84
тұтастық» туралы ой саларлық пікіріне ақыл-ойдың ірі тұлғасы Абайдың «Үш-
ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген
философиялық ойларымен үндесетіндігіне детренинг барысында көз жеткізуге
ықпал жасаудамыз.
Бірте-бірте сенімді қарым-қатынас орнатқан мұғалімдерді Бағдарламаның
идеясын және адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы
озық жетістіктерді өзара сенім мен ынтымақтастыққа негізделген топта
толыққанды түсінуіне, қолдануына әрі жинақтай отырып, оны бағалай білу
дағдыларын қалыптастыруына жетеледік. «Құндылықтар, ұстаным, стратегия»
ұғымдарынайқындатуға, көзқарастарын өзгертуге және жасаған болжамдарына
күмәнмен қарап «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?»,
«Одан әрі не істеу керек?», «Қалай өзгеру керек» деген сұрақтарға жауап
іздейді. Мұғалімдермен жұмыстың барлық кезеңдерінде біліктілікті арттыру
бағдарламасының негізіне салынған сындарлы оқыту теориясының нақты
тұғыры бар екенін аңғарта отырып, мұғалімнің оқушыны қабылдауы, түйсінуі
және оны өз оқытуына араластыруына мүмкіндік жасау қажет.
Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруде аталған мақсат, міндеттерді іске
асыратын Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлер ұжымының мақсаты да
үш ай бойы тренингте дәріс алған мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір
жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу, олардың өз
оқушыларының бойында қазіргі заманда белсенді және табысты өмір сүруге
дайын болу қасиетін қалыптастыруға көмектесетін тәжірибені дамыту үшін
қажетті біліммен қамтамасыз ету еді.
Бағдарлама идеясын іске асыруда және алға қойған мақсаттарға жетуде
басты рөлді мұғалім атқаратынына ешкімнің дауы жоқ. Бағдарламаның
өзектілігі - адамдардың қалай білім алатындығы жөнінде заманауи ой пікірлер
ұсынуында. Осы уақытқа дейінгі білім беру жүйесінде оқуды білімнің сандық
ұлғаюы, есте сақтау, ақпарат жинақтау ретінде деп келсек, біз оқытып жатқан
бағдарлама оқуды мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде және
шынайылылықты өзгеше түсіну және түсіндіру бағытында қарастырады.
Сондықтан да әр курсты өткізген сайын құзыретті мұғалімге оқу үдерісі мен
алдында отырған оқушыларын дамыту үшін қандай білім қажеттігіне:
оқушылардың оқу нәтижесінің тиімділігін қамтамасыз ету, кері байланысты
ұйымдастыру, өзінің кәсіби тәжірибесін сыни тұрғыдан бағалау және оқыту мен
оқу тәжірибесі жүйесін жақсартуға көп мән беріледі.
Бүгінгі күні мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге қалай
көмектесуге болатынын болжай білу мәселесі де кезек күттірмейтін мәселе
болуда. Себебі зерттеушілердің «дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен
оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін
дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек» деген ой-
пікірлері соның дәлеліндей. Әр оқушының жеке даму траекториясына шығуы
үшін өз білімдері мен дағдыларын дамытуын жалғастыруына көмектесу үшін
мұғалімдерге қандай да бір кәсіби міндеттер қажеттігіне тоқталамыз.
85
Тренер ретінде жұмыс жасауда өз облысымыздың мұғалімдерін оқыту
үдерісінде мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін пайдалана отырып,
Бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне бейімдеуге
болатындығына көзіміз толық жетуде.
«Жаңа
форматты»
сертификатталған
мұғалімдерді
деңгейлік
Бағдарламаның тұжырымдамалық идеясын өз тәжірибесіне енгізуі бойынша
кеңес беру және олардың курсаралық іс-әрекетіне мониторинг жүргізу, әртүрлі
деңгейдегі шеберлік сыныптар дайындау, оны өткізуіне ықпал жасау әр
тренердің алға қойған міндеті десек те болады. Осы бағытта курсаралық
кезеңде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік
қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтыныңжоспарына сай тренер-мұғалім тарапынан
аймақтық мектептерде пәндік білім мазмұны көрінетін шеберлік сыныптар
және республикалық көлемде өткізілген «Тренер тәжірибесінде «Lesson
studyді» қолдану шеберлік сағаты, дөңгелек үстел, «Сертификатталған
мұғалімдердің жүйелі сабақтар топтамасының қысқа мерзімді жоспарлауы және
сабақ беру мен оқыту тәжірибесінде өзгертулерді басқару» атты әдістемелік
десанттар, «Оқушыларда сабақта белсенді іс-әрекетке тартудың әдіс-тәсілдері:
жұмыс тәжірибесінен» атты вебинар мен «Критериалды бағалау –мұғалім мен
оқушы әрекетін түзету құралы», «Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау»,
«Таныстырылым
дайындаудағы
мұғалімдердің
рефлексивті
біліктілігі»
тақырыбындағы On-lain семинарлар жүйелі түрде өткізілуде. Бағдарлама
идеясын бұқаралық ақпарат құралдары мен әдістемелік баспалар арқылы
насихаттау және тарату да жақсы жолға қойылған. Үш айлық курсты өткізуде
жинақталған озық тәжірибелер халықаралық, республикалық, облыстық,
аймақтық деңгейде өткізілген ғылыми-әдістемелік конференция жинақтарында
жарияланып, таратылып отырылады. Мұнда авторлар және сертификатқа ие
болған мұғалімдер өз тәжірибелерінің нәтижесін түйсіне отырып, талдайды әрі
зерделейді. «Дамуды және мәдени өрлеуді мақсат еткен әрбір халықтың
көздегені еуропалық, жалпыхалықтық білімді игеріп, соған қол жеткізу
жолында кездесетін барлық кедергілермен үздіксіз күресу болуға тиіс» деп,
тұңғыш ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай, тәжірибе барысында кездескен
мәселелердің шешу жолдары да іздестіріліп отырылды. Педагогтер өз кәсіби
жұмысында меңгерген білімдерін, біліктері мен дағдыларын пайдалану
барысында мектепте, сонымен қатар өздері тәуелді желілік кәсіби
қоғамдастықтарда қажетті әдістемелік қолдауға ие болуда [2. 54 б.]. Сын
тұрғысынан өзіне-өзі баға беру қабілеті мен рефлексиялар педагогтік
дағдыларды арттырды. Ойлай білу және өзіндік жұмыс істей білу қабілеттілігі
педагогтердің жаңа идеяларды тудыруға және жұмыс ортасын, білім беру
мекемелерін одан әрі дамытуға қажетті маңызды сапасы болып табылады [2. 42
б.]
Жоғарыда айтылғандай, әр тренингтегі қызу талқылау, сыни ойлау, нық
шешім
мұғалімдерді
бірлескен
іс-әрекетке
жетелері,
шығармашылық
ізденістеріне өз өрнегін қалдырары сөзсіз. Кері байланыстың әсерінен іс-
Достарыңызбен бөлісу: |