Материалдары


ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет37/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   174

 
80
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Едрисова Р.Ж. 
Көкшетау қ., №10 орта мектебі   
edrisova_1962@mail.ru
 
 
Бастауыш  сыныпта  сабақ  үрдісінде  ойын  технологиясын  пайдалану  – 
білім  сапасын,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  арттырудың  тиімді  жолдарының 
бірі. «Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 
айтқандай, ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады.  
Қазіргі  қоғам  дамуының  жалпы  білім  беру  мазмұнына  қоятын  талабы 
оқушыларға  әлемдік  деңгейде  білім  беру,  олардың  логикалық  ойлау 
мүмкіндігін  жетілдіру,  шығармашылық  тәжірибесін,  дүниеге  қарым–қатынас 
нормаларын,  оқу  белсенділігін  арттыру  болып  отыр.  Бұл  жағдайларды  оқушы 
бойында қалыптастыру үшін ұстаз кәсіби іскерлігі мен шеберлігін ұштап, жаңа 
технологияларды меңгеруі қажет. 
Сабақтарды  қызықты  өткізу  үшін,  әрі  оқушылардың  сабақ  барысында 
шаршамай,  енжарлыққа  салынбай,  терең  білім  алуы  үшін  жан–жақты  ізденіп, 
алдыма мақсат қоя отырып, ойын технологиясын таңдадым. 
Біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырда өмір сүрген грек философы Гиппокрит 
ойынды  мәңгілікке  теңеген.  Келесі  грек  ойшылы  Платон  «Ойын  –  әрі  жоғары 
ақыл,  рахаттану,  қызық  және  теңдесі  жоқ  жоғары  құбылыс»  деген.  Бұған  қоса 
философтар  Ф.Шиллер  мен  Г.Спенсер  «Ойын  –  артық  күштен  арылу  жолы» 
десе,  К.Гросс  пен  К.Бюллер  «Ойын  –  балаларды  ересек  өмірге  дайындайды» 
деген.  Ал,  Ушинский  «Ойын  арқылы  бала  жан–  жақты  дамып  жетіледі»  деген 
екен.  Ойын  технологиясы  –    оқыту  үрдісінде  оқытудың  әрі  формасы,  әрі  әдісі 
ретінде  дербес  дидактикалық  категория  бола  алады.  Сонымен  бірге  ойын 
кезінде  оқушы  мен  оқытушының  арасындағы  байланыс  туындап,  оқыту 
процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. 
Баланың  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қимыл–әрекеті  –  ойын, 
сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: 
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай, баланың өмірінде 
ойын  ерекше  орын  алады.  Жас  баланың  өмірді  тануы,  еңбекке  қатынасы, 
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу 
мәселесімен  тек  психологтар  мен  педагогтар  ғана  емес,  философтар, 
тарихшылар,  этнографтар  және  өнер  қайраткерлері  мен  бала  тәрбиесін 
зерттейтін  ғалымдар  да  шұғылданды.  Көптеген  балалар  жазушылары  бала 
ойынының  психологиялық  мәнін  және  ойынға  тән  ерекшеліктерді  көркем 
бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. 
Бала ойын арқылы өзінің күш– жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен 
құбылыстарды,  ақиқат  сырын  ұғынып,  еңбек  дағдысына  үйрене  бастайды. 
Былайша  айтқанда,  болашақ  қайраткердің  тәрбие  жолы,  тәлімдік  өнегесі 
ойыннан бастап өрбиді. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. 
Ойын  кезіндегі  баланың  психологиялық  ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады, 


 
81
эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері 
дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.  
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады: 
  Ойын  –  тәрбие  құралы,  ақыл–ойды,  тілді  ұстартады,  сөздік  қорды 
байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.  
  Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. 
  Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. 
  Эстетикалық  тәрбие  беру  –  өнерді,  көркемдікті  түсіндіру  құралына 
айналады. 
  Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
  Дене  күшінің  жетілуіне  көмектеседі  –  ойын  баланы  жан–жақты 
жарасымды  тәрбиеленудің  психологиялық  және  физиологиялық  негіздері 
болып табылады. 
Мен  өз  іс–тәжірибемде  сабақта  ойынның  түрлерін  (дидактикалық, 
шығармашылық,  қимылды,  сюжетті,  т.б.)  қолдана  отырып,  білім  сапасының 
өсуі  өз  нәтижесін  бергендігін  бақылай  бастадым.  Ойын  технологиясын 
қолданудағы мақсатым: 
1. Жалпыға бірдей білім стандартын ала отырып, әр оқушыны объективті 
түрде дайындау, нақты білім беру. 
2. Терең ойлау, өздігінен ізденіп, оқып–білу іс–әрекеттерін меңгерту. 
3. Жан–жақты дамыған, білімді, жеке тұлға қалыптастыру. 
Міндеттерім: 
1. Ойын түрлерін сабақтың түріне сай таңдап алу. 
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне көңіл бөлу. 
3. Сыныптағы оқушы санына қарай ойын түрін ұйымдастыру. 
4. Өтілген материалды ұдайы қайталап, тереңдетіп отыру. 
5. Сабаққа қатысу белсенділігін арттыруды қадағалау. 
Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі: 
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. 
2. Логикалық  ойлауы  және  өз  бетінше,  топтық  жұмыс  істеу  белсенділігі 
артады. 
3. Мақсатқа жетуге талпынады. 
4. Өз күшін, білімін байқауға, бақылап, бағалауға ынталанады. 
Білім беруде ойын технологиясының көмегі зор. Әр тоқсан, әр жыл сайын 
білім сапасының өсуі өз нәтижесін беріп келеді.  
Сабақ  үрдісінде  пайдалану  өткен  сабақты  пысықтауда,  білімді 
тиянақтауда,  жаңа  сабақта,  қорытынды  бөлімде  оқушылардың  көріп,  ойнау 
арқылы  есте  сақтауы,  кемшіліктерін  жоюға  ұмтылуы,  логикалық  ойлауы, 
шығармашылық т.б. қабілеттерінің дамуына, артуына үлесі орасан зор. 
Ж.Аймауытов  «Баланың  оқуға  ынтасын,  белсенділігін  арттыру  үшін,  бір 
жаңалық  болу  керек»  дегендей,  әр  сабағымда  әртүрлі  ойын  түрлерін 
ұйымдастырып  отырамын.  Бала  ұғымына,  қабылдауына  сәйкестендіріп, 
түрлендіре, қызықты етіп ұйымдастырамын. 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау