[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет105/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164

209 
 
немесе  жігіттің  жеткізгеніме  белгісіз  себебі  қыздың  немесе  жігіттің  болсын  біз  ол  деп 
жазамыз.  Сондықтан  түпнұсқаны    орысша  немесе  басқа  тілге  аударғанда  біз  міндетті  түрде 
мұқият болуымыз керек.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қорыта айтқанда, аудармашы ақын поэзиясының ерекшелігін, даралығын түсіне білген, 
жақсы  аудармалар  жасаған.  Егер  де  аудармашы  ақынның  ішкі  болмысын,  жан  күйзелісін, 
басқаларға ұқсамайтын үнін ,астарлы ойын т.б. сезіне алмаса, онда аударманың сәтті шығуы 
екіталай. Ал Т.Л.Фроловская аудармашылық қызметін жоғары деңгейде атқара білген.  
 
Осы  аударманы  оқыған  кезде  филология  ғылымдарының  докторы,журналист,  кино 
сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі аудармашы, аударма өнері туралы 
жазылған  ғылыми  зерттеулердің  авторы    Сауытбек  Абдрахмановтың  аударма  өнері  туралы 
айтқан  мына  пікірі  еріксіз  еске  түседі:  «Жақсы  аударма  –  тіл  қадірін  танытудың  да  сенімді 
жолы.  Аудармада  төлтума  мен  телтума  тайталасады.  Яғни,  автор  мен  аудармашы  өзінше  бір 
өнер жарысына түседі дейміз. Олай деп айту аздық етеді. Аудармада солар арқылы тіл мен тіл 
де  жарысқа  түседі.  Тіл  мен  тілдің  жарысы  түптеп  келгенде,  бейне  бір  ел  мен  елдің  өнер 
жарысы  десе  де  болады.  Демек,  аударма  –  ұлтыңның  ұлылығын,  еліңнін  елдігін  дәлелдеудің 
бір жолы»[7,123]. Біздің ойымызша, аудармашы Татьяна Фроловская өзі ақын болмаса мұндай 
тамаша аударма жасай алмас еді.  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
«Әйелдің  монологы»  соншалықты  дәл  табылған  поэтикалық ырғағымен  де, шыңғырған 
шындығымен  де,  сыздатар  сыршылдығымен  де,  адамның  ең  бір  жан  түкпірінде  жататын 
интимдік сезімдерді жалаңаштай жаздап барып, қайтадан жарқыратып алып кететін ғажайып 
шеберлігімен  де  қайран  қалдырады.  Сұрапыл  сезім  суретінің  мұндай  үздік  үлгілерін  әлем 
әдебиетінің  қазынасына  қысылмай  қосуға  болады.  Ашығын  айтар  болсақ,  Фаризаның 
махаббат  лирикасындағы  жекелеген  өлеңдер  Ахматова  мен  Цветаеваның  сөз  қадірін  білер 
жұрт  мінәжаттай  жаттайтын  жауһар  жырларынан  бірде-бір  кем  емес.  Сондықтан  да  Фариза 
Оңғарсынова  поэззиясы  өткен  ғасырдың  соңғы  ширегіндегі  қазақ  әдебиетінің  бөлекше 
құбылысы  болды,  сондықтан  да  Мұқағали  «жігітінен  қазақтың  дос  таба  алмай»  қиналғанда 
жүрегін жегідей жеген жан сырын Фаризаға айтты, сондықтан да Фариза жырларының рухы 
нәзік өрліктің, сыршыл ерліктің бейнелі баламасына айналды. Қазақ өзінің Фаризасын, аяулы 
ақын қызын сол үшін  де қадірлейді, қастерлейді",- деп Сауытбек  Абдахманов өзінің "Өмірге 
айналған өлең"деген мақаласында жазғандай, ақын Фариза поэзиясы қазақ  халқының ұлттық 
рухани  қазынасына  айналды.  Ақын  поэзиясының  орыс  оқырмандарына  жол  тартуы  осының 
айғағы деп айта аламыз. 
Аударма өнері үздіксіз дамып келеді. Қазақ ақын-жазушыларының 
шығармаларын  орыс  тіліне  аударатын  аудармашылар  туралы,  олардың  аударма  жасау 
тәсілдері, кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастыратын ғылыми мақалалар да жазылып 
жүр. В.Г. Белинский былай айтқан екен: "...аударма көбінесе түпнұсқаны оқырмандарға және 
оқуға  мүмкіншілігі  жоқтарға  арнап  жасалады,  ең  бастысы  бір  халықтың  әдеби  тіліндегі 
шығармаларды  екінші  халықтың  тіліне  аудару  ісіне  халықтардың  өзара  таныстығы, 
идеялардың өзіндік ауыс – түйістігі, содан келіп әдебиеттің көрнекті және ақыл – ой еңбегінің 
дамуы 
негізделеді". 
Аудармашылардың 
негізгі 
мақсаттарының 
бірі 
түпнұсқаның 
стилистикалық  және  экспрессивті  ерекшеліктерін  сақтау.  Бұл  көбінесе  поэзиялық 
шығармалардың  аудармаларына  тән  болып  келеді.  Аудармашы  Т.Фроловскаяны  осындай 
жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген аудармашылардың бірі деп есептейміз. 
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1 Свет поэзии Фаризы Унгарсыновой // fongarsynova.blogspot.com 
2  Фроловская  Т.  Раздумья  строгий  обретают  строй…//  Простор.  –  М.,  2014.  –                                            
№3 –  С.131-139. 
3 Летописец евразийцев // Караван, 17.09.2010 г. 
4 Әбілдәқызы Қ. Аққан жұлдыз: Фариза Оңғарсынова // rozatai.wordpress.com. 
5 Оңғарсынова Ф. Дауа. – Алматы: Атамұра, 2002 . – 288 б. 
6  Не  ведая  границ:  сборник  произведении
̆  писателей    Беларуси  и  Казахстана  /  сост. 


210 
 
Алесь Бадак. – Минск : Издательскии
̆ дом «Звязда», 2013. – 256 с.  
7 Абдрахманов С. Біздің Пушкин. – Астана, 1999. – 186 б. 
 
           В  данной  статье  идет  речь  о  казахской  поэтессе,  Фаризе  Онгарсыновой,  которая 
отличается  своей  особенностью  в  выборе  средств  и  художественным  написанием  своих 
произведений.   Также говорится о переводчике, который переводил произведения поэтессы, 
и  какой  стиль  он  использовал  при  переводе.  Говорится  о  гениальной  переводчице                     
Т.  Фроловской,  которая  вложила  немало  сил,  чтобы  русские  читатели  могли  понять             
Ф. Онгарсынову, стиль ее перевода.  
 
 
This  article  is  about  the  Kazakh  poetess,  Fariza  Ongarsynova,  which  is  characterized  by  her 
singularity in the  choice of means and artistic  writing of her  works. As  well as it is  reffered to the 
translator, who translated poems of the poetess, and what style he used in translation. This is about a 
brilliant  translator  -  of  T.  Frolovskaya,  -  which  has  put  a  lot  of  effort  in  order  to  Russian  readers 
understand F. Ongarsynova, and her style of translation. 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 82.09:821.512.122 
Б.Д. Керімбекова   
Сүлейман Демирель атындағы  университет 
Алматы, Қазақстан 
  muza_bayan@mail.ru 
 
«ЗАМАН» ЖӘНЕ «УАҚЫТ» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ  ДӘСТҮРЛІ  ҚАЗАҚ  МӘДЕНИЕТІ  
МЕН  ӘДЕБИЕТІНДЕГІ   БЕЙНЕЛЕНУІ 
 
Аталған  мақалада қазақ әдебиетіндегі «Қилы заман», «Зар заман», «Тар заман», «Кер 
заман», «Ақырзаман» түсінік-ұғымдарына анықтама беріле отырып, олардың әдебиеттегі 
көрінісі  айқындалады.  Автор  қазақ  әдебиетіндегі  «Уақыт/  Заман»  концептілерін  Бұқар 
жырау, Майлықожа, Әбубәкір Кердері, Нұржан Наушабайұлы, т.б. сынды ақын-жыраулар 
поэзиясы  негізінде  талдап,  түсіндіреді.  Сондай-ақ,    Шортанбай  Қанайұлы,  Мұрат 
Мөңкеұлы  сынды  «Зар  заман»  ағымы  өкілдерінің  шығармаларындағы  «заман»  ұғымына 
кеңінен тоқталады. 
 
   
Кілт сөздер:  Заман, уақыт, концепт,   қазақ әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясы 
  
Уақыт дегеніміз не деген сұрақтың адамзатты ежелден-ақ қызықтырғаны анық.  Уақыт 
туралы  ойлар  ежелгі  антикалық    философиядан  бастау  алады.  Уақыт  ешқашан  кері 
қайтпайды,  өзін-өзі  қайталамайды.    Қазақтың    уақытқа  қатысты  көзқарасы  оның  ауыз 
әдебиетінен  көрінеді.  Ғалымдар  адамның  қоғамда  биологиялық,  әлеуметтік,  қоғамдық, 
тарихи, мәдени, т.б. тұлға ретінде  уақыт пен кеңістікте өмір сүретінін айта келе,   уақыттың  
мифтік уақыт, экологиялық уақыт, биологиялық уақыт, әлеуметтік уақыт, психологиялық 
уақыт    сынды  түрлерін  ажыратады  [1;  25].  Ал  мәдениеттанушы  Т.  Ғабитов  этномәдени 
уақыттың  мынадай  түрлерін  көрсетеді:  мифологиялық  уақыт,  архетиптік  уақыт, 
өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт  [2; 26].  
Уақыт  туралы  ұғым  барлық  халықта  бірдей  қалыптаспаған.  Бұл  әрбір  халықтың 
тарихи-әлеуметтік,  мәдени  дамуымен,  тұрмыс-тіршілігімен  байланысты.  Көшпелілердің 
уақыт туралы таным-түсінігі аспан денелерінің қозғалысына негізделді.  
 Ғалым Т. Есембеков:  «Әдебиетте де, өмірде де уақытты «бақытты», «өтпелі», «қиын» 
деп  бағалау  жиі  кездеседі.  Бір  қызығы,  бұл    –    уақыттың  бағасы  емес,  сол  уақыттағы  өмір 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау