Зерттеудің өзектілігі


Сергіту сәті: Жаңбыр жауды ойыны



жүктеу 188,17 Kb.
бет23/24
Дата04.05.2020
өлшемі188,17 Kb.
#30167
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Оразбекова Н.Т.

Сергіту сәті: Жаңбыр жауды ойыны.

Балалар, жаңбыр басылғанша «Кім жылдам» ойынын ойнайық. (плакаттағы тапсырмаларды оқып, ауызша орындау).


460 х 10= ; 460 м= дм; 460см= дм;


Балалар саяхатымыз аяқталып қалды. Енді ауылға қайтайық. О, мұнда түлкі тұр ғой (түлкіге мінездеме бріп кетеді). Сол қу түлкі сендерге мынадай тапсырма беріп тұр. Соны орындасақ, орманнан шығамыз. (№ 6 есепті тақтаға орындату).

-Міне, енді саяхатымыз аяқталды.

Жаңа сабақты түсінгенін сұрақ – жауап арқылы , ауызша есептер шығарту арқылы тексеремін.

Сабақты қорыту кезеңі. Балалардың білімін бағалау (өздері жинаған геометриялық фигуралар: үшбұрыш, төрт бұрыш, бес бұрыштар арқылы).

Үйге тапсырма беру кезеңі



ҚОРЫТЫНДЫ

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.

Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімінің сапасын көтереді.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің екінші сьезінде: «Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі өзінше ойлап білетін мамандар керек. Бұл үшін біз өмір бойына жететін білім алу моделіне өтуге тиіспіз» - деген. Бұл міндеттерді орындау үшін біз оқушыларға жаңаша оқыту технологиясымен білім беруді ұйымдастыруымыз керек. Педагогикалық технология, біріншіден, ұстаз шеберлігіне ықпал жасаса, екіншіден шәкірттердің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсері мол.

ХХІ ғасыр қазақтың білім өркениетімен басқалардың санасуына мәжбүр ететін, білім көшінде олармен қатарласа бой түзеп, ақыл-ой майданында өзгелермен білім таласуға күші молынан жететін алғаш рухты, текті, білімді ұрпақ тәрбиелеуді ұлт зиялыларынан талап етуде.

Білім беру сапасын елімізде үздіксіз дамыту – мемлекет беделін ұлттың көз алдына көтеру ғана емес, сонымен бірге бүкіл қазақ оқығандарының жаппай ат салысатын ортақ мақсаты. Әлемдік қалыптасқан стандартқа сай саналы да, қолайлы білімге әр алаш ұланының ұлт тілінде сусындауына нақты жағдай жасайтын кез туды.

Білім беру саласында жүзеге асуға тиісті нақты шаралар қандай дегенге келсек:


  • Жоғарғы дамыған экономиканың құрылымын белгілейтін ғылыммен тығыз байланысты өндіріс дамуының бағдарламаларын іргелі және қолданбалы ғылымдардың ерекшеліктермен және бағыштары маман дайындауға нарық талабына сай өндіріс сұранысымен ұштастыра оқыту;

  • Дарынды жас мұғалімдер, оқытушылармен зерттеушілер үшін салалық мақсаттағы арнайы мемлекеттік стипендия беруді енгізу;

  • «Қазақ университеттері ХХІ ғасырда» атты ғылыми бағдарламаны парламентте қабылдау, іргелі білім беру жүйесінің негізін заңды түрде айқындап алу;

  • Арнайы инвестициялық бағдарлама жобалап, білім беру саласын қаржыландыруға отандық және шетелдік ірі корпорацияларды тарту;

  • Университеттер базасына жаңа технологиялар енгізудің техникалық, өндірістік негізін жасап, жастарды ғылымға тартуға қолайлы орта қалыптастыру.

Осы шаралар қазақ университеттерінің әлемдік деңгейіндегі біліммен технология орталығына айналып, білім нарығында бәсекеге төтеп бере алатын азғана елдің санатына қосылуына септігін тигізеді.

Ел егемендігін білім саласында орнықтыру үшін Қазақстан Республикасы қателігі мен жетістігін қоса қабаттасқан тар жол тайғақ кешудің 11 жылдан артқа тастап үлгерді. Қайта құру негізін салған он бір жылдық пен егемендікте сөз етіліп жүрген он екі жылдықтың (әлемдік стандарттың) оң жақтарымен кемшіліктерін ескеріп, мектеп реформасын ұлттық үлгіде бел шеше кірісуде уақыт жеткен сияқты.

Біз қазіргі жалпы білім берудегі математика және жаратылыстану пәндеріне жүргізілуге тиіс орынды қысқартулар мен толықтырылуларға өзіміз пұшпағын илеп жүрген пәндер бойынша кім қатысып, қай университет ат салысып, жүргенін білмейміз. Орталау сыныптың үшеуіне ғана жаңа буын оқулықтары шығыпта үлгерді. Оның ауырлығын тек ұстазымен шәкірті ғана көтеруде. Басқалалдың бұған бас ауыртып жатқаны шамалы. Бөлшектенуден бөлінуге бастайтын әр түрлі мектеп типтері (гуманитарлық, билогиялық, музыкалық-спорттық т.б) жер-жерде жарыса бой көрсетуде. Бір жағы, білім берудің мұндай көп түрлілігі керек те шығар? Екінші күнгей де,көлеңкелі жағы білім бүтіндігінің бөлшектенуіне апарып, ұрындыруы мүмкін, өйткені олардағы оқу жоспары жалпы білім беретін мектептен мүлде бөлек, сол себепті ең басты пән математика шет қақпайлықққа ұшырап, барлық мектепке тән табиғи үйлесімдік бұзылады. Оны бітірушілер кейіннен мамандық таңдауда қиындықтарға, кедергілерге ұшырап, ата-ананың ізгі ниетпен баласын ерекше білім алу үшін жұмсаған қомақты қаржысы бостан босқа желге ұшады.

Ықтималдық теориясының бастапқы элементтерін мектепте оқыту қажеттіліг ертеден туындаған еді.Ал математикалық анализ эксперименті метепте оқытуда өзін ақтамады.

Мемлекет математика мұғаліміне бет бұрмаса, өз тамырына өзі балта шапқаны.

Әлемдік көшінің соңында қалудан осы бастан сақтанайық. Математикалық сауаттылық – қазақ жастары үшін нарықта өз орнын тауып, қабілетін жан-жақты ашып, көрсетуіне кепілдік бере алатын табыс кілті.

Зертеудің нәтижесінде педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталатыны анықталды:


  • өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;

  • жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;

  • жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен;

  • педагогикалық инновацияның жаңа әдістерін тәсілдерін өз бетінше жасаумен;

  • педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артқа қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен;

Қорытындылай келе қазіргі кезде мұғалімдер арасында жаңа технологияны жете түсінбеушілік байқалады және жаңа технологияны пайдалануды жете түсіндіретін, мазмұнды қолданылатын әдебиеттер мен оқулықтар өте қажет.

Сонымен, жаңа педагогикалық технологияны әрбір сабақта, күнделікті тәрбиелік жұмысымызда қолдана білсек, онда еліміздің жастарын тәрбиелеуде жетістерге жететініміз даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы /баптары бойынша түсіндірмелерімен/ және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000.

2. Қазақстан Республикасы “Білім мемлеттік бағдарламасы” /Қазақстан мұғалімі. 2000.-№33-34.

3. Беспалько В. П., Беспалько JI. B. Педагогическая технология: Новые методы и средства обучения // Политехнический музей. – 1989. – C.3-53.

4. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998.

5. М.В.Кларин. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. М., 1994, 8 б..

6. В.М. Монахов. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. Волгоград. 1995.

7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

8. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д. А. Қайшыбекова. – Алматы, 2002.

9. Қараев Ж. Оқушылардың шығармашылық қабілетін деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары. – Алматы, 2008.

10. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –Владивосток, 2000.

11. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999

12. Нағымжанова Қ. М. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. – Өскемен, 1999.

13. Назарбаев Н. Ə. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. /Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде оқыған лекция. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр



14. Белинский, В. Г.: электронное научное здание [Электронный ресурс] // http://www.vgbelinsky.ru/ (дата обращения: 03.12.12)

15. Данилов, М. А. Дидактика / М.А. Данилов, Б.П. Есипов. - М.: Издательство Академии педагогических наук РСФСР, 2013. - 520 c.

16. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образование, 2001.

17. Шаталов В. Ф Учить всех, учить каждого. – М.: Педагогика, 1989.

18. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие для студентов пед.учебных заведений и слушателей ИПК и ФПК.-М., 1998.

19. Ян, Амос Коменский Великая дидактика / Ян Амос Коменский. - М.: ЁЁ Медиа, 


жүктеу 188,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау