Кулон заңы. Электрлік құбылыстар көптен бері белгілі болғанымен оны тек сапалық жағынан зерттеу жұмыстары XVIII ғасырдан басталады. 1785ж. Француз ғалымы Шарль Кулон (1736-1806) тәжірибе жүзінде екі нүктелік зардтардың өзара әсер заңын ашты, соның нәтижесінде электр зарядтарын өлшеуге де мүмкіндік туды.
Тәжірибелерін жүргізуге Ш.Кулон өзі жасаған иірілмелі таразыны пайдаланды. Ол заң былай тұжырымдалады: нүктелік екі зарядтың өзара әсер күші зарядтардың шамасына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады да, осы нүктелерді қосатын сызықтың жөнімен бағытталады.
Ауасыз бос кеңістікте (ваккумде) бұл заң мына түрде жазылады:
Кулон заңы өзінің ашылу тарихынан бері қарай оның дұрыстығын анықтау жөніндегі көптеген тәжірибелік тексерулерден өтті.
Көптеген ғалымдардың зерттеу қорытындыларына қарағанда, ол тексерулерді тәжірибе құралдарының соңғы жетістіктерін пайдаланып, зарядтардың ара қашықтығы 10-15м ден бастап бірнеше ондаған километр қашықтыққа жеткізген жағдайдың өзінде де, Кулон заңында ауытқу болмаған.
Ғалымдар ұзақ зерттеулерден кейін мынадай қорытындыға келген: зарядталған бір дененін екінші заряды бар денеге әсері осы денелерді айнала қоршаған электр өрістері арқылы беріледі.
Сонымен зарядталған екі дене белгілі бір қашықтықта тұрып, өздерінің айналасындағы электр өрістерімен әсерлесіп, зарядтарына (оң немесе теріс болуына) қарай, не бір-біріне тартылады , не бір-бірінен тебіледі.
Электр өрісі дегеніміз – электр зарядтарының қандайымен болмаса да айырылмайтын болып байланысқан материяның ерекше бір түрі.
Электр өрісінің зарядталған денелерге әсер ететін күштері электр күштері деп аталады.
Электр өрісін біз көре алмаймыз, дегенмен оның бар екенін айналадағы заттарға тигізетін әсерінен байқаймыз. Мысалы, электр өрісінің бар екендігін мына тәжірибеден (1,3а және ә-сурет) байқауға болады. Ол үшін электрленген шарлардың үстіне шыны табақша орналастырып, майдалап қиылған шаштың қиқымдарын сеуіп, электр өрісінің бейне суретін байқайды.
Қорыта келгенде, электр өрісі электромагниттік өрістің құрамдас бөлігі болып саналады. Ал қозғалмайтын, бір орында тұрған электр зарядтарының тудыратын электр өрісі электростатикалық өріс деп атайды.
Бекіту сұрақтары:
1.Электр деген атау қашан пайда болды?
2.Зарядтың түрлері
3.Электр өрісі дегеніміз не?
4.Электр күштері дегеніміз не?
5.Электростатикалық өріс дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |