[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет107/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   164

213 
 
 
Қилы, қилы заман болмай ма, 
 
Суда жүрген ақ шортан 
 
Қарағай басын шалмай ма? 
 
Мұны неге білмейсің?! [14, 24], –  деп толғанады.   
ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың Майлықожа атты ақыны өзі өмір сүрген заманын: 
 
Уа, замана– дауылсың, 
 
Қыдыра көшкен ауылсың... 
  
Уа, замана –  бөрісің , 
 
Кедейдің шықпас төрісің.. 
  
Уа, замана –  ескісің, 
 
Ертеңгі  білмес  кешкісін  [15,  45],    –  деп  заманды  біресе  дауылға  енді  біресе  бөріге  
балайды.    ХХ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  діни-ағартушылық  бағыттағы  ақын  Әбубәкір 
Кердерінің  «Заманның  опасыз  халіне  айтқаны»  және    «Өткен  заманды  аңсау  өлеңдерінде» 
 
...Әбубәкір Кердері: 
 
... Жалған сөз азаматқа болды оңай, 
 
Заман болды, халқым әлдеқалай? 
 
 ... Қор болды бұл заманда алты нәрсе, 
 
Нанарсың айтқаныма көзі көрсе [12, 268], – деп биліктің, дін жолының, сұлтандықтың,  
т.б. қор болғандығын айтады. 
  
 Қазақ  ақын-жыраулардың  бейнелі-поэтикалық  дүниетанымында  «заман»  концептісі 
аумалы-төкпелі кезеңнің, қазақ халқының ұзаққа созылған жаугершілік өмірін танытады.   
Әдебиеттегі заманның келер  шақтағы бейнесі. 
Халық  түсінігінде  Заман  болашақ  уақыттың  да  белгісіз  бөлігі  ретінде  пайымдалады. 
«Ерді  сынар  заман  бар;  елді  сынар  заман  бар»,  «Қилы-қилы  заман  болады,  қарағай  басын 
шортан шалады» (Бұқар жырау). Халық өзінің ұғымында уақыттың аяқталуын, бұл дүниенің 
ақыр-тақыр  соңын  заманақыр  деген  түсінікпен  байланыстырып,  адам  мен  қоғамның 
бұзылуы,  табиғатты  жұтауы,  көктің  қурап,  судың  тартылуы,  т.б.  апатты  жағдайлардың 
жиілеуін  заманақырдың  белгілері  деп  түсінген.  Сол  кезде  Көктен  Ғайса  пайғамбар,  жерден 
мәді  шығады  деп  есептейді.  «Жер  тақыр  болады,  Ел  пақыр  болады.  Көктен  Ғайса  түседі, 
жерден Мәді шығады, заманақыр болады» , –  деген екен Байқұтан би.  
Қазақтың  атақты  жыраулары  Бұқар  мен  Асан  Қайғы  «Қилы  заман»  деп  заманның 
өзгеруін  сипаттаса,    Шортанбай  ақын  өткенді  аңсап,  өзі  өмір  сүріп  отырған  заманды  «Зар 
заман», «Тар заман» деп атаған.   Келешектен қауіп-қатер күту сарыны зар заман пожзиясы 
өкілдерінің бәріне ортақ. Қазақ әдебиетінде «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды 
аңсау сарыны да, алдағы күнге сенімсіздікпен қарау үрдісі де өте ертеден басталады. 
Зар заман 
Зар  заман  –  қазақ  халқының  тарихи  санасындағы  ел-жұрттың  басына  түскен 
ауыртпалық,  қайғы-қасіретке,  зорлық-зомбылыққа  толы  кезең.  Бұл  кезеңде  Ресей 
империясының  отарлау  саясаты  салдарынан  қазақ  елінде  хандық  билік  жойылып,  ел 
басқарудың  жаңа  жүйесі  сырттан  енгізіле  бастады.Осыған  байланысты  дәстүрлі  қазақ  
қоғамында  қалыптасқан  рухани,  материалдық  құндылықтар  жүйесі  өзгерді.  Мал  өсіріп, 
тіршілік  еткен  халықтың  мал  басы  азайып,  халықтың  тұрмысы  күйзеліске  ұшырады.  Сол 
кездегі ел басына түскен қиын жағдайға, ауыртпалыққа байланысты зар заман ақындары деп 
аталатын жаңа үрдіс қалыптасты. Зар заман дәуірін академик М. Әуезов Абылай хан тұсынан 
Абайға дейінгі жүз жыл дей отырып, алғашқы өкілін  Асан қайғыдан бастап, Нармамбетпен 
аяқтайды. 
  Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату 
сықылды  империялық  пиғылдың  жүзеге  асуына  қарсыласу  қозғалысы  Зар  заман 
ақындарының 
қайраткерлік 
поэзиясын 
өмірге 
әкелді. 
Зар 
заман 
ақындары 
шығармаларындағы  ұлттық  болмысты,  қазақы  қадыр-қасиетті  сақтап  қалуға  үндеген  ой-
пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді.  
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны 


214 
 
да  байқалады.  Бұл  кезең  ақындары  келер  күннен  үміт  жоқтығына  налиды,  тығырықтан 
шығатын  жол  таппай  қиналады.
 
Олар  елдің  басына  түскен  нәубетті  ақырзаманның  келгені 
деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің 
тып-типыл  болуы  турасындағы  емес,  отаршылдықтың  шеңгеліне  мықтап  түскен  ұлттың 
күйреуі  сипатындағы  ақырзаман.  Халықты  қан  қақсатқан  зобалаңның  себебін  Зар  заман 
ақындарының 
бірі 
адам 
қолымен 
жасалған 
зұлымдықтан, 
екіншілері 
діннің 
бұзылғандығынан деп топшылайды.   
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау 
сарыны  орын  алған.  Жалпы  “ауа  көшу”,  “қонысты  тастау”  ұғымы  көптеген  халықтардың 
фольклорлық  шығармаларына  тән. Талауға  түскен  елден  кетіп,  жайлы  жер,  ыңғайлы  қоныс 
іздеу  идеясы  еркіндік,  бостандыққа  ұмтылу  мұраттарымен  орайлас  келеді.    Зар  заман 
ақындарының  көпшілігіне  тән  ерекшелік  –  келешекті  көрегендікпен  болжап,  алдағы 
уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы.
 
  
Зар  заман  ақындарының  өлеңдеріндегі  басты  тақырыптар  мыналар  еді:    салт-сананың  
бұзылуы, билер мен әкімдердің парақорлығы, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы, мал санының 
азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым-қоныстың тарылуы, жердің тозуы, т.б.  
«Зар заман» ақындарының бірі  Шортанбай Қанайұлы заманның бейнесін, сол заманда 
жасаған  адамның  бейнесін  бар  кейпімен  көрсетті.  Зар  заман  адамы  Шортанбай  ақын 
өлеңінде былайша көрінеді: 
 
Заман қайтіп оңалсын, 
 
Адам қайтіп қуансын? 
 
 ...Айырылмастай дерт болды, 
Нашарға қылған зорлығың... [16; 217]. 
  
Академик-ғалым  М.  Әуезов  «Зар  заман»  туралы  былай  дейді:  «Сыртқы  өмірдің  осы 
сияқты  себептерінен  қазақтың  ойына  уайым  араласқан,  көңілі  жабығып,  сөзінен,  өлеңінен, 
әнінен, бұрынғы билік, еркіндіктің бәрі де арыла бастап, оның орнын арман, зар-шер, қайғы 
басқан»  [17;  18 ].  
  
«Зар  заман»  –  бұл  белгілі  бастау-бұлағы,  даму  арнасы,  қалыптасу  жолдары  бар, 
тамамдалар тұсы айқын, қоғамдық ойдағы және әдебиеттегі құбылыс. Зар заман жырлары – 
отаршылдықтың  талауына  түскен  ұлт  тағдырының  тығырыққа  тірелгендігінің  белгісі  «Зар 
заман» ағымының өкілдері бұрынғы төл мәдениет үлгілерін дәріптеді.  Зар заман жырлары – 
отаршылдықтың  талауына  түскен  ұлт  тағдырының  тығырыққа  тірелгендігінің  белгісі.    [18;  
60].  
Зар  заман  ақындарының  аса  көрнекті  өкілдері  Дулат  Бабатайұлы,  Шортанбай 
Қанайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Әбубәкір  Кердері,  Албан  Асан,  т.б.  ақындар  отарлық  езгіге 
түскен халықтың тағдырын өз шығармашылығына арқау етті. Шортанбай Қанайұлының кең 
тараған туындысы – «Зар заман» өлеңінде ақын былайша толғайды: 
 
Мына заман қай заман? 
 
Азулыға бар заман, 
 
Азусызға тар заман. 
 
Тарлығының белгісі 
 
Жақсы жаннан түңілген, 
 
Жаман малдан түңілген, 
 
Мұның өзі зар заман...[16;  219]. 
   
Зар  заман  ақындарының  тағы  бірі  –  Мұрат  Мөңкеұлының  заман  жайлы  толғаған 
тіркестеріне  назар  аударсақ,  «Заманың  мұндай  сұм  болды»,  «Заманның  содан  бері 
тарылғаны»,  «Замана  осы  күні  болды  қырын»  дегенінің    бәрі  заманның  азып-тозғандығын 
аңғартады.  Мұрат  ақында  «заман  азды»  дегеннен  гөрі  «сұм  заман»,  «адыра  қалған  заман» 
деген  тіркестер  көбірек  кездеседі.  Мұрат  Мөңкеұлы  өз  заманы  жайында  толғай  келіп, 
заманның бұзылуын, адамдардың бұзылуынан дейді: 
 
...Заман азып не қылсын, 
 
Ай орнынан туады,  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау