«Электротехника» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 0,78 Mb.
бет1/28
Дата22.01.2023
өлшемі0,78 Mb.
#40988
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
«Электротехника» п нінен О У- дістемелік кешен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК
1403000 «Ішкі –санитарлық техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша
« Электротехника » пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Орал-2018 ж




Құрастырушылар: Абдрахманова И.Т., Тлепова С.А. – екініші санатты оқытушылары БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК


Пікір сарапшылар: Исмагулова Г.С., « БҚ ТЭК » АҚ-ның өндірістік
техникалық қызметінің жетекші инженері.
Галиаскарова А.Н., ЭП ПЦК-сының бірінші санатты
арнайы пәндер оқытушысы, Орал газ, мұнай және
салалық технологиялар колледжі
Электрлік пәндер циклдық комиссиясының отырысында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.
Хаттама № __ «____» ________ 2017 ж.
ПЦК төрайымы ______А.Н.Галиаскарова

«Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжнің» әдістемелік кеңесінда қаралып,бекітілді.


Хаттама № __ «____» ________ 2017 ж.
Оқу-әдістемелік кешен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен оқушылары үшін арналған.Авторлар осы оқу-әдістемелік кешенмен электртехника сабағының мақсатын, міндетін, әдіс –тәсілдерін, түрлері мен құралдарын әдістемелік және дидактикалық негізде аша отырып, электротехника негіздеріне тиянақты білім берді бейнелейді.

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................4

1 бөлім. Оқу-жоспарлық құжаттама......................................................................7



    1. «Электротехника және электроника негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы.....................................................................................................7

  1. бөлім. Пәннің тақырыптары бойынша оқыту әдістемесі............................13

    1. «Электротехниканың даму кезеңдері»..........................................................13

    2. Электр өрісі......................................................................................................15

    3. Электр өрісінің кернеулігі............................................................................18

    4. Электрлік сыйымдылық.Конденсаторлар ....................................................25

    5. Конденсаторларды қосу.................................................................................27

    6. Тұрақты тоқ электр тізбектері.......................................................................31

    7. Ом заңы............................................................................................................33

    8. Кирхгоф заңдары.............................................................................................35

    9. Электромагнитизм..........................................................................................38

    10. Электромагниттік индукция ......................................................................40

    11. Электр өлшеулер.........................................................................................44

    12. Ток күшін өлшеу. Амперьметрдің өлшеу шегін ұлғайту........................48

    13. Айнымалы токты шығарып алу.................................................................50

    14. Айнымалы токтың негізгі параметрлері...................................................52

    15. Үш фазалы тізбектер...................................................................................55

    16. Трансформаторлар......................................................................................58

    17. Айнымалы тоқ электр машиналары .........................................................61

    18. Синхронды машиналар...............................................................................62

    19. Тұрақты тоқ машиналары...........................................................................63

    20. Электрлік басқару және қорғауыш аппаратурасы...................................66

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................68



Кіріспе

Электротехника – электр жəне магнит құбылыстарын іс жүзінде қолданатын ғылым, ал электроэнергетика – еліміздің экономикасының басты саласы.


Электротехника осы замандағы қоғамның барлық маңызды салаларында қолданылады. Электрэнергияның ерекшелігі: оның энергияны аз шығынмен алыс қашықтыққа беруі, оңай түрлендірілуі, əр түрлі қуаты бар қабылдағыштарға жеңіл таралуы жəне оны пайдаланғандағы ерекше үнемділігі. Электр энергиясы казіргі қоғамнын барлық салаларында қолданылады.
Энергиялардың басқа түрлеріне қарағанда электроэнергияның төмендегідей ерекше қасиеттерін көрсетуге болады:
а) энергияның басқа (механиқалық, жарық, жылу, химиялық, т.б) түрлеріне жеңіл түрлендіріледі.
б) алыс қашықтыққа жоғары П.Ə.К-мен оңай түрде энергия беру жəне оны түтынушыларға жеңіл таратуы;
в) басқа энергия түрлеріне қалытқысыз ауыстырылуы;
г) түрлі қуаттағы қондырғыларды бір қуат көзіне қосу мүмкінділігі;
д) кернеу не тоқ параметрлерінің оңай түрде өзгертілуі;
е) алыс қашықтыққа сигналдарды (телефон, телеграф, радиотехника) іс жүзінде тез жеткізу мүмкіндігі.
Электр энергияның осы қасиеттері тарихи өте қысқа уақытта, тек электроэнергияның негізгі сұрақтарын шешуге ғана емес, сонымен қатар «электр емес техниканың» жанғыртылуына, электр құралдары көмегімен бақылау жəне басқаруды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Электротехниканың ғылыми базасы арқылы электротехника, радиотехника, түрлі электротехникалық жəне электромеханикалық қондырғылардың өндірісі, соның ішінде есептеу техникасы дамыды. Электротехниканың пайда болуы, тұрақты тоқ көзінің шығару кезеңі ХIХ ғ. басы болып саналды жəне осыған жалғас ашылған электр мен магнетизм саласындағы жаңалықтар жатады.
Электрлік жəне магниттік құбылыстар ерте заманнан белгілі болған, ал бұл құбылыстар туралы ғылыми дамуының басталуы 1600 жыл екендігі ағылшын физигі Гильберт электрлік жəне магниттік құбылыстарды зерттеп, оның қортындысы жарық көргеннен кейін қабылданған. Электр туралы ғылымның дамуының маңызды баспалдағы электр табиғатының құбылысын М. В. Ломаносов, Г. В. Рихман, Б. Франклин, Ш. О. Кулон жəне басқалардың зерттеп тапқан жұмыстарының нəтижесі болды.
Электротехниканың дамып аяқ басуына, бірінші үздіксіз тоқ көзінің – вольт бағанасының (А. Вольт, 1800 ж.), одан кейін неғұрлым жетілдірілген гольваникалық элементтердің пайда болуының шешуші маңызы болды.
Бұл ХIХ ғасырдың алғашқы жылдарында электр энергиясының əсерінен химиялық, жылу, жарық жəне магниттік құбылыстарға көптеген зерттеулер жүргізуге ықпал етті. Осы кезеңде электр зарядтарының өзара əсерін оқып зерттейтін электродинамиканың негізі қаланды. Ол өзіне бірқатар жекелей жəне неғұрлым қарапайым жағдайдағы қозғалмайтын зарядтардың өзара əсері туралы электростатиканы кіргізеді. Қозғалыстағы зарядтардың арасындағы қарым- қатынасты, электрлік жəне магниттік өріс түсінігі арқылы түсіндіруге болады, оны бір-бірінен бөліп алуға болмайды.
Электр жəне магнитті құбылыстардың өзара байланыстары өткен ғасырдың 20-шы жылдары орнатылды, А. М. Ампер мен Х. К. Эрстед, электр тоғы бар болса, магнит өрісінің пайда болатындығын дəлелдеген.
Электр жəне магнит өрістерінің байланысын ақырғы дəлелдеп – растаған М. Фарадей, ол (1831-1832 ж.ж) электромагниті индукция құбылысын ашқан. Олардың дамуына мүмкіндік тудырған - индукциялы тоқтар бағыттары заңы, ЭҚҚ қарсы зерттеулер жəне зəкір ықпалы, электр жəне магнит тізбектерін есептеу.
Электромагнитті өріс теориясын математикалық формасында 1873 ж. Дж. К. Максвелл құрады. Оның электромагнитті толқындар туралы көріністі ашуы тəжірибеде Г.Р. Герц жұмыстарымен дəлелденді, 1895 ж. А. С. Павловқа сымсыз электр сигналын беруге жағдай туғызды.
Электротехниканың жаңа бөлігі – радиотехника пайда болады. Электр тоғының химиялық əсерін зерттеу гальвано-техниканың пайда болуына əкелді, ал электр энергияны жарыққа айналдыру – жарық техникасын туғызды. Электр жарығының кеңінен таралуы электроэнергетика жүйесінің құралуымен байланысты. П. Н. Яблочковтың бірінші жарықтандыру құрылғыларында энергия жүйесінің барлық негізгі элементтері болды: алғашқы қолзғалтқыш, генератор, электр тоғын беретін желі, трансформатор, энергия қабылдағыш. Термоэлектронды эмиссия жəне жартылай өткізгіштің электр қасиеттерінің ашылуы электрониканың негізін құрады.
Электр сигналдарын сымдармен беру, телефон мен телеграф байланыстарының негізі болды. XIX ғасырдың 70-80 жж. электр энергиясын технологиялық үдерістерде қолдану басталды: алюминий, жоғарғы сапалы болат, мыс, мырыш табуда, металдарды кесу мен дəнекерлеу,термиялық өндеу арқылы бөлшектерді қатайту жəне т.б.
Доғалы электр пісіру əдісін Н. Н. Бенардес (1885 ж.) жəне Н. Г. Славянов (1892 ж.) усынды. Үш фазалы тоқтар жүйесінің пайда болуы (М. О. Доливо-Добровольский, 1891 ж.) электротехниканың дамуының жалғасы болды, ал үш фазалы асинхронды қозғалтқыш өнербасы электр жетегінің пайда болуына əсер етті. Үш фазалы жүйенің тəжірибеде қолдануы, электротехниканың қазіргі кездегі дамуының негізі болады. Ол өндірістің электрлендіру деңгейінің өсуімен сипатталады: агроөндіріс кешенінің, көлік жəне өндірістік емес тұрмыстық орталар (денсаулық сақтау, сауда, т.б)
Электротехникалық құрылғыларды жетілдіруге ғылыми пəндердің қалыптасуы əсер етті, олар: жоғарғы кернеу техникасы, электр тізбек теориясы, электр машиналар теориясы, электр жетегі, электротехника жетістіктері, радиотехника, электроника, телемеханика және т.б. дамуына маңызды ықпал етті. XX ғасырдың басында электротехниканың теориялық негіздері, физика курсынан, дербес пəн ретінде бөлінді.
1904 ж. Петербургтің политехникалық институтының профессоры В.Ф. Миткевич “электр жəне магнитті құбылыс теориясы” курсынан дəріс беруді бастады (электротехника теориясы мен физикалық негізін қалаушы). 1905 ж. Мо скваның жоғарғытехникалық училищесінің профессоры К.А. Круг “ауыспалы токтар теориясы” курсынан оқи бастады.
“Электротехника негіздері” оқулығы белгілі (т.1-2, 6 изд.1946 г.). Алға қарай бұл теориялық пəндер, жаңа физикалық ойларға, электромагнитті құбылыстарды зерттеудің жаңа əдістеріне сəйкес дамыды, жаңа “Электротехника теориялық негіздері” пəні пайда болды (ЭТН).
ЭТН пəнінің мақсаты – электромагнитті құбылысты сапалы мен санды түрінде жəне түрлі электротехникалық құрылғылардағы үдерістерді оқып білу жəне есептер шешімінің жолын белгілеу, арнайы электротехникалық пəндерде пайда болуы. Сондықтан ЭТН-ды, электротехникалық жəне радиотехникалық мамандар дайындаудың іргетасы деп атайды

жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
Республикасының білім
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
бойынша жиынтық
ткізу туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
жиынтық бағалау
қатысушыларға қойылатын
Мектепке дейінгі
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
оқыту әдістемесі
пәнінің мұғалімі
ортақ біліктілік
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
мамандығына арналған
білім министрлігі
арналған әдістемелік