82
Бала болашақ иесі болғандықтан, дүниежүзілік мәдениетті танитын,
өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы
ойлайтын, деңгейі жоғары білікті болуы міндетті.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи
өсуінің қажетті алғышарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат
құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен
тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық
шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой–дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуекелді
екендігін атап көрсеткен.
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРПІН
Ермағанбетова Ф.А., Тойымбекова Ж.Б.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық
нысандары мен әдістерін енгізу педагогикалық қызметкерлердің тұлғасына
және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Осыған орай білім беру
саласында заманауи мақсаттар мен құндылықтар жүйесін құруға және іске
асыруға мемлекет болып ат салысып жатқаны белгілі.
«Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді
ауқымды жұмыс күтіп тұр... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін
мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу
керек». Расында да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында аталған міндеттерді шешуге сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында заманауи
бағдарламалар мен оқыту әдістемелері жарық көріп, білікті мамандар даярлау
мақсатындағы игілікті істер жүзеге асырылып отыр. Өзектілігі жоғары 3
(базалық) деңгей курсына облысымыздың білім беру ошақтарынан біліктілігін
арттыруға келген педагогтардың әлемдік озық әдіс-тәсілдерді игерудегі іс-
қимылы да соның дәлеліндей.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын
кеңейту бағытында жаңа идеялар туындап, білім мазмұнын жетілдіру
жалғасуда. Институтымыздың 2014-2016 жылдарға арналған «Күшті аймақ-
күшті орталық» стратегиялық даму жоспарының бағыттарында педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді білім беру
бағдарламасын дайындау міндеті қойылған.Бұл міндетті іске асыруда
Деңгейлік
бағдарламалар
орталығы
біліктілікті
арттырудағы
жаңа
басымдықтарды анықтап, кафедралармен бірге жұмыс жасау жолында.
83
Деңгейлік бағдарламалар орталығы біліктілікті арттырудағы жаңа
үдерісті басқарудабіріншіден,оқу бағдарламаларын дайындау және соған
сәйкес орта және қысқа мерзімді жоспар құра білуді ойластырды; екіншіден,
жұмыс жасау тәсілдеріне3 (базалық) деңгей курс Бағдарламасының жеті модуль
идеясына негізделген оқытудың белсенді әдіс-тәсілдеріне: оқу жетістіктерін
бағалау, кері байланыс әрекетін жүзеге асыру мен мектеп базасында іс-
әрекеттегі
зерттеу,
Lesson
Study,
менторинг,
коучинг
және
мұғалімніңкөшбасшылығын дамытуға баса назар аударылуда; үшіншіден,
ойлауды дамытудакөзқарас, шешім,іс-әрекет жасай отырып, кәсіби желілік
қоғамдастық құруды, бірлескен іс-қимылда ынтымақтастық оқуды жетілдіруді
іске асыру көзделуде [3. 5-22 б.].
«Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін
және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа үлгілерді
қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын
өзгертеді. Бұл тәжірибе – басқа тәжірибелерді өзгертетін мета тәжірибе.
Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді,
әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді» (Kemmis, 2007) деп, зерттеуші
пікіріндеайтылғандай, кез келген тәжірибені өзгерту – бұл орындап жатқан
ісімізді, таным-түсінікті және жағдайды өзгерту болып табылады [1. 4 б.].
«Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалы ПҚ БА
курстарын өткізе отырып, ұстаным, миссия, мақсат қоюда өзгерістің не үшін
керекекені нақты айқындалады. Жалпы құндылықтардың қалыптасуындағы
ортақ мақсат - оқытудың нәтижесі арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау
дағдысын, ақпаратты өз еркімен және терең сараптай алу үшін оқытуды
жақсарту. Осы мақсатта Нені өзгертеміз? дегенде, курс барысындағы
өткізілетін барлық сабақтардың әр күнге арналған толық жоспарын жасауды;
оқыту мен оқуды дамытуда мұғалімдерге деңгейлік тапсырмалар, тест
сұрақтарын дайындауды; топтық жұмыс жағдайында тұлғааралық өзара
әрекеттесу принциптерін ұйымдастыруды; оқытудағы диалогтік принципті
басшылыққа алуды; іскерлік ойындар жүйесін құру секілді әрекет ету тәсілдері
мен құралдарын жандандыру керек.
Өзгерісті қалай енгіземіз? дегенде, курс Бағдарламасын апробациялауда
тәлімгерлікті іске асырып, аудиторияда жұппен, топпен жұмыс жасауды;
шеберлік сыныптарын, оқыту семинарларын, әдістемелік десант өткізуді;
критериалды бағалау өлшемдерін жасауды; желілік қоғамдастықта тәлімгерлік
етуді оқыту мен оның нәтижесі ретінде қарастырамыз. Оқыту мен оқудағы
өзгерісті бақылау және бағалауды кіріктіре отырып өткізіп көру; желілік
қоғамдастықта нәтижемізбен бөлісу, кеңес беру, кері байланыс жасауды тиімді
ұйымдастыру- сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолы.
Бұл өзгеріске негіз болғалы отырған курс мазмұны осы уақытқа дейін
төмендегідей әрекетте жүзеге асып, нәтижеге бағытталған іс-қимылдың
бастауы болып келеді.
Оқытудың сапалы және табыстылығы үшін мұғалім бойында болуы керек
қасиеттерге, Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп анықтаған - «бас -
кәсіби түсінік, қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби
Достарыңызбен бөлісу: |