218 
 
«Адам  бойындағы жағымсыз  қылықтарын  бірінші  жақтан,  өз  атынан  айтып,  қазақтың 
мұңын мұңдап, зарын зарлау Дулаттан басталған. Кейін бұл үлгі Абайға ауысты», – дейді Б. 
Омарұлы [22;  68].  
Ғалымдар  зар  заман  поэзиясын  қалыптастырған  негізгі  үш  бастау-бұлақ  бар  екендігін 
атап  көрсетеді.  Біріншісі  –  ежелгі  дәуір  әдебиетінен  бері  жалғасып  келе  жатқан  заманаға 
наразылық  мотиві,  екіншісі,  Асан  Қайғыдан  бастау  алатын  болжал  өлеңдер,  үшіншісі  – 
халықтың таным-түсінігіне негізделген ақырзамандық сарын [23; 59]. Әр заманның өзіне тән 
өркениеті, рухани болмысы, өзіндік еншілі ерекшеліктері, қызығы мен қиындығы болады. Әр 
заман белгілі тарихи құбылыстармен, даралық құндылықтармен ерекшеленеді. Ал, заманның 
құрылымын адамдар жасайды. Демек, заманға сапалық мазмұн мен әлеуметтік сипат беретін 
адамдар  болмақ.  Заман  дегеніміз  –  уақыт  пен  кеңістіктің,  ондағы  тіршілікті  қозғалысқа 
келтіретін  адамдардың  жиынтығын  бейнелейтін  ұғым.  Заман  мен  адамдар  біртұтас  өзара 
тығыз  қатынаста  болады.  Әр  заманның  өз  тарихы,  өз  дүниетанымы  бар.  Егер  заман  мен 
заманды  салыстырсақ,  біреуін  екіншісінен  жоғары  немесе  төмен  қоюға  мәжбүр  боламыз. 
Мәселе  заманның  заманнан  озықтығы  немесе  төмендігінде  емес,  заманның  қайталанбас 
сапалық ерекшелігінде [24;  33].  
Заман  мен  адам  бір-бірін  толықтырып  отырады.  Адамды  түзету  арқылы  заманды 
өзгертуге  болады.  Демек,  қазақ  шешендерінің  ой-толғамдарына  сүйенсек,  адам  заманның 
соңынан еріп отыратын пассивті дүние емес, керісінше адам сол заманды жасайтын белсенді 
күш, заман тек адамзаттың ғана тіршілік аясы. Осыдан туындайтын ой заманды құртатын да, 
бұзатын  да  адам  деген  қорытынды  шығады.  Демек,  заман  болмысын  адам  арқылы,  адам 
болмысын заман арқылы анықтаймыз.   
Мақалада    қазақтың  дәстүрлі  мәдениеті  мен  әдебиетіндегі  «Уақыт»  пен  «Заман» 
концептісі    «Қилы  заман»,  «Зар  заман»,  «Тар  заман»,  «Ақырзаман»  ұғымдары  ақын-
жыраулар мұрасы аясында талданып, түсіндірілді.   
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1  А.  Жанабекова  «Қазақ  тіліндегі  «уақыт»  ұғымының  тілдік  парадигмасы.  Алматы: 
2012ж. - 508б.  
 
2 Ғабитов Т. Мәдениеттануға кіріспе. – Алматы: Санат, 1996ж. 
 
3 Есембеков Т. Көркем мәтін поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012ж. - 174б.  
 
4  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы.  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.  ІІ  том.  –  Алматы: 
Жазушы, 1986. -200б.  
 
5 Шәкәрім. Үш анық. Шығармалар жинағы. 3-том. – Алматы: Жазушы, 2005ж. 
 
6  Қазақтың  этнографиялық  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының  дәстүрлі  жүйесі 
энциклопедиясы.  – Алматы: РПК «Слон», 2012ж. 2-том. Е-И.    
 
7 Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: Тоғанай Т, 2004ж. - 560 бет.  
 
8 Ізтілеуов Тұрмағамбет . Көп томдық шығармалар жинағы. 9-том. – Алматы: Атамұра, 
2001ж. 
 
9  Қазақтың  этнографиялық  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының  дәстүрлі  жүйесі 
энциклопедиясы. – Алматы: РПК «Слон», 2012. 3-том.  К-Қ.   
 
10  Абылова  Г.  Дүниенің  тілдік  бейнесі.  ХY-XYІІІ  ғасырлардағы  ақын-жыраулар 
поэтикасы бойынша. Филология ғылым. Канд. автореферат. – Көкшетау, 2010 ж.  
 
11  Бұқар  жырау.    Кітапта:  Жеті  ғасыр  жырлайды.  Екі  томдық.  –  Алматы:  Жазушы, 
2008. 1-том.  -400 бет.  
 
 12 Кердері Әбубәкір. Қазағым. – Алматы: Жазушы, 1993. - 288 б.  
 
 13 Наушабайұлы  Нұржан. Кітапта: Бес ғасыр жырлайды. 2-том.  – Алматы: Жазушы,  -
265б. 
 
14 Асан қайғы. Бес ғасыр жырлайды. –Алматы: жазушы, 1989ж. 24-бет.)   
 
15 Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Кітапта: Жеті ғасыр жырлайды. Екі томдық. – Алматы: 
Жазушы, 2008. 1-том. – 400 б. 
 
16 Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. – Алматы: Айқап, 1993. – 80б.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау