«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша
техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Кәсіби стандарт:
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге арналған.
2. Кәсіби стандарт негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру мекемелері түлектері;
2) облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, білім жетілдіру орталығы, білім мекемелерінің басшылары, мекеме персоналын басқару құрылымдарының басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлеуші мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. Кәсіби стандарттар негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулар, профессиограмма, білім саласындағы ұйымдардың корпоративтік стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары әзірленеді.
4. Осы кәсіби стандартты төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек функцияларының стандартты еместігі, жауапкершілігі мен өзбетінділігі параметрлерімен жіктелетін жұмысшылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиыны;
3) еңбек заттары – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;
6) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге бағытталған өзара байланысқан әрекеттер жиыны;
7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт – кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
9) кәсіби стандарт бірлігі – кәсіби стандарттың еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
11) құзыреттілік – білім, білік және тәжірибені еңбек қызметінде пайдалану қабілеті;
12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушы-әкімшілік иерархия жүйесіндегі функционалды орын;
13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны;
15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
5. Бұл кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
КҚ – кәсіби қызмет;
ҚТ – қызмет түрі;
КС – кәсіби стандарт;
ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері;
БТБА – ҚР жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтағышы;
ҚР МКЖ - 01-2005- Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;
ҮБС – педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;
КДДБББ -кәсіптік даярлығының деңгейін бағалау және мамандығы бойынша біліктілікті беру;
М - міндеттер;
Қ – қызметтер.
2. Кәсіби стандарт паспорты
6. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы): Дене тәрбиесі және спорт.
7. Экономикалық қызметтің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: адамның тұлғалық және кәсіби әлеуетінің ашылуына жағдай жасау.
Кәсіби стандарт «Дене тәрбиесі және спорт» кәсіби облысындағы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігі, еңбек шарты, сапасы, мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
8. Еңбек қызметі, кәсіп түрлері, біліктілік деңгейлері осы кәсіби стандарттың 1-қосымшасында берілген.
Стандарт талаптары берілген саланың келесі кәсіптеріне қатысты: нұсқаушы, мұғалім, жаттықтырушы.
3. Еңбек қызмет түрлерінің карточкалары (кәсіп)
1) Кәсіп атауы: нұсқаушы.
9. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі -5.
10. Лауазымның мүмкін атаулары: жүзу бойынша нұсқаушы, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, көпшілік шараларды ұйымдастыру жұмыстары бойынша нұсқаушы, тренажер нұсқаушысы, туризм бойынша нұсқаушы.
11. Нұсқаушы кәсібі субъектіге құзыретті жеке тұлғаның денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын құруға, рухани, интеллектуальдық және дене мүмкіндіктерін дамытуға, өзіне-өзі білім беру мен өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға міндет жүктейді.
Жаттықтырушы оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік жағдайларын жасайды: жоспарлаушы құжаттарды, оқу-әдістемелік кешен, көрнекі құралдар, оқу орны құжаттарын безендіреді, оқушы мен мұғалім, нұсқаушы, жаттықтарушы портфолиосын әзірлейді, оқытудың техникалық құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
Оқу орнының ата-аналармен қарым-қатынасына, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық патриоттық тәрбие беруге, креативті ойлауды дамыту мәселелеріне, әдістемелік, педагогикалық және басқарушылық кәсіпқойлыққа, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
12. Жаттықтырушының еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
13. Кәсіптің еңбек функциялары тізімі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
14. Кәсіби стандарттың бірліктері мен жаттықтырушының орындайтын еңбек функцияларын сипаттайтын функциональдық карта осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
15. Жаттықтырушының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
2) Кәсіп атауы: мұғалім.
9. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі -5.
10. Лауазымның мүмкін атаулары: дене тәрбиесі және спорт мұғалімі.
11. Мұғалім кәсібі субъектіге құзыретті жеке тұлғаның денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын құруға, рухани, интеллектуальдық және дене мүмкіндіктерін дамытуға, өзіне-өзі білім беру мен өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға міндет жүктейді.
Мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік жағдайларын жасайды: жоспарлаушы құжаттарды, оқу-әдістемелік кешен, көрнекі құралдар, оқу орны құжаттарын безендіреді, оқушы мен мұғалім, нұсқаушы, жаттықтарушы портфолиосын әзірлейді, оқытудың техникалық құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
Оқу орнының ата-аналармен қарым-қатынасына, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық патриоттық тәрбие беруге, креативті ойлауды дамыту мәселелеріне, әдістемелік, педагогикалық және басқарушылық кәсіпқойлыққа, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
12. Мұғалімнің еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы стандарттың 3-қосымшасындакөрсетілген.
13. Кәсіптің еңбек функциялары тізімі осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
14. Кәсіби стандарттың бірліктері мен мұғалімнің орындайтын еңбек функцияларын сипаттайтын функциональдық карта осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
15. Мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
3) Кәсіп атауы: жаттықтырушы.
9. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі -5.
10. Лауазымның мүмкін атаулары:
11. Жаттықтырушы кәсібі субъектіге құзыретті жеке тұлғаның денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын құруға, рухани, интеллектуальдық және дене мүмкіндіктерін дамытуға, өзіне-өзі білім беру мен өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға міндет жүктейді.
Жаттықтырушы оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік жағдайларын жасайды: жоспарлаушы құжаттарды, оқу-әдістемелік кешен, көрнекі құралдар, оқу орны құжаттарын безендіреді, оқушы мен мұғалім, нұсқаушы, жаттықтарушы портфолиосын әзірлейді, оқытудың техникалық құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
Оқу орнының ата-аналармен қарым-қатынасына, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық патриоттық тәрбие беруге, креативті ойлауды дамыту мәселелеріне, әдістемелік, педагогикалық және басқарушылық кәсіпқойлыққа, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.
12. Жаттықтырушының еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.
13. Кәсіптің еңбек функциялары тізімі осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.
14. Кәсіби стандарттың бірліктері мен жаттықтырушының орындайтын еңбек функцияларын сипаттайтын функциональдық карта осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.
15. Жаттықтырушының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.
Дене тәрбиесі және спорт
кәсіби стандартына
1-қосымша
1.Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с
|
Қызмет түрі атауы
|
Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы
|
ҚР МЖ 01-2005 сай кәсіптер атауы
|
ҰБШ біліктілік деңгейі
|
|
Педагогикалық қызмет
|
Санаты жоқ нұсқаушы (5.5)
|
Жүзу бойынша нұсқаушы, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, емдік дене шынықтыру нұсқаушы, көпшілік шараларды ұйымдастыру жұмыстары бойынша нұсқаушы, тренажер нұсқаушысы, туризм бойынша нұсқаушы
|
5
|
|
Екінші санатты нұсқаушы (5.4)
|
5
|
|
Бірінші санатты нұсқаушы (5.3)
|
5
|
|
Жоғарғы санатты нұсқаушы (5.2)
|
5
|
|
Педагогикалық қызмет
|
Санаты жоқ мұғалім (5.5)
|
Дене шынықтыру және спорт мұғалімі, спорт бойынша жаттықтырушы -оқытушы
|
5
|
|
Екінші санатты мұғалім (5.4)
|
5
|
|
Бірінші санатты мұғалім (5.3)
|
5
|
|
Жоғарғы санатты мұғалім (5.2)
|
5
|
|
Педагогикалық қызмет
|
Санаты жоқ жаттықтырушы (5.5)
|
Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы
|
5
|
|
Екінші санатты жаттықтырушы (5.4)
|
5
|
|
Бірінші санатты жаттықтырушы (5.3)
|
5
|
|
Жоғарғы санатты жаттықтырушы (5.2)
|
5
|
Дене тәрбиесі және спорт
кәсіби стандартына
2-қосымша
1. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)
|
Базалық топ
|
3475 Спортшылар, нұсқаушылар, әдіскерлер
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)
|
ҰБШ сәйкес біліктілік деңгейі
|
Санаттар
|
5.5, 5.4, 5.3, 5.2
|
жоғарғы
|
бірінші
|
екінші
|
санаты жоқ
|
2. Еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)
|
Жекелік формаларына қарамастан барлық мекеме түрлері (мектепке дейінгі мекеме, бастауыш мектептер, орта мектептер, спорт мектептері, фитнес-клубтар, тренажер залдары)
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
Тұрақты жұмыс кестесі, 18 сағаттық мөлшерлі жұмыс күні, 1,5 жүктеме беріледі.
|
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары
|
ҚР Заңнамаларына сәйкес (нұсқаушының дипломы мен КДДБББ сертификатының болуы, медициналық кітапшасының болуы)
|
ҰБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіптік білім беру мен оқытудың деңгейі
|
Жұмыс тәжірибесінің талап етілуі
|
5
|
Санаты жоқ орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
-
|
5
|
Екінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
3 жылдан кем емес
|
5
|
Бірінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
4 жылдан кем емес
|
5
|
Жоғары санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
5 жылдан кем емес
|
3-кесте. Кәсіби стандарт бірліктерінің тізбесі ( кәсіптер еңбек функциялары)
Еңбек функцияларының шифры
|
Еңбек қызметінің атауы (кәсіби стандартының бірліктері)
|
Ф 1
|
Білім алушының тұлғалық әлеуетін диагностикалау
|
Ф 2
|
Жеке тұлғаны қалыптастыру моделін құру
|
Ф 3
|
Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайларды жобалау
|
Ф 4
|
Оқу-жаттығу үрдісінің моделін құрастыру
|
Ф 5
|
Білім алушылардың тұлғалық және кәсіптік әлеуетін (сапасын) ашуға арналған жағдай жасау
|
Ф 6
|
Өз қызметін талдау және түзету
|
Ф 7
|
Оқыту сапасының мониторингісін өткізу
|
4-кесте. Кәсіби стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функционалдық карта)
Еңбек функцияларының шифры
|
Еңбек заттары
|
Еңбек құралы
|
Міндеттер (еңбек әрекеттерінің сипаттамасы)
|
Ф 1
|
Себеп, қажеттіліктер, сезім (эмоциялар), қызығушылықтар, сезінулер, түйсік, қабылдау, жады, ойлау, сөйлеу, ерік, қабілеттер. Мінез. Білім алушының дене, психологиялық, рухани, интеллектуалдық дамуы.
|
Сауалнамалар, тест тапсырмалары, сұрау парағы
|
М 1.1 Білім алушының тұлғалық әлеуетін диагностикалау әдістерін зерттеу.
|
М 1.2 Білім алушының тұлғалық әлеуетін диагностикалауды өткізу
|
М 1.3 Диагностика нәтижелерін жүзеге асыру
|
М 1.4 Тұлға моделін қалыптастыруда диагностика нәтижелерін пайдалану
|
Ф 2
|
Ұтқырлықты, икемділікті, кері әсерлерге қарсы тұру, ашық ақпараттық қоғам жағдайына тез бейімделетін қабілетті дамыту
|
Модель әзірлеу бойынша жұмыс жоспары. Рухани-адамгершілік орта. Тұлғаны қалыптастыру моделі.
|
М 2.1 Бейімделу, ұжым қалыптастыру, мемлекеттік тілді, көптілділікті білуге және құрметтеуге тарту, тұлғаны дене мәдениетіне тәрбиелеуге жағдай жасау.
|
М 2.2 Адамның ұлттық сана-сезімін, үйлесімді дамуын қалыптастыру
|
М 2.3 Білім алушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту.
|
М 2.4 Көшбасшының, өз елінің патриоттарының ерік, тұлғалық сапаларын дамыту
|
Ф 3
|
Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайлар. Денсаулық сақтау ортасы
|
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. Жабдықталған кабинеттер, спорт залдары, құрал-жабдықтары, инвентарь Оқытудың техникалық құралдары.
|
М 3.1 Әлеуметтік қорғау, бейімделу, білім алушылар мен нұсқаушылардың денсаулығын сақтау.
|
М 3.2 Оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық қамту.
|
М 3.3 Педагогикалық үрдісті әдістемелік қамту
|
М 3.4 Басқару, біріге басқару және өзін-өзі басқару жүйесін әзірлеу
|
Ф 4
|
Педагогикалық үрдістің мазмұнын, педагогикалық құралдар, технологияларды және оқу-жаттықтыру қызметінің түрлері мен әдістерін, құрылымын білу.
|
Оқу-жаттықтыру қызметінің мазмұны. Педагогикалық үрдістің барысы мен нәтижесін жобалау әдістемесі. Білім алушы мен нұсқаушы қызметінің жоспары. Жаттығулар кешені, спорттық құралдар мен инвентарь. Оқу-жаттықтыру қызметін ұйымдастыру моделі.
|
М 4.1 Педагогикалық қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қою. Соңғы нәтижені болжау.
|
М 4.2 Оқу ақпаратының мазмұнын болжау, оқу ақпаратының мазмұнын іріктеу және құрастыру
|
З 4.3 Нәтижеге бағытталған оқу-жаттықтыру сабақтарын, жаттығуларды модельдеу.
|
З 4.4 Дене жаттығулары кешені мен жаттықтыруларды орындауға білім алушыларды жұмылдыру
|
Ф 5
|
Білім алушының тұлғалық-кәсіптік әлеуетін (сапасы) ашу
|
Ақпараттық-оқыту ортасы. Оқу құжаттары, электрондық оқулықтар. Электрондық қорлар, Техникалық оқыту құралдары. Интерактивтік қарым-қатынас.
|
М 5.1 Ақпараттық-оқыту алаңын әзірлеу
|
М 5.2 Оқу ақпаратын модульдеу
|
М 5.3 Ақпараттық –оқыту ортасын құрастыру
|
М 5.3 Интерактивті қарым-қатынас жобалау.
|
Ф 6
|
Өз қызметінің рефлексиясы және түзету. Ояту, жеке мотивация, адамның сыртқы проблемасын ішкі проблемасына айналдыру
|
Өзара бірлескен іздеу режимі. Талдау мен өзіндік талдау сызбасы. Рефлексия нәтижелері. Қызметті түзету. Президенттік және Ұлттық тест. Білім алушылардың дене дайындық деңгейін бақылау нормативі, экспресс-тест арқылы анықтау.
|
М 6.1 Адамның өзіндік талдау, ұғыну, түйсіну қабілеттерін дамыту.
|
М 6.2 Рефлексивтелетін қызметтің тиімділігін, өнімділігін зерттеу.
|
М 6.3 Рефлексия нәтижелерін анықтау және тұжырымдау.
|
М 6.4 Педагогикалық қызметке өзгерістер енгізу.
|
Ф 7
|
Оқу сапасының мониторингін өткізу. Қызметті бақылау, бағалау, талдау.
|
Сауалнама жүргізу, бірлескен рефлексия. Ішкі және сыртқы бақылау. Электрондық бақылаушы бағдарламалар. рефлексия. Білім алушының портфолиосы. Өзін-өзі бақылау күнделігі. Спорттық жарыстар нәтижесінің қорытындысы.
|
М 7.1 Нұсқаушының мониторинг жүргізуге дайындығы.
|
М 7.2 Критерийлер мен көрсеткіштерді анықтау
|
М 7.3 Педагогикалық қызметті талдау және бағалау
|
М 7.4 Педагогикалық менеджменттің таңдалған әдістері, функциялары мен формаларының нәтижелілігі. Білім алушылар ата-аналар, қоғам көзқарасындағы оқу орнының, нұсқаушы имиджі
|
Достарыңызбен бөлісу: |