[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет114/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   164

227 
 
елпек  қағады.  Иванның  қарғасы  ертегідегідей  «сұлу»,  «нәзік»  болса,  Ыбырайдың 
қарғасының  сыртқы  сұлулығы  көрінбейді;  керісінше  «батыр».  Қазақшасында  түлкінің 
қарғаны мақтауы «қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын» деген жолмен ғана шектеліп, бар күш 
«қарға-екеңдей  дүниеде  әуез жоқ деп» оның дауысын мадақтауға жұмсалады; оның даусын 
естуге асық болғаны соншалық – көзіне жас алады. 
И.А.Крылов мысалы: 
«Вещуньина с похвал вскружилась голова, 
От радости в зобу дыханье сперло, – 
И на приветливы Лисицыны слова 
Ворона каркнула во все воронье горло: 
Сыр выпал - с ним была плутовка такова.»- деген жолдармен аяқталады. Ыбырай: 
«Масаттанып бұл қарға сілкінеді, 
Ішін тартып, миықтан бір күледі. 
Арып-ашып алыстан келген шығар, 
Көңілі тынып кетсінші шіркін» деді. 
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,  
Пәрменінше «қарқ» етті аузын ашып. 
Қарқ еткенде ірімшік жерге түсіп, 
Оны кетті түлкі-екең ала қашып. –  
деп,  аяқтайды.  Бұл  жерде  де  азын-аулақ  айырмашылықтар  көрініп  тұр.  Крыловта  бір 
шумақ  болса,  Ыбырайда  екі  шумақ.  Мақтаудан  Крыловтың  қарғасының  басы  айналып, 
тынысы  тарылса,  Ыбырайдың  қарғасы  масаттанып,  сілкініп,  ішін  тартып,  миықтан  күледі; 
түлкі  мен  үшін  алыстан  арып-ашып  келіпті,  көңілі  бір  тыншып  кетсінші  деп,  өзіне-өзі  риза 
болған  бір  сезіммен  ойланады.  Екеуінде  де  қарға  «қарқ»  еткенде,  ірімшікті  түлкі  қағып 
алады; тек Ыбырайдың түлкісі ірімшік ауызға түсісімен зыта жөнеледі.  
Жоғарыдағы  талдауымыздан  көрініп  тұрғандай,  Ы.Алтынсариннің  «Қарға  мен  түлкі» 
мысалы  аударманың  балама  түріне  жатады.  Азын-аулақ  өзгертулері  болғанымен  де 
түпнұсқаның  негізі  сақталынған.  Ал  аз  ғана  өзгертулердің  өзі  түпнұсқаны  сол  күйінде 
аударуға шаманың келмегенінен емес, түрлі әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардан туындаған 
обьективтік-  субьективтік  себептерге  байланысты  туындаған  деп  ұққан  жөн.  Бұл  жерде 
аударма авторы ағартушы ретінде тәржімаға көркемдік принциппен емес, ұстаздық мақсатты 
ұстанып, тәрбиелік оқу құралы тұрғысынан келген.  
Сондықтан  да  Ыбырайдың  аудармасы  жалпы  жұртшылықтың,  оның  ішінде  мектеп 
оқушыларының  ұғымына  түсінікті  қарапайым  тілмен  жазылған.  Ең  бастысы  «Қарға  мен 
түлкінің»  ауызды  ашып  босқа  жүрме,  өтірік  мақтауға  малданып  қалма,  ертеңіңді  ойла, 
өйтпесеңдер  алданып  қалған  қарғаның  аянышты  күйін  кешесіңдер  деген  сынды  ойлары 
балалардың түсінігіне орай  жеткізілген. Ы.Алтынсарин өмірде түлкі сияқты қулар да, қарға 
сияқты  аңқаулар  да  бар.  Қарға  сияқты  сенгіш  қарапайым  адамдар  түлкі  сияқты  қулардың 
өтірік мақтауларына сеніп қалып, қаншама қиын жағдайларға ұшырап жүр дегенді аңғартып, 
оқырманын  қулық-сұмдықтардың  құрбаны  болу  қаупінен  сақтандырады.  И.А.Крыловтың 
«Қарға мен түлкісін» Абай да аударған.  
Абайда  бұл  мысалдың  екі  түрлі  нұсқасы  бар.  Оның  бірі  «Жұрт  біледі,  күледі»  де, 
екіншісі  –  «боқтықта  талтаңдап».  М.Әуезов  осының  екіншісі  Абайдікі  екендігіне  күмән 
келтіріп, Ыбырайдікі деген пікір айтқан. [6,199] Кейіннен Ы.Алтынсарин аударған «Ашығып 
түлкі  жүрді  жапандарда»  деп  басталатын  мысал  анықталды  да,  зерттеушілер  Мүрсейіттің 
қолжазбасында бар екі нұсқаны да  Абайдікі  деп жүр. Абай  «Қарға мен түлкінің» екі  бірдей 
әдеби аудармасын жасаған.  
Мысалдың  екі  түрінің  де  мазмұны,  айтар  ойы  –  бір.  Айырмасы  бірі  дәл  аударылса, 
екіншісі  еркін.  Түпнұсқадағы  26  жолдық  мәтін  дәл  аудармада  47,  екіншісінде  –  55. 
Орысшасында  буын  саны  әр  түрлі:  көбіне  12-13  те,  қазақшасында  6,7,8,10  буынды  болып 
келеді.  Еркін  аударылған  нұсқа  7-8  буынды  жыр  үлгісімен  жазылған.  Орысшамен 
салыстырғанда қазақшасының жол қатары көбірек көрінгенмен де жалпы көлемі шамалас.  


228 
 
Крылов мысалдарында ойдың түп қазығы басында: 
«Уж сколько раз твердили миру, 
Что лесть гнусна, вредна; но только все не впрок, 
И в сердце льстец всегда отыщет уголок.» -  
деп берілген. 
Осы жолдарды Абай:  
Жұрт біледі, күледі, 
Сұрқия тілдің жаманын, 
Қошеметшілердің амалын 
Сонда солар қайда жоқ? 
Ептеп айтса, ересің, 
Артынан өкінсең де пайда жоқ –  
түрінде  аударған.  Айтылмақ  ой  негізінен  қазақша  сөйлеп  тұр.  Аудармадағы  аздаған 
айырмашылықтардың  бірі  –  түпнұсқадағы  «күледі»,  «өкіну»  туралы  айтылмайды. 
Қошеметтің  жексұрындылығы,  зияндығы  айдай  әлемге  аян  бола  тұра  қошеметшілердің 
жүрекке  жол  тауып,  кете  алатындығы  жайлы  айтылса,  тәржімада  да  осы  ой  сәл  ғана 
өзгерістермен  айтылған.  Үш  жол  алты  жол  болып  аударылғанмен  де  сөздерінің  саны 
шамалас  –  екеуінде  де  жиырма  шақтыдан.  Ал  мысалдың  мазмұны  асқан  шеберлікпен  дәл 
аударылған. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және  Абай  поэзиясының  тілі.  2 
том. – А., 1960 – 53 б.  
2. Талжанов  С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. –  А.,1975. – 194-б.  
3. Сатыбалдиев  Ә. Рухани қазына. – А., 1987. – 17-бет, 26-бет. 
4. Крылов И.А. Басни. – М.: Просвещение, 1985. – 13-бет 
5. Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1 том. –  А.,2003. – 39-бет 
6. Әуезов  М. Абай Құнанбаев. – Алматы, 1967. – 199 бет. 
 
В  статье  говорится  о  переводческой  деятельности  Ыбырая  Алтынсарина.  Автор 
отмечает  большое  значение  образования  как  культуры.  Предпринимается  попытка 
определить значение образования для общества, проследить связь образования и культуры, 
а  также  в  сопоставительном  аспекте  рассматривается  рассказы  И.А.Крылова  и 
Ы.Алтынсарина. 
 
In  article  it  is  told  about  translation  activity  of  Ybyraya  Altynsarin.  The  author  notes  great 
importance  of  education  as  cultures.  An  attempt to  define  value  of  education for  society,  to track 
communication of education and culture is made, and also in comparative aspect is considered I. A. 
Krylov and Y.Altynsarin's stories. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау