[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет111/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   164

221 
 
 
Аудармашы  қаламгердің  бұл  ойларымен  толық  келісуге  болады.  Себебі,  расында  да, 
қазақ  ақындарын  орыс  тіліне  аударуда  көбіне  науқаншылдық,  асығыстық,  “жайдақтату” 
болғаны қазір құпия емес. Дегенмен де, кейбір оңды талпыныстар мен жақсы нәтижелер де 
жоқ  емес.  Осы  ретте  Ілияс  ақын  өлеңдерінің  орыс  тіліне  аударылу  жайын  қарастырсақ, 
кемшіліктермен қатар жетістіктерді де көріп, көңіл жұбанады.  
 
Қазақ поэзиясының алтын қорына енетін Құлагер ақынның өлеңдерін сол таза төлтума 
қалпында  орысша  сөйлету  үшін  аудармашының  өзі  де  ақын  немесе  көркем    әдебиет 
аудармасына  төселген,  тәжірибелі  болуы  керек.  Жазушылық  талант,  аудармашылық 
мәдениет, қазақ халқының тарихын, тұрмыс салтын, мінез-құлық ерекшеліктерін жақсы білуі 
– міне, осы қасиеттердің бәрін бойына жинақтаған  адамның өзінің тіл өнерін жете меңгерген 
сөз зергерлерінің шығармаларын  орыс тіліне  бар бояу, бар нақыс, көркемдігін сақтай отыра 
аударып шығуы екіталай.  
 
Өйткені Абай, М.Әуезов, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов сынды жазушыларды орыс тілінде 
сөйлету үшін ең алдымен қазақ тілінде жетік  білу, оның рухын, көркін, сырын, әуенін жете 
ұғу қажет.  
 
Әсіресе,  І.Жансүгіровтей  шебер  ақынның  таза  ұлттық  сипаттағы  үздік  өлеңдерін, 
поэмаларын орыс оқырманыны да тамсанарлықтай лайықты аудару өте қиын іс болса керек. 
Дегенмен  де,  ақын  өлеңдері  орыс  тіліне  біршама  тәуір  дәрежеде  аударылған  деуге  болады. 
Алдымен  ақын  өлеңдерінің  орыс  тіліне  аударылу  тарихына  тоқталсақ,  ақын  өлеңдерінің 
тәржімашылары  шығармашылық таланты бар, білімді жандар болғанын көреміз. 
 
Қазақ поэзиясының құлагері – Ілияс Жансүгіровтің поэтикалық шығармаларын аудару 
жұмысымен ең алғаш өткен ғасырдың басында  Вс.Рождественский, З.Кедрина, Дм.Снегин, 
П.Кузнецов айналыса бастады. 1937 жылы ақын ұсталып, 1938 жылы трагедиялық қазасынан 
соң  жиырма  жыл  бойы  оның  есімі  аталмай  келді.  Жиырма  жылдан  соң  ақын  өлеңдерін 
аудару  ісі  қайта  жанданды.  1957  жылы  жарық  көрген  алғашқы  тәржіма  жинағындағы 
өлеңдерді  Е.Евтушенко,  М.Луконин,  Е.Виноградов,  К.Алтайский,  В.Соколов,  Т.Стрешнева, 
Ю.Полухин,  А.Кафановтар  аударды.  Жолма-жол  аудармасын  Азат  Сүлеев  жасаған.  Осы 
тұста  жолма-жол  аудармашының  үлкен  еңбегін  де  атап  кеткен  жөн.  Жалпы  жолма-жол 
аударманың көркемдік жүгі төмен болғанымен, түпнұсқаның мазмұнын дәл беруде ролі зор 
деп санаймыз. 
 
І.Жансүгіров  атындағы  қордың  қолдауымен  ақынның  өлеңдері  мен  поэмаларының 
аудармалары  екінші  рет  қайта  басылып  шықты.  (Джансугуров  И.Стихи.  Поэмы.  Сост.  И.И. 
Джандосова-Джансугурова. Алматы, 2001).  
 
Бұл  жинақта  ақынның    23  өлеңі,    4  поэмасы  енген.  Өлеңдерін  негізінен  В.Савельев, 
сондай-ақ 
 
В.Смирнов, 
Ю.Полухин, 
К.Алтайский, 
Е.Евтушенко, 
 
В.Соколов, 
Д.Алдабергеновалар  аударған.  “Күй”  (“Кюй”)  поэмасын  В.Соколов,  “Күйшіні”  (“Кюйши”)  
автормен бірлесе отырып Вс.Рождественский, “Құлагер” (“Кулагер”) дастаныны М.Луконин 
және Е.Виноградов, аяқталмаған ”Құрманғазы”(“Курмангазы”) В. Савельев аударды. 
 
Ілияс  ақын  орыс  поэзиясымен  ерте  кезден-ақ  тығыз  байланысты  болған.  Ақынның 
Пушкинді,  М.Лермонтовты,  Некрасовты  аударғаны  белгілі.  Бұл  туралы  көрнекті  орыс 
ақыны,  аудармашы    Вс.Рождественский  “Қазақ  даласы  мен  тауларының  ақыны”(“Поэт 
казахских степей и гор”) атты мақаласында былай деп жазады:  
 
“  Ильяс  Джансугуров  не  только  поэт  яркого  и  своеобразного  дарования,  он  и 
общественный  деятель  широкого  масштаба,  занимавший  ряд  видных  государственных 
постов в своей республике.  
 
Хорошо  владея  русским  языком,  он  обладал  и  глубокими  познаниями  в  области 
русской классической и современной литературы.  
 
Я познакомился с ним, когда он приехал в Ленинград после Первого сьезда советских 
писателей, где был делегатом от Казахстана и выступал как представитель своего народа. 
 
Наша  первая  беседа  была  интересной  и  содержательной.  Происходила  она  в  номере 
гостиницы  “Астория”,  в  довольно  пасмурный  день,  и  мне  запомнился  на  фоне  широкого 
окна,  выходившего  на  Исаакиевскую  площадь,  силуэт  плотно  сложенного,  широкоплечего 


222 
 
человека  в  несколько  даже  величественной  позе.  Но  когда он  повернулся  к  свету,  лицо  его 
показалось приветливым и добродушным. Был он смугл и черноволос, а глаза смотрели умно 
и  пытливо.  Завязался  непринужденный  разговор,  Ильяс  говорил  о  том,  как  он  был  у 
Горького,  и  как  Алексей  Максимович  расспрашивал  его  о  казахских  писателях,  о  первых 
книгах, выпущенных на их родном языке.  
 
Потом  разговор  перешел  на  Ленинград,  и  тут  выяснилось,  что  Джансугуров  приехал 
договариваться  о  поездке  ленинградских  писателей  в  Казахстан:  Ленинград  недавно  взял 
индустриальное и культурное шефство над этой республикой.” [2, 9].  
 
Бұл  сөздерден  автор  мен  тәржімашы  арасында  шығармашылық  байланыс,  терең 
түсіністік болғанын көреміз, бұның тәржімалау ісіне де пайдасы мол. 
 
Түпнұсқа мен тәржіма мәтінді қатар келтіруге мақала көлемі  көтермейтіндіктен, Ілияс 
ақынның  кейбір  өлеңдерінің  тәржімасына  шолу  жасап  өтеміз.  Мәселен,  “Гималай”  атты 
өлеңін  орыстың  талантты  ақыны  Евгений  Евтушенко  аударған.  Өлеңнің  композициялық  
тұтастығы  сақталған.  Кейбір  көркемдік  құралдар,  бейнелі  сөздерді  аудармашы  дәл    беруге 
тырысқан.  Евгений  Евтушенко  орыс  поэзиясының  көрнекті  өкілі  ретінде    Ілияс  ақынның 
көркемдік әлемін ұғына біліп, барынша ықыласпен аударған.  
 
Мысалы  “Аспанның төсін арда еміп” деген жолды “Вершины сосали грудь небес” деп 
дәл,  әрі  көркем  етіп  берген.  Өлеңнің  пафосын  да  барынша  сақтауға  ұмтылып,  тілдік 
құралдарды таңдағанда барынша жігерлі, отты сөздерді алған. Дегенмен де, Ілияс ақынға тән  
“күңіреніп,    тебіреніп,  тулап”  тәрізді  эмоционалдық-экспрессивті  сөздерді  кей  жерде 
аудармай  тастап  кеткен.    “Ағынды  менің  Ақсуым”  атты  өлеңін    орыс  ақыны  Вл.Савельев 
тәржімалаған. 
 
Ағынды менің Ақсуым, 
 
Ақырып әлі ағасың. 
 
Ақиланған ашумен.  
 
Ақтарды асқар сабасын “ 
 деген шумақ тәржімада:                          
 
Через преграды, через годы,  
 
Являя дикую красу, 
 
Несешь ты вспененные воды, 
 
Неукротимая Аксу. 
 
Шумақтың  ырғағы  мен  екпіні  сақталғанымен,  көркемдік  бояуы  мен  мағынасы 
тұрғысынан адекватты емес. “Жанартау ” өлеңін Ю.Полухин  “Вулкан”  деп тәржімалаған. 
 
Зәулiм-зәулiм заңғар тау, 
 
Шығыс-батыс шегiнде, 
 
Лапылдақ жалын, iшi қау. 
 
От ойнақшыл тегiнде деп келетін Ілияс ақынның  ойнақы жолдарын орыс ақыны: 
 
Вулкан проснулся.  
 
На мгновенье  
 
Над степью белый свет померк, 
 
И раскаленные каменья.  
 
Рванулись вверх, как фейерверк”  
 
Деп барынша жеңіл, шапшаң екпінмен аударуға тырысқан. Ілияс ақынның “ойнақшыл 
от”  деген  әсерлі,  әдемі  тіркесін  “фейерверк”  деген  шет  тілі  сөзімен  бергені  онша  ұтымды 
емес. «Фейерверк» қолдан жасалған жасанды образ болып шыққан. 
 
Жалпы,  Ілияс  ақын  өлең  тәржімасы  мәселесіне  ерекше  мән  беріп,  тәржімашылармен 
шығармашылық  байланыста  болған.  Ақын  өлеңдерінің  тәржімашысы  Зоя  Кедрина  бұл 
жөнінде  “Достық  дәстүрі”деген  естелігінде  былай  дейді:  “Ол  қазақ  өлеңдерін  орыс  тіліне 
аудару  жайына  айырықша  қамқорлықпен,  биік  талап  тұрғысынан  қарады,  орысшаның 
мейлінше  дәл,  түпнұсқаға  мейлінше  жақын,  сонымен  қатар  төгіліп  тұрған  еркін  жыр, 
орыстың поэтикалық төл туындысындай әсерлі болуын қадағалады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау