ОӘК
042-18-12.1.55/3-2013
№1 басылым 18.09.2013ж
50 беттің 23-сі
даму заңдары мен қоршаған ортамен ӛзара әрекетін түсіну үшін қажет (түсіну);
2) модель объектпен (немесе процеспен) басқаруды үйрену және берілген мақсат
пен критерийлер кезінде басқарудың ең жақсы тәсілін анықтау үшін қажет
(басқару);
Сонымен, математикалық аппаратқа қатыссыз әртүрлі ғылымдарда
модельдеудің жалпы заңдылықтарымен қызығатын, бірінші орынға модельдеу
мақсатын қоятын адам, мынандай классификациямен қызығады:
• дескриптивті (сипаттаушы) модельдер;
• оптимизациялық модельдер;
• кӛпкритерийлі модельдер;
• ойын модельдері;
• имитациялық модельдер.
Ӛзіндік бақылау сұрақтары:
1. Массалық қызмет кӛрсету жүйелеріне мысалдар
2. Массалық қызмет кӛрсету жүйелері модельдері
Ұсынылатын әдебиет:
1.Компьютерная поддержка решений Л.А.Матвеев, С-Пб, 1998
2.Математическое моделирование в менеджменте В.М.Трояновский, Москва 2000
3.Практика примененеия экономико-математических методов и моделей
Н.Б.Кобелев, Москва, 2000
Лекция 6. Үздіксіз жүйелерді модельдеу әдістері
Адам ӛз қызметінде модельді жаппай пайдаланады, яғни ӛзі жұмыс істейтін
объекттің түрін, кӛшірмесін жасайды. Іс-әрекет жоспарын ойластыра, ӛз ісінің
нәтижесін ұсына отырып, адам ой деңгейінде модель құрады.
Модель – бұл нақты объект, процесс немесе құбылыс туралы жеңілдетілген
кӛрініс беретін жасанды құрылған объект. Модельдеу - объект, процесс немесе
құбылысты оқу және зерттеуге арналған модельді қӛру. Қандайда бір объект үшін
жасалған модель түпнұсқа немесе прототип деп аталады. Кез келген модель ӛзінің
түпнұсқасының абсолютті кӛшірмесі болып табылмайды, ол тек қана оның қасиеті
мен құрамын кӛрсетеді. Модель құру кезінде әрқашан қандайда бір жорамалдар мен
гипотезалар қатысады.
Модельдеу – құбылыс, процесс немесе объектілер жүйесін оның моделін құру
және меңгеру мақсатында зерттеу – бұл ғылыми танымның негізгі әдісі.
Информатикада берілген әдіс есептеу эксперименті деп аталады және ол негізгі үш
түсінікке негізделеді: модель – алгоритм – программа.
Модельдеу кезінде компьютерді пайдалану үш бағыт бойынша мүмкін:
1. Есептеу – программа бойынша есептеулер.
2. Инструментальды – білім базасын оны алгоритм және программаға түрлендіру
үшін
құру.
3. Диалогтік – зерттеуші мен компьютер арасында интерфейсті қолдау.
ОӘК
042-18-12.1.55/3-2013
№1 басылым 18.09.2013ж
50 беттің 24-сі
2. Модель түрлері. Ақпараттық модель
Модель – анализдің нақты және физикалық объектісін білдіретін жалпы
ғылыми түсінік. Нақты модельдердің маңызды класына математикалық модель
жатады, мұндағы құбылыс немесе процесс абстрактілі объект түрінде кӛрсетілген.
Модельдің әр түрлі типтері мен кластары арасындағы шекара, сонымен қатар
модельді қандайда бір типке немесе класқа жатқызу кӛбінесе шартты болып келеді.
Модельдің классификациясы бойынша ең кӛп таралған белгілерін қарастырайық:
Пайдалану мақсаты;
Білім облысы;
Уақыт факторы;
Ұсыну әдісі.
Пайдалану мақсаты бойынша
оқу, тәжірибелік, имитациялық, ойын, ғылыми-
техникалық модельдерді ерекшелейді. Білім облысы бойынша
биологиялық,
экономикалық, тарихи, әлеуметтік және т.б. модельдерді ерекшелейді. Уақыт
факторы бойынша динамикалық және статикалық модельдерді ерекшелейді.
Статикалық модель объектіні құру және параметрін кӛрсетеді, сондықтан оны
құрылымдық деп те атайды. Ол объектіні қандайда бір уақыт моментінде
сипаттайды, ол туралы ақпарат береді. Динамикалық модель процестің уақыт
аралығында ӛзгеру және даму немесе объектінің функционалдау процесін кӛрсетеді.
Кез келген модельдің нақты түрі, формасы немесе ұсыну әдісі бар, ол әрқашан бір
нәрседен және қалай да болсын жасалған немесе кӛрсетілген және сипатталған. Бұл
класта модельдер заттық және заттық емес болып қарастырылады.
3. Модельдеу сатылары. Модель құру
Есепті шешу процесі бірнеше сатыларда жүзеге асады:
Есептің қойылымы. Алғашында есепті түсіну керек, оны қисынға келтіру керек.
Сонымен қатар шешілетін есепке жататын объекттери анықталады. Бұл – есептің
мазмұнды қойылым сатысы. Есепті сандық сипаттау және оны шешу кезінде есептеу
техникасын пайдалану үшін оған қатысы бар объектілер мен жағдайлардың сандық
және сапалық анализін жүргізу керек.
Демек қиын объекттер бӛлікке (элементтер) бӛлінеді, осы элементтердің
байланысы, олардың құрамы, қасиеттерінің сапалық және сандық мәндері,
теңдеулер, теңсіздіктер және т.с.с. түрінде кӛрсетілетін олардың арасындағы сандық
және логикалық қатынастары анықталады. Бұл – есептің жүйелік анализ сатысы,
нәтижесінде объект жүйе түрінде кӛрсетіледі.
Келесі саты есептің математикалық қойылымы болып табылады, ол процесте
объекттің математикалық моделін құру және есептің шешімін алу әдістерін
(алгоритмдерін) анықтау жүзеге асырылады. Бұл – есептің жүйелік синтез
(математикалық қойылымы) сатысы.
Келесі саты ЭЕМ-де есепті шешудің программасын құру болып табылады.
Элементтердің үлкен санынан тұратын, қасиетінің үлкен санымен ие болатын қиын
объекттер үшін деректер базасын және онымен жұмыс істеу әдістерін, есептеуге
қажет мәліметтерді алу әдісін құруға қажет болуы мүмкін. Стандартты есептер үшін
программа құру емес, ал сәйкес қолданбалы программалар пакетін және деректер
базасын басқару жүйесін таңдау жүзеге асырылады.
Соңғы сатыда модель эксплуатациясы және нәтиже алу жүргізіледі.