[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет104/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   164

207 
 
ақындар  сирек  кездеседі.  Фариза  орыс  тілін  жақсы  білген,  өз  поэзиясының  орыс 
оқырмандарына  шебер  жетуіне  мән  берген.  Әрине,  біз  осы  мақаламызда  аудармашының 
пікірлерін  қазақ  тіліне  аударып  беруімізге  әбден  болар  еді.  Бірақ  орыс  тілді  оқырмандарға 
аудармашы ойын қалай жеткізе білді соны дәл беруді мақсат еттік. 
 
 
Енді 
ақынның  "Әйел  монологы"  өлеңінің  орыс  тіліндегі  аудармасына  көңіл  бөлейік.  Фариза  1968 
жылы  жазған.  Аударған  Т.Фроловская.  Ақын  Фариза  өлеңдерінің  көбі  махаббатқа 
арналғандығы белгілі. Ақынның осы өлеңі де қазақ поэзиясына жаңа леп, жаңа мазмұн, жаңа 
көркемдік  тәсіл  әкелді.  Махаббатқа  толы  жанның  қасіреті  мен  мұңы,  қуанышы  мен  ләззаты 
тең  дәрежеде  көрсетіле  білген  шығарма.  Осы  өлең  туралы  Қымбат  Әбділдәқызы  :  "  Кітап, 
газет-журнал  оқымаса,  ішкен  асы  бойына  жұқпайтын  заманда  әр  қазақ  талантты  тануда, 
табынуда  алдына  жан  салмайтын.  Сондықтан  Оңғарсынованы  бір-ақ  өлеңінен  Ақын  деп 
қабылдады. Ол – «Әйелдің монологы»",- деп жоғары бағасын берген [4,19]. Ал әнші Гүлмира 
Ақүрпекованың орындауындағы "Әйел монологы" Фариза ақынның бүкіл образын ашады. 
 
Әйелдің  жан  азабын,  өлеңнің  құдіреттілігін,  көркемдік  ерекшелігін  түсіне  отырып 
Т.Фроловская әдемі аударма жасай  білген. Көркем аударма  ішіндегі ең  қиын аудармалардың 
бірі  поэзия  аудармасы  болып  табылады.  Аудармашыдан  өлшем,  ырғақ,  ұйқас,  шумақ  т.б. 
сәйкес келуін  және шығармашылық ізденісті  талап етеді.    
  
 
 
 
Қазақ 
халқының  талантты  ақындарының  бірі  саналатын  Фариза  поэзиясының  өңін  жоғалтпай, 
бұлжытпай  орыс  тіліне  аудару  Т.Фроловскаяға  өте  қиын  жауапкершілікті  жүктеді.  Біз 
қарастырылғалы  отырған  "Әйел  монологы"  өлеңі  түпнұсқада  33,  ал  аударма  нұсқада    32 
жолдан тұрады.   
 
Түпнұсқа :          
 
Сенің от құшағыңда   
 
 
 
 
 
 
  
 
 
Дүниені ұмытып талықсыдым. 
        Жүрегімді өртеді жан ыстығың. 
        Мынау байтақ әлемде тек екеуміз 
        Жүргендейміз айналып ғарышты мың. 
        Көзімді ашсам шырын сәт көзден ұшып 
        Кететіндей жанарды тарс жұмдым [5,19]. 
  
Аударма нұсқа: 
В твоих объятьях, в полузабытьи, 
Сердца слились в одном согласном стуке,  
И отступили все иные звуки — 
Был мир велик, но были мы одни.  
Зажмурившись, я думала, что зренье 
Мгновенное отнимет озаренье — 
Пои
̆ди его попробуй, догони! [ 6,37]    
 
 
 
Өлеңді  талдай  келе  біріншіден,  аудармада    еркін  тәсіл  қолданылған.  Еркін  болғанымен 
де, түпнұсқадағы өзіне тән ырғақ аудармада да бар. Түпнұсқа көркемдік құралдарға бай болып 
келсе, аудармада ол біраз дүниеден айырылған. Мысалы: автор «Сенің от құшағыңда дүниені 
ұмытып талықсыдым» деп қолданса, аудармашы оны «В твоих объятьях, в полузабытьи» деп 
берген екен. Мұнда дүниені ұмытып талықсу деген сияқты керемет тіркес берілген, «талықсу» 
дегеннің  орыс тілінде  «утомляться» деген баламасы бар. Ал келесі жолда еркін аударманың 
бір  мысалы:  «Жүрегімді  өртеді  жан  ыстығың»  -  «Сердца  слились  в одном  согласном  стуке». 
«Мынау  байтақ  әлемде  тек  екеуміз  жүргендейміз  айналып  ғарышты  мың»  аудармада  «И 
отступили все иные звуки — Был мир велик, но были мы одни», көріп тұрғанымыздай автор 
«иные  зауки»  дегенді  өлеңінде  қолданбаған,  әрі  «ғарышты  мың  айналу»  деген  аудармада 
баламасын  таппаған  бейне  де  бар.  «Көзімді  ашсам  шырын  сәт  көзден  ұшып  кететіндей 
жанарды  тарс  жұмдым»  -  «Мгновенное  отнимет  озаренье  —  Пои
̆ди  его  попробуй,  догони!» 
деп лепті сөйлеммен аяқтаған. Түпнұсқада жанарды тарс жұму, яғни, өте жылдам, тез дегенді 
білдіретін  тұрақты  тіркес  бар.  Ал  соңғы  сөйлемді  аудармашы  өз  тарапынан,  басқаша  лепті 
сөйлеммен аударуды жөн көрген.  


208 
 
Түпнұсқа: 
Сен аймалап алқындың, 
Одан сайын есімді шығардың да, 
Мен балқыдым көміліп қылаң нұрға. 
Жақсы сөздің барлығын саған айттым, 
Ішімнен бе, әлде үн шығардым ба... [ 5,19]. 
Аударма нұсқа : 
А миг любви тянулся до зари, 
И ты молчал, молчанием чаруя, 
Я задыхалась в пекле поцелуя 
И только помню, будто говорю я:  
 «Скажи — люблю! Нет, нет, не говори!» [ 6,37]. 
Аударма    еркін  жасалған.  Түпнұсқаның  бастапқы  бөлігін  талдайтын  болсақ,  «Сен 
аймалап алқындың, одан сайын есімді шығардың да, мен балқыдым көміліп қылаң нұрға», ал 
аудармада  «А  миг  любви  тянулся  до  зари,  И  ты  молчал,  молчанием  чаруя,  Я  задыхалась  в 
пекле поцелуя», біріншіден, бұл жолдардың қазақша нұсқасында бұл ер адамның сөзі ме, әйел 
адамның  сөзі  ме,  оны  автор  бізге  нақты  көрсетпейді,  алайда,  аудармада  ол  нақты  әйел  адам 
екенін бізге аудармашы жеткізеді. Түпнұсқада, «миг тянулся до зари», «ты молчал, молчаньем 
чаруя»  деген  тіркестерді  кездестірмейміз,  сөзбе-сөз  аударма  жасайтын  болсақ,  олар  «таңға 
дейін  созылған  сәт»,  «сен  үндемедің,  сенің  үнсіздігіңе  тәнті  болдым»  болар  еді.  Ал  «қылаң 
нұрға  балқу»  -  «задыхаться  в  пекле  поцелуя»  деп  беріліп,  нұрды  поцелуй  десе  керек.  Соңғы 
жолдары  «Жақсы сөздің барлығын саған айттым,ішімнен бе, әлде үн шығардым ба...» дегені 
«Скажи — люблю! Нет, нет, не говори!» деп түпнұсқадан басқаша аударылған.  
Түпнұсқа : 
Сен жанымда жүрдің де 
Жанарымды толтырдың жылылыққа 
(жан жылуын балар ем ұлылыққа). 
Тәттілігін сезіндім бұл өмірдің 
Әр күніне тоймадым құнығып та. 
Қайырымды да боп кеттім. 
Қатыгез жан 
Дірілдеген жүрекпен сыр ұғып па?[ 5,19]. 
Аударма нұсқа: 
Когда явился звук твоих шагов, 
Тебя должна была я видеть рядом, 
Глаза раскрылись, и, встречаясь взглядом, 
Мы перестали верить в силу слов. 
О счастье жизни с истинои
̆ простою: 
Суровая, я стала добротою, 
Когда меня заполнила любовь.[ 6,37]. 
Қазақша  түпнұсқа  мен  аударманы  салыстыра  қарасақ,  түпнұсқада  жанымда  жүрдің  де 
жанарымды  толтырдың  жылылыққа  деп,  яғни  өзінің  махаббатын  сезімін  жеткізіп  жазған  ал 
аудармада  тебя  должна  была  я  видеть  рядом  деп  мағынасын  бұрмалап  жіберген  ешқандай 
сезім,  махаббат  туралы  ой  жоқ.    Тәттілігін  сезіндім  бұл  өмірдің  әр  күніне  тоймадым 
құнығыпта  аудармада  мұндай  сөздердің  аудармалары  мүлдем  жоқ      Мы  перестали  верить  в 
силу  слов.  О  счастье  жизни  с  истинои
̆  простою  деп  өз  тарапынан  қосқан.  Аударма  автор 
ниетін  толық  жеткізбеген.  Оның  ойын,  идеясын  түсінбеген  .  Сөздерді  тастап  кеткен  өз 
тарапынан  сөздер  қосқан.  Мысалы  :  глаза  раскрылись,  звук  твоих  шагов,  перестали  верить 
мұндай  сөздер  түпнұсқада  мүлдем  жоқ.  Түпнұсқада  автор  өзінің  махаббатын  күнде  қасында 
болсанда  сағынатынын,  қаншалықты  қымбат  екенін  айтқысы  келді.  Ал  аудармада 
махаббаттын  жауапсыздығын  ғашық  болып  қатыгез  болып  кеттім  деп  аударған.  Аудармада 
қыздың ғашықтығын жазған должна была деп ал түпнұсқада қазақтарда олар сияқты қыздың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау