[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет106/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   164

211 
 
сүрген  адамның  ішкі  күйінің  көрінісі.    Әр  кейіпкер  уақытты  өзінше  тұспалдайды,  өз 
уақытының ішінде өмір сүреді. Уақыт әңгіме  болғанда реалды уақыт пен әдеби уақыттың 
бір-бірінен  мағыналық,  функциялық  айырмашылықтарын  біле  отырған  абзал.  Реалды 
уақыттың мынадай сипаттары бар: ол бір бағытта өтеді және кері жүрмейді, басы да, аяғы да 
жоқ.  Оны    көзбен  көріп,  қолмен  ұстау  мүмкін  емес.  Әдеби  уақыттың  жай  уақыттан  басты 
өзгешелігі  ондағы  оқиғаның  бәр  басқаша  ұйымдастырылады,  яғни  онда  уақыттың 
болашақтан өткенге қарай кері жүруі де мүмкін [3; 167], – дейді. 
Қазақтың  бас  ақыны  Абай  да  уақыт  туралы  терең   ой  айтқан.  Соның  бірі  –  «ұрланған 
уақыт»  концептісі.    
Сағаттың өзі ұры шықылдаған, 
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. 
Махаббат жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, 
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман [4; 141], – дейді Абай ақын.   
 Абайдың  ақын  шәкірттерінің  бірі  –  ұлы  ойшыл  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  1912 
жылы  "Айқап"  журналында  қазақ  зиялыларына  ұсынған  бес  сауалының  бірінде:  «Заман 
өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма? [5; 238], – 
деп  осы заман мәселесі төңірегінде ойландырғаны көңіл аударарлық  мәселе.   
Қазақ дүниетанымында уақыт пен кеңістіктің өлшемі «Заман» ұғымының айналасында 
өрбиді. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» 
атты  энциклопедияда  Заман  ұғымына  былайша  анықтама  берілген:  «Заман  –  жылдар 
үрдісінің басталатын  уақыты және сол уақыттың шартты түрде алынған бөлігі туралы ұғым 
мен түсініктер жүйесі» [6; 577].  Адамзат  қоғамының тарихында дәстүрлі діни ұғымдар мен 
мифтік  түсініктер  уақыт  белгілеуде  ерекше  мән  алған.  Діни  ұғым  бойынша,  қазіргі 
адамзаттың  ұрпағы  Нұх  пайғамбардың  заманынан  басталады.  Қазақтар  Нұх  пайғамбардың 
кемесін Қазығұрт тауына тоқтатады. 
Қазақ халқының «Заман»/ «Уақыт» концептілеріне қатысты көзқарастарын ең алдымен, 
оның  ауыз  әдебиетінен,  әсіресе,  мақал-мәтелдерінен    іздеген  жөн.  Заманға  қатысты  халық 
арасында қанатты сөз де, мақал – мәтел де көптеп кездеседі. Соның бірі –  соңғы жылдарда 
жиі айтылып жүрген "Заманың түлкі болса, тазы боп шал" деген   мақалы. Ғалым Ә. Қайдар 
бұл  мақалды  былайша  түсіндіреді:  «...замана  ағымына  қарай  тіршілік  ет.  Егер  замана  түлкі 
тәрізді қулық-сұмдығы, айла-шарғысы мол болса,  сен де сол түлкіні қыйып түсетін ұшқыр 
тазыдай  бол,  аларыңды  алып  қал»,  –  дегенді  аңғартады  [7;  340].  Қазақ  халқы  уақытты 
«Уақыт – ағын су», – деп бірде суға баласа, енді бірде «Уақыты бардың – бақыты бар», – деп 
уақыттың құдіретін арттыра түскен.  
Сондай-ақ,  халықтың  заман  туралы  байырғы  түсініктері  әйгілі  адамдар  мен  тарихи 
оқиғаларға байланыстырылда сақталып отырған. Мәселен, Афрасиаб заманы жөнінде түсінік 
Тұран  (түркі)  –  Иран  (парсы)  жұртшылығының  өзара  жаугершілік,  саяси-мәдени  қарым-
қатынасын  аңғартады.  Тұран  –    иран  елдерінде  патша  әулеттерінің  ауысуы  заманды 
айқындап,  уақытты  белгілеудің  межесі  ретінде  алынғаны  байқалады.    Қазақтың  белгілі 
ақыны 
Тұрмағамбет 
Ізтілеуов 
аударған 
«Шахнама. 
Рустем-дастан» 
поэмасында 
Афрасиабтың билік басына келген заманы былайша сипатталады: 
Шығарды жеті ақынды оған сайлап, 
Ортаға қойды Тұран туды байлап. 
Бұл заман Афрасиаб  заманы деп, 
Бұлбұлдай олар өлең айтты сайрап [8;  233]. 
Дәстүрлі қазақ танымындағы   заманның өткен шақтағы бейнесі. 
Қазақ  халқының  тарихында  заманды  тарихи  оқиғалармен  немесе  аты  күллі 
жұртшылыққа  мәлім  тұлғалармен  байланыстыра  сақтау  дәстүрі  болғандығы  айттық.  Атап 
айтсақ,  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама,  Ақ  тулы  Абылайдың  заманында,  қалыңсыз 
қатын құштырған заманда», т.б. 
Дәстүрлі  қазақ  танымындағы  ең жиі  еске  түсетін,  естілетін  заман  –  ең  алдымен,  «Қой 
үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман».  «Қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман»– 


212 
 
дәстүрлі  қазақ  қоғамының  бабында  болған  кезеңі  дегенді  білдіретін  метафоралық  ұғым, 
фольклорлық  образ.  Әлем  халықтарының  фольклорында  жиі  кездесетін  «алтын  ғасыр»  деп 
аталатын метафораға ұқсас.  Халық  мамыражай,  тыныш, тоқ заманды осылай атағандықтан, 
оның  дәл  қай  заман  екендігін  нақты  айту  мүмкін  емес.  Алайда,  «Қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалаған  заман»  қазақтың  әз-Жәнібек  хан  мен  Қасым  хан  сынды  әйгілі  хандардың 
өнегелі іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады [9; 573]. Алайда, ақын-жыраулар тілін 
зерттеген  Г.  Абылова  қазақ  дүниетанмында  әмбебап  уақыт  деген  ұғымының  заман 
контекстінде  айқын  көрініс  табатындығын  қарастыра  отырып  былай  деп  жазады:  «Заман» 
концептісінің  қазақ  халқы  үшін  жағымды  бағалауынан  гөрі  жағымсыз  бағалауы  басымдау 
екенін  байқауға  болады....  Ақын-жыраулардың  бейнелі-поэтикалық  дүниетанымында  
«заман»  концептісі  аумалы-төкпелі  кезеңнің,  қазақ  халқының  ұзаққа  созылған  жаугершілік 
өмірін танытатын тілдік категория болып табылады [10; 24]. 
Расымен  де,  қазақтың  ХҮ-ХІХ  ғасырларда  өмір  сүрген  ақын-жыраулар  мұрасында 
«заман»  ұғымының  жағымсыз  реңкі  басымдау  кездеседі.  Мәселен,  атақты  Абылай  ханның 
кеңесшісі болған Бұқар жырау: 
Ай, заман-ай, заман-ай, 
Түсті мынау тұман-ай, 
Істің бәрі күмән-ай [11; 56], – деп жырлайды.  
Ақын Әбубәкір Кердері «Заманның опасыз халіне айтқан сөзі» атты өлеңінде: 
...Жалған сөз азаматқа болды оңай, 
Заман болды, халқым, әлдеқалай? 
Құдайым өзі сақтап оңғармаса, 
Болып  тұр  бұл  замана  судай  лай,  –  десе,  «Өткен  еміншілік  заманды  жоқтап  айтқан 
толғауында»: 
... Қайғылы болды заманым, 
Заманым бұлай болған соң, 
Тайғақ болды табаным..., – дейді.  [12; 268].  
«Заманның қалпына айтылған сөздер» өлеңінде Нұржан Наушабайұлы: 
...Білмесе де ойыменен 
Білем дескен заман-ай. 
Өтірік күлкіге үйреніп 
Бірін-бірі көргенде 
Елеңдескен заман-ай [13;265], – дейді.  
Яғни,  ақын-жыраулар мұрасында өткен өмірі  аңсау, өзі өмір сүріп отырған заманның 
келбетіне үрке қарау жиі байқалады.  
Әдебиеттегі заманның осы шақтағы бейнесі. 
Қазақ  дүниетанымында  заман  ұғымы  дүние  концептісімен  бірдей  қабылданады. 
Мәселен, бұл заман деген тіркес қазіргі дүниені, осы өмірді білдірсе, бір заман, баяғы заман, 
атам заман деген тіркестер ежелгі дүние, ертедегі тіршілік дегенге саяды.  Сондықтан қазақ 
лексикасында заман өткен заман, осы заман, келер заман деп үш шаққа бөлінеді. 
Халық  өзі  өмір  сүріп  отырған  заманды  да  осы  шақтағы  уақыттың  бір  бөлігі  ретінде 
танып, оған «жақсы» не  «жаман» деп баға береді. Ел  ішініде әділдік орнап, жақсы адамдар 
билікке  келсе,  «заман  түзелді»,  «заманымыз  тыныш  болсын»  деп  тілек  тілесе,  әділетсіздік 
орнаған  кезде,  жамандылық  көбейген  кезде  «заманына  қарай  заңы,  орманына  қарай  аңы», 
«заман бұзылды ма, адам бұзылды ма?», «кер заман», т.б. деп пайымдаған. Қазақ халқы ата-
баба  жолынан  ауытқыған,  аумалы-төкпелі  кезеңді  «ел  ішіне  іріткі  түсті»,  «адамдардың 
пиғылы  өзгерді»  деп,  ондай  заманды  кер  заман  деп  атаған.  Мұндайда  сенімі  әлсіз,  рузы 
төмен адамдар заманның илеуіне түседі.   
Қазақтың    ақын-жыраулары  заман  жайын  толғап  қана  қоймай,  оған  баға  беріп,  келер 
заманның кейбір жағымсыз жақтарынан сақтандырып та отырған.  Мәселен, Асан қайғының 
Жәнібек ханға қарата айтқан толғауында:   
 
...Ай, жәнібек, ойласаң, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау