Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет35/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   174

 
76
жағдайлары  да  қарастырылған,  олар  педагогикалық  диагностика,кәсіби  кеңес 
беру,әңгіме  жүргізу,ашық  есік  күнін  өткізу  т.т.  Кәсіптік  бағыт  беру 
жұмыстарының  бір  түрі  кәсіптік  кеңес  болып  табылады.  Кәсіптік  кеңес  
адамға нақтылы мамандық таңдау жөнінде ғылыми негізделген кеңес беруге, 
оған тек халық шаруашылығы қажет етіп отырған мамандықты емес, сонымен 
бірге өзінің икемділігі мен қабілетінің талаптарына сай келетін кәсіп ұсынуға 
тиіс.  Бұл  проблеманы  шешу  адамның  қабілетін,  оның  денсаулығын,  психо-
физиологиялық  ерекшеліктерін  зерттеп  талдауды  қажет  етеді.  Кәсіпке 
жарамдылығы  жөніндегі  кеңес  еңбек  қызметінің  табысты  және  адамның 
денсаулық  жағдайларына  тигізетін  әсерін  сараптауға  боларлық  жиі 
кездесетін  жағдайлар.  Мұндай  жұмыстарды  жүзеге  асыру  үшін  біздің 
елімізде,  тіпті  қазірдің  өзінде,  мектеп  және  жасөспірімдер  дәрігерлері 
практикасына  енгізуге  тұрарлық  едәуір  материалдар  жинақталған.  Кәсіпке 
жарамдылықтың  психологиялық  мәселелер  бойынша  кеңес  туралы  мәселе 
едәуір  күрделі.  Мұнда  оқу-тәрбие  жұмыстары  үрдісінде  оқушының 
көрсеткішін  байқау,  және  әрбір  жеке  оқушының  эксперименталдық-
психологиялық  көрсеткішін  байқау  негізінде  жасалған  мектеп  берген 
психологиялық мінездемеге қарап оқушы  қабілетін бағалау шешуші маңыз 
алады.Біздің  пікірімізше  мектепте  оқушыларды  зерттеудін,  ен  жақсы  әдісі 
мінездемеден  тыс  жинақтау  әдісі  болып  табылады.  Жеке  адамның 
эксперименталдық-психологиялық  сипаттарын  зерттеу  мақсатында  біздегі 
және  шетелдердегі  көптеген  диагноз    қою  методикасының  пайдаланылуы 
мүмкін. 
Қазір 
кәсіптік 
кеңес 
беру 
үрдісінде 
эксперименталдық-
психологиялық  зерттеудің  біркелкі  жүйесін  ешкім  де  ұсына  алмайды.  Біз 
қазіргі дәуірде  бұлай  жасау  асығыстық болады  және оны  жасауға  талпыну 
керексіз  деп  есептейміз.  Жекелеген  кәсіптік  кеңес  бюролары  өз  әдістерін  
жетілдіріп,  олардың  арқасындағы  тәжірибе  алмасу  дұрыс  жолға  қойылған 
кезде  ғана  мүндай  жүйенің  нақтылы  кәсіптерді  психологиялық  зерттеу    
жүйесін  анықтаудың,  толыктырудың,  кейде  қысқартудың  біркелкі  негізі 
болуы  мүмкін.  Қабілеттің  қалыптасуы,  оны  зерттеу,  бағалау  мәселелерін 
қабілет теориясынан бөліп қарауға болмайды. 
Оқушылардың  кәсіптік  бағдарларын  қалыптастыру  жан  -  жақты 
зерттелген  десек  те,  қоғамның  жаңаруы,  нарықтық  әкономиканың  өмірге 
дендеп  енуі,  жаңа  реформалар  мен  саяси  жүйенің  өзгеруі  оқушыларға  кәсіптік 
бағдар беруде жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етіп отыр. 
Нарықтық  әкономиканың  тұрақтылығы  білім  мен  ғылым,  техника 
салаларында  бәсекелестікті  қажетсінеді.  Бәсекелестік  нарықтық  еңбек 
қатынасының  барлық  салаларын  қамти  отырып  тұлғаның  кәсіптік  әрекеттегі 
қабілеттерімен,  бейімділіктерімен  ғана  өлшенбейді.  Сондықтан  нарықтық 
әкономика  жағдайындағы  кәсіптік  бағдар  беруді  оқушылардың  кәсіби 
дайындығы,  жарамдылығы  негізінде  олардың  рухани  тұрғыдан  жан-жақты 
дамуын  және  дара  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  жүргізуге 
тиіспіз. 
Мемлекеттің  негізгі  стратегиялық  басымдылықтарының  бірі  -  бәсекеге 
қабілетті  мамандар  даярлау.  Бәсекеге  қабілеттілік  жеке  тұлғаның  еңбекке 


 
77
қабілеттілігінен,  кәсіби  бейімділігінен,  еліміз  үшін  пайдалы  кәсіби  әрекеттің 
шынайы  көрінісінен  туындайтын  маңызды  мәселе.  "...Бәсекеге  қабілеттілік  тек 
қана  кәсібилік  емес,  сонымен  қатар,  жеке  тұлғалық  компоненттермен  де 
анықталады, 
яғни 
жеке 
адамның 
қонымды, 
турақты 
қасиеттерінің 
жиынтығымен,  мінезімен,  кәсіби  іс-әрекетте  қызмет  істей  алатын  қабілеттері 
және жағдайымен тулғаның бәсекеге қабілеттілігі интегративті параметрлермен     
сипатталады:   қабілеттер мақсаттың нақтылығы мен қундылық бағдарлар, іске 
деген шығармашылық қарым-қатынас, психологиялық төзімділік пен икемділік, 
тәуелсіздік; мінез - еңбексүйгіштік, үздіксіз өзін-өзі дамыту мен әрдайым кәсіби 
өсуіне талпынушылық" деп атап көрсетеді Г.Халықова. [1] 
Өз  кәсібін  дұрыс  таңдай  білген  оқушы  оған  әр  уақытта  шығарма-
шылықпен,  жауапкершілікпөн  қарап,  қабілеті  мен  оейімділігі  белгілі  бір  кәсіп  
сапасына  сай  қалыптасқанда ғана  сапалы  маман  болатыны белгілі жайт. 
Қазақстандық  авторлар  Г.Хайруллин,  Р.Озғамбаева,  Г.Саудабаева, 
Л.Мажитова,  Ә.Мүсілімов,  т.б.  өз  еңбектерінде  "оқушыларға  кәсіптік  бағдар 
беруді" жоғарыдағы айтылған мәселелерді ескере отырып жан-жақты зерттеген. 
Мәселен, Г.Саудабаева [2] кәсіптік бағдар беру жүйесін ғылыми тұрғыдан жан-
жақты  талдай  отырып  оны  "кәсіби  дайындық"  және  "кәсіби  іріктеу" 
тұрғысынан  қарастырады.  Нәтижесінде  оқушыларға  кәсіптік  бағдар  беру 
мәселесінде  "кәсіптік  бағдарын"  және  "кәсіптік  дайындығын  қалыптастыру 
қажет" деген пікірге келеді. В.Сахаров [3] кәсіби дайындық тұжырымдамасына 
төмендегідей сипаттама береді. 
1.  Кәсіби  дайындық  саяси-идеялық,  еңбек,  адамгершілік,  т.б.  сияқты 
күрделі құрылымдардан тұратын тұлғаның интеграциялық сапасы. 
2.  Өз  отанының  азаматы  ретінде  қалыптасқан  тұлға  дүниетанымы-ның 
құрамды бөлігі. 
3.  Болашақ  кәсібін  саналы  таңдауды  қамтамасыз  ететін,  кешенді 
қалыптасқан тұлға сапасын айқындайтын өлшем. 
4.  Тұлғаның  белсенді  өмірлік  позициясынан  туындайтын  дербес  кәсіп 
таңдауы. 
5.  Кәсіби  дайындықта  субъекті  мен  объектінің  өзара  байланысын 
қамтамасыз ететін жеке әрекетке өтудегі мақсаттылық қызмет (деятельность). 
6.Кәсіби  дайындық  тұлғаның  тек  қана  танымдық  емес,  өмірлік 
көзқарастұрғысынан көрінеді. 
Дамыған  кейбір  шетелдік  тәжірибеге  назар  аударсақ,  нарық  жағ-
дайындағы жастардың әлеуметтік икемділігі олардың кәсіби даярлық деңгейіне 
байланысты екенін көрсетеді. 
«Кәсіп» 
және 
«мамандық» 
ұғымдары 
(бұл 
ұғымдар 
әлі 
де айқын белінбегенімен) қамтитын әр түрлі қызметтер саны ете көп. Өмірге 
жаңа  араласқан  жас  өспірімнің  алдында  бірнеше  мыңдаған  түрлі  кәсіптің, 
біреуін таңдау міндеті  туады.  Әрбір  жас  адам бір  ғана емес,  кептеген  кәсіпке 
қабілетті  болады,  бірақ  барлық  кәсіпке  бірдей  қабілетті  болмайды  және 
қабілеттері  әр  түрлі  дәрежеде  болады.  Кәсіптік  бағыт  беру  міндеті  жас 
өспірімдердің  болашақ  өмір  жолын  таңдап  алуына,  оның  жеке  басының 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау