Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынданың қолданысынтағы нормативтік – құқықтық заңнамалар тізімі



жүктеу 1,07 Mb.
бет1/9
Дата18.01.2020
өлшемі1,07 Mb.
#27072
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Техникалық және кәсіптік білімнің педагогикалық мамандықтары бойынша кәсіби стандарттары бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 қазанда № 8819 тіркелді

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 138-5-бабының 4-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптікстандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптік білім беру стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптік стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік беру кәсіптік стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кәсіптік білім беру» (салалар бойынша) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік беру кәсіптік стандарты бекітілсін.
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.
      4. осы бұйрықты алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     


Министрдің
      міндетін атқарушы           М. Орынханов

      «Келісілді»


      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      _____________ Т. Дүйсенова
      2013 жылғы «__»___________

Қазақстан Республикасы         


Білім және ғылым министрі міндетін  
атқарушының 2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 373 бұйрығымен бекітілді      

«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша
техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер


      1. Кәсіби стандарт:
      1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
      2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
      3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге арналған.
      2. Кәсіби стандарт негізгі пайдаланушылары: 
      1) білім беру мекемелері түлектері; 
      2) облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, білім жетілдіру орталығы, білім мекемелерінің басшылары, мекеме персоналын басқару құрылымдарының басшылары мен мамандары;
      3) білім беру бағдарламаларын әзірлеуші мамандар; 
      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар. 
      3. Кәсіби стандарттар негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулар, профессиограмма, білім саласындағы ұйымдардың корпоративтік стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары әзірленеді.
      4. Осы кәсіби стандартты төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
      1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек функцияларының стандартты еместігі, жауапкершілігі мен өзбетінділігі параметрлерімен жіктелетін жұмысшылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиыны.
      3) еңбек заттары – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар;
      4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;
      6) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге бағытталған өзара байланысқан әрекеттер жиыны;
      7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) кәсіби стандарт – кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
      9) кәсіби стандарт бірлігі – кәсіби стандарттың еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;
      10) кәсіп – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
      11) құзыреттілік – білім, білік және тәжірибені еңбек қызметінде пайдалану қабілеті;
      12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушы-әкімшілік иерархия жүйесіндегі функционалды орын;
      13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
      14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны;
      15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
      16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
      17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
      5. Бұл кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
      КҚ – кәсіби қызмет;
      ҚТ – қызмет түрі; 
      КС – кәсіби стандарт; 
      ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері; 
      БТБА – ҚР жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтағышы;
      ҚР МКЖ - 01-2005-Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;
      ҮБС – педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары; 
      КДДБББ - кәсіптік даярлығының деңгейін бағалау және мамандығы бойынша біліктілікті беру;
      М - міндеттер;
      Қ – қызметтер.

жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау