Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынданың қолданысынтағы нормативтік – құқықтық заңнамалар тізімі


«Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандарты



жүктеу 1,07 Mb.
бет8/9
Дата18.01.2020
өлшемі1,07 Mb.
#27072
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» мамандығы бойынша
техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер


      1.Кәсіби стандарт:
      1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
      2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
      3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге арналған.
      2.Кәсіби стандарт негізгі пайдаланушылары: 
      1) білім беру мекемелері түлектері; 
      2) облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, білім жетілдіру орталығы, білім мекемелерінің басшылары, мекеме персоналын басқару құрылымдарының басшылары мен мамандары;
      3) білім беру бағдарламаларын әзірлеуші мамандар; 
      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар. 
      3. Кәсіби стандарттар негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулар, профессиограмма, білім саласындағы ұйымдардың корпоративтік стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары әзірленеді.
      4. Осы кәсіби стандартты төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
      1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек функцияларының стандартты еместігі, жауапкершілігі мен өзбетінділігі параметрлерімен жіктелетін жұмысшылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиыны.
      3) еңбек заттары – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар;
      4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;
      6) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге бағытталған өзара байланысқан әрекеттер жиыны;
      7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) кәсіби стандарт – кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
      9) кәсіби стандарт бірлігі – кәсіби стандарттың еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;
      10) кәсіп – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
      11) құзыреттілік – білім, білік және тәжірибені еңбек қызметінде пайдалану қабілеті;
      12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушы-әкімшілік иерархия жүйесіндегі функционалды орын;
      13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
      14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны;
      15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
      16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
      17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
      5. Бұл кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
      КҚ – кәсіби қызмет;
      ҚТ – қызмет түрі; 
      КС – кәсіби стандарт; 
      ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері; 
      БТБА – ҚР жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтағышы;
      ҚР МКЖ - 01-2005-Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;
      ҮБС – педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары; 
      КДДБББ -кәсіптік даярлығының деңгейін бағалау және мамандығы бойынша біліктілікті беру;
      М - міндеттер;
      Қ – қызметтер.

2. Кәсіби стандарт паспорты


      6. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы): Кәсіптік білім беру.
      7. Экономикалық қызметтің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: адамның тұлғалық және кәсіби әлеуетінің ашылуына жағдай жасау.
      Кәсіби стандарт «Кәсіптік білім беру» кәсіби облысындағы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігі, еңбек шарты, сапасы, мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
      8. Еңбек қызметі, кәсіп түрлері, біліктілік деңгейлері осы кәсіби стандарттың 1-қосымшасында берілген.

3. Еңбек қызмет түрлерінің карточкалары(кәсіп)


      Кәсіп атауы: өндірістік оқыту шебері.
      9. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі -4,5.
      10. Лауазымның мүмкін атаулары: 
      11. Өндірістік оқыту шебері кәсібі субъектілерді құзыретті тұлғаның рухани, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын әзірлеуге, өз білімін жетілдіруі мен өзін дамытуына қолайлы жағдай жасауға міндеттейді.
      Өндірістік оқыту шебері жоспарлау құжаттарын, оқу-әдістемелік кешен, көрнекі құралдар әзірлеу, оқу орны, білім алушы мен өндірістік оқыту шеберінің құжаттарын рәсімдеу, техникалық оқыту құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тағы басқалары оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік жағдайларын туғызады. 
      Оқу орнының ата-аналармен қарым-қатынасқа, білім алушыларға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге, креативті ойлауды дамыту мәселелеріне, әдістемелік, педагогикалық және басқарушылық кәсібилікке, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
      Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      12. Өндірістік оқыту шебері еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      13. Кәсіптің еңбек функциялары тізімі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      14. Кәсіби стандарттың бірліктері мен өндірістік оқыту шеберінің орындайтын еңбек функцияларын сипаттайтын функциональдық карта осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      15. Өндірістік оқыту шеберінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасындакөрсетілген.

Кәсіптік білім беру  


кәсіби стандартына   
1-қосымша      

      1.Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері



№ р/с

Қызмет түрі атауы

Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сай кәсіптер атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

1.

Педагогикалық қызмет

Санатсыз өндірістік оқыту шебері (4.1)

Өндірістік оқыту шебері

4

2.

Екінші санатты өндірістік оқыту шебері (5.4)

5

3.

Бірінші санатты өндірістік оқыту шебері (5.3)

5

4.

Жоғары санатты өндірістік оқыту шебері (5.2)

5

Кәсіптік білім беру  
кәсіби стандартына   
2-қосымша      

      1. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс



Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші ( ҚР МКЖ)

Базалық топ

2359 Басқа топтарға кірмеген оқыту бойынша мамандары

Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)

ҰБШ сәйкес біліктілік деңгейі

Санаттар

4.1










санатсыз

5.4, 5.3, 5.2

жоғары

бірінші

екінші




Еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Өзіндік формаға тәуелсіз техникалық және кәсіби білім беру ұйымы, өндірістік – оқу комбинаты, техникалық шығармашылық станциясы, мектеп шеберханасы және еңбек кабинеттері, мектептен тыс жұмыстар және бос уақытты ұйымдастыру орталығы, оқу орталықтары, кәсіби оқыту курстары, өнеркәсіп мекемелері,өнеркәсіп орындарында, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында,белгіленген құралдарды пайдаланумен байланысты жағдайларда

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жүйелі жұмыс уақыты, күніне берілген жүктеме 18 сағат, 1,5 жүктемеде болады.

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

ҚР–ның Заңына сәйкес (өндірістік оқыту шебері дипломы, және КДДБББ сертификаты, медициналық кітапша)

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

4

Санаты жоқ орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

-

5

Екінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

2 жылдан кем емес немесе өндірістік өтілі 1 жылдан кем емес

5

Бірінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

3 жылдан кем емес немесе өндірістік өтілі 2 жылдан кем емес

5

Жоғары санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім

5 жылдан кем емес немесе өндірістік өтілі 3 жылдан кем емес

      3-кесте.Кәсіби стандарт бірліктерінің тізбесі (кәсіптер еңбек функциялары)

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек қызметінің атауы (кәсіби стандартының бірліктері)

Ф 1

Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін диагностикалау

Ф 2

Тұлғаны қалыптастыру моделін әзірлеу

Ф 3

Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайларды жобалау

Ф 4

Білім алушылардың іс – әрекет моделін құру

Ф 5

Білім алушылардың тұлғалық және кәсіптік әлеуетін (сапасын) ашуға арналған жағдай орнату

Ф 6

Өзіндік іс–әрекетті түзету және рефлексиялау

Ф 7

Оқыту сапасының мониторингін өткізу

      4-кесте.Кәсіби стандарт бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралы

Міндеттер (еңбек әрекеттерінің сипаттамасы)

Ф 1

Басқарылатын субъект әрекеті. Себеп, қажеттіліктер, сезім (эмоциялар), қызығушылықтар, сезінулер, қабылдау, жады, ойлау, сөйлеу, ерік, қабілеттер. Мінез. Білім алушының дене, психологиялық, рухани, интеллектуалдық дамуы. Әлеуметтік белсенділік.

Сауалнамалар, тест тапсырмалары, сұрау парағы. Сөйлеу, ес, зейінін, стандартты және стандартты емес жағдаяттардан шыға білу іскерлігін дамыту, мотивацияның (қызығушылық, дүниетануға ұмтылыс) дамуы. Қабілеттердің дамуы (танымдық, коммуникативті, шығармашылық және басқалар).

М 1.1 Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін диагностикалау әдістерін зерттеу.

М 1.2 Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін диагностикалауды өткізу.

М 1.3 Диагностика нәтижелерін жүзеге асыру.

М 1.4 Тұлға моделін қалыптастыруда диагностика нәтижелерін пайдалану

Ф 2

Ұтқырлықты, икемділікті, кері әсерлерге қарсы тұру, ашық ақпараттық қоғам жағдайына тез бейімделетін қабілетті дамыту.

Модель әзірлеу бойынша жұмыс жоспары. Рухани-адамгершілік орта. Тұлғаны қалыптастыру моделі.

М 2.1 Бейімделуге жағдай жасау, ұжым қалыптастыру, білімге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, көптілділікке тарту, тәртіп мәдениетіне тәрбиелеу.

М 2.2 Ұлттық сана-сезім қалыптастыру, эстетикалық қызығушылығы мен көркем талғамын дамыту

М 2.3 Білім алушыларды рухани – адамгершілік құндылықтарға тарту

М 2.4 Өз елінің патриоты, көшбасшының тұлғалық сапасын дамыту.

Ф 3

Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайлар. Денсаулық сақтау ортасы

Оқу – әдістемелік қамтамасыз ету. Құрал – жабдықтары бар кабинеттер, оқу шеберханалары, спорт залдар. Оқытудың техникалық құралдары. Педагогикалық қарым-қатынас.

М 3.1 Білім алушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау және бейімделу.

М 3.2 Оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық қамту.

М 3.3 Педагогикалық үрдісті әдістемелік қамту

М 3.4 Басқару, біріге басқару және өзін-өзі басқару жүйесін әзірлеу

Ф 4

Педагогикалық үрдістің білім мазмұны, педагогикалық құрал, технологиялар; оқу – өндірістік қызметін ұйымдастыру түрі мен құрылымы жөніндегі білімі.

Оқу – өндірістік қызметінің мазмұны. Педагогикалық үрдістің нәтижелерін және жүру барысын болжау әдістемесі. Білім алушылар мен шеберлердің қызметінің жоспары. Оқу- өндірістік қызметті ұйымдастыру моделі.

М 4.1 Педагогикалық қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қою. Соңғы нәтижені болжау.

М 4.2 Оқу ақпаратының мазмұнын болжау, оқу ақпаратының мазмұнын іріктеу және құрастыру

М 4.3 Нәтижеге бағытталған практикалық сабақтарды, оқу-өндірістік жұмыстарды, сыныптан тыс шараларды моделдеу.

М 4.4 Білім алушыларды шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар, жобалар т.б. орындауға жұмылдыру

Ф 5

Білім алушылардың тұлғалық-кәсіптік әлеуетін (сапасы) ашу

Ақпараттық – оқыту ортасы. Оқу құжаттары, электрондық оқулықтар. Электрондық қорлар, Техникалық оқыту құралдары. Интерактивтік қарым-қатынас. INTERNET-ке еркін қосылған корпоративті локальды желі, мультимедиялық кабинеттер.

М 5.1 Ақпараттық-оқыту ортасын әзірлеу.

М 5.2 Оқу ақпаратын модульдеу.

М 5.3 Ақпараттық -оқыту алаңын құрастыру.

М 5.3 Интерактивті қарым-қатынас жобалау.

Ф 6

Өзіндік іс – әрекет рефлексиясы мен түзету. Адамның сыртқы дүниесіндегі мәселелерді жеке түйсікпен іште ояту, адамның сыртқы проблемасын ішкі проблемасына айналдыру. Ақыл – ой әрекетін белсендендіру.

Өзара бірлескен іздеу режимі. Өзіндік талдау және талдау үлгісі.  Рефлексия нәтижелері. Іс – әрекетті түзету.

М 6.1 Адамның өзіндік талдау, ұғыну, түйсіну қабілеттерін дамыту.

М 6.2 Рефлексивтелетін қызметтің тиімділігін, өнімділігін зерттеу.

М 6.3 Рефлексия нәтижелерін анықтау және тұжырымдау.

М 6.4 Педагогикалық қызметке өзгерістер енгізу.

Ф 7

Оқу сапасының мониторингін өткізу. Қызметті бақылау, бағалау, талдау.

Сауалнама жүргізу, бірлескен рефлексия. Ішкі және сыртқы бақылау. Электронды бақылаушы бағдарламалар. Білім алушылар портфолиосы.

М 7.1 Шебердің мониторинг жүргізуге дайындығы.

М 7.2 Критерийлер мен көрсеткіштерді анықтау.

М 7.3 Педагогикалық қызметті талдау және бағалау.

М 7.4 Педагогикалық менеджменттің таңдалған әдістері, функциялары мен формаларының нәтижелілігі. Білім алушылар, ата-аналар, қоғам көзқарасындағы оқу орнының, өндірістік оқыту шеберінің имиджі.

      4.1. өндірістік оқыту шеберінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

М 1.1

Білім алушылардың тұлғалық әлеуметін диагностикалау әдістерін басшылықпен зерттеуді қарастыратын оқу-тәрбие үрдісіндегі орындаушылық -басқару қызметі.

Сауалнамалар, тестілер, сұрау қағаздары. Тұлғалық сапаларды зерттеу үшін тиімді диагностикалау әдістерін таңдау. Білім алушылардың жеке іс – қағаздарын жүргізу. Әртүрлі сапаларын дамыту.

Білім алушылардың тұлғалық сапасы. Диагностика жүргізу құралдары мен әдістемесі. Білім алушылардың жас және жеке, психологиялық ерекшеліктері. Зерттеу жүргізудің әдістері және формалары.

М 2.1

Бейімделуге, ұжым қалыптастыруға, мемлекеттік тілді білуге және құрметтеуге, көптілділікке, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге жағдай жасауды қарастыратын тәрбие үрдісіндегі орындаушылық -басқару қызметі.

Қарым – қатынаста сенімділік ахуалын құру. Білім алушылардың әлеуметтік картасын құрастыру. Ұжым құру. Көптілділікке оқыту.

Ұжымдық қарым – қатынас негізіне тәрбиелеу мәдениеті. Білім алушылардың әлеуметтік картасы. Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі. Ұжымды қалыптастыру. Мінез – құлық мәдениеті.

М 3.1

Әлеуметтік қорғауды, бейімделуді, білім алушылар мен шеберлердің денсаулығын сақтауды қарастыратын педагогикалық үрдістегі орындаушылық -басқару қызметі.

Білім алушыларға тамақ беру және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Салауатты өмір салтын жүргізу, денсаулық сақтау ортасын құру. техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды, эстетикалық талаптарды сақтау.



Денсаулық сақтау ортасы, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, санитарлық-гигиеналық нормалар, эстетикалық талаптар. Нормативтік құжаттар.

М 4.1

Педагогикалық қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қою, педагогикалық қызмет пен оның нәтижесін болжау, өнідірістік оқыту шеберін кәсіби міндеттерге үйрету шеңберіндегі орындаушылық -басқару қызметі.

Оқыту мен дамытудың мақсаттарын анықтау арқылы стандартты және қарапайым біртектес практикалық тапсырмаларды шешу. Мақсат пен міндеттерді тұжырымдау. Білім алушыларға оқу сапасына қойылатын жаңа талаптарға сай оқылатын тәсілдер, әрекеттер мен жұмыс түрлері туралы кіріспе нұсқау беру. Жұмыс үлгісі бойынша орындауда ұтымды әдіс – тәсілдерді оқыту. Педагогикалық іс–әрекеттегі күтілетін нәтижелерді анықтау.

Педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы тәжірибелік – бағдарланған кәсіби білім. Оқу іс – әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Оқыту және дамыту үрдісінің құрылымы, түрі және іс - әрекетті ұйымдастыру қабілеті.

М 5.1

Ақпараттық –оқыту ортасын әзірлеуді қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Оқу ақпараттарын болжау тәсілдерін меңгеру. Ойлаудың дамуы, педагогикалық мақсатқа жетудегі оқу ақпаратының мазмұнын таңдай білу. Өзінің және білім алушылар әрекетін жүйелі құру білігі. Оқыту ортасымен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру.

Педагогикалық қызметті ұйымдастыру қабілеті және құрылымы, түрі. Әртүрлі құрамдағы білім алушылардың ерекшеліктері. Меңгеру үрдісінде жағымды мотивацияны ынталандыру. Педагогикалық өзара әрекеттесу. Өндірістік оқыту әдістемесі. Тұлғалық және кәсіби қабілеттерді дамыту.

М 6.1

Адамның өзіндік талдау, ұғыну, түйсіну қабілеттерінің дамуын қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.

Көңіл – күй мен эмоционалды жағдайға рефлексия жүргізу. Анықталған сапалар мен қабілеттердің көрінуі, ішкі мәселеден сыртқа қарай ауысуда себептерді анықтау және оларды шешу тәсілдерін қарастыру.

Рефлексия ұйымдастыру сатылары. Рефлексия- субьекттің ішкі психикалық жағдайы мен әлемін тану үрдісі.

М 7.1

Мониторинг өткізуге шебердің дайындық деңгейін қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.

Педагогикалық талдау, білім сапасын диагностикалау тәсілдерін игеру.

Педагогикалық диагностика технологиясы, теориясы және әдістемесі, мониторинг жүргізу.

     
жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау