Тілдік өріс.
Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н. А. Зайцевтің: калиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е. Н. Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады [8].
Математикалық өріс.
Бұл топқа П. М. Эрдниев жасаған технологияларды жатқызамыз.
Қоғамның даму тарихы мен білімнің даму тарихы бір-бірімен бөлінбес жолдар болып саналады. Қазіргі Еуропа осы уақытқа дейін күн шығыс елі Жапонияның «Жапон ғажайыбы» феноменін әліде сөз қылып келуде. Әсіресе осы ғажайыптың қажеттілігі соншалық оған деген де арманда оянады. Жапон ғажайбынң негізгі жолдарының бірі соғыс жылдарынан кейінгі білім жүйесіндегі өзгерістерден болған. Бұл ғажайыптың мәнін түсіну үшін бізге жақын көрші еліміз Ресей мемлекетінің білім тарихына соның ішінде математикаға үңілейік. Кіші мектеп жасындағы білім жүйесінің негізін қалаушылар, Я. А. Каменский және И. Г. Песталоции болып саналады. Яғни үшке дейінгі арифметикалық санау, бестен онға дейінгі санау мүмкіншіліктері. Егер 4,5, 6 жастарында 20 дейін санай алатын болса, онда 5,7,15 кем дегенде 30 дейінгі сандарды ажырата алады.
И.Г. Песталоции - өзінің «Гертруда өзінің балаларын қалай үйретті» деген кітабында арифметика бұл өнер яғни бірнеше бірліктердің қосылуы мен бөлінуінен пайда болатын өнер деп айтып кеткен. Оның алғашқы формасы ретінде келесідей: бірге-бір екі болады, екіден бірді алсақ бір болады [9].
Осыған сәйкес алғашқы форма балаларды ойында негізделіп сандарды есептеу мүмкіншілігі есінде қалады. Егерде бала оны көзіне елестетпей, көрмей жетістіктерге жететін болса, онда ол дұрыс болмас еді, - дейді Песталоции.
Мұғалімдер математикадан сабақ бергенде П.М. Эрдниевтің әдістемелік құрылымының негізгі элементі ретінде оқушы мен мұғалім қызметін жалғастыратын «оқушы - оқыту» үрдісінің қарапайым тұтастығын білдіретін «математикалық жаттығу» ұғымын пайдаланады. Олар дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясының кілті – бір сабақта қаралатын үш жаттығу: есептің бастапқы жайы; оныңтүрленуі; қорытындылауды сабақьа қолданады. Одан әрі математикалық жаттығулармен жұмыс өзара байланысты мынадай төрт кезеңмен жүзеге асырылады: математикалық жаттығуларды түзу; жаттығуларды орындау; жаубын тексеру; осыған ұқсас, бірақ күрделірек жаттығуға көшу. Бұрын қолданып жүрген дәстүрлі оқыту көбіне екінші кезеңмен шектелетін еді. Зертеу барысында бірліктерді ірілендіру негізінде білімді меңгеруге үйрету тәжірибесі жаттығудың негігі түрі логикалық жағынан әр түрлі, психологиялық жағынан бір тұтас бірнеше көп құрамды тапсырма болу керектігін көрсетеді. Мысалы: а) кәдімгі дайын есепті шығару; б) кері есеп құрастыру және оны шешу; в) берілген есеппен кейбір элементері ортақ болатын есеп құрастыру; г) берілген есеппен кейбір параметрлері бойынша үйлесетін, материалды қорытындылауға арналған есптерді шығару немесе құрастыру. Сонымен бірге ірілендірілген жаттығулар алғашында жоғарыда көрсетілгеннұсқаулардың тек кейбіреулеріне ғана енуі мүмкін. Дидактикалық бірлікті ірілендіру жүйесі бойынша құрылған сабақтың ой-өзегі мына ережеге бағытталады: келесі сабақта ығыстырылған материал қайталау емес, орындалған тапсырманы қайта құру, өзгерту болып табылады (білімнің бастапқы формасының түрін өзгерту). Оқыту әдістері жаттығуларды орындау арқылы жүзеге асырылып, алған білімнің нақтылығына көңіл бөлінді. Әдістің санының көптігі емес, жаттығудың білім берудегі маңыздылығы ескрілді. Ірілендіру қағидасына сүйеніпқұрастырылған жаттығулар жинағы білімді саналы да берік меңгеруді қамтамасыз етеді [10]. Л.В. Занковтың жасаған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, жан-жақты дамыту деп қарауға болатынын байқадық. Сонымен бірге, В. М. Монаховтың әдістемелік технологиясы – оқу үрдісінің әдістемелік үрдісін басқаруға, оқу үрдісін неғұрлым мақсатты жобалауға ізгілікті мүмкіндіктері барын аңғардық. Соңғы кезде пайдаланып жүрген ақпараттық технологияны пайдалану арқылы мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістерімен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың пән аралық байланысты көшейтуге оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік алды. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдермен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік береді. Ізгілендіру – әлемдік білім жүйесін дамытудағы жалпы негізгі бағат. Білім жүйесін ізгілендіру-жалпы қоғамдық процесті ізгілендірудің құрамды бөлігі.
М.М. Постниковтың ойы бойынша математика қоршаған орта жөніндегі схемалардың, модульдердің жиынтығы туралы түсінік. Б. М. Бим-Бад және А. В. Петоровский математиканың болмысын түсіндіре келіп, ол деген жеке тұлғаның қажетсіну аймағының кеңдігі, өзінің еңбегін дұрыс толық жүзеге асыру, сезіну, қарым-қатнас, түсініктің айқындығы және нақты ойлау шешілмеген мәселелерді көре білу, ойлаудың ауқымының кеңдігі және икемділігі қалыптасқан дағдыдан шыға білу, әр түрлі ағымдағы нақтылы сараптама жасау негізде оқиғаның алдын алуы, жұмысқа өте жоғары қабілеттілік деген пікір айтқан [11]. Мектепте математикалық білім беру, математика курсының мазмұнын анықтау, математикалық білім стандартын жасау, математиаклық білімнің сабақтастығы мен болашағы мәселелері Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Б.Баймұханов Қазақстан мектептеріндегі математикалық жалпы дайындықтың базалық деңгейін қамтамасыз етудің әдістемесін ұсынды. Математиканы оқып үйренетін әрбір оқушы ғалымның дайын қағидаларымен танысып қоймай, сол қағидалардың пайда болуындағы адамзат тәжірибесінің салып кеткен жолдарымен жүруі тиіс. Математика тарихын мектепке енгізу- математикалық білімді ізгілендірудің бір жолы – деді. Қазір республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Жеке тұлғаның өзінің ойлана білуіне бағытталған оқу математикалық саладағы пәндерді меңгеруіне кедергі болмайды, қайта оқушыларды оқу барысында белсенді араласып, математиканы терең меңгерулеріне көмектеседі.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, қарқынды өзгеріп отырған әлем жағдайында оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін, мұғалімдердің өздерінен де сол дағдыларды толық меңгеруді талап етеді. Сондай дағдылардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды игеру.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып есептеледі.
Қазіргідей қарқынды дамып келе жатқан заманда жас жеткіншектерге заман ағымына қарай білім беру мен өмір сүріп отырған кезеңіне сай қажеттіліктерін қанағаттандыру мұғалім үшін аз жауапкершілік емес.
Бүгінгі күннің талабына сәйкес, ақпараттық - коммуникациялық технологиясын жүзеге асырудың ұтымдылығын, пайдаланудың жолын түсіндіруіміз керек. Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.
Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.
Пәндік білім — оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Белгілі бір пәнді оқыту барысында тек пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігін және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осы ретте, мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білім дегеніміз-білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.
АКТ-ны пайдалануда «Microsoft Word», «MS PowerPoint» бағдарламаларымен қатар «YouTube» желісіндегі көрсетілімдерді көшіріп алуды білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, әрбір мұғалім «Activstudio», «ActivInspire» бағдарламаларымен де жұмыс жасай білуді үйренулері қажет.
Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.
ACTIVstudio - ның объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын көптеген құралдары бар. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет. ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Бүгінгі таңда интерактивті тақтада жұмыс жасау үшін қолданып жүрген бағдарламалардың бірі – ActivInspire бағдарламасы. Бұл бағдарламаның көптеген мүмкіндіктері оқытушының оқу – тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдетеді. Сабақ барысында материалды жеңіл тусіндіру үшін түрлі қызықты, тартымды, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын мүмкіндіктерін қолдана алады. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD – ROM, Web – түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтуірді ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Мен ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін. Мектебімізде интернет желісі іске қосылды. Кейбір кабинеттерге интерактивті тақта орнатылды. Өткен жылдары тек бір ғана, мультимедия кабинетіндегі итерактивті тақтамен жұмыс жасау мүмкіндігі болса, биылғы жылы мұндай кабинеттер саны 6-ға жетті. Заман ағымына қарай оқушы сұранысын қанағаттандырамын деген ұстазға бұл да жетерлік. Сондықтан да, әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, «smk.edu.kz», «bilim land» сайтындағы интерактивті сабақтар жинағын қолдануды жоспарлаймын.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
– Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
– Алған білімді жүйелеу;
– Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
– Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
– Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
АКТ ны қолдану 1-4сыныптарда аса өзекті болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларында негізгі ойлау әрекеті – көрнекілік - образды. Сондықтан, оларды оқытуда көптеген сапалы иллюстрацияларды қолдануда АКТ-ның үлесі зор. Тақырып мазмұнын игеруде тек көру емес, сонымен бірге есту, іс - әрекет орындау, эмоция мен қиял да қосылады.
АКТ сабақтың негізгі элементі емес, қосымша - көмекші элементі түрінде болуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ- ны қолдану жұмысы нақты сабақтың қай бөлімінде, қалай қолданылатыны ойластырылған және уақыт мөлшері ескерілген болуы тиіс. АКТ – ны қолдану арқылы өткізілетін сабақтарда баланың денсаулығын сақтауға аса назар аудару қажет. Сабақ жоспарына сергіту сәтін, динамикалық үзіліс, көзге арналған жаттығулар, денсаулық сақтау технологияларын міндетті түрде енгізу керек.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттрыып, сабаққа деген ынтасын оятады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.
1.2 Кіші мектеп жасындағы математиканы дамытудағы қазіргі заман талаптары
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас пеедагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім берусаласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатнас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, Төменгі мектеп – мұның түп қазығы, Төменгі білімнің мемелекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.
Бүгінгі студент- ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатнастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, Төменгі оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудуң түрлі жолдары іздестірілуде.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелі бағыттылық зерттеулерде иннновациялық іс-әреект кретивті парадигманың жеке бас, регулятивтік-комммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады.
В.А. Сластенин мен Л.С. Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық пен кәсіпшілікті сәйкестілік тұрғысынан қарастырады. Авторлардың айтуы бойынша, инновациялық іс-әрекет мәнін акмеологиялық тұрғыдан талдау мұғалімнің жеке бас дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік туғызады [12].
Төменгі сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын қарастырған кезде, “инновация” және “педагогикалық іс-әрекет” деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин, Л.С.Подымова) ой пікіріне қосыламыз. Белгілі зерттеушілердің (А.А.Бодалев, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, Н.В.Кузин және т.б.) еңбектерінде педаг.огикалық ісәрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпыжәне кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, дидактикалық қасиеттер, ерік қасиеттері. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушылық, комуникативтік, педагогикалық елестету [13].
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктеліп көрсетілген: Операциялық және жеке бас.
Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым-қатнас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.мищенконың зертеулерінде инновациялық іс-әрекетің құрылымында іс-әрекеттіңжеке бас және олперациялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылады [14].
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешуге дайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің “негізгі құрастырушысы” ретінде Б.Ф.Ломов мыналарды бөліп көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматты, өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді, Қорытындыны тексеру және әрекеттерді түзету.
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы Төменгі сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
Өз қызметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді тлаптар бойынша жан-жақты бағалауға үйрету.
Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуді үйрету.
Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық қызметті сараптау бағалауға тарту.
Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат еғмес, педагогикалық қалыптасудың алғы шарттары мен шығармашылық пен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет- педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқытумен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен;
педагогикалық инновацияның жаңа әдістғеріие,н тәсілдерін өз бетінше жасаумен;
педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артқа қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен;
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
педагогикалық еңбектің тиімділігі;
оқу - тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
жеке тұлғанаң шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
мұғалім беделінің өсуі;
оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойлаға үйренуі;
Оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары;
Педагогтың инновациялық іс - әрекетін сараптау бағасы В. К. Крылов, М. Р. Львов, Н. В. Путилин, А. А. Талмачев және т.б. көрсеткен белгілер негізіндежүзеге асады. Мұнда методологиялық мәдениет кіреді, оның құрамында мыналар кездеседі, дейді зерттеушілер: қазіргі білім берудегі философиялық білім; негізгі ұғым жайлы педагогика ғылымы мен осы түсініктердің өзара қатнасы жайлы педагогикалық терминология; педагогикалық ақпаратты қолдану, өңдеу,алу әдістерін меңгеру; педагогикалық құбылыстың диагностикалық тәсілі (диалектикалық ойлау); педагогикалық үрдіс пен құбылыстарға, өзінің педагогикалық тәжірибесін баяндауға жүйелі амал жасау; педагогикалық қызмет жайлы, тұлға мен ұжым құрылымы жайлы білімі; оқу-тәрбие құбылысындағы, үрдісіндегі факторлар мен шарттарды, қозғаушы күштерді, қарама-қайшылықтарды табу, талдау, баяндау қабілеттілігі; педагогикалық жаңашылық салдары: баланың жеке тұлғасын, оның өзіндік көңіл - күйін, денсаулығын, белсенділігін дамыту, мұғаліммен ынтымақтастығын нығайтатын жаңа педагогикалық бағыттар [15].
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес “маман моделін” маман профессиограммасын жасау міндеті-жұртшылықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зертеулер жүіргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н.В.Кузмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.сластенин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин). В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды [16]:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұзтаздың жеке басының сапалары;
психологиялық және педагогикалык даярлық;
мамандық бойынша даярлық;
пән бойынша даярлық;
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.
Инновациялық іс-әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.подымова өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында отандық және шетел педагогикалық, психологиялық, әдістемелік негіздерін оқып үйренудегі мынадай көзқарастарды ұсынады: аксиологиялық, рефлексті-қызметтік, жүйелі қызметтік, әлеуметтік-психологиялық, жеке-шығармашылық. Автор мұғалім моделін жасауда жалпы инноватика жайлы (Б.Мор, Э.Роджерс, И.Шумпетер) білімге сүйену, модельдің технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклін, оның сатыларын (талдау, жоспарлау, даярлау, қолдану) жаңалық енгізудің пайда болуы, меңгерілуі (дифузия мен рутинизация) сияқты құбылыстарды басшылыққа алануы керек деп көрсетеді.
А. Николс ұсынған жаңалық енгізудің моделі инновацияның үш түрлі кезеңін даярлық, жоспарлау, жаңалықты енгізуді қамтиды [17].
Инновацияның мазмұндық құрылымына кіретіндер - білім беру-тәрбиелеу үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне енгізу.
Болашақ мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипатталады:
инновациялық іс-әрекеттің қажеттігін сезіну;
оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығының болуы;
енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болу;
белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс - әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білі.
Төменгі снып мұғалімінің инновациялық іс - әркетін ғалымдар былай сипаттады:
Инновациялық іс - әрекеттердің негізгі міндеттері:
жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;
жаңалықтарды басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімісін таңдап алу, мәнімен зерттелуін анықтау;
жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынандай қосымша міндеттер шешілуі қажет:
арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдарынан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
өз іс - әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.
Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым - қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.
Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс - әркетінің түрлері бөлініп көрсетілген:
өзінің және оқушынң іс - әрекетін жоспарлауда оны дамыту мен қалыптастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс-әркетінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу тәрбие жұмысының Төменгі білім берудегі білім мазмұны менкезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;
оқушы іс - әркетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;
негізделген инновациялық іс - әрекеттерді таңдау, анықтау;
ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды ұйымдастыру қажет.
Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалықтарын, инновациялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әркетін ұйымдастыруда инновациялық іс-әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды.
Ұйымдастырушылық іс - әрекет міндеттерін шешу үшін:
оқушымен мұғалім арасындағы қарым - қатынасты ұйымдастыру;
оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау;
оқушыларды әртүрлі оқу - тәрбие жұмыстарына баулу;
шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білу.
Қарым - қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:
оқушы мен мұғалім арасындағы іскер қарым - қатынас орнықтару;
оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым - қатнасын жақсарту.
Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:
инновациялық іс - әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану;
оқу үрдісіне оқушының ақыл - ой еңбегін ұйымдастыру;
оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушынң өздігінен ойлауымен оқылатын пәнмен шындық болмыс аралындағы байланысты білу;
оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытуышы әдіс-тәсілдерін қолдану.
Ақпараттық функцияның іске асыру қызметі:
оқу материадарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;
пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;
оқытуда жаңа технологиялар элементтері қолдану.
Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:
проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
педагогикалық қызмет түрлерін қайта құру мен бағалау;
инновациялық іс - әркетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену [18,19].
Біз ғалымдардың мұғалімнің инновациялық іс - әркетін нәтижелі атқаруға мұғалімнің жеке бас қасиеттері ерекше орын алады деген пікірлеріне қосыламыз. Мұндай жеке бас қасиеттеріне білім, дағды мен іскерлік және жеке бас сапалары жатқызылады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштері:
Білім сферасына біз идеологиялық әдістемелік, психология-педагогикалық және ақпараттық мағлұматтар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |