78
қабілетіне көбірек сәйкес келетін мамандық таңдауына ғылыми негізделген
көмек беруде болып табылады. [4]
Кәсіптік бағыт беру жұмысын жүргізуде мамандық қызметтің әлеуметтік
аспектісін әрдайым ескеріп отыру керек.Мамандық адам қызметінің мазмұны
мен сипатын белгілеп қана қоймайды, сондай-ақ ол тіршілік ететін және жұмыс
істейтін жағдайлардың жиынтығын да белгілейді, кәсіптік қызметтің
орындалуы адамның жеке басының біліміне, мәдени өсіп жетілуіне қойылатын
талаптардың белгілі бір жүйесімен байланысты.Сонымен, мамандық қоғамдық
құбылыстар категориясына жатады, сондықтан оғагн әлеуметтік талаптар да
қойылады.Біздің жастарымыздың материалдық әл-ауқатының оның жалпы
мәдениетінің, білімінің өсуі – осының бәрі, әлбетте, мамандықты таңдап алужа
жасөспірімдердің әлеуметтік талап дәрежесін көтереді.
Кәсіптік ағарту және оқушының жеке басын зерттеу ісі мектептегі оқу-
тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесіне кіреді.Тұтас алғанда мектептегі кәсіптік
оқу ағарту мына тәртіпте болады.
Жан-жақты өсіп-жетілу, бейімделу, сондай-ақ кәсіби еңбекпен жалпы
танысу ең алдымен оқу үрдісі негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік
бағыт
беру
жұмысын
ұйымдастырғанда
оқушылардың
белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін оятудың маңызы
зор.ұйымдастырылатын ынта-ықыласына байланысты әр түрлі клубтар,
жекелеген мамандықтарды зерттеу жөніндегі топтар.
«Кім болам?» - деген тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстың үлкен
мүмкіндіктері бар. Мысалы, жалпы білім пәндерінің сабақтарында мұғалім
мыналарды байқайды: оқушылар қандай жағдайда көбірек білгісі, қандай
жағдайда азырақ танып білгісі келеді, оларды көбінесе не қызықтыратынын
біледі, қандай тапсырмаларды орындау оңайға түседі, қандай тапсырмалар
қиыншылық келтіреді, мінез-құлықтың қандай жарқын еркшеліктері болады.
Мамандықты таңдап алу мәселелері жөнінде мұғалімнің оқушылармен
жеке-жеке әңгімелесуінің өте-мөте маңызы бар.Әңгіме кезінде мұғалім
оқушының кім болғысы келетінін, өз мақсатына жетуге оның қалай тырысып
жүргенін сол тұрғыда ол бірдеңе істеп жүр ме, әлде жоқ па соны жақсы
біледі.Оқушыладың кәсіптік бағытын білу – мұның өзі, мұғалімге олармен
жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының пәрменділігін күшетуге, олардың ынта-
ықыласы мен бейімділігін дамытуды жақсы басқаруға көмек көрсетеді.
Сонымен бірге мұғалім оқушының мамандықты таңдап алуына белсенбі ықпал
жасауға, оған өзінің кәсіптік болашағын неғұрлым дұрыс белгілеуіне
көмектесуге мүмкіндік алады.
Сонымен, оқушыларды мамандықты таңдап алуға әзірлеу ісінде мектеп
жетекші роль атқаруға тиіс. Бірақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың
қатысуынсыз мектеп жалғыз өзі кәсіптік бағыт беру мәселелерін түгелдей шеше
алмайды. Атап айтқанда, мектеп нақты мамандықтарға кәсіптік жарамдылығы
жөніндегі мәселелерді шешуді өз міндетіне ала алмайды, өздігінен ауданның,
қаланың кадрлар жөніндегі нақты қажетін анықтай ала алмайды, демек нақты
мамандықты таңдап алу мәселесі жөнінде егжей-тегжейлі кеңес бере алмайды.
79
Мектеп кәсіпорындар үшін қызметкерлер таңдап алуды да жүргізе алмайды,
оның үстіне кадрлардың кәсіптік адаптациясын қамтамасыз ете алмайды.
Сөйтіп, біз кәсіптік бағытты ғылыми ұйымдастыру ең құрығанда үш даму
сатысын қамтуға тиіс деп білеміз. Бірінші сатыда жалпы білім беретін мектеп
болады; екінші саты кәсіптік бағыт беру мемлекттік қызметтен, жұмысқа
орналастырудан, кәсіптік кеңестен құралады; Үшінші сатыға кәсіпорындардың
және кәсіптік оқу орындарының қызметі жатады. Қазіргі уақытта біздің
елімізде кәсіптік бағыт берудің мұндай жүйесі әлі қалыптаса қойған жоқ, ал
оның жоқтығы жасөспірімдердің өндіріс саласындағы қызметті саналы түрде
таңдап алуына даялау ісінде, мектеп бітіретін жастарды еңбек салалары
бойыншга жылдам және дұрыс бөлуде, оны өндіріске бекіту ісінде елеулі
қиыншылықтар туғызып отыр.
Бұл аса маңызды әлеуметтік міндетті жалпы білім беретін мектептің
кәсіптік бағыт беру мәселелеріне мүдделі, сол сияқты жастарды жұмысқа
орналастырумен
айналысатын
мемлекеттік
мекемелермен
тығыз
ынтымақтасқанда ғана шешуге болады. Мектепті бітіруші түлектердің басым
көпшілігі өз қызығуларын, қабілеті мен бейімділіктерін толық ескермей ЖОО-
ға түсетіндіктен, болашақ кәсіби іс-әрекетіне сай қалыптаспаған, оқу әрекеті
нәтижесіз, қызмет етуді тек табыс көзі санайтын жастардың кездесетіні
жасырын емес. Осыған орай, өз Отанына адал қызмет етуге адамгершілік
тұрғыдан дайын, нарықтық әкономика сұраныстарына байланысты кәсіби
қызығуы, қабілеті мен бейімділіктері қалыптасқан кадр даярлау - кезек
күттірмес маңызды мәселелердің бірі.
Сонымен,қорытындай келе жоғарыда айтылғандардың барлығы және
олардың көкейтестілігі мен соншама маңыздылығы мектептін сыр-сипатын
талдауға және онъң келелі, түбегейлі мәселелеріне назар аударуға мәжбүр етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Халықова Г. Жаңа формациядағы болашақ мамандарды даярлаудың
педагогикалық-психологиялық
мүмкіндіктері.
//Абай
атынд.
ҚазҮПУ
хабаршысы, "Педагогикалық ғылымдар" сериясы, №2 (10), 2005, 55-57-6.
2. Саудабаева Г. Профессиональная ориентация учащихся старших
классов средней общеобразовательных школов... Дисс. на соискание уч.
степени канд. пед. наук., А., 1995, 14-6.
3. Сахаров В.Ф. Педагогические основы системы профессиональной
ориентации учащихся средней школы. Автореферат на соискание ученой
степени док. пед. наук. Мос, 1985, 14-6.
4. Мүсілімов, Ә. Сиымова А.. Кәсіптік бағдар берудегі мектептен тыс
жумыстардың түрлері. //Жоғарғы мектеп, №2, 91-6.
5. Ушинский К.Д.Труд в его психическом и воспитательном значении.
Собр.соч., т.2, стр.352.
6. Голомшток А.Е. Выбор профессии и воспитание личности школьника.
М. 1979.
Достарыңызбен бөлісу: |