Зерттеудің міндеттері:
1. Төменгі сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологиялық әдістемелерді, жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдануға байланысты теориялық және әдістемелік әдебиетерді қолдану.
2. Төмегі сыныптарда білім берудің педагогикалық, психологиялық негіздері мен оқу жұмысында жаңа технологиялық әдістемелерді ұйымдастыру.
Төменгі сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын іс-жүзінде қолдану.
Зерттеудің нысаны - төменгі сыныптарда білім беру барысында инновациялық әдістемелерді қолдану.
Зерттеу әдісі. Әдістерге талдау жасау және оларды төменгі мектеп тәжірибесінде қолдану.
Жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Төменгі сыныптарда білім берудің педагогикалық-психологиялық негіздері
1.1 Төменгі сыныптарда оқушылардың математикалық дамуындағы тарихы, түсінігі, проблемалары
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекетері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту сабақтары деп білеміз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы дамыту [2].
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту идеасының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, Ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара-қатнасын,олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.
XVII-ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоции баланың ақыл-ойын, барлық қаблет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған Төменгіта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді [3].
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі “Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық” атты еңбегінің де негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту деп ол баланың білім алуға іс-әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытудың идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-60 жылдары қолға алған акдемик Л.В Занковтың басшылығмен жасаған төменгі оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде ғана қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді [4].
Л.С. Выготскийдің теориясы Д.Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгертуші субьект ретінде дамуна арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі автордың тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады [5]. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытудың Д.Б Эльконин – В.В Давыдов жасаған жүйесін көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне баланысты. Осыған орай бұл жүйенің әдіс тәсілдері де оқушының оқу белсенділгін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұтсалады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға деген ынта-ықласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Сонымен мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне тоқталып кеттім. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық әдіснама, ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту технологиясының негізінде диалектикалық әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бардеп ессептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту, есте сақтауға, ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту дербес жұмыс істеуге, арналған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дәстүрлі әдісте мұғалім субъектте, ал оқушы объект болады. Дәстүрлі әдісті зерттегендер Я. А. Коменский, И. Т. Пестолоции [6].
Жаңа технологияда мұғалімде оқушыда субъект болады. Жаңа технологияны зертегендер Л.В Занков, Д.Б Эльконин, В.В Давыдов (1980ж).
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүкіндігі беріледі. Айтылғандарды кесте-1 түрінде төмендегідей бейнелеуге болады.
Кесте 1. Дәстүрлі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту жүйелерінің негізгі белгілерін салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процессінің компоненттері
|
Мазмұнындағы басымдылық
|
Дәстүрлі иллюстрияциялық түсіндірме әдісі
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту
|
Мақсат
|
Оқушыларда білім,білік, дағды қалытастыру
|
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әркетін дамыту
|
Бастапқы мазмұн
|
Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
|
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
|
Оқытудың формалары
|
Жеке, топтық, фронтальді
|
Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
|
Оқыту әдістер
|
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
|
Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
|
Бақылау, бағалау
|
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
|
өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия
|
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практиалық бағытылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды “инновациялық процесс”, немесе педагогиклық жаңалықтарды енгізу дейміз.
Педагогикалық технологияға – В.Л.Беспалько - практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба”,-деген анықтама береді. Ал педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір- бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
- Оқыту технологиялары – дидактикалық жүйенің құрамдас, проссеуалдық бөлігі (М.Чошанов) [7].
Педагогикалық технологиялар -оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі (В.М.Монахов) -деген анықтамалар бар.
Ал Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық- педагогикалық қондырғы деп түсіндіреді.
Технологиялық процесс – технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағыталған.
Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.
П. К. Селевко педагогикалық технологиялардың мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік);
Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.);
Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік, психогендік);
Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативі-рефлекторлық, биховиристік, гештальтехнология, дамытушылық);
Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік, сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы);
Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық)
Төменгі мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік өрістеріне қарай төмендегіше талдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |